Тарау. Жалпы орта мектептерде оқыту процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері



бет4/35
Дата02.01.2022
өлшемі0.69 Mb.
#453285
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Диcc.Оқу процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру

Зерттеудің міндеттері:

1. Жалпы орта мектептерде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәнін, құрылымын және міндеттерін айқындау.

2. Қазіргі мектептің тәжірибесінде оқу процесінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін ашу.

3. Оқу процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру тиімділігінің педагогикалық шарттарын айқындау.

4. Педагогикалық пәндерді оқытуда оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру әдістемесін жасау және эксперименттік – тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы – мектептерде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге мақсатты түрде бағытталған оқу процесі болашақ мамандардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға негіз болады.

Зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық және теориялық негізіне жеке тұлға туралы теория; таным теориясы; жеке тұлғалық іс - әрекет теориясы; тәрбиелеуші оқытудың тұжырымдамалық негіздері; оқушыларды тәрбиелеудің тұжырымдамалық ережелері; отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәнін анықтайтын философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет