Біріншіден, қарастырылған шараларды тағайындау осы шара тағайындалған адамдарға қатысты олардың тілегіне немесе олардың бас тартуына қарамастан мемлекеттік күштеуді жүзеге асырумен байланысты болады.
Екіншіден, бұл шараларды тағайындауды ереже бойынша, кәмелетке толмағандарға сот органдарымен жүзеге асырылады.
Үшіншіден, бұл шараларды тағайындау қылмыстық жаза болып табылмайды және соттылықты болдырмайды. Егер ол адам қылмысты есі дұрыс кезінде жасап, бірақ шығарылғанға дейін ауырып қалса оған жаза тағайындау мүмкіндігі жойылмайды. Адам жазаны өтеу кезінде психикалық ауруға шалдықса жазаны өтеуді сырқаттан жазылғаннан кейін жалғастыруды, не наркомандар мен алкоголиктерге қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру арқылы жазаны өтеу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Төртіншіден, бұл шараларды өзгерту мен тоқтатуды тек сот шешеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 83-бабында тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының негізгі мазмұнын былайшы анықтайды.
-
Ескерту кәмелетке толмаған адамға оның әрекетімен келтірілген зиянды түсіндіруден және Қылмыстық кодексте көзделген қылмыстарды қайталап жасаудың зардаптарын түсіндіруден тұрады.
-
Қадағалауға беру ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға не мамандандырылған мемлекеттік органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсер ету және оның мінез-құлқын бақылау жөнінде міндеттер жүктеуден тұрады.
-
Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайын және оның тиісті еңбек дағдысы болуын есепке ала отырып жүктеледі.
-
Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу, белгілі бір орындарға баруға, бос уақыттың белгілі бір нысанын, оның ішінде механикалық көлік құралын басқаруға байланысты нысанын пайдалануға тиым салуды, тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін үйден тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеуді көздеуі мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға білім беру мекемесіне қайта оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқтау, не мамандандырылған мемлекеттік органның көмегімен жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкін. Осы тізбе толық болып табылмайды.
-
Алты айдан екі жылға дейінгі мерзімгі арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды сот кәмелетке толмай қасақана орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға тағайындауы мүмкін. Аталған мекемелерде болу адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ түзеуді қамтамасыз етуші мамандандырылған мемлекеттік органның қорытындысы негізінде сот кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі үшін бұдан әрі бұл шараны қолдануды қажет етпейді деген тұжырымға келсе, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
-
Кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемсінде болуды осы баптың бесінші бөлігінде көзделген мерзім біткеннен кейін ұзартуға тек кәмелетке толмаған адамның жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлығын аяқтауы қажет болған жағдайда ғана жол беріледі, бірақ ол кәмелетке толғанға дейінгісінен аспауы керек.
Кәмелетке толмаған адамның арнаулы тәрбие және емдеу-тәрбиелеу мекемесінде болуының тіртібі мен ережелері арнаулы заңдармен белгіленеді.
3.2. Кємелетке толмаѓандарѓа таѓайындалатын медициналыќ сипаттаѓы мєжб‰рлеу шараларыныњ т‰рлері.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері Қылмыстық кодекстің 90-бабында анықталған.
Онда былай делінген:
1.Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының:
а/ емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу;
б/ жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
в/ мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
г/ интенсивті қадағаланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрлерін тағайындауы мүмкін.
2. Есі дұрыс күйінде жасалған қылмысы үшін сотталған, бірақ алкоголизмнен, нашақорлықтан /уытқұмарлықтан/ емдеуді не психикасының есі дұрыстығын жоққа шығармайтындай бұзылуынан емдеуді қажет ететін адамдарға сот жазамен бірге емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдей түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін.
Егер адам өзінің психикалық жай-күйі бойынша психиатриялық стационарға орналастырып емдеуді қажет етпесе қылмыстық заңда көзделген негіздер болған жағдайда емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу тағайындауы мүмкін.
Егер адамның психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық стационарда ғана жүзеге асырыла алатын емдеудің, күтудің, ұстаудың және қадағалаудың шарттарын талап ететін болса, қылмыстық заңда көзделген негіздер болған жағдайда психиатриялық стационарда осындай мәжбүрлеп емдеу тағайындалуы мүмкін.
Жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзінің психикалық жай-күйі мен жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің сипаты бойынша стационарлық емдеу мен қадағалауды қажет ететін, бірақ интенсивті қадағалауды қажет етпейтін адамға тағайындалуы мүмкін.
Интенсивті қадағалайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзінің психикалық жай-күйі мен жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің сипаты бойынша өзіне немесе басқа адамдарға айрықша қауіпті болған тұрақты және интенсивті қадағалауды талап ететін адамға тағайындалуы мүмкін.
Ал медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертуді және тоқтатуды психиатр-дәрігер комиссиясының қорытындысы негізінде мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мекеме әкімшілігінің ұсынуы бойынша сот белгілейді.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгіленген адам сотқа осындай шараны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгізу үшін негіздердің бар екені жөнідегі мәселені шешу үшін кемінде алты айда бір рет психиатр-дәрігер комиссиясында куаландырылып отыруға тиіс.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгертуді үшін негіздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мекеменің әкімшілігі мәжбүрлеп емдеуді ұзарту үшін сотқа қорытындысы береді. Мәжбүрлеп емдеуді бірінші ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай өткеннен кейін жүргізілуі мүмкін, мәжбүрлеп емдеуді одан кейін ұзарту жыл сайын жүргізіледі.
Қорытынды
Жоғарыда айтылып өткен зерттеу ќорытындыларына с‰йеніп мынадай ұсыныстарымды көрсете кетсем деймін. Атап айтқанда:
1.Қылмыстық жазаның мақсаттары бір емес бірнеше болуы мүмкін. Жазаның мақсаттары бір-бірімен тығыз байланысты.
Әр жазаның мақсатқа жету мүмкіндігі әртүрлі. Мысалы, өлім жазасында адамды түзеу мақсатында жету мүмкін емес.
2.Жазаның мақсаттарын негізінен екі түрге бөлген жөн:
а/ оның қарапайым немесе жақын мақсаттары - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және сотталған адамды түзеу;
б/ жазаның ақырғы, түпкі мақсаты – қылмыстан сақтандыру немесе қылмыстың алдын-алу.
Осыған сәйекс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігін мынадай редакцияда көрсету ұсынылады:
«Қылмыстық жазаның қарапайым /жақын/ мақсаттары - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және сотталған адамды түзеу.
Қылмыстық жазаның негізгі / түпкі/ мақсаты – қылмыс жасаудан сақтандыру».
2.Қылмыстық жазаны жасы толмағандарға қатысты қолданудың ерекшеліктері бар. Олар екі түрлі. Біріншіден, қылмыстық кодексте көрсетілген жазалардың барлық түрлерін жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлерге қолдануға болмайды . Екінщіден, жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлерге қолдануға болатын жазалардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктердің негізгі көрсеткіші – жазаны белгілі дәрежеде шектеп қолдану.
3.Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындағанда негізгі мынадай шешуші жағдайларға мән берген жөн.
Біріншісіне жас қылмыскердің ерекше ерекшеліктерін сипаттайтын жағдайларды жатқызуға болады:
а/жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесі;
б/қылмыскердің қылмыстық мотивациясының ерешеліктері.
Ал екінші топқа жалпыға бірдей- басқа да қылмыскерлерге қатысты жағдайларды жатқызған жөн. Олар:
а/ қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеңілдететін жағдайлар;
б/қылмыстық жауапатылық пен жазаны ауырлататын жағдайлар;қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру; адамдар тобының, алдын-ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың құрамында қылмыс жасау; қылмыс жасағанда айрықша белсенді рол атқару; айыпкер үшін психикасының бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын-ала белгілі адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту; ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша, басқа адамдардың заңды іс-әрекеті үшін кектенушіліктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру неемесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау; жүктілік жағдайы айыпекр үшін алдын-ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау;т.б.
Алайда әдебиеттерде, біріншіден, бұл жағдайлар осылай қаралмайды.
Екіншіден, негізгі жағдай – қылмыстың сипаты мен оның қоғамға қауіптілік дәрежесі көп жағдайларда ескерілмейді.
Жалпы адамды әрбір қимыл әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні біздіңше мотив деп атауға болады. Қандай да болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамныңбір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиынға соғады. Ал мотивация ұғымы осы адам әрекетінің пайда болуына, оның дамып белгілі бір қалыпқа келуіне, соның арқасында қойылған мақсатқа жетуіне, оның динамикасының түпкі нәтижесінің жеке адам үшін маңыздылығына қатысы бар адам қызметіндегі детерминанттарды кеңінен қамтиды.
Меніңше, жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерінің мотивтерін негізінен үш топқа бөлуге болады.
1/ спирттік ішімдіктерді, темекіні, улы заттарды пайдалану, жаңа үлгідегі киімдерді киюге әуесқойлыққа бағытталған қылмыстарды сипаттайтын мотивтерді жатқызуға болады.
