Тараз – 009 Тақырып. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру мазмұны, мақсаты


Тақырып. Алаптарды ұйымдастыру түсінігі, мақсаты және мазмұны



бет4/15
Дата02.01.2022
өлшемі114 Kb.
#453113
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Lek UJO

4 Тақырып. Алаптарды ұйымдастыру түсінігі, мақсаты және мазмұны
Өндірісте пайдалану мінездемесі мен табиғи қасиеттері бойынша ауыл шаруашылық кәсіпорындарының, жер пайдаланушылықтардың жер алаптарына бөлінеді. Ауыл шаруашылық жерлерді екі түрге бөлінеді. Олар: алылшаруашылығына жарамды жерлер және ауылшаруашылығына жарамсыз жерлер. Ауылшаруашылық алаптарыеа жүйелі түрде ауылшаруашылық өнімдерін алу үшін пайдаланылатын алаптарды жатқызамыз. Олар жыртылған жер (егістік), көпжылдық көшеттер, шабындықтар және жайлымдар.

Жыртылған жер-ең қымбат өнімді алаптар. Бұндай жерлерге құнарлылығы жоғары жүйелі түрлі ауылшаруашылық мәдени дақылдарын егетін жерлерді жатқызамыз, соның ішінде таза пар кіреді.

Көпжылдық көшеттер ауылшаруашылық алабы-бұл жерлерде ағаш көшеттер көп жылдық көшеттер өседі. Жеміс-жидек өсіріп, өнімін алады, соның ішінде дәрә-дәрмен дақылдары жатады. Жер учаскелері бұрын пайдаланылған және бір жылдан артық ауылшаруашылық дақылдары егілмеген, не қар астында пайдаланылса оны тыңайған жер деп атайды.

Шабындық жерлер-жақсы көгалданған жерлерде жақсы суармалы, ылғалданған қолдан суаруға келетін жерлер жатады.

Жайылым жерлер-жүйелі түрде мал жаюға арналатын жерлер. Табиғи түрінде ол еңіс жерлерде, ылғалданған далалы, жартылай құмды, құнарлығы аз, тұзды, тасты жерлер.

Ауылшаруашылығына жарамсыз жер алаптарын шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

1. Ауылшаруашылық алаптарын кеңейту резерві болып табылады. Олардың көлемдері ауылшаруашылық алаптарына кірер үшін өте қажетті мелиоративті және мәдени техникалық шараларды қажет етеді.

2. Құрылыс ортындары, су қорғаушы көшеттер, орман орындары, бұрынға шаруашылық айналымындағы, қазіргі ауылшаруашылығына жарамсыз жерлер.

Жер алаптарының құрлымы жер пайдаланушылық тарының категориялары бойынша Республикада және еліміздің аймақтарында айырмашылығы бар.

Алаптың құрлымы ауылшаруашылық, кәсіпорын, өндіріс пішінімен байланысты.

Алаптардың нақты құрамы табиғи және экономикалық факторынан келіп шығады. Табиғи факторларға топырақ бедері, сулану деңгейі жатады. Экономикалық факторларға елді мекеннің жағдайы, еңбек ресурстары, елді мекеннің өнімді өңдейтін цехтарға жақындығы мамандандырылғаны жатады.

Мелиоративтік шаралар жүргізгенде табиғи факторлардың әсерін тоқтатуға, өзгертуге болады. Алаптардың шын құрылысынан жобалық құылысына көшу оларды трансформациялау арқылы жүргізіледі. Трансформация, ол-алаптың түрін өзгерту, бір түрден екінші түрге көшірілуі. Трансформация жасау арқылы жер учаскелерінің орнын анықтайды. Екінші жағынан алаптың құрамы мен тобын анықтау үшін жер учаскелері өндірісте пайдалануын өзгертеді. Сондықтан трансформация мен алаптарды орналастыру кешенді жағдай.

Алаптарды ұмымдастыруда олардың құрамы қатынасы территорияны мақсатына сәйкес орналастыру болып табылады. Мақсаты жер пайдаланушылық қарқындылығын арттыру, топырағының құнарлылығын арттыру және ең жоғары өнім алу.

Алаптардың жобаланған құрамы мен қатынасы, алаптардың орналасу территорияларында келесі талаптарға сай келу керек.

Мемлекеттің жоспарлы тапсырмасын орындап, өңдірісте ауыл шаруашылық өнімдерін алу.

Алаптарды ұйымдастырудың негізгі талаптары:

1.Табиғи қасиеттеріне байланысты жерді толық тиімді пайдалану;

2.Эрозия процестерін тоқтату, ландашафтын жақсарту;

3.Мамандандыру салаларын ұйымдастыру;

4.Мал шаруашылықтарына мал азығын дайындау;

5.Минималды транспорттық шығындар және өнімді шығынсыз сақтау;

6.Минималды күрделі қаржы жұмсау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет