1-тәжірибе. Аммиактың алынуы және оның суда еруі.
Құрғақ кальций гидроксидін және құрғақ аммоний хлоридінің қоспасын құрғақ сынауыққа салып газөткізгіш түтігі бар тығынмен жауып қыздырыңдар.Түзілген газды төңкерілген сынауыққа жинаңдар. Аммиак жиналған сынауықты газөткізгіш түтіктен аузын төмен қаратып босатыңдар.Тез арада сынауықтың аузын бас бармақпен жауып, суы бар ыдысқа салыңдар. Судың астында сынауықтың аузын саусақпен жауып, кірген суымен бірге шығарып алып, фенолфталейнмен сынаңдар. Сосын пробиркаға бірнеше тамшы күкірт қышқылын қосындар.
2-тәжірибе. Аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу.
а) Аммоний хлоридін сынауыққа құрғақ аммоний хлоридінің аз мөлшерін салыңдар.Сынауықтың шетіне дымқыл фенолфталейн қағазын қойыңдар.
б) Аммоний карбонатының термиялық айырылуы.
Сынауыққа құрғақ аммоний карбонатының аз мөлшерін салып, жанарғы жалынында 2-3минут сынауықтағы тұздың барлығы жоғалғанша қыздырыңдар.
в) Аммоний тұздарының гидролизі. Көк лакмус қағазына аммоний хлориді ерітіндісінің тамшысын тамызыңдар. Ерітінді ортасының реакциясы қандай?
|