Қосымша – Г
Оқушылардың қоғамдық-саясы іс-әрекет тәсілдерін меңгергендігі, қазақстандық патриотизм мазмұнындағы білімдерін практикада қолдану деңгейлерін бағалау үшін тест сұрақтары.
Тапсырма 1. Патриотизм ұғымының мазмұнына жатпайтын жауапты көрсетіңіз.
а) өзі туып-өскен жеріне сүйіспеншілік сезімі
ә) ана тіліне құрметпен қарау
б) Отанға адалдықты сақтау
в) Отанның тарихи өткеніне және мәдени жетістіктеріне деген мақтаныш
г) өз ұлтына басқа ұлттардан жоғары қою
Тапсырма 2. Өз отанының нағыз патриоты болған азамат қандай сапалар мен ерекшеленеді.
а) өз еңбегін, күш-жігері мен қабілеттерін Отанның гүлденуіне арнауға ұмтылады
ә) Отанға адалдықты сақтайды
б) Отандың бастандығы мен тәуелсіздігін қарауға дайын болады
в) өзіндік жеке мүдделерін қоғамдық мүддеден жоғары қояды
г) Отан мүдделеріне қамқорлық жасайды
Тапсырма 3. Дұрыс жауаптарды анықтаңыз:
1. Қазақстан Республикасы...
а) тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет;
ә) социалистик мемлекет;
б) парламенттік республика;
в) федератив мемлекет;
г) конфедерация
2. Қазақстанның мемлекеттік құрылым формасы...
а) унитарлы
ә) федеративті
б) конфедерация
в) республика
г) барлық жауаптар дұрыс
3. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес республиканың әрбір азаматының абыройлы міндеті, қасиеті, борышы, парызы
а) Отанды қорғау;
ә) алым-салықтарды төлеу;
б) сөйлеу және сайлану;
в) дауыс беру;
г) өз ана тілін меңгеру
4. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі ұстанымдарына жатады:
а) барлық жауаптар дұрыс;
ә) қоғамдық татулық және саясы тұрақтылық;
б) халық ігілігін көздейтін экономикалық даму;
в) қазақстандық патриотизм;
г) мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу.
5. Отанға деген қарым-қатынас пен байланысты идеялар мен көзқарастардың күрделі басқарылатын жүйесі, индивидтердің, әлеуметтік топтардың, ұлттық қоғамдастықтардың Отанды дамыту мен қорғауға бағытталған сезімі мен көңіл – күйі бұл...
а) патриоттық сана-сезім
ә) патриотизм
б) «Отан» ұғымы
в) патриотизм идеясы
г) патриоттық - ерлік тәрбиесі
Тапсырма 4. Сізге 18 сұрақ ұсынылады. Оларға «ия» немесе «жоқ», «жауап беруге қиналамын» деп жауап беріңіз.
Сұрақтар:
1. Қазақстандық патриотизмның мәні мағынасын жақсы түсінемін, ол туралы білімдерді өмірде, іс-тәжірибеде қолдана аламын?
2. Қазақстандық патриотизмның құндылық сапаларын өзіндік құндылықтар ретінде мойындаймын, тәжірибеде оларды басшылыққа аламын.
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін құрметтеймін.
4. Қазақстанның барлық халықтарының республикамызда жаратылған экономикалық, мәдени, ғылыми, әлеуметтік мүмкіндіктерге қатысты екендігі, тарихи тағдырының тұтастығын сезінемін.
5. Қазақстанның гүлденуі, экономикалық сәттілігі, сондай-ақ өзімнің табыстарым бірлесіп әрекет жасау, тығыз ынтымақтастық және өзара әрекеттесуға байланысты деп білемін.
6. Мектепте оқу-танымдық, қоғамдық саяси, ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерінде белсендімін.
7. Туындаған әр түрлі мәселелерді талқылау процесіне жеңіл кірісемін.
8. Өзіндік дербес жұмыс, өз бетімен білім алумен жүйелі түрде шұғылданамын.
9. Жаңа білімдерді іздену мен меңгеруге, қалыптан тыс емес шешімдерді қабылдауға ұдайы қызығушылық көрсетемін.
10. Өзіндік дербес жұмыс, өз бетімен білім алумен жүйелі түрде шұғылданамын.
11. Өз мүмкіндіктерім дұрыс бағалаймын, болашақ кәсіптік қызмет үшін өзімнің күшті және әлсіз жақтарым білемін.
12. Өзіндік қызметтің тұлғалық және қоғамдық мақсаттарын айқын елестей аламын, саналы түрде шешімдер қабылдай білемін.
13. Сыртқы жағдайлар және ішкі қатынастарғы сәйкес әрекет жоспарын құру және өзгертуде шілгіштік көрсете аламын.
14. Өзіндік мінездің мотивтеріне талдау жасай аламын, қоғамда қабылдаған әлеуметтік және адамгершілік нормаларға сәйкес қойылған мақсатқа қол жеткізудің ең қолайлы әдіс-тәсілдерін таңдай білемін.
15. Өзіндік іс- әрекеттерім мен Отан мүдделеріне қызмет етуге, айналадағы қоршаған өмірні жақсартуға ұмтылыс жасаймын.
16. Өз мақсаттарымды, өз әрекеттерімдің салдарын айқын көре аламын.
17. Өзімді Отан алдында борышты, ел тағдырына жауапты сезінемін.
18. Өз әрекеттерім нәтижелерін талдай аламын, оларға сын тұрғысынан қараймын, жағдайды дұрыс бағытқа өзгерту және түзетуге мақсатты түрде ұмтыламын.
Нәтижелерді талдау: «Ия» - 3 балл, «Жоқ» - 2 балл, «Жауап беруге қиналамын» - 1 балл. 37-54 балл - «жоғары деңгей», 26-36 балл – «орта деңгей», 18-25 балл – «төменгі деңгей».
Достарыңызбен бөлісу: |