Учебной программы по подготовке к пробной практике



бет1/5
Дата28.11.2023
өлшемі491.49 Kb.
#484673
түріСабақ
  1   2   3   4   5
оқу практикасы, тапсырма


06.04.23 -19.04.23
УЯНОК – 32. Рахметолла Назым
«Педагогикадан оқу тәжірибесі»


Тапсырма 1.
https://pedsovet.su/load/111-1-0-52629
Мен 2 сынып оқушыларына арналған Стрельцова Любовь Юрьевнаның ағылшын тілі сабағының ең алғашқы сабағында қатысушы болдым. Бұл сабақтын өтілу барысында мен кемшіліктеріне қарағанда артықшылықтарын көбірек байқадым. Болашақта мен өзімнің оқыту әдісімде артықшылық жақтарын пайдаланатын боламын. Артықшылықтары туралы ескере кетсек, олар:
-балалардың жас ерекшеліктерін ескере отыра, ойындар, бейнебаяндар, өлеңдер қолдануы;
-балаларды сөйлету, тілін ағылшын тіліне жаттықтыру;
- балалардың ара қатынасын дамыту үшін ағылшын тілінде танысу ойының қосуы;
-балаларға ағылшын тілінде сөйлеп, оны іс-қимыл арқылы түсіндіре отыруы;
-ойын барысында оқушыларға қажетті қолдау көрсетуі және оқушылардың сөйлеуін бақылауы.

Осы көрген ашық сабақ бойынша бастауыш сыныпта ағылшын тілінің оқытылу ерекшелігін көруге болады. Менің пікірімше бастауыш сынып ағылшынының ерекшеліктері аз емес. Ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Сондықтан да орта білім беру жүйесінде басты бағыттардың бірі шет тіліне ерте жастан оқыту болып табылады. Бастауыш сыныпта жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Бастауыш сыныпта ата-аналардың көмегі де өте маңызды. Егер олар бүгін сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Олардың жасында жаңа сөздерді суреттер арқылы, іс-қимыл, бейнебаяндар, әндер арқылы түсіндірілуі керек, себебі олар осы тәсілдер арқылы тез есте сақтай алады. Бұдан бөлек, бастауыш сыныптағы балалар әлі де ойын балалары болғандықтар, оларға сабақты өткізу барысын ойын түрінде өткізген дұрыс. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір оқушының жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтырады. Бастауыш сыныптың оқушылары тез шаршап кетеді, сондықтан сергіту сәттерін қолданып отыру, оқушыларға қозғалуға, жүруге мүмкіндік беру, әр тапсырманы 6-7 минутта орындап, тапсырмаларды түрлендіріп отыру қажет.




Есеп беру: сабақ үлгісі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет