Тарау.Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу


Дәлелдемелердің қатыстылығы және іске жіберілуі



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі413 Kb.
#124696
1   2   3   4

2.3.Дәлелдемелердің қатыстылығы және іске жіберілуі.

Іс бойынша объективті шындықты анықтау кезінде дәлелдемелерді іріктеудің бет алды сипаты болмайды. Іс жүргізушілік мағынасындағы белгілі бір дәлелдемелерді тергеудің және соттың қабылдауы, оларды нақты қылмыстық іс бойынша процеске тарту дәлелдемелердің қатыстылығы туралы мәселені шешуге негізделген. Дәлелдемелердің қатыстылығын-олардың және дәлелденуге жататын жағдайлардың арасында қисынды байланыстың болуы деп түсіну қабылданған, осыған байланысты қылмыстық іс бойынша белгілі бір фактілерді негіздеу немесе жоққа шығару үшін пайдаланылуы мүмкін. Дәлелдемелердің қатыстылығының өлшемі сипатында мыналар көрінеді: дәлелдеменің ізделетін фактімен байланысы; нақты дәлелдермен анықталатын мән-жайдың іс үшін маңызы; тап осы мән-жайды анықтау үшін аталған дәлелдемелердің маңызы.

Дәлелдеменің ізделетін фактімен байланысының маңызы мынадан көрінеді: осы өлшемге сүйене отырып, "тергеу мен сот қылмыстық істерді тергеу және қарау кезінде өздерінің қолынан өтетін іс жүзіндегі материалдардың "үйіндісінен" оларды дұрыс шешу үшін қажетті деректерді таңдап ала алады".

Дәлелдемелердің қатыстылығы туралы мәселені шешу үшін оларда бар ақпарат сипатының маңызы болмайды (дәлелдемелер ізделетін фактілерді растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін). Қатыстылық — дәлелдеменің мәнділігіне ықпал ететін ішкі қасиетінің белгісі. Сонымен бірге осы айтылған белгінің сыртқы көрінісі мынадай: ол істі ақпаратсыз-ақ көптеген жағдайларды анықтауға қатысы бар материалдарды іске шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Дәлелдемелердің іске жіберілуі дегеніміз — көздерінің, олар алынған әдістер мен тәсілдердің заңдылығы көзқарасы тұрғысынан дәлелдемелердің жарамдылығы, толықтығы. Дәлелдемелердің іске жіберілуін қамтамасыз ететін іс жүргізу нысандарының мынадай элементтерін бөліп кәрсету қабылданған: дәлелдеудің тиісті қатысушысы; заңда көзделген дәлелдеме көзі; заңға сәйкес тергеу іс-қимылын (дәлелдеме алуға көмектескен) өткізудің тәртібі.

Дәлелдемелердің қатыстылығы мен іске жіберілуі арасындағы арақатынасты айқындай отырып, В. Д. Арсеньев былай деп жазды: "Егер қылмыстық іс жүргізу дәлелдемелерінің мазмұны олардың іске қатыстылығын көрсетсе, дәлелдемелердің іс жүргізу нысаны — олардың осы іс бойынша іске жіберілуін айқындайды".

Дәлелдеудің тиісті қатысушысы туралы талап мазмұнының негізінде дәлелдеп керсету айыпталушыға аударуға қатысты қылмыстық іс жүргізуге тыйым салады. Алайда бұл айыпталушыдан басқасының бәрі де дәлелдеуі тиіс дегенді білдірмейді. Заңда дәлелдеу функциясы тергеушіге, анықтау жүргізетін адамға, прокурорға жүктеледі. Бұл сотқа дейінгі кезеңдерде тек осы қатысушыларға ғана дәлелдемелерді мақсатты түрде жинауға және нақты іс бойынша оларды қылмыстық сот ісін жүргізуге тарту туралы мәселені шешуге құқық берілгендігін білдіреді. Істі сот қарауы кезінде жинау және дәлелдемелерді істің материалдарына тігу мәселелерін сот шешеді.

