Кесте 4. оқушылардың отансүйгіштік сезімдерінің қалыптасқандығы деңгейлерінің сипаттамасы (мотивациялық компонент бойынша)
Деңгейлер
|
Деңгейлердің сипаттамасы
|
І (төменгі)
|
оқушы Отанның өркендеуін, гүлденуін қалағанымен, оны өмірлік қажеттілік ретінде сезінбейді. Отанға қызмет ету, оның дамуына үлес қосуды өзіндік борышы ретінде түсінбейді. Отанға деген махаббатты, Отанның тарихын қастерлеуді аса қажет деп білмейді. Қазақ халқының тегі, мәдениетін, салт-дәстүрлерін құрметтеу және оларды меңгеруге ұмтылыс көрсетпейді. Отанның тағдырына оның қауіпсіздігіне жауапкершілік сезінбейді.Блашақ мамандығын, кәсіптік білімдерін, іскерлік пен дағдыларды игеруге қызығушылық көрсетпейді, оларды Отанды өркендету мақсаттарына жұмсауға қажеттілікті тіпті сезінбейді. Қоғам өмірінде белсенді субьектілік позицияға ие болмайды, оған қалау және қажеттілік көрсетпейді.
|
ІІ (орта деңгей)
|
Отанның өркендеуін, гүлденуін қалағанымен, оны міндет, өмірлік қажеттілік ретінде жеткіліксіз қабылдайды. Отанға қызмет ету, оның дамуына үлес қосуды өзіндік борышы ретінде қабылдайды, бірақ оны іске асыруда кездейсоқ белсенділік көрсетеді. Отанға деген махаббат, Отанның тарихын қастерлеуді аса қажет деп біледі. Қазақ халқының тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлерін құрметтеу және оларды меңгеруге ұмтылыс көрсеткеніміз ол жеткіліксіз. Отанның тағдырына, қауіпсіздігіне жауапкершілікті аз сезінеді. Болашақ мамандығын, кәсіптік білімдерді, іскерлік пен дағдыларды игеруге қызығушылығы болғанымен, ол тұрақты емес. Кәсіби білімдерін және іскерліктерін Отанды өркендету мақсаттарына жұмсауға қажеттілікті сезінеді, бірақ оған ұмтылыс айқын көрінбейді. Қоғам өміріндегі субьектілік позициясы болғанымен оның белсенділігі, оған қалау мен қажеттілік аз байқалады.
|
ІІІ (жоғары деңгей)
|
оқушы Отанның өркендеуін қатты қалайды, оны міндет, өмірлік қажеттілік ретінде сезінеді. Отанға қызмет ету, оның дамуына үлес қоуды өзіндік борышы ретінде қабылдайды. Отанға деген махаббат, отанның тарихын қастерлеуді аса қажет деп біледі. Қазақ халқының тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлерін құрметтеу және оларды меңгеруге белсенді ұмтылыс көрсетеді. Отанның тағдырына, оның қауіпсіздігіне өзін жауапкер деп сезінеді. Болашақ мамандығын, кәсіптік білімдерді, іскерлік пен дағдыларды игеруге қызығушылық көрсетеді, оларды отанды өркендету мақсаттарына жұмсауға қажеттілікті өте жақсы сезінеді. Қоғам өмірінде белсенді субьектілік позиция көрсетеді, оған қалау және қажеттілігі жоғары.
|
Тақырып бойынша әдебиеттерді талдау.[99; 100; 101] негізінде оқушыларде азаматтық-патриоттық білімдер жүйесінің болуын, кәсіптік-патриоттық білімдердің барлығы және азаматтық белсенді позицияның мәні туралы түсініктердің болуын бағалауға мүмкіндік беретін когнитивтік компонент бойынша Отан сүйгіштік сезімдерінің қалыптасқандық деңгейлерінің сипаттамасын құрастырдық (кесте 5 ).
Достарыңызбен бөлісу: |