2/ Бұзақылық, кек алу, жұрт алдында өзін көрсетіп мойындау ниетінде жасалған «ерлік», жалған жолдастық сенім, өзгелерге еліктеу, айрықша жағдайларды аңсау, біреудің қылмысқа итермелеуінен қылмыстық әрекет жасауға әкеп соғатын мотивтерді жатқызуға болады.
3/ Кәмелетке толмаған қылмыстарының үшінші топтағы мотивтерін бас пайданы көздеу мақсатындағы мотивтер құрайды. Олардың жалпы мотивтер құрылымындағы үлес салмағы 40% артық.Қылмыс жасаған кінәлі кәмелетке толмағанның жасы мен психологиялық ерекшелігін оның жеке тұлғасының құрылымына қатысты негізгі белгілердің тобы құрайды.
Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындау кезінде осы аталған көрсеткіштер әрқашан естен шықпауы керек. Сонымен қатар сот жас қылмыскерге жазаның түрі мен мөлшерін тағайындау туралы мәселені шешу кезінде оны әртүрлі қасиеттердің динамикалық тұрғысынан нақты тұлға ретінде қабылдауы керек.
Қылмыстық кодекстің 54-бабының «в» тармағында жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде – Адамдар тобының, алдын-ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың құрамында қылмыс жасау жағдайы қарастырылған.
Ал жасы кәмелетке толмағандардың қылмысты топтасып жасайтын кездерінде қылмысты ұйымдастырушының өзі кәмелетке жасы толмаған болуы мүмкін. Меніңше, осы жағдай қылмыскердің жауаптылығын және жазасын тағайындаған кезде жауаптылықты ауырлататын жағдай деп есептелуі керек.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты білім беру саласыңдағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер кешенінде қазіргі қолданыстағы заңнамада толық көлемде ескерілмеген көптеген проблемаға назар аударылуы тиіс. Біріншіден, заңнамада баланың өзіндік мәдени ерекшеліктеріне, оның көзқарасына, мемлекетіміздің қоғамдық құндылықтарына, адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарына сыйлаушылықпен қарауға баулитын шаралар қамтылу керек. Екіншіден, оқу орындары кәмелетке толмағандарға медициналық, кеңестемелік және басқа да көмек көрсетіп, атап айтқанда осындай жәрдемге мұқтаж немесе қатыгездік құрбаны болған, ата-анасының мейірімін көрмеген және қудалау мен қанауға душар болған жасөспірімдерге қол ұшын беретін базалық және анықтама орталықтарына айналуы тиіс. Үшіншіден Білім саласына қатысы бар нормативтік құқықтық актілерде қолайсыз, жағымсыз жағдайдағы, табысы аз топтарға жататын кәмелетке толмағандардың проблемаларды анықтауға және шешуге ықпалдасатын оқу және тәрбие бағдарламаларын әзірлеу мен ендігі, кажеттігі жеткілікті дәрежеде қамтылмаған; Төртіншіден. Оқу орыңдарының кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу жөніндегі жұмыс нәтижесін тұрақты бақылау мен оған баға беру міндеті еліміздің заңнамасы толық көлемде көрсетілмеген. Бұдан басқа нормативтік құжаттарда мектепке бару ережесін сақтау қиынға соғатын, сондай-ақ мектепті тастап кететін кәмелетке толмағандарға арнайы көмек көрсетілетіні көзделуі керек. Және ақырында, білім беру заңнамасында жастар арасындағы қылмыстың және кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімді жолдарын табуға қатысты ғылыми-зерттеу жүргізуде білім беру жүйесінің барлық буындарының арасында ынтымақтастық болуын ынталандыруға, сондай-ақ осындай зерттеулердің кең таралуын және бағасын алуын көздеуге тиіс. Осындай зерттеу нәтижелерінің негізінде білім басқармалары кәмелетке толмағандарда заңға сәйкес мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелік құралдар әзірлеп, білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне енгізуі керек.
Жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алудың неғүрлым тиімді шарасы девиантты мінез-құлқымен ерекшеленетін кәмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының лидерлерін дер кезінде анықтауға және олардың айналадағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай. Осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болғанда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі құқық бұзушылықтың қайталануын болдырмауға, сондай-ақ оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсерден оқшаулауға мүмкіндік береді. Соңғы үш жылда білім жүйесінде облыс әкімдері жүйелі түрде қоғамға қарсы әрекет жасайтын кәмелетке толмағандарға арналған жеті арнайы білім беру ұйымын ашқан және олар қазір де жұмыс істеп жатыр. Алайда аталмыш оқу-тәрбие мекемелерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық акті әліге дейін қабылданған жоқ.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағыты әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады, себебі кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыратын әр түрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты. Осы орайда заңнамада жастарға әр түрлі ойын-сауық және сауықтыру қызметін көрсететін ерікті ұйымдарға қаржылай және басқа да көмек берудің экономикалық және ұйымдық шаралары көзделуі тиіс. Бұдан басқа жастар ұйымдарын құру және нығайту жөніндегі экономикалық, және ұйымдық шаралар қолдану қажет, бұлар қоғам істерін басқаруға, әсіресе көмекке мұқтаж жастарға қол ұшын беруге бағытталған істерді басқаруға қатыса алатындай болу керек. Заңнамада мәдениет, ойын-сауық, спорт және туризм мекемелерінің әлеуметтік кауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық спорт және т.б. клуб, үйірме, секцияларында үйренуге тарту, отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу жөніндегі міндеттері нақты көрсетілгені жөн.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл аткарады. Бірақ бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар. Теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездіқ қанқұйлы оқиғалар, алдап-арбау, секс жиі көрсетіледі, мұның өзі өскелең ұрпаққа зиян келтіреді Осы жағдайға байланысты бұқаралықақпарат құралдары туралы заңда жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді БАҚ-тар арқылы тарату қажеттігі туралы норма императивті түрде баяндалу керек. Заңда бұқаралық ақпарат құралдарын есірткімен, зорлықпен байланысты материалдар көрсетуді мейлінше азайтуға. Сондай-ақ зорлық пен қанауды жағымсыз жағынан көрсетуге мүдделі ететін, осыған ынталандыратын нормалар көзделуі тиіс. БАҚ-тар өз бағдарламаларын дер кезінде тузетуі аса қажет, олардағы ақпарат балалар мен жасөспірімдердің ақылын кемітпей, қатыгез етпей, дұрыс бағдар беруі тиіс. Сонымен қатар есірткі мен алкогольді пайдаланудың алдын алудағы, бұл заттардың зияны туралы акпаратты барлық деңгейде таратудағы рөлі мен жауапкершілігін заң жүзінде анықтаған жөн.
Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот-тергеу органдарының жұмысындағы кемшіліктерді жатқызған дұрыс. Сондықтан заңнамада осы органдардың қызметін жетілдіру шаралары көзделу керек. Біріншіден. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімділігін арттыру үшін барлық құқық қорғау, мемлекеттік басқару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мәселелерімен айналысатын жәстар және қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің өзара ықпалдасуын, қызметін үйлестіру жөніндегі кешенді шараларды әзірлеу қажет. Осы мақсатта үйлестіруші орган балалар мен жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын алумен байланысты шараларды жүзеге асыру кезінде жинақталатын ақпарат, тәжірибе, біліммен мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде алмасуды белсенділендіруге тиіс. Екіншіден, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар, білім басқару органдары, қамқоршылық және қорғаншылық органдары, жастар істері, денсаулық басқару, ішкі істер органдары бірінші кезекте мына жағдайды ескеруі тиіс; балалар мен жасөспірімдердің жалпы әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сай келмейтін мінез-құлқы көп жағдайда есею процесімен байланысты болады және есейген сайын олардың мінез-құлқы өзгереді. Ал жасөспірімдерді тәртіп, құқық бұзушы немесе бастап келе жатқан құқық бұзушы деп анықтау көп жағдайда жастардың бойында тұрақты жағымсыз мінез-құлық қалыптасуының дамуына әсер етеді.
Ќолданылѓан єдебиеттер тізімі:
1. 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлкеттік тәуелсіздігі туралы» заңы. Қазақстан Республикасының заңдар жинағы. Алматы, 1992, совершенствования деятельности правоохранительных органов.Алматы, 1999,с 56.
5. Каиржанов Е.И. Уголовное право РК Общая часть.-Алматы,1998, с.149.
6.Павлов И.П. Шыѓармашылыќ толыќ жинаѓы., 3 том 2 кітабы, 103бет.
7.Ишанбай Ќараќ±лов. Ќырыќ с±раќ. Алматы, 1983, 48-б.
8. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. 1998, 218-219-б.б.
9. Н.Назарбаев Жалпыѓа бірдей ќ±ќыќтыќ білім беру туралы
10. Ќ.Жарыќбаев.Психология. Алматы, 1993, 55-56 б.б.
11.Е.Алауханов, С.М.Рахметов. Жаза. Алматы, 1999, 15-бет
12.М.М.Бабаев Индивидуализация наказания несовершеннолетних. – М.,1968, - с.3.
13. Утанов М.А. Проблемы борьбы с хулиганством. – Алматы, 1998 с.71
14. Єл-Фараби.Философиялыќ трактаттар.Алматы, 1973, 153-б.
15. Ж.Аймауытов.Психология Ќызылдорда-Ташкент, 1926, 58-бет.
16.Джекебаев У.С. , Рахимов Т.Г., Судакова Р.Н. Мотивация преступленияи и уголовная ответственность.Изд-во наука Каз.ССР.Алма-Ата, 1987, с,б,
17. Насиновская Е.Е. Методы изучения мотивации личности.Изд-во МГУ, 1988, с. 3-5.
18.Якобсон П.М. Психологические проблемы мотивации поведения человека
19.Асеев В.Г. Особенности строения человеческой мотивации. М.1970, с1.
20.Игошев К.Е. Типология личности преступника и мотивация преступного поведения. Горький, 1974 , с.1961-62
21.Филоновский И.Г. Мотивы и цели преступлений.Соц.зак. 1968, 2 с.10.
22.Лукашева Е.А. Мотивы и поведение человека в правовой сфере. Советское
государство и право, 1972, 8 с.24
23. Тузов А.П. Мотивация противоправного поведения несовершеннолетних.Киев, изд-во Виша школа, 1982, с. 64.
24. Каиржанов Е.И. Уголовное право РК Общая часть.-Алматы, 1998, с.185.
25. Ќайыржанов Е.І. Кємелетке толмаѓан ќылмыскерлерге жаза таѓайындау ерекшелігі.
26. Познышев С.В. Основные начала науки уголовного права.М., 1907, с.52
27. Мамытов А.Советтік ќылмыстыќ право.Алматы, 1971, 129-б.
28. Жунисов Б.Ж. Проблемы уголовно-исполнительной политики.
Алматы,1995, стр.9
29.Чукмаитов Д.С. Теоретические основы системы исполнения наказаний по законодательству Республики Казахстан.Алматы.1999 22.
30. Нарикбаев М.С. Уголовная ответственность несовершеннолетних.Журнал Правовая инициатива, 1998, 1 с.12
31.Бегалиев К.А. Предупреждение безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних.Алматы, 1980 , с.198
-
Петрунек В.П., Таран Л.Н. Возраст тревог.Москва.,Знание 1973, с.7
-
Бабаев М.М., Индивидуализация наказания несовершеннолетних. Москва., Юрид.лит.1968,с.15
-
Чокморова А. Борьба с вовлечением несовершеннолетних в преступную деятельность. Автореферат кад.дисс… Алматы, 1998, с.19
-
С.В.Полубинская. Цели уголовного наказания. Москсва, Наука. 1990, с.48
-
Кругликов Л.Л. Смягчающие и отягчающие обстоятельства в советском уголовном праве. Ярославль, 1977, с.48-49
-
Бабаев М.М. Индивидуализация наказания несовершеннолетних.М., Юрид.лит., 1968, с.22
-
Аѓыбаев А.Н. Ќылмыстыќ ќ±ќыќ.Жалпы бµлім.Алматы, “Жеті Жарѓы”, 1998, 209 бет.
-
Пономарев Н.П. СПособ совершения преступления как отягчающее обстоятельство.-Вестник МГУ, Право, 1969, 6, с.60
-
Кругликов Л.Л. Кµрсетілген ењбектіњ 74 беті.
-
Аѓыбаев А.Н. Ќылмыстыќ ќ±ќыќ. Жалпы бµлім. Алматы, жеті жарѓы, 1998, 126 бет.
-
Малков В.П. Повторность преступлений.Понятие и уголовно-правовое значение. Казань.1970.с.151-152.
-
Бабаев М.М., Индивидуализация наказания несовершеннолетних. Москва., Юрид.лит.1968, с.37-38
-
Чокморова А. Борьба с вовлечением несовершеннолетних в преступную деятельность. Автореферат кад.дисс… Алматы, 1998, с.19
-
ЌР Жоѓарѓы Соты пленумыныњ 1994 жылѓы 23 аќпандаѓы “Азаматтардыњ µмірі мен денсаулыѓына ќарсы єрекеттер ‰шін жауапкершілікті реттейтін зањдарды соттардыњ ќолдануы туралы” ќаулысы.
-
Нарикбаев М.С., Юрченко Р.Н., Алиев М.М. Актуальные вопросы применения нового уголовного и уголовно-процессуального законодательства РК. Астана, 1999, с.115.
Достарыңызбен бөлісу: |