3 Тақырып. Ішкі шаруашылық жолдарын су шаруашылық және басқа инженерлік құрылыстарды орналастыру
Ішкі шаруашылқ жерге орналастыру жобасын құрғанда инженерлік қондырғылардың негізгі объектілерін орналастыру керек.
Шаруашылық және бөлек орналасқан өндірістік орталықтардан басқа, оларға: Ішкі шаруашылық жолдары; мелиоративтік құрылыс объектілері (суландыру және құрғату); суландыру объектілері; негізгі орман мелиоративтік және гидротехникалық эрозияға қарсы объектілер жатады.
Ішкі шаруашылық жолдарына орталық мекенді бөлімшелермен, мал шаруашылығы фермаларымен, дала қостарымен, дайындау пункттерімен, өнімдерді сақтау және қайта өңдеу, агро өнеркәсіп объектілерімен, сонымен бірге транспорт қатынастарының жолдары жалпы пайдалану жолдары жатады. Автожолдар бес категорияға бөлінеді. Ауылшаруашылық жолдары IY категория, ішкі шаруашылық жолдары Y категорияға жатады. Олар төрт топқа бөлінеді: переъездер, басты дала жолдары, селолық елді мекен территориясына баратын жолдар.
1-топқа жататын жолдар елді мекеннің орталығын ауылшаруашылық кәсіпорындарының өндірістік бөлімшелерімен, басқа да ауылдық елді мекендермен, сонымен бірге өндірістік бөлімшелерді өзара, жалпы пайдаланатын автомобиль жолдары, темір жолдар станцияларын қосатын жолдар жатады.
2-топқа жататын жолдар өндірістік бөлімшелерді елді мекендермен қосатын, мал шаруашылық фермаларымен, қосалқы цехтармен, сақтау және қоймалармен және қайта өңдеу, тыңайтқыш және улы заттар қоймалармен, құрылыс алаңдарымен АПК қосатын жолдар жатады.
3-топқа тұрақты дала жолдары, өндірістік бөлімшелермен, кешендермен, фермалармен, басқа да емдеу және өндіріс орталықтарымен ауылшаруашылығы алаптарын және жеке шаруашылық учаскелерінің, жайылам лагерлерімен байланыстыратын жолдар жатады.
4-топқа бас жоспарды жобалағанда елді мекен жолдарының түрлері жатады.
Ішкі шаруашылқ жерге орналастыруда мынадай сұрақтар қаралады: жолдың бағытын анықтау, трассаларды және жасанды құылыстарды орналастыру. Соңында барлығы экономикалық тиімділігі бойынша қүрделі қаржы негізі анықталады.Ішкі шаруашылық жолдарын орналастыруда жерді тиімді пайдаланып және айнала ортаны қорғаумен байланысты шешімдер қабылданады. Жолды салған кезде жол құрылысын, пайдалану шығындарын, күрделі қаржыны өз бағытында жұмсауды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |