Тақырып: "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ "



бет1/3
Дата16.02.2024
өлшемі21.61 Kb.
#492176
түріСабақ
  1   2   3
"Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ" тәрбие сағаты


Тақырып: "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ "
Мақсаты: Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, пікіралысу
ЖОСПАР
1. Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?
 
2. Зорлық-зомбылықтың түрлерін атаңыздар
 
3. Зорлық-зомбылықты қандай адамдар жасай алады?
 
4. Үкімет тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде?
 
5. Заң жобасының негізгі мақсаттары қандай?
 
6. Зорлықтан, құлдықтан аулақ болу үшін не істеу керек?
 
7.Тәрбие сағатын анкеталық сұрақтармен қорытындылау.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Негізгі бөлім
Тәрбиеші:
Қайырлы кеш балалар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ ". Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған.
Сонымен қатар Адам саудасы дүниежүзі бойынша кірісі жағынан үшінші орында тұр және ол барлық елде етек жайған. Әсіресе, адам саудасы құрбандарының жасарып бара жатқаны әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. Мыңдаған адам жұмыс табу мақсатында заңсыз қоныс аударады. Тіпті, елімізде шетел азаматтарын әртүрлі жұмыстарға пайдалану үшін алдап әкеліп, құлдыққа салу ахуалы қалыптасты. Соңғы жылдары адамдарды сату деректері күрт өскен. Жыл сайын оның құрбандарының саны төрт миллионға жуықтайды. Әсіресе, қазақ қыздарын шетелде жақсы әрі табысты жұмысқа алдап шақырып, жезөкшелікке салу деректері де біршама артқан. Биші, фотомодель ретінде алдап әкелінген жас қыздарды тәнін саудалауға мәжбүрлейді. Сондай-ақ ер адамдарды құлдыққа сату фактілері де едәуір өскен.
 1. Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?
Вика: Зорлықбалалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта
Света: «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
2. Зорлық-зомбылықтың түрлерін атаңыздар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет