Литературы:
-
Дармодехин С.В. Беспризорность детей// Педагогика, 2001. №5,с.3
-
Джаманбалаева Ш. Беспризорность детей и подростков в Казахстане// Саясат-Policy, №11, 2002, с..53
-
Иванов В.Н., Патрушев В.И. Социальные технологии. М.: ТЦ Сфера, 1999.
-
Мельникова Э.Б. Профилактика беспризорности детей и подростков// Правозащитник, 1999, №2, с.21
-
Нечаева A.M. Детская беспризорность — опасное социальное явление // Государство и право. 2001, N 6. С. 58.
-
Нуркенов К. Беспризорность как проблема воспитания// Голос Экибастуза, №17, от 26.04.2002
-
Ярошенко О.Ю. Дети и улица// Алматинский вестник, №15 от 03.03.2004
Аннотация. Мақалада Қазақстанда ата-ананың қарауынсыз қалған балалар мәселелерін шешу жолдары қарастырылған.
Annotation. On paper considers the problem of street children. Given statistics in Kazakhstan.
ӘОЖ 371.42.
К 37
КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Кенжебаева З.К.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы Қазақстан халқына жолдаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында ұлттық білім беру жүйесі дүние жүзілік стандартқа сай қазіргі кездегі талаптарды қанағаттандыратындай болу қажеттігі ең маңызды мәселе ретінде қаралды. «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» -деді Елбасымыз.
Қазіргі жоғарғы оқу орындарында білім беру жүйесі білім алушының танымдық ой-өрісін белсендіре, шығармашылықпен өзіндік дамыта оқыту жаһандану жағдайында кредиттік оқыту жүйесі арқылы жүріп жатыр.
Кредиттік оқыту жүйесі әлемдік жаһандану талаптарына сай келетін дәстүрлі білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуді мақсат етеді.Кредиттік оқыту жүйесі білімгерлердің білім көлемін тек баллдық жүйе түрінде бағалауды ғана емес, білімгерлердің ізденгеніне қарай бағалау, білімгерлердің өзін-өзі дамытуға жағдай жасау мақсаттарын көздейді.
Кредиттік оқыту жүйесінде білімгерлердің өзіндік жұмысы оқу бағдарламасының барлық көлемінің үштен екі бөлігін құрайды.Демек жоғарғы оқу орындарындағы білімгерлердің өзіндік жұмыстарын жаңаша талаппен, тиімді ұйымдастыру, әдістемелерін жаңалау оқу үрдісін жетілдіру болып табылмақ.
Ана тілі – бастауыш мектептегі негізгі де маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Оқушылардың мектептегі ана тілін оқып-үйрену әрекеті жасампаздық сипатқа ие. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеу машығында оқушылардың өзіндік ерекшелігі айқындала түседі.
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды оқуға, сауатты жазуға және тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрлерін (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу) меңгеруге үйрету, ойлау қабілетін дамыту, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын етіп тәрбиелеу.Сондықтан да ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы пәнінің басты мақсаты – мұғалімдерге қазақ тілін (әліппені, әдебиеттік оқуды, грамматиканы) оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы лекция, семинар, зертханалық сабақтар, білімгерлердің өзіндік жұмыстары және педагогикалық практика арқылы іске асырылады.
Өзіндік жұмыс іс-әрекеті өзінің мәні жағынан оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде ұғынылып, оқудың күрделі түрі болып саналады. Студенттердің өзіндік жұмысы- студенттердің танымдық қызығушылығын, белсенділігі мен дербестігін қамтитын өз бетімен ізденіп, игерілген білімді тереңдетіп, бекітіп, дағдыға айналдырып, өзін-өзі ұйымдастыруға тәрбиелейтін, кәсіби біліктерімен дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік беріп, шығармашылық әрекеттің қалыптасуына жағдай жасайтын оқу жұмысы болып табылады.
Студенттердің өзіндік жұмысын белсенді жүргізу болашақ кәсіби маман дайындауда, білім деңгейін көтеруге бағытталған мемлекеттің стратегиясын іске асыруда аса маңыздылыққа ие болуда.
Өзіндік жұмыс оқу процесінің бір түрі болып табылады. Оны тиімді ұйымдастыру мен орындау үшін оқытушы тарапынан жоспарлау мен бақылауды қажет етеді.
Бүгінгі білімгер — болашақ маман, сондықтан өзіндік жұмыс болашақта өз білімін жетілдіріп отыру үшін аса қажет. Себебі ғылым мен техниканың дамуы, ақпараттық жүйенің тез өзгеріске ұшырауы, маманнан әртүрлі дерек көздерін, өз бетімен оқып-үйренуді қажет етеді. Студент тек өз бетімен еңбектену арқасында ғана жақсы маман бола алады.
Қазір өзіндік жұмыстың екі түрі қолданылады:
а) өзі қалаған уақытында орындайтын білімгерлердің өзіндік жұмыстары;
ә) аудиторияда оқытушының бақылауымен орындалатын жұмыстар.
Әрбір маман өзінің кәсіби білімі мен шеберлігін өмір бойы толықтырып отырады. Біздің ойымызша өзіндік жұмыс – тек жекелеген пәнді меңгеру ғана емес, сонымен қатар оқу, ғылыми, кәсіби іскерлік, өзіндегі жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену. Сондықтан да өзіндік жұмыс білікті маман дайындаудың тиімді жолы болып табылады.
Студенттердің өз бетінше жұмысының педагогикалық тиімділігі – оқытушының жұмысқа жасаған басшылығының сапасына байланысты болса да, өзіндік жұмыстың негізгі ерекшелігі – студенттердің берілген тапсырманы оқытушының көмегінсіз орындауы.
Жоғары оқу орындарына кредиттік технология жүйесін енгізу білімгерлер алдына жаңа міндеттер қояды.Олардан тек өз бетінше білім алу ғана емес,оны іс-тәжірибе жүзінде қолдана білу талап етіледі.
Студенттің өзіндік жұмысы ойлау дағдысын қалыптастырып нақты ғылым саласының материалын терең және саналы түрде меңгеруге жағдай жасайды.
СӨЖ қарастырып отырған мәселеге білімгерлердің қызығушылығын туғызып,одан әрі тереңірек зерттеп,әдебиеттермен де жұмыс істеуге бағыттап, әртүрлі пікірлерді салыстыра отырып, өз көзқарасын айқындауда бағдар береді.Өзіндік жұмыс жеке тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізеді. СӨЖ білімгерлердің жұмыс уақыты мен бос уақытын дұрыс ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырып,еңбек тәртібіне үйретеді.
Студенттердің өзіндік жұмысы оқытудың білім беру,тәрбиелік және дамыту мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған.Студенттердің өзіндік жұмысын дұрыс ұйымдастыру мен бақылау студенттердің ойдағыдай білім алуының маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Оқыту тәжірибесінде студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың төмендегідей түрлері қолданылады:
- проблемалы мәселелер бойынша рефераттар,курстық және диплом жұмыстарын дайындау;
- оқу құралдарын арнаулы және басқа әдебиеттерді рефераттау және аннотация жасау;
- кәсіптік бағдарлы іскерлік ойындардың сценарийін жасау;
- аннотация жазу,рецензия, эссе, глоссарий, талдау жұмыстарын жасау;
- жұмыс бағдарламасына сәйкес үйге берілген жұмыстарды орындау;
- білімгерлердің ғылыми конференцияларына қатысу.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда дәрісханалық сабақтардың орны үлкен. Мәселен студенттерге берілетін сұрақтар өз мамандығына байланысты құрастырылады.Сонда студенттің кемінде екеуіне баяндама-реферат жасау тапсырылса,олар берілген тақырып бойынша әртүрлі кітаптардан ақпарат жинап, оларды салыстыру бағытында өткізу оларды қызықтыратындығы байқалады. Олар кейбір кітаптардың терминологиясына сынау жасап, өз ойларын ортаға салуға тырысады.
Өзіндік жұмыстың жалпы оқу үрдісіндегі маңыздылығы мынадай ерекшеліктері бойынша сипатталады:
-өзіндік жұмыс білімгер ойларын жазбаша түрде көрсете білумен қатар шығармашылық ойланудың және зерттеу жұмыстарының негізін бекітуін қамтамасыз етеді;
- дәрістен алған білімдерін кеңейтіп,тереңдетумен қатар теориялық, түпнұсқалық материялдарды талдау дағдысын қалыптастырады;
- оқу бағдарламасына сәйкес білімгердің қаншалықты белсенділік, шығармашылық бағытта өсуін бақылауға мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптарда «Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы» пәнінен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмыстарының жоспары төмендегідей: (1,2-кесте).
Кесте-1.
№
|
Сабақ тақырыптары
|
Білімгерлердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
|
Ұсынылатын
әдебиеттер
|
Бақылау түрі
|
Өткізу мерзімі апта №
|
Жоғарғы балл
|
Жұмыс көлемі, тапсырманы орындау формасы
|
1
|
Сауат ашу технологиясы
|
Сауат ашу кезеңдерінде ұйымдастыруға болатын шығармашы-
лық жұмыс түрлері
|
1,2,3,8
|
Ауызша сұрақ- жауап
|
3,4
|
100
|
Ауызша жауап беруге арналған қысқаша жауаптар жазу
|
2
|
Әдебиеттік оқу технологиясы
|
Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар
|
1,3,11,
12,14
|
Слайд жасау
|
5,6
|
100
|
Тақырыпты
жобалап, жүйе-
леп слайд арқылы түсіндіру
|
3
|
Көркем шы-
ғармалардың
кейбір түрлерін оқыту
|
Мақал-мәтел, жұмбақ,
жаңылтпаштарды оқы-
ту еркшеліктері
|
2,6,7,9,
11
|
Реферат
|
7,8
|
100
|
5-6 бет көлемінде реферат жазып, қорғау
|
4
|
Грамматиканы оқыту технологиясы
|
Грамматикалық ұғым- дарды оқыту
|
2,4,8,13
|
Глос- сарий
|
9,10
|
100
|
1-2 бет көлемінде глоссарий жазу
|
5
|
Грамматика және тіл дамыту технологиясы
|
Қазақ тілі бағдарламасы, мазмұны, материалдардың әр сыныптағы орны
|
2,7,8,11, 12
|
Топтық жоба
|
11
|
100
|
Әр топ 0,5-1 бет көлемінде жоба даярлау
|
6
|
Орфографияны оқыту технологиясы
|
Орфография жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу тәсілдері
|
2,4,8,13, 14,16
|
Кол-локвиум
|
12
|
100
|
Өткен тақырып- тарды қайталау мақсатында сұ- рақтарға жауап
|
7
|
Қазақ тілін оқытуда қазіргі педагогикалық технология ларды пайдалану
|
Білім берудегі инновациялық технологиялар
|
2,3,4,8, 11,13,14
|
Реферат
|
13
|
100
|
5-6 бет көлемінде реферат жазып, қорғау
|
8
|
Қазақ тілінен білімді баға лау және тексеру
|
Қазақ тілінен оқушы лардың білімін, білігін және дағдысын тексеру
|
3,4,11, 13,14
|
Тест құрас-тыру
|
14
|
100
|
Бастауыш сы- нып оқушыла- рына арнап тест құрастыру
|
Кесте-2.
Бастауыш сыныптарда « Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы » пәнінен СӨЖ тақырыптарын ашып көрсеткендегі кестенің үлгісі төмендегідей:
№
|
Білімгерлердің өзіндік жұмыс тақырыптары
|
Тапсырманы орындау фор масы
|
Жұмыс көлемі,түрі
|
1
|
Сауат ашу кезеңдерінде ұйымдастыруға болатын шығармашылық жұмыс түрлері
|
Ауызша сұрақ жауап
|
Ауызша жауап беруге арналған қысқаша жауап- тар жазу
|
2
|
Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар
|
Слайд жасау
|
Тақырыпты жүйелеп, жобалап слайд арқылы түсіндіру
|
3
|
Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
|
Реферат
|
5-6 бет көлемінде реферат жазып, қорғау
|
4
|
Грамматикалық ұғымдарды оқыту
|
Глоссарий
|
1-2 бет көлемінде глоссарий жазу
|
5
|
Қазақ тілі бағдарламасы, мазмұны, материалдардың әр сыныптағы орны
|
Топтық жоба
|
Әр топ 5-6 бет көлемінде жоба даярлау
|
6
|
Орфография жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу тәсілдері
|
Коллоквиум
|
Өткен тақырыптарды қайталау мақсатында сұрақтарға жауап
|
7
|
Білім берудегі инновациялық технологиялар
|
Реферат
|
5-6 бет көлемінде реферат жазып, қорғау
|
8
|
Қазақ тілінен оқушылардың білімін, білігін және дағдысын тексеру
|
Тест құрастыру
|
Бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейіне лайықтап тест құрастыру
|
Студенттердің өзіндік жұмыстарын орындау технологиясынан өз тәжірибемізден, төмендегідей үлгі нұсқауды көрсетуге болады.
Өзіндік жұмыс № 4
Тақырыбы: Грамматикалық ұғымдарды оқыту.
Мақсаты: Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында олар әрбір жаңа материалдардың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатындай болуы керек. Сондықтан грамматикалық ұғымдарды оқыту барысында терминдерге, түсініксіз сөздерге түсінік берілуі қажет.
Нұсқау:
Глоссарий - мағынасы сөздіктерде ескі текстегі түсініксіз сөздердің мағыналық құрылымын ұғындыру әдісі. Бұл әдісті ұлттық танымды білдіретін және пассив лексикалық қабатта жататын кейбір ұлттық мәдениетті білдіретін лингвокультуремалар, этнографизмдер, жаңа қолданыстарды ұғындыруда қолданамыз. Мәселен, оқушы материалды оқу барысында адыраспан, қасқырдың тісі: баланы қорғау үшін бесікке іледі, бағлан-шілде айындағы қозы, бүлдіршін-екі-үш жастан асқан ұрғашы түйе т.т... сөздердің адам өміріне практикалық пайдасы бар екенін ұғынып, танымдық мүддесі туып, қызығушылығы арта түседі.
Сонымен қатар тіл біліміне байланысты термин сөздердің мағынасын түсіндіруді де жатқызуға болады. Мысалы, жаңа өмірге байланысты сөздік қорымызға көптеген жаңа сөздер қосылды:
а) бұрын қолданылып келген кірме сөздердің қазақша баламалары: әдістеме, әуежай, бағдарлама, дәйексөз, зейнетақы, күнпарақ т.б.
ә) жаңа ұғымдарды өтейтін жаңа сөздер, олардың дені туынды тұлғалар болып келеді: оқулық, ауысым, өтінім, егемендік, жанайқай, оралман, тұсаукесер т.т. (Сыздық Р. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі-Алматы 2005 ж 8-бет)
Өзіндік жұмыс № 6
Тақырыбы: Орфография жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу тәсілдері.
Мақсаты: Орфографияны оқыту технологиясынан алған білімдеріне сүйене отырып, орфография жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу тәсілдерін меңгерту.
Коллоквиум тапсыруға арналған тапсырма сұрақтары:
1.Орфография туралы жалпы түсінік.
2.Орфографияны оқытуда қолданылатын әдістер.
3.Бастауыш мектепте жүргізілетін диктанттың түрлері.
4.Бақылау немесе тексеру диктанты.
5. Қатені болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар.
6.Қатені түзету жолдары қандай?
7.Оқушылардың білім,білік, дағдысын есепке алу не үшін қажет?
8.Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргізу [5,14-29бет]
А) Түбір сөздердің жазылуы
Ә) Бөлек жазылатын сөздер
Б) Бірге жазылатын сөздер
В) Сөздердің тасымалдануы
Г) Сөздіктің құрамы мен құрылымы
Жоғарыда берілген сұрақтар бойынша қысқаша жазбаша түрде нақты жауап дайындап, ауызша жауап беру, әңгіме кеңеске дайындалу.Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргізу барысында да қысқаша түсінік жазу,мектеп практикасында өте қажет.
Сонымен, мынадай қорытындыға келеміз, өзіндік жұмысқа жұмыс бағдарламасы бойынша көбірек тақырыптарды қалдырып отыруға болады. Білім алу үрдісінде кредиттік технология бойынша оқыту кезеңінде білімгерлердің өзіндік жұмысының алатын орны маңызды. Өзіндік жұмыстарды орындау сырттай оқитын білімгерлер үшін өте маңызды. Олар тапсырманы дер кезінде алып орындаса,оқытушының кеңесін тыңдаса,арнайы оқу- әдістемелік құралдарды пайдаланса,білім сапасы артатыны сөзсіз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Рахметова. С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,-Алматы, «Өлке» 2005
2.Қазақ тілі бағдарламасы (2,3,4-сыныптар). -Алматы , «Атамұра»2000-2010.
3.Диктанттар жинағы (2,3,4-сыныптар) -Алматы 2000-2010.
4.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа инновациялық технологиялар, - Алматы, «Арыс» 2004.
5.Сыздық Р.Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі.-Алматы, «Арыс»2005
Аннотация. Кредитная система обучения – способ организации учебного процесса при котором обучающиеся в определенных границах имеют возможность индивидуально планировать последовательность образавательной траектории. Самостаятельная работа как часть процесса самообразования имеет принципиалное методологическое значение.
Annotation. The subjest of the study –The complication prosses pupils in initial classes. The prupose of the studu – define the way gualitative level a degree of formation (e ducation ) in an Elementary school , with the help application of new pedagodical technology in realization of lessons. Structure of degree work : the degree work con clusion, list of the literature and niethodical appendix.
К 32
373(574)
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ КӨПТІЛДІ МЕҢГЕРУГЕ
ТӘРБИЕЛЕУ
Керімбаева Р.Қ.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Еліміздің білім беру жүйесінде шығармашылықпен дамыған, көптілді меңгерген тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа қадамдар жасалып отыр. Білім алудың бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарында, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында, «Үш тұғырлы тіл» жобасында, «Балапан» бағдарламасында және басқа да мемлекеттік құжаттарда көрсетілген.
Әлемдік деңгейге жетуде, көптілді білетін тұлғаны қалыптастыру балалық шақтан бастау алуы қажет. Осы тұрғыда Н.Ә.Назарбаевтың көптілді және көпмәдениетті тұлға тәрбиелеу жолындағы «Үш тұғырлы тіл» атты мәдени жобасына негізделеміз.
Қазақстандағы көптілді білім беру моделі әр білім алушының мектеп жасына дейінгі кезеңінен бастап, ел дамуының игілігі үшін бойындағы тұлғалық қабілеттерін ашуға үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қарқынды түрде меңгертуге бағытталған. Тілді қазіргі заманғы диалог құралы ретінде қолданатын тұлғаны қалыптастыру білім беру үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
«Тілдік тұлға» тек лингвистикалық қабілеттерінде емес, сөйлеу әрекетінде сөзді түсініп, өз ойын тұжырымдау қабілетінде байқалуы тиіс, бұл біртіндеп басқа тілде сөйлеу кезінде өзінің адами әлеуеті мен кәсіби құзіреттілігін жүзеге асыра алатын «екінші тілді меңгерген» тұлғаны қалыптастырады.
Бүгінгі таңда тіл білімдері, тілді меңгерту, оқыту, үйретуге байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары ерекше қарқында жүргізілуде. Қай ұлт болмасын, тілі алдымен өзінің ана тілінде шығып, екінші тілді ана тілінің негізінде үйрету керектігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Бұл мәселеге мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданған ғалымдардың қосқан үлесі зор.
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие мазмұнын түбегейлі жаңарту мәселесі сонау 18 ғасырда өмір сүрген Ф.Фребель, М.Монтессори идеяларынан бастап, әлемдегі ең озық жапон тәжірибелеріне дейінгі аралықтағы еңбектеріне, В.А.Сухомлинскийдің «Қуаныш мектебі», А.С.Макаренконың қағидалары, Ш.Амонашвилидің іс-тәжірибелерін, өткен ғасырдың А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сияқты қазақ зиялыларының педагогика-психология саласындағы еңбектері терең мағлұмат береді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры мен сөйлеу дәрежесі жайлы ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде көрнекті психолог-педагог ғалымдар баланың сөздерді меңгеруін ерекше зерттеген. Мысалы, Ресей ғалымдарының ішінде (Л.С.Выготский, А.А.Люблинская, т.б.), сөдік қорды меңгеру заңдылықтары туралы (Е.А.Аркин, Н.А.Рыбников), сөздің дыбыстық құрамын меңгеру ерекшеліктері жөнінде (Н.Х.Швачкин, А.Н.Гвоздев), т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Көрнекті әдіскер-ғалымдардың бір тобы (Е.И.Атихеева, А.П.Усова, А.И.Леушина, О.И.Соловьева, т.б.) мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілінде сөйлеуге үйрету әдістерін жан-жақты талдап, тәрбиелеу, оқыту мәселелерін қарастырды. Ресей ғалымдары (Т.А.Маркова, М.М.Коцина, Е.Ф.Лукина, т.б.) баланың тілін дамытып, адамгершілікке тәрбиелеуде әдеби шығармалардың алатын орны мен маңызын зерттеген.
Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балалардың тілін, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту мәселесін зерттеген Б.Б.Баймұратова, А.Бақредденова, Қ.Т.Меңдаяқова, Ғ.З.Таубаева, К.М.Метербаевалардың зерттеу жұмыстары бар. Бірақ мектеп жасына дейінгі балаларды үш тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру мәселесі түбегейлі зерттелген жоқ.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда көптілді білім беру мазмұнын бір жүйеге келтіру арқылы, тілдік дайындықтың нормативтік базалық деңгейін бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру сабақтастығында құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ерекше мән берілуде.
Балалар балабақша қабырғасында алған білімдерін мектепте оқыған кезде де қолдана алады. Мектепке алғаш келген балалар үшін ең бастысы – екінші тілді әрі қарай үйренуге деген қызығушылығының болуы, белгілі көлемде білім-біліктің жинақталуы тиіс, бұл балаларға бастауыш мектепте тілдерді жеңіл меңгеруге мүмкіндік береді.
Балабақша жағдайында балаларға шет тілін үйрету ойын арқылы жүргізіліп, табиғат, қоршаған орта, ұлттық дәстүр, ертегілер, фольклорлар, әуенді өлеңдер мен әндер туралы мағлұматтар беріледі. Осылардың барлығы мектеп жасына дейінгі балалардың әлем туралы біртұтас ұғымын, шет тілін өмірлік маңызы бар құрал ретінде меңгеруге деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде үш тілді үйрету педагогикалық үдерісте жүзеге асырылып, білім берудің негізгі құрамды бөлігі болып табылады.
Осы тұрғыда педагог-психолог ғалымдар мен әдіскерлердің басым көпшілігі балаларға ана тілі мен шет тілдерін мектепке дейінгі ерте жастан бастап үйрету – ең тиімді, оңтайлы кезең деген пікірде. Себебі мектеп жасына дейінгі шақта тұлғаның негізгі қасиеттері, дене дамуы, эмоционалды, ақыл-ой негіздерінің қалыптасатын, тілдік-коммуникативтік құзіреттіліктерді жеңіл меңгеретін жемісті кезеңі болып саналады.
Отандық және шетелдік ғалымдар үш тұғырлы тілді меңгерген тұлға, көп этникалық қоғамда жеке адамға жеңіл бейімделіп, өзін шыңдауға мүмкіндік беретін құзыреттілік ретінде қарастырады.
«Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың» мемлекеттік бағдарламасында, баланың базалық құзіреттілігі үш тілді меңгеру, еуразиялық көпмәдениеттілік, жан-жақты болуды ашып көрсетсе, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың» мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында тілдерді үйрету мектепке дейінгі шақтан бастап жүргізу, орта білім берудің жаңа стандартында ағылшын тілі бірінші сыныптан жүргізіледі.
Сонымен қатар елімізде қабылданған «Тіл туралы» заң, оны жүзеге асыру кезеңдері, ана тіліміздің арнасын кеңейту, қажеттілігін арттыру мәселелері төңірегінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бала тілін дамытуға арналған ғылыми-педагогикалық, әдістемелік еңбектерді талдау нәтижесінде балаларға үш тұғырлы тілді ойын арқылы меңгерту, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, ұтымды формаларын, инновациялық технологияларды жүйелі пайдалану мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу нысанына айналмағандығы белгілі болды.
Балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне байланысты көптілді меңгеруді ойын іс-әрекеті арқылы жүргізіліп, шығармашылықпен дамыған, ізденімпаз, сөйлеу дағдысы қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуда күрделі мәселелер бар.
Мектеп жасына дейінгі балаларды көптілділікке тәрбиелеуде қазіргі заман талабына сай жабдықталған жаңа технологиялар, қоғам сұранысына арналған оқу бағдарламалар, ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген әдістемелерінің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап тұр.
Балабақшада тәрбиеленуші балалар өз ана тілінің базалық құндылықтарын игерген, орыс және ағылшын тілдерінде қарапайым сөйлеу дағдылары қалыптасқан болуы тиіс. Анықталған қайшылықтарды ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыру арнайы зерттеуді, бүгінгі таңда балабақша жағдайында тәжірибеге енгізуді қажет ететін көкейкесті мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: |