Заңда көзделген дәлелдемелер көзі іс жүзінде қолда бар көздін ҚІЖК-нің 115-бабының 2-бөлігінде көзделген тәсілдердің бірімен сәйкес келетіндігін білдіреді. Бұл орайда заң шығарушы істің мән-жайын дәлелдеу үшін ҚІЖК-де санамаланған кезкелген кездер пайдаланылуы мүмкін екендігін белгілейді. Алайда белгілі бір жағдайларда мән-жай қатаң түрде белгілі бір көздерден анықталуы мумкін. Мәселен, ҚІЖК-нің 240-бабына сәйкес қаза табуының себептерін анықтау, дене жарақатының сипаты мен ауырлығын анықтау, айыпталушының, куәгердің және жәбірленушінің психикалық жай-күйін анықтау тиісті сот сараптамасын жүргізу жолымен мүмкін болады. Осы жағдайларда анықталатын фактілер дәлелдемелерінің бірден бір көздері сарапшылардың қорытындылары болады. Дәлелдемелердің көздеріне қатысты талаптардың осы категориясына адамның жасы туралы құжаттарда керсетілген мәліметтердің дұрыстығына күмән болған немесе АХАЖ-дың (азаматтық хал актілерін жазу) қажетті құжаттары болмаған жағдайда сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын анықтау кезінде жасалатын саратшылар қорытындылары да жатады.

Заңда көзделгеніндей дәлелдемелерді алу тәсілі іс жүргізушілік нысанының тағы бір міндетті элементі. Дәлелдемелерді жинақтау мақсатында анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот заңда белгіленген тәртіппен куәгерлер, жәбірленушілер ретінде жауап алу үшін сарапшылар ретінде қорытынды беруі үшін кез келген адамды іске тартуға; кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтардан іс бойынша кажетті іс жүзіндегі деректерді анықтауға жәрдемі тиетін заттарды, кұжаттарды, сондай-ақ мәліметтерді талап етуге құқылы. Дәлелдемелерді сезікті, айыпталушы, қорғаушы, айыптаушы, сондай-ақ жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ак кез келген азамат, кәсіпорын, мекеме және ұйым беруі мүмкін.

Бұл ереже дәлелдеу тәсілдерінің тізбесімен ұштаса келіп дәлелдеменің екі тәсілімен алынатындығын білдіреді:

1) тергеу істерін жүргізудің нәтижесінде;

2) соттың іс-қимыл жүргізуі нәтижесінде.

Дәлелдеме алудың басқа жолы жок, ҚІЖК-де тергеу және сот іс-қимылдарының тізбесі егжей-тегжейлі көрсетілген.

Дәлелдеме алуға жәрдемі тиген заңға сәйкес тергеу іс-қимылын жүргізу тәртібі — іске жіберілу категориясының маңызды элементі. Заң шығарушы тергеу іс-қимылын жүргізудің екі деңгейдегі тәртібін көздейді: а) жалпы; ә) жеке. Барлық тергеу іс-қимылдарына қатысы бар жалпы деңгей кылмыстық сот ісін жүргізуден туындайтын талаптарға негізделген. Осы деңгейге тергеу істерін хаттамалау, хаттамаларды жасаудың жалпы ережелері туралы талаптар жатады. Жеке деңгейдің жекелеген (нақты) тергеу іс-қимылын жүргізудің регламентіне катысы болады.

Дәлелдеменің іске жіберілуі оның факті туралы мәлімет көзі ретінде осы фактіні анықтаудың құралы болып алу қабілеті және осы тұрғыдағы түсінікте іске жіберілуі іс жүргізу нысаны көрінісінің мәні.

Қолданылып жүрген занда іске жіберілу категориясы жоққа шығару әдісімен шешіледі, оның мәнісі мынада: дәлелдемелер ретінде белгілі бір деректерді іске жіберуге болмайтындығы анықталатын белгілер регламенттеледі, ал іске жіберуге болмайтын өлшемдерге қайшы келмейтіннің барлығын да іс жүзіндегі деректерді дәлелдемелер ретінде іске жіберуге болатындығын тану үшін негіз ретінде қарау керек". ҚІЖК-нің 116-бабында: "Іс жүзіндегі деректер, егер олар осы Кодекстің талаптарын бұза отырып, процеске қатысушыларды олардың заңмен кепілдік берілген кұқықтарынан айыру немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестің өзге де ережелерін бұзумен..." деп атап көрсетілген. Жоғарыда келтірілген анықтамаға қайшы келмейтін барлық басқа деректер дәлелдемелер алудың процедуралық талаптары, іс материалдарына тігудің талаптары сақталған жағдайда дәлелдемелер деп танылады.

Іс үшін маңызы бар, іс жүзіндегі деректерді алу кезінде жол берілген ҚІЖК-нің талаптарын бұзу деп мыналар есептеледі: күш қолдану, қатер тендіру, аддап арбау, сол сиякты өзге де заңсыз іс-қимылдар; қылмыстық процеске қатысушы адамға түсіндірмеу немесе толық емес, сондай-ақ дұрыс емес түсіндіру салдарынан туындаған оның өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты аңғырттығын пайдалану; қатысы жоқ адамның тергеу іс-қимылын жүргізуі; қарсылық білдірілуі тиіс адамның іс жүргізуге қатысуы; іс жүргізу тәртібін елеулі түрде бұзу; іс жүзіндегі фактілердің белгісіз көзден не сот мәжілісі анықтауы мүмкін емес көзден алынуы; дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми білімдерге қайшы келетін әдістерді қоддану.

Іс жүзіндегі деректерді, егер осы деректердің көздері қылмыстық іс материалдарының тізімдемесіне енгізілмесе, қылмыстық ізге түсу органының айыптауын, сондай-ақ соттың үкімін және өзге де қорытынды шешімін негіздеу үшін пайдалануға заң тыйым салады. Осы айтылған тыйым салуды қолдану үшін төмендегі іс жүргізуде маңызы зор жағдайлар да ықпал етпейді:

сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің және куәгердің жауаптарын ҚІЖК-нің барлық нұсқамаларын сақтай отырып алу, жауаптарды қолданылып жүрген процедуралық нұсқамаларға сәйкес хаттамаларда бекіту; сарапшының өз қорытындысын қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысына сәйкес жүргізу негізінде жасауы, сараптаманың барлық белгіленген ережелерді сақтай отырып жасалуы; қылмыстық процесті жүргізуші органның тиісті каулысына сәйкес заттық айғақтарды іске тігу және оларды тиісті процедура сақталған жолмен алу, осы әрекетке қатыстылығының белгілері болуы; тергеу және сот іс-қимылдарының қажетті хаттамаларын және өзге де құжаттарды тиісті түрде ресімдеу.

Іс жүзіндегі деректердің заң белгілеген көздерін қылмыстық іс материалдарының тізімдемесіне енгізбеу дәлелдемелерді іске жіберу мәселесін шешу кезінде оларға қойылатын талаптарды елеулі түрде бұзу деп қарау қажет.

Қылмыстық іс бойынша тізімдемеге қажетті материалдарды енгізбеуді анықтау органының бастығы анықтаса, онда ол ҚІЖК-нің 66-бабына сәйкес анықтаушыға осы тізімдемені қайта жасау туралы нұсқау беруге құқылы. Егер занды бұзушылықты айыптау қорытындысы немесе айыптау хаттамасы бар қылмыстық іс өзіне келіп түскен кезде прокурор анықтаса, онда ол ҚІЖК-нің 281—282-баптарына сәйкес материалдардың тізімдемесін қайта жасау үшін өзінің жазбаша нұсқауларымен бірге істі тергеушіге, анықтау органының басшысына қайтаруға құкылы. Егер заң бұзушылықты судья (сот) анықтамаса, онда ол ҚІЖК-нің 300-бабының негізінде өзінің қаулысымен қылмыстық іс материалдарының тізімдемесіне енгізілмеген дәлелдемелерді істің материалдарынан алып тастауға кұкылы.

Дәлелдемелер ретінде іс жүзіндегі деректерді іске жіберуге болмайтындығын, сондай-ақ құқықтық күші жоқ екендігін танудың бастамашылары мыналар бола алады: сот; қылмыстық ізге түсу органдары; тараптар.

Сот, қылмыстық ізге түсу органдары дәлелдемелердің құқықтық күші жоқ екенін және оларды айыптауды қалыптастыру кезінде пайдалануға болмайтындығын, сондай-ақ оларды алу кезінде заңды бұзушылыққа жол берілгендігі анықталса дәлелдеу тақырыбының кез келген элементін дәлелдеуге жатпайтындығын тану туралы қаулы шығарады. Тараптар соттың немесе қылмыстық ізге түсу органдарының алдында өз өтініштерін мәлім етеді. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша уәкілетті адам қанағаттандыру туралы немесе бас тарту туралы қаулы шығарады. Тараптардың өтініші қанағаттандырылған жағдайда іс жүзіндегі деректерді дәлелдемелер ретінде тануға жол берілмейтіндігі туралы қорытындыны бекітетін дербес қаулы шығарылады.

2.4.Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес

ақпараттың арақатынасы.

Қазақстан Республикасының "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кенесі 1994 жылғы қыркүйектің 15-інде қабылдаған жедел-іздестіру қызметінің бірі ретінде қылмысты анықтауды, алдын алуды, болдырмауды және ашуды көздейді (2-бап). Жедел-іздестіру қызметін мынадай органдар жүзеге асырады:

а) ішкі істер орган-дары,

ә) ұлттык қауіпсіздік органдары;

б) Қорғаныс министрлігінін, әскери барлау органдары;

в) Қаржы министрлігінің салық қызметі органдары;

г) Қазақстан Республикасы Президентінін күзет қызметі (жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 6-бабы).

ҚІЖК-нің 65-бабына сәйкес (1-бөліктің 1—2-тармақтары) қылмыс белгілерін және оны жасаған адамдарды табу мақсатында анықтау органдарына қажетті жедел-іздестіру шараларын қабылдау жүктеледі. Осы ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заң күші бар Жарлығында дамытылды. Мәселен, аталған Жарлықтың 10-бабында былай деп жазылған: "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстардың алдын алуға және ашуға, ішкі істер органдары жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстық-атқару заңдарымен белгіленген бас бостандығынан айыру орындарында режимді сақтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыруға кұқылы ішкі істер органдарынын, бөлімшелері мен қызметкерлерінің тізбесін Ішкі істер министрлігі белгілейді". Одан әрі аталған Жарлықтың 11-бабына (1-бөлім, 10-тармақ) сәйкес өздеріне уәкілеттік берілген қызмет адамдарының атынан ішкі істер органдары "қылмыстық істер бойынша сараптамалар және жедел-іздестіру материалдары бойынша қажетті зерттеу жүргізуге құкығыы бар", талданып отырған баптың 1-бөлімінің 14-тармағына сәйкес ішкі істер органдары "заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін және жедел-іздестіру шараларын жүргізуге, оларды жүргізуге мамандарды тартуға, дерек мәліметтерді жинау мен зерттеу үшін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға күқығы бар".

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Заң күші бар Жарлығында да жоғарыда айтылғанындай тиісінш регламент бар. Мәселен, осы Жарлықтың 13-бабына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдары өздерінежүктелген міндеттерді орындау үшін "жалпы және арнаулы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге" күкығы бар.

Өзге де анықтау органдары қызметі регламентінің заңдық тұрғыдағы көздерін талдау—олардың жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру құқығы жоғарыда келтірілгендерге ұқсас жалпы ережелер шектерінен шыкпайтындығы туралы куәландырады. Сондықтан, жедел-іздестіру жолымен алынған дәлелдемелер мен процессуаддық емес ақпараттың арақатынасын анықтамас бұрын төмендегідей мәселелерде айқындалуы қажет: анықтау органдарының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кұқығы бар органдардан айырмашылығы; процессуалдық емес акпараттың мәні.

Қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу зандары анықтау органдарына мыналарды жатқызады: ішкі істер органдары; ұлттық қауіпсіздік органдары; әділет органдары; салық полициясының органдары; кеден органдары; әскери полиция органдары; шекара бөлімдерінің командирлері; әскери бөлімдердің командирлері; Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің басшылары; мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары; геологиялық барлау партияларының басшылары, теңіз кемелерінің капитандары.

Анықтау органдарының тізбесі "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңмен жедел-іздестіру кызметін жузеге асыру құқығы берілген органдар тізбесімен толық көлемде сәйкес келмейді. Бұдан мынадай қорытынды туындайды: анықтаудың кез келген органы жедел-іздестіру қызметін жүргізуге құқылы емес, сондай-ақ осындай құкығы бар әрбір орган анықтау органы болып табылмайды. Мұны мысал арқылы түсіндіріп көрелік. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 6-бабына сәйкес ішкі істер органдары жедел-іздестіру кызметін жүзеге асыратын субъектілердің бірі болып табылады. Ішкі істер органдарының жүйесін мыналар құрайды: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; оған бағынысты облыстардың ішкі істер басқармалары және ішкі істер органдарының көлік, калалық, аудандык, қалалардағы аудаңдық, поселкелік бөлімшелері, сондай-ақ ерекше және режимдік объектілері; оқу орындары, мекемелер мен ұйымдары. Әрбір санамаланған субъектілердің құрылымы — функциясы тұрғысынан қандай да бір қызметке, бір бағытқа бағдарланған негізгі және көмекші аппараттардың, бөлімшелердің (оперативті, тергеу, кадр және т.б.) күрделі жүйесін білдіреді. Ішкі істер органдары туралы Жарлықтың іріктейтін сипаты да осымен түсіндіріледі, оган сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға кұқылы ішкі істер органдары бөлімшелері мен қызметкерлерінің тізбесін Ішкі істер министрлігі белгілейді.

Осындай іріктеу сипаты жедел-іздестіру қызметімен айналысуға құқығы бар баска да органдарға тән. Мұндай органдардың қатарында, бұрын атап етілгеніндей, "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 6-бабында ішкі істер органдары аталады, мұның, өзі мұндай құкық тікелей жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін орындайтын белімшелерде болатынын көздейді. Бұл жағдай "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 12-бабының 3-бөлі-гінде бір мәні регламенттеледі, онда: "Жедел-іздестіру шараларын жүргізуге құқығы бар кызметтердің, бөлімшелердің және қызметкерлер санаттарының тізбесін жедел-іздестіру қызметін жүргізуші органдардың басшылары белгілейді" деп жазылған.

Талданып отырған жағдайда жедел-іздестіру қызметінің субъектілері болып табылатын Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органы, Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі қазіргі уақытта анықтау оргаңдарының қызметін атқармайды. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын анықтау органдары мен органдардың мұндай саралануы анықтау субъектілері мен жедел-іздестіру қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Ал шындығында жедел-іздестіру шараларын жүргізу негіздерінің тізбесі қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттарынан тысқары жатыр. Мәселен, "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 10-бабы мұндай негіздер ретінде мыналарды көздейді:

а) қозғалған қылмысты істің болуы;

ә) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға келіп түскен: әзірленіп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық; жауапалу, тергеу және сот органдарынан немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар; азаматтардың хабарсыз кетуі және танылмаған мәйітгердің табылуы; шет мемлекеттер мен халықаралық үйымдардың арнайы қызметгерінін барлау-бүлдіру әрекеттері туралы хабарламалар;

б) өздерінің қарауындағы қылмыстық істер бойынша тергеушінін жазбаша тапсырмалары және прокурордың нұсқаулары, соңдай-ақ соттың ұйғарымдары;

в) құқықтық көмек беру туралы шартқа (келісімге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының сауал салулары;

г) қоғам, мемлекет мүддесі мен оның экономикалық және қорғаныс әлеуетін нығайту мүддесіне орай барлау акпараттарын алу қажеттігі жөніндегі хабарламалар негіз болады.

Анықтау мақсатына жедел-іздестіру шараларын жүргізу жолымен қол жеткізілуі мүмкін, бірақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру анықтау міндеттерін шешуге ғана бағытталмаған. Бұл орайда анықтау қылмыстың алдын ала тергеу нысаны ретінде түсіндіріледі, анықтау тиісті органдар мен лауазымды адамдардың қылмыстық іс жүргізу заңына негізделген қызметінен көрінеді, ол қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарауға және шешуге, қылмыстық істі қозғауға, ол бойынша тергеу жүргізуге, тергеушілердін тапсырмасы бойынша іздестіру және тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ қылмыстарды болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған. Осыған байланысты жедел-іздестіру қызметінің мазмұнының маңызы аз емес. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 1-бабында белгіленгеніндей "жедел-іздестіру кызметі — азаматтардың өмірін, денсаулығын, қүқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерінің қылмыстық қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдіру әрекетінен қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар" өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық кұжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдық және басқару шараларының ғылыми негізделген жүйесі".

Жедел-іздестіру қызметінің занды түрде бекітілген ұғымына түсінік беру оның дәстүрлі доктриналдық түсінігімен сәйкес келмейді. Мәселен, А. Н. Васильев жедел-іздестіру қызметінің мазмұнына мынадай ұғым береді: белгілі бір адамдар мен объектілерді бақылау, жария және жария емес көздерден мәліметтер жинау, іздестіру, бөгеттерді ұйымдастыру, іздестіру иттерін қолдану, құжаттар мен үй-жайларды тексеру, қандай да бір оқиғаның куәгерлерін анықтау және жөніндегі арнайы іс-шаралар. Проблемаға мұндай көзқарасты Р. С. Белкин де колдайды. Ол былай деп түсіндіреді: "Жедел-іздестіру қызметі дегеніміз—процессуалдық емес анықтау органдарының дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстарды анықтауға, қылмыскердің тұлғасы мен тұрғылықты орны, оның байланыстары туралы мәліметгер жинауға, объектілерді — дәлелдеу ақпаратының ықтимал иелерін белгілеу және олардың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылы". Сонымен, дәстүрлі түсіндіру кезінде анықтау мен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын субъектілерінің тізбесі сәйкес келіп қана қоймайды, сонымен бірге жедел-іздестіру қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларының ұғымдарын ішінара қосып жіберуге жол беріледі айтылғандардан мынадай қорытынды туындайды: жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын субъектілердің бәріне де анықтау жүргізу кұқығы берілмеген, қылмыстық іс жүргізу заңыңда анықтау органдары ретінде тіркелгендері ғана осындай міндетті жүзеге асыра алады.

Бұл жағдайдың қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттары мен міндеттері үшін ғана алынатын іс жүргізушілік емес акпаратты, әскери барлау, экономикалық және қорғаныс әлеуетін нығайту мақсатында жиналатын өзге де іс жүргізушілік емес ақпараттан саралау қажеттілігіне байланысты маңызы бар.

"Жедел-іздестіру кызметі туралы" Заңда (11-бап) жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының тізбесі белгіленген. Мақсатына байланысты оларды іріктеу бет алды жүргізілмейді. Анықтау міндеттерін шешу үшін (қылмыстық сотісінжүргізудің) "Жедел-іздестіруқызметі туралы" Заңның 12-бабына сәйкес төмендегідей арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуі мүмкін:

а) ішкі істер органдары — сотталғаңдардың хат-хабарларын цензуралау; посылка және бандероль түрінде почта жөнелтілімдеріне бақылау жасау; телефонмен және өзге де сөйлеулерді тындау; компьютер жүйелерінен және өзге де техникалық құралдардан хабарламаларды алып тастау, байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру;

ә) ұлттық қауіпсіздік органдары — почта жөнелтілімдерін бақылау; байланыстың почта-телеграф арналарында сыртқы белгілері бойынша жедел-іздестіру; телефонмен және өзге сөйлесулерді тындау; байланыстың техникалык арналарынан, компьютерлік жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламаларды алып тастау, байқау, соның ішінде арнаулы техникалық; құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсірілімдерін және басқа техникалық кұралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру.

Басқа анықтау органдарына қатысты айтатын болсақ, оларға жалпы жедел-іздестіру шараларын жүргізу құқығы беріледі, олардың қатарына мыналар жатады: азаматтарға, кызмет адамдарына сұрақ қою, олардан ақпарат алу; азаматтармен жария және жария емес қатынастар орнату,оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; қылмысты ортаға қызметкерлерін енгізу; қылмыстық қызметті бейнелейтін мінез-құлық үлгілерін қолдану; құпия кәсіпорындар мен ұйымдарды пайдалану; жеткізілімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; арнайы техникалық құралдарды қолдану; есепке алу бойынша мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдар жөнінде анықтамалар жинау және тексеру; сынама мен үлгілерді зерттеу үшін іріктеп алу;бақылау мақсатындағы сатып алу; іздестіру иттерін қолдану; белгілері бойынша тұлғаларды іздестіру және теңдестіру; заңға қарсы әрекеттерді табу, ресми емес тіркеу және іздерін алу, оларды алдын ала зерттеу; қылмыс жасап жатқан немесе жасаған адамдардың ізіне түсу және оны ұстау; ұсталған адамдарды жеке тексеруді жүзеге асыру және олардың қылмыстық қызметке қатысы болуы мүмкін заттарымен құжаттарын алып қою, сондай-ақ тұрғын үй-жайларды,жұмыс және өзге де орындарды тексеру, көлік құрамдарын тексеру; қарулы қылмыскерлерді ұстау жөніндегі операцияларды жүргізу; жедел қылмыстық есепке алу және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру.

Қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттарына қол жеткізу үшін жүргізілетін осы іс-шаралардың негізгі белгісі олардың процессуалдық емес сипатында.

Дәлелдемелерді іске жіберудің өлшемі оларды алудың және қылмыстық іс материалдарына қосудың іс жүргізушілік нысандарын сақтау болып табылады. Бұл нені білдіреді? Жедел-іздестіру іс-шараларының "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңында көзделген іс жүргізу жолымен алынған процессуалдық емес ақпараттың өзін дәлелдемелерді іске жіберу талаптары сақталмаса дәлелдеуге пайдалануға болмайды. Бұл ереже "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 14-бабында бекітілген, онда: "жедел-іздестіру қызметі үрдісінде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзірлеу және жүзеге асыру, қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау және ашу жөніндегі жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес олар тексерілгеннен кейін қылмыстық іс бойынша айғақтар ретінде пайдаланылуы мүмкін" делінген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар, одарды қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген нысанға келтірілгенге дейін не оларды қылмыстық процеске енгізу мүмкіндігі болмаған жағдайда ешқандай құқықтың салдары болмайды, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін шектеу үшін негіз болып табылмайды.

Жедел-іздестіру қызметі барысында алынған ақпаратты дәлелдемелер ретінде іске жіберудің анағұрлым маңызды өлшемдері заң шығарушының көзқарасы тұрғысынан мыналар болып табылады:мұндай акпаратқа заңда көзделген іс жүргізу нысанын беру; тиісінше әйгілеуге жататын іс жүргізу емес ақпаратты"Жедел-іздестіру кызметі туралы" Заңда көзделген жалпы және арнайы сипаттағы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу жолымен алу (11, 12-баптар).

Іс жүргізу яғни, дәлелдемелік және іс жүргізуге жатпайтын, яғни жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алынған акпараттардың ара жігін айырудың өлшемдері ретінде мыналар алынады; дәлелдемені (іс жүргізу ақпаратын) қылмыстық іс жүргізу заңы белгілеген көзден алу және іс жүргізу ақпараты емес өзге көздерден алу; дәлелдемелер тобынан іс жүргізу жолымен алынған ақпаратты алып тастау үшін құқықтық негіздердің болуы.

Дәлелдемелер тобынан іс жүргізу жолымен алынған ақпаратты алып тастау үшін құқықтық негіздер болғанның өзінде ол іс жүргізуге жатпайтын ақпараттар тобына өтеді деген сөз емес. Қылмыстық сот ісін жүргізуден алып тасталған ақпараттың тағдыры құқықтық негізге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Дәлелдемелер сипатындағы ақпаратты алып тастаудың қүкықтық негіздері ретінде мыналар көрінеді: көзі белгісіз мәліметтерге негізделген дәлелдемелер ретінде қызмет ете алмайтын ережеге сәйкес; қорғаушының міндеттерін орындауына байланысты айыпталушыдан (сезіктіден) өзіне мәлім болған істің мән-жайы туралы куәгер ретінде айыпталушының (сезіктінің) корғаушысынан (адвокаттан, кәсіподақ пен басқа да қоғамдық ұйымдардан) жауап алуға тыйым салу; іс үшін маңызы бар құбылысты дұрыс қабылдауға дене және психикалық кемістіктеріне байланысты жай-күйі көтермейтін және олар туралы дұрыс жауап бере алмайтын адамдардан куәгерлер ретінде жауап алуға тыйым салу; жеткілікті түрде анық немесе толық болмауы не қорытындының негізделмегендігі себептеріне байланысты сарапшы қорытындысын пайдаланудың мүмкін еместігі; сарапшылар арасындағы пікір алшақтығы жағдайында сараптама қорытындысын пайдаланудың мүмкін еместігі; сот ісін жүргізуге қатысушылардың қарсылығын білдіруге әкеліп соғатын жағдайлардың бар болуы; өзінің келісімінсіз адамнан өзіне, жұбайына (зайыбына) және жақын туысқандарына қарсы, сондай-ақ қызметкерлерінен, өзіне сенім білдіретін діндестеріне қарсы жауап алуға тыйым салу; дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы жасырын шағымдарды дәлелдемелерге емес, алдын ала тексеруден кейін қылмыстық іс қозғайтын себептерге ғана жатқызу.

Іс жүргізушілік талаптарды сақтаса да аталған көздерден алынған ақпарат, ақпарат иегерінің іс жүргізушілік жағдайының ерекшелігіне байланысты заң белгілеген шектеулерге сәйкес дәлелдеме ретінде танылмайды.

Тұтас алғанда мұндай ақпаратты жедел-іздестіру мақсатында пайдалану мүмкіндігі туралы мәселені шешу ол ақпаратты қылмыстық сот ісін жүргізуден шығарып тастау туралы құқықтық негіздердің сипатына байланысты болады. Психикалық ауытқудан зардап шегетін адамнан алынған ақпараттың жедел-іздестіру қызметі үшін маңызы болуы мүмкін емес.

Сонымен бірге Д. И. Бедняков атап көрсеткеніндей "дәлелдемелік және іс жүргізушілік ақпарат арасында еңсерілмейтін шекара жоқ, өйткені ол (іс жүргізушілік емес ақпарат) заңда белгіленген жағдайларда іс жүргізушілік (дәлелдемелік) болуы мүмкін не кейбір іс жүргізушілік шешімдерді қабылдаған кезде және тергеу іс-қимылы тактикасында пайдаланылуы мүмкін".



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет