Сілтемелер
-
Назарбаев Н.Ә. Тарих тагылымдары және қазіргі заман. А., "Қазақстан". 1997. 24 бет.
-
Абдыгалиев Б. Государственная политика и межнациональные отношения в РК.-Алматы. 199б.-75 с.
-
Трофимов Д. Центральная Азия: проблемы этно-конфессионалбного развития.- М,: МГИМО. 1994.-55 с.
-
Штут Р. Борьба за власть и влияние в Центральной Азии/ Іnternatіonal polіtіc (на рус. яз.). 1998. 3. С. 37-4472
-
Браун Б. Средняя Азия: первый год неожидонной независимости //Оборонная политика-политика обеспечения мира и безопастности. Т. П-Киев.: RAND -AAAS.1993. С.170-182
-
Бжезинский 3. Великая шахматная доска. Превосходство Америки и его геостратегические императивы.-М: Международные отношения. 1998. —256 с.
-
Султанов К. Состояние и перспективы казахстанско-китайского сотрудничества//Саясат, 1998, июнь. С.44-49.
-
Лаумулин М.Т. Китайско-центральноазиатские отношения: геополитика и безопасность. Взгляд с запада// Казахстан- Спектр. 2. 1998. с.77.
-
Касенов У. Центральная Азия: национальные и региональные аспекты безопасности//Казахстан и мировое сообщество. 1996. c/ 21-35.
-
Сыроежкин К.Л. Китай и Центральная Азия: политические отношения и торгово-экономическое партнерство//Казахстан-Спектр. 1-2. 1997. С. 100-112.
-
Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глоболизации. А.,2000.-85 с.
-
Сыроежкин К.Л. Китай и Центральная Азия: политические отношения и торгово-экономическое партнерство//Казахстан-Спектр. 1-2. 1997. С. 125-127.
-
Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глоболизации. А.,2000.-98 с.
-
Мансұров Т. Қазақстан: және Ресей: егемендену, бірігу, стратегиялық әріптестік тәжірибесі. А., "Қазақстан", 1999. 259 бет
-
Сыроежкин К.Л., Кривоногов В.М. Синьцзянский производственно-строительный корпус СУАР КНР: настоящее и будущее//Казахстан-Спектр. 1. 1998. С. 42-57.
-
Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глоболизации. А.,2000.-132 с.
-
Гумилев Е.Н. Ежелгі Русь және Қиян дала. М.,1989. 674-675 бб
-
Ежелгі Заманнан қазірге дейінгі Қазақстан тарихы // М.Қ.Қозыбаев. А.,."Қазақстан", 1993, 175-185 бб.
-
Мансұров Т. Қазақстан: және Ресей: егемендену, бірігу, стратегиялық әріптестік тәжірибесі. А., "Қазақстан", 1999. 153 бет
-
Назарбаев Н.Ә. Тарих тагылымдары және қазіргі заман. А., "Қазақстан". 1997. 58 бет.
-
Зиманов С.З. В.И.Ленин және Қазақстандағы кеңесті ұлттық мемлекет. А., 1979.337 б.
-
Назарбаев Н.Ә. Тарих тагылымдары және қазіргі заман. А., "Қазақстан". 1997. 105 бет.
-
Кто и как формировал и определил. 142-143 бб
-
Бжезинский 3. Великая шахматная доска. Превосходство Америки и его геостратегические императивы.-М: Международные отношения. 1998. —194 с.
-
С.Кортунов "Имперское" и национальное в российском сознании // М. Жизнь. 1998. N6. С. 77.
-
Назарбаев Н.Ә. Тарих тагылымдары және қазіргі заман. А., "Қазақстан". 1997. 93 бет.
-
Ежелгі Заманнан қазірге дейінгі Қазақстан тарихы // М.Қ.Қозыбаев. А.,."Қазақстан", 1993, 191б.
-
Абдыгалиев Б. Государственная политика и межнациональные отношения в РК.-Алматы. 199б.-103 с.
-
Мансұров Т. Қазақстан: және Ресей: егемендену, бірігу, стратегиялық әріптестік тәжірибесі. А., "Қазақстан", 1999. 162 бет
-
Султанов К. Состояние и перспективы казахстанско-китайского сотрудничества//Саясат, 1998, июнь. С.62-64.
-
Аманжолов Ж.М. Международно-правовое обеспечение национальной безопасности РК. Автореферат.
-
Казахстан- Китай: 5 лет по пути добрососедства и сотрудничества. Сборник документов и материалов. Пекин, 1997.-7.-176с
-
Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глоболизации. А.,2000.-256 с.
-
Что кроется за соглашением о границе с Китаем? Комментарии министра иностранных дел РК// Казахстанская правда. 1998. 15 июля
-
//Analytіc. –2000. – № 1.С.19-21.
-
-
Казахстан- Китай: 5 лет по пути добрососедства и сотрудничества. Сборник документов и материалов. Пекин, 1997.-150с
-
Калиева Д.А. Шанхайская Организация Сотрудничества: перспективы и развития // Analіtіc. -2001. – №3. С. 42-45..
-
Султанов К. Состояние и перспективы казахстанско-китайского сотрудничества//Саясат, 1998, июнь. С.98-101.
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың Орталық Азиядағы жаңа ролі
2.1. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері
КСРО-ның күйреуінен кейін, өз тәуелсіздіктеріне ие блған Орталық Азия мемлекеттері өз даму саясаттарын таңдауға мүмкіндік алып, халықаралық қатынастардың жеке субъектілеріне айналды. Олар халықаралық аренада өздерінің географиялық жағдайларымен, экономикалық және демографиялық мүмкіншіліктерімен, басқа мемлекеттермен, әсіресе, көрші елдермен арақатынастарын дамытуымен және олардың аймақтық және ғаламдық ұйымдарға қатысуымен халықаралық аренада жаңа рольге ие бола бастады.
Орталық Азия табиғи ресурстарға өте бай аймақ. Қазақстан бұрынғы КСРО-да қола, қорғасын және цинк т.б. өндіруден бірінші орында болатын. Қырғызстан металдық сурьма өндірудің монополисі болды, Түркіменстан стронций түзілетін целестин рудаларының, ал Өзбекстан болса, “ақ алтынның”(мақта) және “сары алтынның” (алтын) ірі тасымалдаушысы болды. Орталық Азияның табиғи ресурстары Ресей үшін өзінің зор мәнін сақтап, бүгінде әлемнің басқа елдерінің де назарын өзіне аудартуда. Тек табиғи ресурстарға кедей Түркия мен Пәкістан ғана емес, сондай-ақ, жағдайы жақсы Қытай мен Үндістанның және дамыған – Еуропа, АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея елдерінің де назарын аударады. /1/
КСРО-ның құрамында болған бұрынғы Азия елдерінде көптеген мөлшерде ядролық қару және атом энергиясын дамытатын негізгі шикізат – уран рудасы өндіріледі. Орталық Азия әлемдік уран запасы мөлшері бойынша көрнекті орынға ие. Орталық Азияда уран запасының, мамандар мен технологияның болуы аймақтық ядролық қаруды таратпау мәселесін шешуде үлкен рольге ин екендігін көрсетеді. Аймақтың стратегиялық мәні оның ядролық қаруы бар бес мемлекеттің екеуі - Қытай және Ресеймен шектесіп, Иран мен Ауғанстан арқылы Парсы шығанағы мен Үнді мұхитына шығуға мүмкіндігі бар. Орталық Азия мемлекеттері еуропалық ұйымдардың (ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету ұйымы), Солтүстік атлантикалық ынтымақтастық кеңесінің (ССАС), Еуропалық даму және қайта құру банкінің) және азиялық (Экономикалық ынтымақтастық ұйымы - ОЭС), Ислам конференциясы ұйымы, Азия даму банкі, Ислам даму банкі) аймақтық халықаралық ұйымдар мен банктердің мүшелері болып табылады.
Бұл таратудың негізгі мақсаты “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымындағы” мемлекеттердің мүдделерін жеке-жеке қарастыру болғандықтан, бұл бірлестіктегі негізгі скрипканы алатын Қытай мен Ресейдің позицияларына тоқталайық. Өйткені, бұл бірлестіктің негізгі құрылысшылары осы екі мемлекет болып табылады. Бұл мемлекеттердің әрқайсысының болсын бұл ұйымға қатысуының бірден-бір себебі, олардың өздерінің геостратегиялық және экономикалық мүдделерінің бар болуы.
“Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” іргетасын қалаушылардың бірі, Орталық Азия елдерімен тарихы көптеген жылдар бойыбір болған Ресей Федерациясының Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделерін анықтауға тырысайық.
Ресей Орталық Азияның қауіпсіздік жүйесіндегі ерекше роынды алады. Кеңес үкіметі құлағаннан кейінгі Ресей мен Орталық Азияның ара қатынастары қалай дамуда деген сұрақ жиі туындайды. Ресейдің мақсаты бұрынғы Кеңестер Одағы құрамында болған Орталық Азия мемлекеттерін орыстың геосаяси кеңістігіне қайта қайтару және оларға өз үстемдігін жүргізу мүддесі бар деп жауап беруге болады.
2001 жылы 15 маусымда құрылған “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” қызметін Ресей эксперттері жоғары бағалайды және оның шеіберіндегі ынтымақтастық Ресейдің стратегиялық мүдделеріне жауап береді деген мәліметтер береді. Олардың пікірлері бойынша, “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” – келешегі бар ұйым, бірақ, мүше-мемлекеттердің экономикалық, саяси мүмкіншіліктерін есепке алып қарастыратын болсақ, ол өте әлсіз бірлестік. Ұйымның тиімділігін сақтап және оны нығайту үшін оның дамуының дұрыс жолын таңдап алу керек дейді.
Ресей Федерациясының “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуының бірнеше маңызды себептері бар. Олар /2/.
-
Біріншіден, Азия-Тынық мұхит аймағында өзінің ықпалын нығайту. Бұл контексте “Шанхай ұйымы” Ресей мен Қытай арасындағы әскери және әскери-саяси саладағы қатынастарын белсенділендіреді. Әскери саладағы екі мемлекеттің өзара қатынастары кейінгі кезде жоспарлы негіз алып, біріккен Қытай-Ресей үкіметаралық комиссиясымен координацияланады.
1991 жылдан 2000 жылға дейін Қытай Ресейдің әскери қаруын саып алу үшін 6 милиард доллар шығынданған екен. Соңғы жылдар бойы Ресейдің Қытайға қару-жарақ сатуынан түскен пайдасы 1,3 миллиард доллардан асады. Сонымен қатар, бүгінде Мәскеу мен Пекиннің Вашингтонның аймақта Жапониямен, Оңтүстік Кореямен бірлесе отырып, ПРО ТВД құрамыз деген жоспарларына қарсы ұқсас позиция ұстанады. Осыған орай, “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” Қытай мен Ресейге АҚШ жоспарларына қарсы жеке екеуі ғана емес, бүкіл ұйым атынан қарсылық танытуына мүмкіндік береді.
-
Екіншіден, Ресейдің “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” шеңберіндегі Қытаймен қатынасы конструктивті қатынастар орнату үшін өте қолайлы. Ресейдің Қиыр Шығыстағы аймағы Қытай жағынан үлкен демографиялық қысым көріп отыр.
Соңғы екі-үш жыл ішінде Ресейдің федералды шекара қызметкерлерінің берген ресми мәліметтері бойынша, Ресейге 1,5 миллион қытайлықтар келіп қоныстанған. Олардың ішінде, тек 237 мыңы ғана ресми түрде тіркелген, қалғандары Ресей территориясындағы орыс халқымен араласып кеткен.
Егерде миграция осы қалпымен жалғаса беретін болса, онда Ресейдегі Қытай халқының саны Ресей демографтарының болжаулары бойынша, 2050 жылға қарай он миллион адамды құрайды екен. Ресейдің Қиыр Шығысындағы туу санының кемуі және халықтың басым көпшілігінің Ресейдің батыс бөлігіне қарай қоныс аударуы салдарынан халықтың санының төмендеп бара жатқандығынан бұл мәселе шиеленісіп бара жатыр. Осындай жағдайда Рсеейдің Қиыр Шығысының тоғыз аймағының халқы шамамен 7,4 миллион адамды құрайтын болса, шекар маңының сына жағындағы Қытайдың үш провинциясынң халқы үш жүз миллион адамды құрайды. Осы контексте Ресей “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” шеңберінде Қытаймен миграция мәселесін реттестіруге тырысуда. “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” Ресей мен Қытай арасындағы Орталық Азиядағы “ойынның” тәртібін анықатйтын құрал ретінде де қызмет жасайды./3/
Ресей өзінің Орталық Азиядағы геосаяси мақсаттарын нығайтуға тырысады.
-
Біріншіден, Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі орталықтан шеттеуге (қашуға) қарсы белгілі бір сипатта қарсы тұруға мүмкіндік береді.
-
Екіншіден, “Орталық Азия” Мәскеудің сыртқы саясатындағы приоритетті аймақтарының бірі болып табылады және мұндағы Ресейдің мүдделері кеңінен көрсетілген. Олар: стратегиялық табиғи ресурстарға енуді қамтамасыз ету, аймақтағы рынокты сақтау, этникалық орыстардың құқықтарын қорғау, тұрақсыздандыру элементтерін жою (әлемде, Орталық Азияда және Ресейде). Өз мүдделерінің іске асуына және аймақтағы өз ықпалын орнатуда Ресей АҚШ-тың және де басқа мемлекеттердің аймақта орнығуына қарсылық танытады. Егерде Ресейдің әлсіз экономикалық жағдайы оның аймақта толық ықпалын орнатуына мүмкіншілік бермейтін болса, оның Ұжымдық Қауіпсіздік келісім-шартының және “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” шеңберіндегі өзінің әскери-саяси ресурстарын қолдануы оның ықпалын орнатуына мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңде Oрталық Азияға Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы елдері экспорттарының төрттен бір бөлігі келеді екен./4/ Ресейдің Oрталық Азиядағы ірі сауда серіктесі Қазақстан болып табылады. Ресейдің талық Азиядағы экономикалық байланыстары әлсіреп барады. Ұлттық рыноктардың жекешелендіру процесі жалғасуда, кедендік шекаралар пайда болуда, атуарлар мен қызметтер, капитал және жұмыс күшінің айналымы қиындыққа түсуде. Сондай-ақ, Ресей Орталық Азия жерінде өз стратегиялық мүддесіне ие. Ол ең біріншіден, Ресей өндірістік өнімдерін географиялық жағынан жақын рынокқа шығару және ол жерлерде өз ықпалын түпкілікті орнату. Ресейдің Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық мән беретін ресурстары – КСРО кезіндегі Оратлық Азия елдерінде оның қорғаныс жүйесін құрайтын көптеген ірі әскери объектілердің әуе қорғанысына қарсы әсекри полигондар және тағы да басқалар туралы хабар беріп тұратын радиолокациялы станциялар.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын еске ала отырып, Ресей Федерациясы Орталық Азия елдерінің мемлекеттілігін, территориялық тұтастығын сақтауға және олардың экономикалық және қорғаныстық мүмкіншілігін дамытуға ат салысуға, сондай-ақ ТМД елдерінің ортақ бірыңғай экономикалық және саяси одақ құру. Тек осындай бағыт қана Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалын орнатуындағы геосаяси мәселелерінің шешімі болып табылады.
“Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” іргетасын салушылардың келесі бір Орталық Азиямен көршілес жатқан елдердің бірі - ірі ядролы мүмкіншілігі бар Қытай.
Қытай да Ресей секілді Орталяқ Азияда геосаяси мүдделерге ие. Бүгінгі таңда Қытай үкіметі үшін өте өткір тұрған – сепаратизм мәселесі, яғни, солтүстік-батыс Қытайда орналасқан – Шыңжаң ұйғыр автономды республикасының мүмкін болатын толқулары. Ол аймақтағы халық ежелгі түрік қандастығын және бүкіл мұсылман қауымын біріктіретін, ислам мемлекетін құру абйланыстарын қайта жаңғыртуды алға мақсат етіп алады. Сондықтан да, Қытайдың “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуы осы секілді мәселелерді толық түрде және ірі масштабта шешу еді. Қытайдың Орталық Азия елдерімен экономикалық қатынастарды дамытуды Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық дамуы аймақтағы тұрақтылыққа өз әсерін тигізе алады. Бұл дегеніміз Қытаймен шекаралас жатқан провинциялардың да тұрақтылығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Қытай Орталық Азия территориясында өзін ірі экономикалық серіктес ретінде қалыптастыруды және біртіндеп оларды өзіне бағынышты етіп, Ресейдің мүдделерін Орталық Азиядан ығыстыруды көздейді. Дегенмен де, қазіргі кезде Қытай өзінің Оңтүстік-Шығыс Азиядағы позициясын нығайтуда, бірақта, Қытайдың халықаралық жүйедегі күштер балансын өзгертуге талпынуда және көпполярлық әлемді құру мақсаты оның әлемде жүргізіп отырған саясатын жандандыра түседі.
Бірақта,/5/ Ресей мен Қытайдың “ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына” қавтысуы олардың ортақ геостратегиялық мүдделері болып табылады. Екі мемлекет те Шанхай бірлестігін әлемдік тәртіп мәселесі бойынша ұқсас позицияларын координациялау үшін қолданады. Екеуін де әлемдік жүйедегі орын алып отырған жағдай, яғни, Америка Құрама Штаттарының әлемде бірполярлық жүйе орнатып, өз гегемондығын орнатуы қанағаттандырмайды. Бірполюстік мүдделеріне зиян келтіреді және позицияларын әлсіретеді. Ал, Америка Құрама Штаттарының әскери-саяси және экономикалық позициялары халықаралық қатынастар жүйесінде өте күшті болғандықтан осы кейінгі соңғы 10-15 жыл АҚШ-тық билеу кезеңінің болатындығы сөзсіз. Дәл осы АҚШ-тың гемогондығына қарсы тұруы Ресейдің және Қытайдың орта мерзімді келешектегі сыртқы саяси приоритеттерінің бірі болып табылады. Бірақта, Қытай мен Ресейдің халықарылық жүйедегі қазіргі жағдайы өзгертуге деген мүмкіншіліктері өте шамалы. Ресей саяси жағынан әлі де күшті болғанымен, экономикалық қатынастары жағынан өте әлсіз. Ресейдің әскери күші және амбициясымен оның әлемдік экономикаға қосылуы Батыстың суыққанды позициясын және үрейін тудырады. КСРО-ның құлауының бірінші жылдары Батыстан экономикалық қолдау таппаған Ресей өзінің әлемдік мүдделеріне зиян келгеннен соң, оған батысқа ашық түрде қарсы саясат ұстанудан басқа ештеңе қалмады./6/
Қытай күшті экономикалық күшке ие, бірақ халықаралық жүйеде әлсіз саяси позиция ұстанады. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы өзінің конфронтацияға бармай, күту позициясын ұстануда. Соның өзінде Қытай өз мүдделерін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатыса отырып, өз мүдделерінің Шанхай бірлестігі шеңберіндегі ынтымақтастығы және өздерінің ғаламдық мүдделері мен амбициялары туралы жариялау және әлемдегі Америка Құрама Штаттарының ықпалын бәсеңдету жолында Ресейдің әскери-саяси мүмкіншіліктері мен Қытайдың экономикалық ресурстарын біріктіреді. Осыған орай Қытай мен Ресейдің жақындасуы толығымен заңды тенденция болып табылады. Екі мемлекет көптеген ғаламдық мәселелер бойынша бірыңғай позиция ұстануы және ортақ саяси бағыт көрсетуі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының шеңберінде жүзеге асады. Ресейдің Сыртқы істер министрі И.Ивановтың айтуы бойынша, “Мәскеудің позициясы дегеніміз – Пекиннің позициясы”, бұл дегеніміз осы екі мемлекеттердің ортақ ұстанымдарының болуынан.
Сонымен, көпполярлық әлем туралы ой Бішкек және Душанбе Декларацияларының негізгі идеяларының бірі болып табылады./7/
Көпполярлылық - құжаттарда көрсетілгеніндей, “жаңадан құрылып келе жатқан жаңа әлемдік тәртіптегі халықаралық жағдайдың тұрақтылығына жағымды фактор болып табылады” делінген. 2000 жылы өткен Душанбе саммитінің маңызды қорытындыларының бірі - әлемдегі стратегиялық тұрақтылықтың негізі болып табылатындықтан, 1972 жылғы ПРО туралы келісіміне “Шанхай бестігі” мүшелерінің қолдау көрсететіндігі болып табылады. Осындай қадам арқылы Ресей мен Қытай АҚШ-тың ұлттық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін жасауына қарсы тұруға тырысты.
Қытай өз атынан Тайваньді қандай да болмасын мемлекеттің ПРО жүйесіне қарсы екендігін айтты. Шанхай бірлестігі елдері өздерінің бірлескен коммюникелерінде Ирактан тез арада санкцияларын алып тастауды сұрады, бұл да антиамерикандық наразылықтарының бірі болып табылады.
Душанбе Декларациясының/8/ маңызды мәселелерінің бірі гуманитарлық мәселелерді және адам құқықтарын сылтау етіп, басқа мемлекеттердің ішкі ітсеріне араласуына жол бермеу болды. Бұл мәселе Қытай мен АҚШ-тың арасындағы қатынастардың шегі болып табылады. Декларацияда, сондай-ақ, Шешен мәселесін реттеуде Ресей мен Қытай біртіндеп келешек әлемді тәртіпке байланысты саясатын жүргізуге тырысады. “Әлемдік держава” мәртебесіне ие Қытайдың жақындасуы Америка Құрама Штаттарын да мазалайды. Ұзақ уақыт бойы Вашингтон Мәскеу де, Пекин де жақын болатын. Қазіргі кезде стратегиялық үшбұрыш күштер орны өзгерді. Әлемдік жүйедегі күшті позицияға қарамастан Вашингтон стратегиялық бәсекелестікпен ғана емес, елдердің бірлестігімен бетпе-бет келіп тұр. Мұндай жағдайда АҚШ ұстамдылық саясатын ұстанып отырды.
2000 жылы шілдеде НАТО-ның бас хатшысы Д.Робертсон ОРталық Азия елдеріне турне жасады. Онда ол аймақ мемлекеттерін қызықтыру үшін “Бейбітшілік үшін серіктестік” жоспары шеңберіндегі ынтымақтастықты дамытуды ұсынды./9/
ХХІ ғасырға деген өзінің экономикалық өсуі және елдің модернизациясын жүргізіп жатқан Қытай, шекаралық Орталық Азия елдерімен тату көршілестік қатынастарын дамыту туралы мәселелерді де шетте қалдырмады. Өз қарым-қатынастарын Қытай және Орталық Азия мемлекеттері өзара пайда, бір-бірлерінің ішкі істеріне араласпау және сепаратизмді қолдаудан бас тарту туралы принциптерге негізделе отырып жүргізеді.
Қазақстан/10/ мен Қытай арасындағы қатынастар тату көршілестік және достастық сипатында. 1992 жылдың 3 қаңтарында екі ал арасында дипломатиялық қатынастарды орнату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойғаннан бастап, ең биік және жоғары дәрежедегі өзара сапарлар басталды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың айтуы бойынша, “Қытаймен тату көршілікті жүргізуден өзгеше саясат жоқ”./11/ Әрине, шешілмеген мәселелер тобы жетерлік. 1994 жылы сәуір айында Қытай премьер-министрі Ли Пэннің Қазақстанға сапары кезінде шекаралар туралы келісім-шарттарға қол қойылды. Қазіргі кеде екі ел арасында трансшекаралық өзендер мәселесі бар. Бірақ, бұл мәселелер жартылай ғана шешілді. Ең алдымен,/12/ Іле және Қара Ертіс өзендері бойынша, яғни, Қытай Ертіс-Қарамай каналын салу туралы жоспар ұсынуда. Басқа бір қақтығыс тудыратын жайт, ол Орталық Азия мемлекеттерінің өз территорияларында ұйғыр ұлтына қолдау көрсетуі. Орталық Азия елдерінің мұндай әрекеттерін Қытай өзіне қарсы бағытталған деп түсінуі мүмкін.
Осындай мәселенің басты қозғаушысы болып Қытайдағы ұйғыр сепаратистік ұйымдарының мазалауы болып табылады. Батыс басылымдарына көз жүгіртетін болсақ, Орталық Азия территориясында Шыңжаң ұйғыр автономиялық республикасының халықтарын ұлт азаттық қозғалыстарға итермеледі. Бірақта, Орталық Азия территориясында пантүріктік және панисламдық ұйымдар туралы идея басым орын алмайды. Керісінше, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, достық қатынастарға кеселін тигізетін іс-әрекеттердің дамуына тыйым салу қағидаларына негізделіп жұмыс жасайды.
Мао кезеңінен кейінгі Қытайда ішкі және сыртқы саясаттың үлкен өзгеріске ұшырауынан көруге болады. Ол, яғни, достық қатынастарды және көршілермен тату қатынастарды орнату болып табылады.
ХХІ ғасырда орталық Азияға деген бірқалыпты дамуда. Өйткені, бұл елдер табиғи ресурстарға өте бай және оны игеруге экономикалық-техникалық мүмкіндігі жоқ. Осыған орай, бұл мәселелердің шешімін “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” шеңберінде табу керек.
“Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” шеңберіндегі ынтымақтастықтың дамуын Қытай жағы жеті принципке негіздейді./13/
-
Көпполярлық әлемді дамыту идеясын қолдау.
-
БҰҰ-ның әлемді басқарушы ролін сақтау.
-
Елдердің бір-біріне қолдау көрсетуі.
-
Әрбір халықаралық субъектілерінің өз даму жолдарын өздері таңдауы.
-
Өзге елдердің ішкі істеріне араласпау.
-
Елдер бір-біріне көпжақты қолдау көрсетуі.
-
Шанхай бірлестігі шеңберіндегі өзара сенімді күшейту. Шанхай бірлестігі ешкімге қарсы бағытталмаған, ашық ұйым. Осылайша, қауіпсіздік ынтымақтастың приоритетті саласы болып табылады. Тек саяси тұрақтылықты сақтау негізінде ғана экономикалық, мәдение және тағы басқа ынтымақтастықтың дамуы мүмкін болады. Ынтымақтастық негізіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үш бағытқа қарсы күрес жүруге сүйену керек дейді:
-
діни экстремизм және халықаралық терроризм;
-
есірткі бизнесі;
-
этносепаратизм.
Әлеуметтік-экономикалық саласына келетін болсақ, онда приоритетті бағыттар мыналар: көлік және байланыс, ауылшаруашылығы, металлургиялық өндірістік, энергетика, мәдениет, туризм және денсаулық сақтау.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей-ақ, Қытай үшін экстремизм мен сепаратизм мәселелері өте өткір мәселелерді құрайды.
Осылайша, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әлемдік саясаттың байыпты факторын құрайды. Қытайдағы экономикалық реформалардың өзгеруінде және Пекиннің Азиядағы саясатының нығайғаннан соң АҚШ-тың ықпалы біртіндеп азаяды деген болжам бар. Бірақта, кейінірек егерде АҚШ әлсіреп, Қытай әлем саясатында “держава” ретінде дамитын болса, Ресей мен Қытай арасындағы қатынастар стратегиялық өзгерістерге байланысты біршама алшақтауы мүмкін.
Дегенмен, АҚШ әлем ресурстарының ең үлкен тұтынушысы, ол үшін Орталық Азия аймағы тек ресурстардың қайнар көзі болып табылады. АҚШ Орталық Азия аймағында өмірлік маңызы бар мүдделері жоқ. Бұл аймақта АҚШ-тың арнайы бір мүдделері бар. 1996 жылы АҚШ-тың Ресей мен ТМД елдері бойынша мемлекеттік департаментінің координаторы К.Райз “Орталық Азиядағы стратегиялық мақсаттар мен приоритеттер” деген баяндамасында АҚШ-тың аймақтағы мақсаттарын көрсетті. Олар:
-
Орталық Азия мемлекеттерінің әрбіреуінің тәуелсіздігін, егемендігін және қауіпсіздігін қолдау;
-
Адам құқықтарына негізделген нарықтық экономика және басқарудың демократиялық формасын құру;
-
Бұл мемлекеттерді әлем қауымдастығына, халықараоық ұйымдарға және евроатлантикалық диалога біріктіру;
-
Терроризммен, есірткі және басқа да түрлеріне қарсы күресу мәселелеріне байланысты ынтымақтастықты орнату./14/
Әскери-саяси мүдделері:
Орталық Азия елдерінің ядролық қаруды таратпау мәселелерін қадағалау, Уранның 235-ші элементін өндіруіне, полигон сынақтарын жүргізуге, зымыран-космостық шығатын қорытынды – АҚШ Орталық Азиядағы негізгі бағыты – бақылау мен зерттеу арқылы өз ықпалы астында ұстап отыру.
АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Орталық Азия және Қытайдың келешектегі саясатына қатыста болжам мына стратегиялық құжаттар арқылы ажсалады:
-
Joіnt Vіsіon 2020 /15/ (Бірлескен көзқарас 2020)
-
Asіa 2025 /16/ (Азия 2025)
“Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” негізін қалаушы келісім-шарттардың 2020 жылдың 31 қаңтарына дейінгі уақытқа дейін бекітілгендігі бәрімізге мәлім. АҚШ-тың жоғарыда атап өткен құжаттарының болжамдары бойынша, “Қытайдың әрекеттері 2020 жылғы мерзім өткенге дейін жоғарғы деңгейде дамып, көрші елдеріне жеткілікті түрде қатаң позиция ұстанады”.
Ауғанстанда жағдайдың өршуімен, ондағы АҚШ-тың жүргізген әрекеттерінен соң жағдай біршама өзгерді. Осы төңірегінде келесі параграфта тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |