Тараз – 009 Тақырып. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру мазмұны, мақсаты


Тақырып. Мал азықтық алаптарының территорияларын ұйымдастыру және құру



бет15/15
Дата02.01.2022
өлшемі114 Kb.
#453113
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Lek UJO

15 Тақырып. Мал азықтық алаптарының территорияларын ұйымдастыру және құру
Өндірісте пайдалану мінездемесі мен табиғи қасиеттері бойынша ауыл шаруашылық кәсіпорындарының, жер пайдаланушылықтарының жер алаптарына бөлінеді. Ауыл шарушылық жерлері екі түрге бөлінеді. Олар: ауыл шаруашылығына жарамды жерлер және ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлер. Ауыл шаруашылық алаптарын жүйелі түрде ауыл шарушылық өнімдерін алу үшін пайдаланылатын алаптарды жатқызамыз. Олар жыртылған жер, көп жылдық көшеттер, шабындықтар және жайылымдар.

Жайылым жерлер – жүйелі түрде мал жаюға арналатын жерлер. Табиғи түрінде олеңіс жерлерде, ылғалданған далалы, жартылай құмды, құнарлығы аз, тұзды, тасты жерлер.

Бақшаларды, жеміс–жидек ағаштарын, мәдени шабындықтарды, жайылымдарды аз суландырылған учаскелерді орналастырғанда міндетті түрде қосымша талаптар ескеріледі. Барлық учаскелерді олардың кеңістік қасеттерімен және табиғи сапасымен максималды экономикалық нәтижесімен пайдалану.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кешендеріне мал шаруашылық кешені де жатады. Мал шаруашылық кешені малдың түріне байланысты ірі қара, шошқа, қой, жылқы кешендері, мақсатына байланысты –тауарлы, асыл тұқымды бағымдау, мамандануына байланысты – сүті, етті және т.б. болып бөлінеді.



Барлық ірі мал шаруашылық кешені тұрғын аймақтың 500 – 1500м арақашықтықта орналастырылуы тиіс. Малдарды бағуды дұрыс ұйымдастыру, олардың өнімділігі мол жайылымдары мен азықтық ауыспалы егістіктерге тәуелді. Сондықтан мал шаруашылық кешенін жобалауда ішкі шарушылық дерге орналастыру жобасы мен ұжымның шарушылық ұйымдастыру жоспарын ескеру қажет. Мал азықтық ауыспалы егістерді елді мекендерге, жазғы лагерлерге жақын жерлерге орналастырады. Ауыспалы егіс құрамында жем – шөптің қажеттілігіне қарай, агротехникалық шаралармен қамтамасыз етілуі керек.

Мал азықтық ауыспалы егістерді орналастыруда транспорттық шығындардың аз жұмсалуын, мал азықтық егісті бекіту, мал азығын өндіруде арнайы салаларда мал азығын өндіру болып табылады. Сүрлемді және шырынды азықты алу үшін Солтүстік Қазақстан облыстарында екі танапты ауыспалы егіс құрылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет