Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................... 83
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде – еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын яғни мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі, жастарымызды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді [1,12]. Өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары екендігін атап өтеді. «Біздің бірлескен шешімдеріміз бен тындырған ісіміздің нәтижелері таңданарлықтай болды, - дейді Н.Ә.Назарбаев, - мұның бәрі де, жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың - біздің барша көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне негізді мақтаныш пен сенімдікті туындатады»[2,2].
«Патриотизм Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман – саулығы, мемлекеттік қауіпсіздікке байланыстығын сезіну, әр адам өзінің мемлекетке тәуелді екендігін, олай болса мемлекетті нығайту жеке адамдарды күшейту екендігін мойындау», - деп жазады Б. Момышұлы [3, 71б.].
Қазіргі таңда жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс - әрекет ұйымдастыру, бұл шараны іске асыру үшін оқу – тәрбие процесінде отансүйгіштік тәрбие беруді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларында оқушы жастардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруды жаңа сапалық денгейге көтеру Отанымыз – Қазақстан Республикасының даму болашағының көздеген ұлы мақсаттарымызды іске асырудың кепілі. Осыған байланысты патриоттық тәрбие мемлекеттік, әлеуметтік орын алатын педагогикалық тұрғыдан зерттеуді қажет ететін маңызды мәселе.
Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі алғашқы еңбектер демократ-ағартушыларымыз Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарын, А.Құнанбаевтардың есімдерімен байланысты. ХХ ғасыр басындағы қазақтың белгілі зиялылары С.Торайғыров, Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. өз еңбектерінде ұрпақтар тәрбиесінде отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру жолдарын ғылыми тұрғыда арнайы қарастырды. Халық қаһарманы, белгілі қайраткер жазушы Б.Момышұлының патриоттық тәрбие маселесіне арналған арнайы еңбектерінің теориялық және практикалық маңызы ерекше.
Педагогика ғылымының классиктері К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский т.б. оқушылардың патриоттық тәрбиесін теориялық негіздерін қалаған.
Отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелері көптеген педагог – ғалымдардың (А.П.Кабаченко, Л.В.Метелица, Г.П. Лебедев, Л.Ф. Спирин, П.В.Конаныхын, Э.В.Коваленко, М. М. Ященко т.б.) еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Отандық педагог – ғалымдар А.Бижанов, У.К.Санабаев, А.Бейсембаева, А.Ә.Түктібаева, Ө.Жұмақанов, Р.Ж.Ержанова, К. Б. Сейталиев, А.А.Қалыбекова, Ж.Ж.Наурызбай, Қ.Ж.Қожахметова, С. Қалиев, К. Ж. Бұзаубақова, С.Қ.Қасенов, К. Т. Елемісова, Б.Ү.Үрбісінов, Е.Жұматова, С.Т.Иманбаева, Д.С.Құсайынова, Ә.Айтақов, Ш.Әміралиев т.б. еңбектерінде оқушылардың отансүйгіштікке тәрбиелеуге байланысты мәселелер қамтылған.
Дегенмен, педагогикалық, психологиялық және оқу-әдістемелік әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдаудың нәтижесі бүгінгі күнге дейін жалпы орта мектептерде педагогикалық пәндерді оқытуда оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру әдістемесінің назардан тыс қалып келгендігін көрсетеді. оқушылардыдаярлауда оқыту үрдісінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу одан әрі жетілдіруді талап етеді.
Бұл жағдайларда жалпы орта мектептерде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің міндетті деңгейіне қойып отырған талаптары мен қазіргі таңдағы оқыту үрдісінде оқушыларды Отанды сүюге, оны қорғауға, мемлекетті нығайтуға дайындықтарын қамтамасыз ету тәжірибесі арасында сәйкессіздікке әкеліп соқтыруда.
Сондықтан мектептің оқу процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың деңгейіне қойылытын қазіргі талаптар мен оны жүзеге асырудың ғылыми – негізделген педагогикалық шарттары және әдістемесінің жасалынбауы арасында қайшылық туындап отыр.
Демек айқын көрініп отырған қарама – қайшылықты ғылыми негізде шешу біздің зерттеуіміздің проблемасы болып табылады. Осыған орай, бұл проблеманың теориялық және практикалық маңыздылығын ескере отырып, ғылыми зерттеуіміздің тақырыбын былай деп алдық – «Оқу процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру
Достарыңызбен бөлісу: |