Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет17/35
Дата24.02.2016
өлшемі2.95 Mb.
#14826
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35

Литературы:

1.Байденко В.И. Выявление состава компетенций выпускников вузов как необходимый этап проектирования: метод. пособие. – М.: Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 2012. – 72 с.

2.Зимняя И.А. Ключевые компетенции – новая парадигма результата образования // Высшее образование сегодня. – 2013. – № 5. – C. 34-42.

3.Зимняя И. А., Лаптева М.Д., Морозова Н.А. Социальные компетентности в контексте государственных образовательных стандартов и проекта TUNING // Высшее образование сегодня. – 2013. – №11. – С.22-27.
Аннотация. “Құзыр”, “құзырлық” және “құзырлы” түсініктері бұрынырақта тұрмыста, әдебиеттерде кеңінен пайдаланылды, сөздіктерде түсіндірмелері берілді. Мысалы, “Шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде”, “құзырлы (лат. competens, competentis қабілетті) – анықталған аймақта жетекші, білуші; өз білімі деңгейінде бір нәрсені шешу немесе талқылау статусы бар” деп анықтама берілген. Білім беру құзырлары түсінігін анықтап, оның иерархиясын айқындайық. білім беру мазмұнының жалпы метапәндік (барлық пәндер үшін), пәнаралық (пәндер немесе білім беру аймақтары циклі үшін) және пәндік (әрбір оқу пәні үшін) болып бөлінуіне сәйкес үш деңгейлік иерархиясы белгілі.

Аnnotation. Necessary to continue and develop this activity, perfect the system of creation of certain pedagogical, organizational and psychological terms that would allow successfully to carry out professional activity at high level and to the teachers and their pupils in the future. Deeper researches of the phenomenon of social competense must be sent to the removal of the potential dangers related to her and expansion of possibilities of her measuring and stimulation.

БАЛАБАҚШАДА ЖОБАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ АРҚЫЛЫ

ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Джүнісбекова О.Т.

33 «Айсәуле» балабақшасы, Тараз қ.


Қазіргі кезеңде елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім саласын жетілдіруді талап етеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне сапалы түрде көшуді мақсат етеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстандық жастары бүгінгі таңда әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуге қадам басқалы тұр- деп көрсетті. Қоғамның алдына қойған мақсаттарына сәйкесбілім беру жүйесінің алғашқы сатысы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу болғандықтан осы кезеңде тұлғаның дамуына ерекше мән беріледі. Осы тұрғыда мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеуге жаңа мазмұн енгізуді жүзеге асыруда Республика, облыс, қала көлемінде игі бастамалар көтеріліп келеді. Осындай жаңа бастама Тараз қаласы білім бөлімінің 02.09.2013 жылғы №598 бұйрығымен біздің №33 «Айсәуле» балабақшасы «Балабақшада жобалық іс-әрекет арқылы тәрбиеленушілердің танымдық қабілеттерін дамытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбында эксперименттік алаң ретінде таңдалып алынды. Әрине мұндай сенім мен тапсырмаға алғашында қуанғанымызбен, оның үлкен жауапкершілігі, ғылыми жұмысты ұйымдастыру, оң нәтижесін шығару жеңіл шаруа емес екендігін сездік. Эксперементтік жұмысты жүргізуші құрамында жеті бірліктен тұратын: ғылыми кеңесші, инновация әдіскері, төрт қосымша педагог, психолог мамандарынан шығармашылық топ құрылды. Жаңалықпен, шығармашылық бастаманы тез және жеңіл қабылдайтын педагогикалық ұжым мектеп жасына дейінгі балаларды жобалау іс–әрекеті арқылы тәрбиелеудің ғылыми негіздемесін жасадық.

Жобалау іс–әрекеті арқылы субъектінің даралық қасиеттерін қалыптастырудың негізі деп саналатын мотивтердің бірі – танымдық қызығушылық. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық қабілеттерін, белсенділігін жетілдіруде жобалық іс-әрекеттің маңызы зор. Бұл шақта балалар заттар мен құбылыстар туралы, жалпы болмыс туралы білімді, әсіресе көргісі келгенін, білгісі келгенін тез, дұрыс және толық қабылдайды. Сондықтанда жобалық іс-әрекеттің бағыты балға берілетін білім элементтері тікелей көрсету, ұстату, сипап-сездіру, таныту арқылы жүзеге асады. Бала тікелей көрген, сезген обьектісін ғана қабылдайды.

Жобалау іс-әрекеті мектепке дейінгі білім беру іс-тәжірибесінде қолданылатынын, дәстүрден тыс жұмыс түрі ретінде қарастырылады, себебі жобаның негізінде нақты тәжірибелік мәселені шешуде педагог пен балалардың бірлесе атқарған қызметі барысында мектепке дейінгі жастағы баланың танымдылық әрекетінің нәтижесін көруге бағытталған үлкен ой жатыр. Жобалау іс-әрекеті 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог-педагог Д.Дьюи.

Д.Дьюидің ілімін жалғастырушы-Колумбия университетінің профессоры У.Х.Килпатриктің ойынша, жобалау іс-әрекеті балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы өмірге дайындау. Еуропада кеңтараған жобалау әдістемесі біртіндеп қалыптасқан білім беру үдерісіне енгізіліп отыр.

Жобаның тиімділігі көзбен көріп, есте сақтай отырып баланы ізденіске, іскерлікке, танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселені шеше білуге жетелейді. Жобалау нәтижесінде бала нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?-деген танымдық сұрақтарға нақты жауап береді. Балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Ы.Алтынсарин, Г.И.Шукина, Т.И.Шамова, Ю.К.Бабанский т.б. ғалымдар еңбектерінде жүйелі талданған. Қазіргі зерттеулерде (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.Б.Бондаревский, Н.Г.Морозова, Р.Г.Лемберг т.б.) танымдық қызығушылық мәселесіне жан-жақты анықтама берілген берілген.

Жобалау іс-әрекеті шығармашылық қызметтің ерекше түрі, әдіс-тәсілдер жиынтығы, белгілі бір немесе өзге әрекеттің теориялық және тәжірибелік әрекетке қатысты білімнің нақты бір саласын игеру операциясы: технологияны сатылай әрбір кезеңін жетілдіріп жасай отырып, дидактикалық мақсаттарға қол жеткізу әдісі, олар тәжірибе жүзінде үлкен нәтижеге жететіндей жүзеге асырылып аяқталуға тиіс.

Ресей ғалымдарының балалардың шығармашылық қабілетін дамыту теориясы (Я.А.Пономарев, А.А.Мелик-Пашаев, В.Д.Шадриков, Д.Б.Богоявленская, Н.Н.Поддьяков, Н.А.Ветлугина, Л.А.Парамонова) туралы еңбектері бар.

Республика ғалымдары (Б.Баймұратқызы, М.Сәтімбекова, А.Меңжанова, Ә.Әмірова, Қ.Меңдаяқова, М.Тұрыскелдина т.б.) жүргізілген ғылыми-зерттеулер нәтижесінде жарық көрген ғылыми-әдістемелік оқу құралдары да мектепке дейінгі тәрбие жұмысының сапасын жақсартуға лайықты үлес қосып келеді. Сонымен бірге мектепке дейiнгi тәрбиенің ғылыми-теориялық және әдiстемелiк мәселелерiн зерттеген: Р.Аралбаева, Р.М.Жұмағожина, Ф.Жұмабекова, Г.Меңлiбекова, Н.Храпченкова, Т.Иманбеков, А.Е.Манкеш, С.Н.Жиенбаева, Р.Қ.Керімбаева, А.И.Салиева, А.А.Исқақова, К.М.Метербаевалар т.б. педагог-ғалымдардың еңбектерiн атауға болады.

Жобалау іс-әрекеті арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту мәселесі психологиялық-педагогикалық жағдайды, мектепке дейінгі жастағы баланың зейін қоюға, шығармашылықпен шұғыл ойлауына, өз тәртібін қадағалауына, тіл байлығын дамытуға ықпалын тигізетін тәсілдерді іздестіруін қарастырады. Біздің зерттеу жұмысымызда мектеп жасына дейінгі балалардың жобалық іс-әрекетке танымдық қабілеттерін дамытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтауды көздейді. Сондықтан мектепке дейінгі мекемелердең оқу-тәрбие үрдісінде жобалау қызметі балалар мен педагогтар, ата-аналары бірдей қатысып, бірлесе атқаратын сипатта болуы тиіс. Ата-аналар тікелей білім беру үрдісіне қатыса отырып, өздерінің педагогикалық тәжірибесін арттырып, өздерінін және балаларының қол жеткізген жетістіктеріне қуанып қанағаттанады.

Педагогикалық жобалау іс-әрекеті әртүрлі білім беру саласынан алынған бір мәселені шешу үшін алынған мағлұматтарды кіріктіріп іс-тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды жобалау іс-әрекетіне үйрету баланың бүкіл оқу іс-әрекетінде алған білімдерін, күнделікті өмірде көрген-білгенінен өздігінше ой-қорытуы, тәжірибеде пайдалана білу қабілеті. Жобалау қызметі тәрбие мен білім беруде тұлғалық бағытталған жолға негізделіп шығармашылық қабілетті дамытады. Сонымен жоғарыда қарастырылған жобалау қызметінің әдістемелік негізі мектепке дейінгі мекемеге тән инновациялық технологияның бейімделуінің жоғары денгейі туралы мағлұмат береді. Бүгінгі  мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста қолданылатын  жобалау іс-әрекеті, бұл мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі дәстүрден тыс    әдіс болып табылады. Балалардың жобалық іс-әрекетке танымдық қызығушылығын қалыптастыруға қоғамның сұранысы мен бұл мәселенің балалар бақшасындағы қазіргі жағдайы, оның педагогикалық шарттарының анықталмауында қарама-қайшылықтар бар және бұл мәселенің ғылыми-әдістемелік тұрғыда зерттелмегендігі белгілі.

Зерттеу жұмысы барысында осы айтылған қайшылықты ғылыми тұрғыда шешу, оның педагогикалық шарттарын айқындау, әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыру, тәжірибелік-эксперимент жүргізу, оң нәтижеге алу, оқу-әдістемелік құралдар даярлау, озық іс-тәжірибені тарату мақсатын қойдық.

Ғылыми – педагогикалық экспериментке ортаңғы топтан 69 бала, ересектер тобынан 57 бала, барлығы 126 бала қатысады.

Зерттеу кезеңдері мен күтілетін нәтижелері:

Бірінші кезең: Даярлық кезеңі (2013-2014ж.ж.)

Екінші кезең: Ендіру кезеңі (2014-2016ж.ж.)

Үшінші кезең: Жалпылау кезеңі (2016-2017ж.ж.)

Бірінші кезең: Даярлық кезеңі (2013-2014ж.ж.)

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау іс-әрекетіне танымдық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау, теориялық талдау, эксперимент жүргізуге арналған «Экология негіздері», «Бейнелеу өнері»,«Валеология» бөлімдеріненоқу-әдістемелік кешен даярлау.

Міндеттері:

- Ғылыми-педагогикалық экспериментті жүргізу бағдарламасын құру, теориялық талдау жасау, саралау;

- мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау іс-әрекетіне танымдыққабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау, зерттеуаспектілерін айқындау;

- экологиялық тәрбиелік бағыттағы жобалау іс-әрекетіне балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделін құру;

- жобалау іс-әрекетін оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің оқу-әдістемелік кешенін даярлау;

- педагогикалық үдеріске қатысушыларға арналған зерттеу іс-әрекетінің мониторингісін құрып, өткізу;

- іс-тәжірибе жасауда арқылы балалардың танымдылық белсенділігін дамыту мәселелерінде туындаған қиындықтарды, ата-аналардың балалардың зерттеу іс-әрекетіне деген көзқарасын анықтау;

- балалардың зерттеу-дамыту ортасын құру, оның мазмұнын өзгертіп, толықтыру, балалардың даму құзыреттілігін бағалау индикаторын әзірлеу.

- педагогтардың шығармашылық белсенділігі мен кәсіби деңгейде дамуына жағдай жасау.

Күтілетін нәтижесі:Педагогикалық ұжымды эксперименттік жұмысқа даярлау, жұмыс жоспары, ҰОӘ технологиялық картасы құрылады, ата-аналармен бірлесе атқарылатын іс-шаралара жоспары, топта іс-тәжірибежасайтын бұрыштар, балалар зертханасы құрылады, материалдық- техникалық база күшейтіледі, «Қысқы бақ» жасалады, оқу-әдістемелік кешен даярланады.

Екінші кезең: Ендіру кезеңі (2014-2016ж.ж.) Мақсаты: Жобалау іс-әрекетін оқыту-тәрбиелеу үрдісіне енгізу, эксперимент барысын бақылау, жүзеге асуына жағдай жасау, жағымдыпсихологиялық жағдай тудыру, қорытып, талдап отыру.

Міндеттері:

- жобалау іс-әрекетін оқыту үрдісіне ендірудің эксперименттік бағдарламасын жүзеге асыру;

- жобалау іс-әрекеті арқылы балалардың танымдық қабілеттерін экологиялық бағытта дамытудың моделін апробациялау;

- балалардың бос уақытын ұйымдастыруда жобалау іс-әрекетін ендіру, өзіндік дамуға жағдай жасау;

- «Экология негіздері», «Бейнелеу өнері», «Валеология» ҰОӘ жобалау іс-әрекетінде жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану;

- балалардың білім сапасын анықтау мақсатында мониторинг бақылау жүргізіп отыру;

- бірлескен іс-әрекетке ата-аналарды қамту;

- балалардың зерттеу іс-әрекеті бойынша ата-аналармен бірлесіп іс-шаралар ұйымдастырып өткізу.

Күтілетін нәтижесі: Эксперименттік бағдарламаның оқу үрдісіне енуі, перспективалық жоспар, ҰОӘ-нің технологиялық картасы түзіледі, мониторинг жүйесі іске асырылады. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың барысы, нәтижесі, балалардың танымдық құзіреттілігі қалыптасады.

Үшінші кезең: Жалпылау кезеңі (2016-2017ж.ж.)

Мақсаты: Балабақша жағдайында жобалау іс-әрекетін жүзеге асыру экспериментік-тәжірибелік жұмыс нәтижесін шығару, қорыту, талдау, ұсыныстар жасау, әдістемелік кешенді шығару, озық іс-тәжірибені насихаттау.

Міндеттері:



- тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қорытындысын талдау, жалпылау;

- аналитикалық диогностикалық қызмет, тәжірибені тарату;

- жобалау іс-әрекеті мен зерттеу жұмыстарын дамыту жөнінде мәселелерді шешуге арналған ұсыныстар, әдістемелік нұсқаулықтар даярлау;

- эксперименттік бағдарламаны жүзеге асырудың тиімді жолдарыннасихаттау, облыстық, қалалық семинарлар, шебер-сыныптар ұйымдастыру;

- балалардың зерттеу іс-әрекеті арқылы танымдылық белсенділігін арттыру жұмыстары жайында әдістемелік кешен шығару;

Күтілетін нәтижесі:Эксперимент қорытындысы, тиімді нәтижеге қол жеткізу, ұтымды әдіс-тәсілдер іріктелді. Танымдық құзіреттілігі қалыптасқан балабақша түлегінің моделі жасалды. «Отбасы-балабақша-мектеп» сабақтастығы құрылды. Оқу-әдістемелік кешен шарыққа шығарылады.
Пайдаланған әдебиеттер:

1.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. //Егемен Қазақстан 2011 ж.

2.«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы. Астана.- 2010 ж.

3.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2010ж.

4.Сарбасова Қ. Инновациялық педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2010 ж.
Аннотация. Заключительный эксперимент, добится надежного результата, выигрышный способ выбран. Позновательный процесс сформировался, модель детского сада сделан. Взаимосвязоннасть "Семья - детский сад - школа" создан. Вышел в свет учебно-воспитательный комплекс.

Annotation. The final experiment is achieved in a reliable result, the winning method selected. Show pleasing formed process model kindergarten is done. Vzaimosvyazonnast "Family - kindergarten - school" was created. Published the educational complex.

УДК 373(574)

Д 51

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЛАБАҚШАДАН

АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРТУГЕ БАУЛУ
Досымбекова А.Т.

35 «Ер Төстік» балабақшасы, Тараз қ.


Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беружүйесінде үш тілдің – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға даярлау міндетін атап көрсетті. Бұл міндет білім беру жүйесінде жүзеге асатындықтан балабақшадан бастап, жоғары оқу орындарына дейінгі салаларда көптілді меңгерту мәселесі енгізілді.

Балабақшадан бастап балаларға ана тілінің құндылықтарын меңгерту арқылы балалардың тілдік-коммуникативтік құзіреттіліктерін меңгерту міндеті арнайы білім беру стандартына енгізілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің 2009 жылдың жаңа стандартына балалардың құзыреттілігін қалыптастыруға нақты талаптар қойылды. Яғни құзыретті тұлғаны тәрбиелеу отбасы және мектепке дейінгі мекемеден басталуы тиіс. Стандартта мектеп жасына дейінгі балалар балабақшадан негізгі бес құзыреттілікті меңгеруі тиіс деп көрсетілген. Олар:

1.Денсаулық сақтау құзыреттілігі;

2.Танымдық құзыреттілік;

3.Әлеуметтік құзыреттілік;

4.Тілдік-коммуникативтік құзыреттілік;

5.Шығармашылық құзыреттілік.



«Қатынас» білім беру саласындабайланыстырып сөйлеуді дамыту, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу әрекетіне деген жеке қабілеттерін, мазмұнды монолог пен диалог құра білу іскерлігін, сауат ашуды меңгеруге дайындық жасау мақсатында тілдік шығармашылықты көрсету жұмыстарының мазмұндары мен міндеттері енгізілді.

Жаңа стандарттың талабына сай балабақшадан бастап үш тілді меңгерту арқылы тілі дамыған, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға болатынды белгілі. Осы мақсатта 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап, Тараз қаласының №35 «Ер Төстік» балабақшасына «үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру аясында эксперимент жүргізу жұмысы жүргізілуде. Экспериментік жұмыстың тақырыбы «Балабақша жағдайында көптілдікке тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық аспектілері». Негізгі мақсаты: педагогикалық эксперимент арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды көптілде тәрбиелеудің тиімді жолдарын анықтау.



Балабақша жағдайында эксперименттің мақсат-міндеттерін жүзеге асыру мен балаларға үш тілде сапалы білім беруде заман талабына сай интерактивті тақта, лингофонды бөлме, аудио-видео таспалар, сөйлейтін әліппе, сөйлейтін қалам, көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар т.б. жаңа технологиялармен жабдықталған.

Балабақшада орыс, қазақ, ағылшын тілдері ойын түрінде техникалық құралдармен өткізіледі, балаларға интерактивті тақтамен әр түрлі тапсырмалар беріледі, бейне сюжеттер көрсетіледі, көрнекі құралдармен жұмыс жасау, үш тілде ертегілерді сахналау, диалог құру жұмыстары жүргізіледі. Ағылшын, орыс, қазақ тілінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін әр топта өткізгенде балаларды екі топшаларға бөлу арқылы жүргіземіз.Балабақшадағыэксперименттік2-сәбилер, ортаңғы, ересектер топтарында ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады, балалар «қызыл телпек», «бауырсақ», «төрт түлік сайысы» атты ертегілерін ағылшын тілінде сахналап, өзге тілді үйренуге деген қызығушылығының мол екенін көрсетуде.

Бала өмірінің алғашқы жылдарында, жоғарыда атап өткендей, тіл мен танымдық процестерді игеруге деген құлшыныс ерекше байқалады. Дамудың дәл осы кезеңінде балалар бойында тілдік құбылыстарды сезіну, өзіне тән жалпы лингвистикалық қабілеттер пайда болады.

Балалық шақта тіл негізінен екі бағытта дамиды: оның біреуінде сөздік қор қарқынды түрде жинақталып, айналадағы адамдар сөйлейтін тілдің морфологиялық жүйесі меңгеріледі; екіншісінде тілдің әсерінен танымдық процестер (зейін, қабылдау, ес, елестету және ойлау) жаңаша бір өзгерістерге ұшырайды. Бұл ретте сөздік қордың артуы, тілдің грамматикалық құрылысы мен танымдық процестердің дамуы тұрмыс пен тәрбие жағдайына тікелей байланысты. Бұл мәселеде, әсіресе, тілдің дамуында әр түрлі өзіндік ерекшеліктер болатынын ескерудің мәні зор.

Мектеп жасына дейінгі балаларға өзге тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық ақуал, мейірімді орта, қазақша, орысша және ағылшынша тілдесуге қуану сияқты жағдайлар тудыру. Қазақ, орыс, және ағылшын тілдерін үйретуде балалардың сөздік қорларын байыту, жетілдіру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, әр тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін дамытудың маңызы зор.

Балалардың үш тілде сөйлеуін, сөздік қорын дамытуда сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдануға үйретуде инновациялық әдіс-тәсілдерді ойын технологиясы арқылы меңгертуді көздейміз.

Тіл үйретудегі негізгі-мақсат балаларға жалаң сөз жаттату емес әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде үйренген сөздерді ауызекі айтуға, сөйлем құрамында дұрыс қолдана білуге үйрету.

Ағылшын тілін меңгертуде біз тіл білімінің салалары лексиканы, фонетиканы, грамматиканы балаларға меңгертеміз. Лексика (грек. лексикос -сөздік) тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрамын зерттейтін тіл білімінің бір саласы, фонетика (гректің фоне - дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған) тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу зандылықтарын қарастырады, грамматика (гр. 'grammatіke, γράμμα' - әріп, жазу)  тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін салалары.

Ағылшын тілін үйретуде ең бірінші әріптердің дыбысталуына үлкен мән беріледі, себебі ағылшын тілінде 26 әріп болса, 44 дыбыс бар. Балаларға әріпті біз көреміз және жазамыз, ал дыбысты естиміз және айтамыз деп үйретеміз. Дыбысталуы дұрыс болған жағдайда ғана сіздің ойыңызды екінші адам дұрыс түсінеді. Оқытудың басты ұстанымдарының бірі – жайлылық ұстанымы, ал оның іс жүзіндегі көрінісі – өзінің ағылшын тілінде жақсы сөйлей алатынына баланың көзін жеткізу.



Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету, баланың қателіктерін түзетуден бас тартып, фонетикалық ойындармен, ертегілермен алмастыру жағдайында іске асырамыз. Дыбыстарды қабылдау мен есту балаларда өте жақсы дамыған, олар дыбысталудың қыр-сырын тез қабылдайды. Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде «Mr.Tonque» «Көңілді тіл» атты кейіпкері бар қызықты да, тартымды сюжетті ойындар жүргіземіз.

Бұл фонетикалық естуді қалыптастыру (дыбыстарды тыңдау, оларды анықтау және айту). Балалар ертегілерді айту барысында, дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикуляциясына айрықша көңіл бөлеміз  тілдің, еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін көрсетіп түсіндіріп, баланың тілі мен ернінің қимылын бақылаймыз ертегі біткеннен соң екпіндерді, ырғақты және интонацияларды хормен және өз бетімен қайталаймыз. Балалардың өз құрбы-құрдастарының сөзін түсінуге үйретуде аудиожазбалардан естіген сөздерді көру және қозғалыс көрнекіліктері, паралингвистикалық амалдар арқылы түсіну (ым-ишара, бет әлпеті, интонация, эмоциналдық қолдау) әдісін жиі қолданамыз.

Лексиканы үйрету барысында балалардың сөздік қорын молайтуға көңіл бөлінеді. Бір тақырыпқа байланысты 5-6 сөзді еңгізу арқылы тақырыпты ашамыз. Енгізілген сөздердің арасында бір- бірімен тығыз байланыста болатын бірнеше жұп сөздер болуы қажет.

Егер семантикалық топтың ішіне бір сөйлем мүшелеріндегі сөздер кірсе, сөз тіркестерін (зат - зат, зат - сын, зат - қимыл) құрастыру мүмкін болу үшін, оларды үйрету басқа сөйлем мүшелеріне қатысты сөздерді қайталаумен тығыз байланыста болуы керек.

Балаларға еш уақытта сөздерді «жаттап ал» деген тапсырма берілмейді. Жаңа сөз жаттығулардың көмегімен баланың есінде біртіндеп сақталады. Балаларға жыл бойы: Туған ел, Ұлыбритания және Ресей елдері туралы білім, жыл мезгілдері мен табиғат құбылыстары, заттардың қасиеттері мен сапалары, азық –түлік түрлері, жеке тұрмыстық заттар, қоғамдық өмір құбылыстары, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт, денсаулық туралы білімді қалыптастырамыз.

Ортаңғы топта лексикалық қордың көлемі оқу жылының соңында 5-ке дейінгі санауды қосқанда, 100-150 лексикалық бірлікке тең болуы тиіс. Грамматиканы үйрету барысында олардың қызығушылығын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз:

-Жай хабарлы сөйлем құруды үйрету;

-Зат есімдерді көпше түрде қолдану;

-Сұрақтарға қысқа жауап қайтару;

-Жалпы сұрақтар қою.

Ұсынылып отырған әдіс бойынша балаларыныңағылшын тілін меңгерумен бірге қазақ, орыс тіліндегі білімдерін бекітіп, тілін жаттықтыруға мүмкіндік жасайды.

Оқу жылының соңына қарай балалардың бастапқы тілдік-коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Балалар ауызша түрде ағылшын тілін қолдануды үйренеді және ауызша естіген сөздерді түсінеді,

Балалардың қызығушылығын арттыру үшін педагог балалардың психологиясын, жас және жеке дара ерекшелігіне байланысты, қабілеттеріне мән беруі тиіс.Яғни, балабақшада балалар кез келген ақпаратты ойын түрінде, көзбен көріп, сипап-сезу, есту арқылы жақсы қабылдайтынын ескеру қажет. Баланы ынталандыру үшін ескі үрдістен гөрі заманға сай тапсырмалар беріп, ойындар ойнату арқылы балаға тілді меңгертуге болады. Мысалы, іс- әрекетке балалардың қызығушылығын арттыру үшін тақырыпқа байланысты видео – роликтер, қимыл – қозғалыс жаттығулары немесе әдемі көңіл көтеретін әуенмен бастауына болады. Сол кезде баланың көңіл күйі көтеріңкі болып, топта жағымды ахуал қалыптасады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды заман талабынан қалдырмауға, әлеуметтік ортаның тыныс-тіршілігін ұлттық болмыспен қабылдауға бейімдей отырып, олардың санасын «үш тілді меңгерген жаңа дәуір балалары» моделіне бағыттай білу қажет.

Модель мазмұны жауапкершілігі жоғары, жаңаша ойлайтын, зерек те елгезек, кеңістік заңдылықтарымен қоса, салт-дәстүр мен ауыз әдебиетінің озық үлгілерін меңгерген ұлтжанды, ана тілінің нәрімен барынша сусындаған, еркін, дені сау балаларды сипаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет