ҚОРЫТЫНДЫ
Отандық жоғары білім беру жүйесін реформалау қазіргі жағдайларда оған жаңа сапа мен қоғамдық бедел беруді , оны жоғары білікті мамандарды басып озумен даярлауды , олардың икемділігі мен бейімделуін бірінші кезекті міндет болған арнайы сала ретінде түсінуді талап етеді. Жаңа формация маманы терең және кең фундаментальды білімдерге ие , бастамалы , еңбек рыногі және технологиялардың өзгеретін талаптарына бейімделе алатын , ұжымда жұмыс істей алатын болуы керек.
Сонымен қатар болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттеріне , әсіресе олардың патриоттық сезімдері даму деңгейіне қойылатын талаптар арта барады. Кәсіпкер мамандың отансүйгіштік сезімдері оның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі , қоғамның , мемлекеттің дамуына , өркендеуіне өз үлесін қосуға үнемі ұмтылыс , Отан қауыпсыздігіне байланыстығын сезіну , өзінің еліне тәуелді екендігін , Отан алдына жауапкер екендігін мойындауы мен анықталады .
Болашақ маман тұлғасының отансүйгіштік сезімдері қалыптасуына мектептердің оқу процесінің әсері мол . Бірақ оқушыларды отансүйгіштілікке тәрбиелеу тек қана оқу үрідісінің патриоттық тәрбие беру мүмкіндіктері мақсатты және жүйелі түрде жүзеге асырылған белгілі педагогикалық жағдайларда , ғылыми негізделген әдістемені қолдану арқылы тиімді нәтижелер береді .
Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер мынадай қортынды жасауға мүмкіндік береді :
1. Бүгінгі күн талаптарына сай мектептің оқушыларін отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатындағы барлық іс - әрекеттер тұтастай және жүйелі түрде қарастыруды қажет ететіндігі анықталды .
2. Зерттеу тақырыбы бойынша философиялық , психологиялық ,
педагогикалық және ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді талдау оқу проце-
сінде мектептің оқушыларінің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың мәнін ашуға , оның құрамды бөліктерін және міндеттерін анықтауға септігін тиізді.
3. жалпы орта мектептерде оқу үрдісінің оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мүмкіндіктерін іске асыру болашақ мамандарда патриоттық сезімдерді қалыптастырудың тиімділігін қажетті шарты екендігі негізделді .
4. жалпы орта мектептерде оқу пәндерінің мазмұны , оқыту процесінің оқушыларге патриоттық тәрбие берудегі мүмкіндіктері анықталды.
5. Оқу үрдісінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалып - тастыру әдістемесін жасау мақсатындағы ұйымдастырылған тәжірибелік – педагогикалық жұмыс болашақ мамандарда зерттелетін сапалардың қалыптасқандағы критерийлерін көрсеткіштерін, деңгейлерін айқындауға, олардың өмір шындығына сәйкес келетіндігін дәлелдеуге негіз болды.
6. Зерттеу тақырыбы бойынша теориялық еңбектерді және озық педагогикалық іс – тажірибені талдаудың барысында оқу үрдісінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың төмендегідей педагогикалық шарттары анықталды:
- оқу пәндері мазмұнының отансүйгіштікке тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтап олардан мақсатты түрде пайдалану;
- тәрбиелеуші оқыту принципін іске асыру жағдайында оқу үрдісінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің арнаулы әдіс – тәсілдерінен қолдану;
- болашақ маманды кәсіптік тәрбиелеуді отансүйгіштік бағытда жүзеге асырылуы.
7. Зерттеу барысында анықталған педагогикалық шарттар негізінде жалпы орта мектептерде ағылшын тілі сабақтарында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудың әдістемесі жасалынды және оның тиімді екендігі тәжірибелік-эксперименттік тұрғыда дәлелденді.
8. жалпы орта мектептерде оқыту процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың зерттеу жұмысында ұсынылған жүйесі болашақ мамандармен сабақтарда және аудиториядан тыс тәрбиелік жұмыстарды үйымдастыруда, жоғары мектеп мамандарын даярлауда, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында пайдаланылуы мүмкін.
Ұсынылып отырған мәселе күрделі болғандықтан, оның көптеген салаларын қамтып шығу мүмкін емес және оқушыларде патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселексі одан әрі жетілдіруді қажет етеді.
Зерттеудің болашағы, біздің ойымызша, төмендегідей мәселелерді жеке зерттеуді қажет етеді:
болашақ мамандарда патриоттық сезімдерін қалыптастыруда кәсіптік тәрбие мен азаматтық тәрбиеның ара қатынасы;
оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде оқу және кәсіптік іс-тәжірибенің ролі;
аудиториядан тыс жүмыстарда оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың инновациялық формалары мен әдіс-тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |