18) ерекше күрделі станциялар – толық жинақтау;
19) арнайы стативтер (тәжірибелі үлгілер) – сызбалық кабельдерді байлау үшін үлгілер дайындау;
20) ЭЕМ тіреулері – тәжірибелі үлгілерді жинақтау;
21) түрлі-түсті теледидарлар - тәжірибелі үлгілерді жинақтау;
22) электрлі бөлектеу материалдары – желімдеу, кептіру, полимерлеу;
23) электркардиографтар - тәжірибелі үлгілерді жинақтау.
8. Катушкалардың ораушысы
Параграф 1. Катушкалардың ораушысы, 2-разряд
81. Жұмыс сипаттамасы:
катушкаларды каркастарға, трансформаторларға және дәлденген станоктарға сымдарды автоматты салумен, орау кезінде қатарлар арасында оқшаулаудытөсеумен, шықпа ұштарын бекітумен, кедергілерді сыналастырумен орташа күрделілікті басқа бөлшектерге әр түрлі маркалы және диаметрлі сымдармен орау (көпорамды, көпқабатты, бір- және көп бөліктік, бірнеше орауларымен қатарлық және қатарлық емес, әмбебап жән тағы басқа);
қарапайым катушкаларды әмбебап ораммен орау (ағымдық-бұқаралық өндіріс жағдайында);
шықпа ұштарын бітеумен прогрессивті бифилярлы және галетті орау;
сымдарды қолмен салумен катушкаларды пирамидалды орау (жеке дара өндіріс жағдайларында);
катушкалардың кедергілерін және индуктивтілігін қысқа тұйықталған орамдарға қиыстырып келтіру;
көпсекциялық потенциометрлерді және кедергі мен өздігінен индукциялау катушкаларын орау;
сымдардың ұштары мен үзілген жерлерін дәнекерлеу.
82. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу принципін және орау станоктары мен қондырғыларды басқаруқағидасын;
әмбебап және арнайы жабдықтарды және бақылау- өлшеу аспаптарын және орта күрделілікті және дәлдікті құралдардың белгіленуі және пайдалану шарттарын, каркастарды;
трансформаторларды және орташа күрделі басқа бұйымдарды орау ережесі мен тәсімдерін, орау станогы айналымдарының ең тиімді сандарын таңдаумен жабдықтың сипаттамалары және баптау тәсілдерін;
қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттерін және технологиялық сипаттамаларын, электр және радиотехника негіздерін.
83. Жұмыс үлгілері:
1) дроссельдер – тәртіпке келтірілген станоктарда сымдарды қатарлап орау;
2) түзеткіш дроссельдер – «Әмбебап» түріндегі орау;
3) тороидальды дроссельдер, электромагнит катушкалары, ферритті өзекшелердегі кедергілер сызығы және Б және ОБ түріндегі катушкалар – орау;
4) екі секциялы және қорапсыз катушкалар – қол станогында орау;
5) төмен жиілікті, контурлық, жоғары вольтты аспаптарға көпсекциялық, тікбұрышты қиманың құрастыру құрастырмалы қаңқаларында дроссельдердің, модуляция трансформаторларының катушкалары - орау;
6) жоғары жиілікті контурлар катушкалары – қол станогында қадамдық орау;
7) сызықтық бағыттаушы сүзгілердің көпсекциялық катушкалары - әмбебап орау;
8) секциялық трансформаторлардың катушкалары – жұп қосарланған сыммен орау;
9) күштік трансформаторлардың және Ш және ШЛ түрлі, электрмагниттердің катушкалары- қатарлық орау;
10) кедергі катушкалары – жөнге келтірілген станокта бір және екі қабаттап орау;
11) ұялы катушкалар –шабақтармен түзетуде орамдарға лактарды сіңірумен сымдарды орау;
12) телефондық релелік катушкалар – құрастырылған орау;
13) әр түрлі өлшемді бір немесе бірнеше секциялармен тороидалды катушкалар – қолмен және станоктарда орау;
14) трансформаторлардың және «Габарит» түрлі дроссельдердің катушкалары шығаратын ұштарын тазартумен және дәнекерлеумен орау;
15) сымды резисторлар - орау, айдау;
16) статорлардың секциялары – орау;
17) оралған ленталық, броньдық және орайтын түрлі негізді өзекшелер;
18) трансформаторлар – арнайы орау станогында тороидалды орау;
19) көпсекциялық трансформаторлар – мыс және фольга қалайысымен сүзгіден экранды салумен конденсаторлық немесе телефон қағаздан орауаралық оқшаулағышты салумен орау;
20) сүзгілер –қол станогында орау.
Параграф 2. Катушкалардың ораушысы, 3-разряд
84. Жұмыс сипаттамасы:
әр түрлі және қалыпты (цилиндрлік, пирамидалық, ұялық, қадамдық, қатардағы, қаңқасыз және басқа) кез келген маркалы және диаметрлі сымдармен күрделі катушкаларды, қаңқаларды, трансформаторларды және басқа бөлшектерді орау;
сымды қолмен салумен, әрбір қабат пен орамды оқшаулаумен және кедергіні қиыстырып келтірумен катушкаларды қаңқасыз орау;
кедергіні қиыстырып келтірумен және тоқтың алынатын сипаттамалары өзгерісінің жатықтығын тексерумен шығыршықты, жазық және бейнелі қаңқаларға потенциометрлерді сыммен орау.
85. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу принципін және орау тәсілдерін;
әмбебап және арнайы жабдықтардың және бақылау- өлшеу аспаптарының, құралдардың құрылысын және оларды пайдалануқағидасын;
әр түрлі катушкаларды, қаңқаларды, трансформаторларды және радиоэлектрондық аппаратура өндірісінде кездесетін басқа бұйымдарды орау ережесін мен тәсілдерін;
дайындалатын бұйымдарды орау түрлерін және ораудың техникалық шарттарын;
электр- және радиотехника негіздерін.
86. Жұмыс үлгілері:
1) дөңгелек реттегіш автотрансформаторлар – орау;
2) импульсті трансформатор галеттері - әрбір жұп шумақты лакты матамен бөлектей отырып орау;
3) теледидардың электронды-сәулелі тұтқасының қисайтатын жүйесінің галеттері;
4) шыныэпоксидті қаңқалар – жабдықта орау;
5) түзететін катушкалар – шыны лентамен оқшаулаумен секциялық тороидалды орау;
6) импульстық трансформаторлардың ірі габаритті катушкалары көпқабатты орау;
7) аз габаритті катушкалар микрореле – орау;
8) Қисайтатын жүйенің катушкалары – тороидалды көпқабатты орау;
9) күрделі аппаратура мен аспаптарға арналған симметриялық реле катушкалары – орау;
10) орауды қосудың аппараттық қалқандарына арналған реостатты катушкалар;
11) екіден артық орау санымен күштік және шығатын трансформаторлардың катушкалары – орау;
12) тороидалды катушкалар – әрбір бұрудың индуктивтілік мөлшерін қиыстырып келтірумен орау;
13) тороидалды катушкалар - «Әмбебап» түрінде орау;
14) жоғары вольты трансформаторлардың катушкалары, бір орауда 1,5 мм дейін сым диаметрі кезінде бір орамда үштен артық бұру санымен трансформаторлар - қиыстырылған орау;
15) дыбыс бағаналарына арналған трансформаторлардың катушкалары, 6- секциялық фокустайтын катушкалар, индукциялық фазақайтарғыштардың роторлары мен статорлары – орау;
16) жолдардың мультидірілдерін тұрақтандыратын сұлбалар – «Әмбебап» түріндегі секцияларды орау;
17) сүзгілер – автоматта орау;
18) импульсты трансформаторлар – тороидолды өзекшелерде орау.
Параграф 3. Катушкалардың ораушысы, 4-разряд
87. Жұмыс сипаттамасы:
бір уақытта күрделі қосылыстармен екі немесе одан артық сымдармен аса жоғары күрделілікті әр түрлі қаңқаларға катушкаларды және трансформаторларды орау;
әмбебап, бифилярлы, тороидалды және қадамдық орау үшін әр түрлі автоматтарда, жартылай автоматтарда және көпшпиндельдік автоматтарда тәжірибелі және сынақ үлгілерінің катушкаларын және трансформаторларын орау;
селдір қаңқаларды кез келген маркалы және диаметрлі сымдармен орау;
28 шықпа мен бұруға дейін орындаумен және түсіп кетпес үшін әрбір қабаттың шеткі орамдарын бекітумен қаңқасыз бір катушкада 14 орамға дейін қаңқасыз орау және салу;
бұрулары мен шығарларын бітеумен және ресімдеумен, сондай-ақ оларды дәнекерлеумен жартылай автоматтарда көпорамды катушкалардың номиналдарын көп жерден орау.
88. Білуге тиіс:
әр түрлі модельдегі орау жабдығының құрылысы мен жұмыс істеу принципін және орау тәсілдерін;
қолданылатын орау жабдығының ауыстырып қосу сызбаларын;
электр және радиотехника негіздерін.
89. Жұмыс үлгілері:
1) тәжірибелі үлгілердің катушкалары– тороидалды орау;
2) ерекше күрделі катушкалар - әмбебап орау;
3) тарататын фосфорорганикалық біріктіргіштермен (бұдан әрі – ФОБ) арналған күрделі конструкциялы катушкалар – орамдарды қолмен салумен, «жабыстырумен» немесе «біріктірумен» шаблондарда орау;
4) сынақ трансформаторлары - тороидалды көпқабатты орау;
5) аз габаритті тороидалды трансформаторлар – қолмен және СНТ-1,5 және СНТ-3-у станоктарында орау;
6) ТА, ТН, ТАН, ТПП,ТР, ДПП, «Фактор», «Потенциал», диологты есептеу кешені (бұдан әрі – ДЕК) түрлі трансформаторлар және дроссельдер, жоғары жиілікті дроссель – орау.
Параграф 4. Катушкалардың ораушысы, 5-разряд
90. Жұмыс сипаттамасы:
шықпаларын жинақтау сымымен бітеумен әр түрлі диаметрлі сымдармен шағын габаритті мөлшерлерімен (ораулар мен шығарулардың көп санымен ШЛ5, ШЛ6, ШЛ8 магнитсымды қолданумен 4-5 мм орау терезесі) басу жинақтауының трансформаторларына және жоғары вольтты және жоғары жиілікті трансформаторларына арналған ерекше күрделі және ерекше тұрақты катушкаларды орау;
барлық климаттық және эскпорттық орындалған әр түрлі және ерекше қабылдауымен әр түрлі автоматтарда, жартылай автоматтарда және көпшпиндельдік автоматтарда тәжірибелі және сынақ трансформаторларын және дроссельдерін орау;
трансформаторлардың кедергілерін және индуктивтілігін айдау, қысқа тұйықталған орамдарға тексеру;
селдір қаңқаларда кез келген маркалы және диаметрлі сымдармен орау.
91. Білуге тиіс:
қолданылатын әр түрлі үлгідегі жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу принципін, қызмет көрсету тәртібін және жөндеу тәсілдерін;
әмбебап және арнайы құралдар мен бақылау- өлшеу аспаптарының, кез келген күрделілікті жабдықтардың белгілеуін және пайдаланылуын, қолданылатын материалдардың қасиеттерін;
техникалық және технологиялық сипаттамаларын, дайындалатын бұйымды орау түрлерін және ораудың техникалық шарттарын;
электр- және радиотехника негіздерін.
92. Жұмыс үлгілері:
1) «Малютка» түріндегі басу жинақтау сызбаларына арналған трансформаторлар - магнитсымдарға орау;
2) экспорттық және барлық климаттық орындалған ерекше тұрақты трансформаторлар – катушкаларды орау;
3) трансформаторлар - тороидалды аз габаритті түрлендіргіштер, видеотехникасына арналған аз габаритті трансформаторлар катушкаларды орау;
4) «Потенциал» түріндегі жоғары вольтты трансформаторлар - жеке дара, тәжірибелі, сынақ өндіріс жағдайларынла орау;
5) тороидалды, тәжірибелі және сынақтық көп қабатты трансформаторлар ұсақ сериялы өндіріс жағдайларында орау.
9. Басу сызбанегіздерінде электррадиоэлементтерді дайындау
және дәнекерлеу автоматы тармағының операторы
Параграф 1. Басу сызбанегіздерінде электррадиоэлементтерді
дайындау және дәнекерлеу автоматы тармағының операторы, 2-разряд
93. Жұмыс сипаттамасы:
ЭРЭ автоматтарда, жартылай автоматтарда және қолмен ыдыстан және екінші ыдыстан орауын ашу;
құндақтарда ЭРЭ (ЭРЭ әдеттегі ыдыспен түскен жағдайда) кілтін бағдарлаумен электррадиоэлементтерді технологиялық ыдысқа (құндаққа) салу;
автоматтарды, жартылай автоматтарды және қондырғыларды пайдалану нұсқаулығына сәйкес дайындау;
флюстар мен дәнекерлемелерді ауыстыру;
жабдықтың жұмысын қадағалау;
жұмыс барысында қолданылатын жабдықты жөндеп жіберу;
дәнекерлеменің толқынымен дәнекерлеу қондырғыларында дәнекерлеу процесін жүргізу (АП-4, ГГ-1621 және басқ.);
қолмен шой балғалардың орауын ашу және иілгіш өндірістік модульді (бұдан әрі - ИӨМ) түзету;
басқару және жұмыс бағдарламаларын енгізу;
пайдалану нұсқаулығы бойынша ИӨМ жұмысқа дайындау;
басу сызбанегіздерін көзбен шолып бақылау;
шой балғаларды ауыстыру;
шой балғалардың таңбалануын электронды техника бұйымдарымен (бұдан әрі - ЭТБ) салыстырып тексеру;
ИӨМ маңдайшаларының тарту торабын түзету.
94. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін автоматтарды, жартылай автоматтарды және қондырғыларды жұмысқа дайындау тәсілдерін және құрылысын және оларды пайдалану бойынша нұсқаулықтарды;
ИӨМ пайдалану бойынша құсқаулықтарды және ЭТБ автоматты құрастырудың технологиялық процесін;
ИӨМ айлабұйымдарды орнату қағидасын;
қызмет көрсететін ИӨМ тәсілдері мен құрылысын;
ЭРЭ пайдалану қағидаларын және кілттің бағдарлауымен қолмен технологиялық құрсауларға оларды салу тәсілдерін;
ЭРЭ шықпаларына қызмет көрсету және қалыпқа келтірудің технологиялық процестің талаптарын, дәнекерлемелердің, флюстардың құрамы мен белгіленуін және оларды пайдалануды, сызуларды оқу және оларды пайдалануды;
ЭРЭ статикалық электр тоғынан қорғау тәсілдерін, электронды техника бұйымдарын түсті таңбалау қағидаларын және таңбалауды (баспа торабын) оқуын;
ИӨМ автоматты құрастыруда олардың жарамдылығын айқындауды, электр және радиотехника негіздерін.
Параграф 2. Басу сызбанегіздерінде электррадиоэлементтерді
дайындау және дәнекерлеу автоматы тармағының операторы, 3-разряд
95. Жұмыс сипаттамасы:
ГГ-2631 жартылай автоматында электррадиоэлементтердің шығаруларына түтікті дәнекерлемені нығыздап келтіру;
АРПМ, ГГ-2633 жартылай автоматтарында басу сызбанегіздерін автоматы дәнекерлеу;
технологиялық процесте көрсетілген биіктікке дейін флюспен және дәнекерлемемен кішкене ванналарды көтеруді реттеу;
флюстерді, желімдерді, дәнекерлерді ауыстыру;
дәнекер толқыны, инфрақызыл дәнекерлеу, термоимпульсті дәнекерлеу және тағы басқа процесін енгізу;
дәнекерлеменің дозалары катушкаларын қайта зарядтау;
бағдарламаларды, перфокарталарды және координаталар шаблонын қайта зарядтау;
жабдықта кейіннен бекітумен шағын сызбаларды орнатудың орындарына шеткі төрт орнына микроскоптың көмегімен осьті туралау үстелінде баспа нызбанегіздерінің осін туралау;
кодтық жұқа тақтайшаларды құрастыру және оларды құрсауларға орнату, перфокарталардың кодын жұқа тақтайшаның кодымен тексеру;
әрбір құралда дәнекерлегіштердің температура шегін айқындау;
жұмыс барысында қызмет көрсетілетін автоматтарды және жартылай автоматтарды жөндеу;
ЭТБ шой балғаларының атаулы мәнге сәйкестігін тексеру;
баспа торабы ЭТБ жинағының жұмыс бағдарламасына сәйкестігін тексеру;
перфоленттерді бақылау;
электронды техника бұйымдарының құю тораптарын жөндеу;
ЭЕМ жұмысқа дайындау;
ЭЕМ жұмыс істеген кезде қателерды сыныптау.
96. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін автоматтарды және жартылай автоматтарды және ЭТБ жөндеу тәсілдері мен құрылысын;
қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау және пайдалану бойынша нұсқаулықтарды;
орындалатын жұмыс шегінде ЭТБ механикасын, автоматикасын, пневматикасын, ЭРЭ дәнекерлеудің және ИӨМ автоматты құрастырудың технологиялық процесін;
дәнекерлемелердің, флюстардың құрамын және оларды пайдалануды;
ванналарда дәнекерлемені ауыстыруқағидасын;
электр- және радиотехника негіздерін.
Параграф 3. Басу сызбанегіздерінде электррадиоэлементтерді
дайындау және дәнекерлеу автоматы тармағының операторы, 4-разряд
97. Жұмыс сипаттамасы:
ГГ-2628, ГГ-2629, ГГ-2630, ГГ-2633, АРПМ автоматтардың және жартылай автоматтардың кешенінде басу сызбанегіздеріне электррадиоэлементтердің түйіншегін шешу, қалыпқа келтіру, қалайылау, нығыздау және дәнекерлеу процесін жүргізу;
кешенді баптау және АРПМ жанастыру. ИӨМ құю және ПУ орнын ауыстыруды талап ететін көп өткелді түрлі басу тораптарын басқару пультімен автоматты құрастыру және оларды бағдарламалық басқарумен иілгіш өндіріс модульдеріне бекіту;
есептегіш басқару құрылғыларымен жұмыс;
қызмет көрсететін ЭТБ жөндеу;
технологиялық процестің талаптарын ескерумен кешен жұмысының режимін бақылау және өлшеу;
перфоленаларда қателерді бақылау және табу;
бағдарламаларды әзірлеуге қатысу.
98. Білуге тиіс:
басу сызбанегіздерінде электррадиоэлементтерді дәнекерлеудің автоматы тармағының құрылысы және жұмыс істеу принципін;
автоматтарды, жартылай автоматтарды және бүкіл кешенді пайдалану бойынша нұсқаулықтарды, электррадиоэлементтерді дайындау және дәнекерлеу бойынша технологиялық процестің талаптарын;
ЭТБ жөндеу әдістерін, ЭТБ құралдарды орнату тәсілдерін, ЭТБ қарапайым ақауларын анықтау қағидаларын, пайдаланылатын жабдықты жөндеу қағидасын;
АРПМ және ГГ-2633 үшін бағдарламаларды жобалау негіздерін, электро- және радиотехника негіздерін.
10. Электракустикалық өлшемдердің операторы
Параграф 1. Электракустикалық өлшемдердің операторы, 3-разряд
99. Жұмыс сипаттамасы:
үні өшірілген камерада сыналатын дауыс зорайтқышты және өлшеу микрофонын орнату;
сыналатын дауыс зорайтқыштың және өлшеу микрофонының жиілікті сипаттамасын жазу;
сыналатын дауыс зорайтқыштың дыбыс катушкасына берілетін кернеуді есептеу;
электракустикалық аппаратураны және аспаптарды жұмысқа дайындау.
100. Білуге тиіс:
электракустикалық өлшемдер кезінде қолданылатын аппаратураның, құралдар мен басқа қондығылардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін;
олардың белгіленуін және оларды пайдалану қағидасын;
әр түрлі аппаратура мен аспаптарды пайдаланумен электракустикалық өлшемдердің тәсілдерін;
дыбыс жиілікті генераторы, лампалық вольтметр, қуатты күшейткіш, дауыс зорайтқыштарды және микрофондарды жазудың блок- сызбасын, дауыс зорайтқышының дыбыстық катушкасына электр қуатын берудің жиілік сипаттамасын жазу блок-сызбасын;
дыбыс қабылдағышты зерттеуші ретінде дауыс зорайтқышы және микрофон туралы жалпы түсінікті.
Параграф 2. Электракустикалық өлшемдердің операторы, 4-разряд
101. Жұмыс сипаттамасы:
гармоникалардың талдағышында дауыс зорайтқыштың гарминикалары коэффициентін өлшеу, ТЕБӨ-де (тармақтық емес бұрмалаулар өлшеуішінде) гармоникалар коэффициентін өлшеу;
микрофондар мен дауыс зорайтқыштардың толық электрлік кедергісі модулының жиіліктік сипаттамаларын және микрофондар мен дауыс зорайтқыштардың бағыттылық сипаттамаларын жазу;
дауыс зорайтқыштардың механикалық резонанс жиілігін және дауыс зорайтқыштардың толық электрлік кедергісі модулін өлшеу;
дискретті жиіліктер бойынша микрофонның жиілікті сипаттамаларын анықтау; дауыс зорайтқыштың дыбыстық қысымдарын және микрофонның, дауыс зорайтқыштың жиілікті сипаттамаларының әркелкілігін есептеу, үлгілік микрофонмен салыстыру әдісімен жазу қисықтары бойынша микрофондардың сезімталдылығының жиілікті сипаттамаларын есептеу.
102. Білуге тиіс:
электракустикалық өлшемдер кезінде қолданылатын аппаратураның, құралдар мен басқа қондығылардың құрылысын;
электрлік сызбасын, белгіленуін;
жөндеу және пайдалануқағидасын, мыналардың блок- сызбасын: а) микрофонның және дауыс зорайтқыштың толық электрлік кедергісі модулының жиіліктік сипаттамаларын жазу, б) дауыс зорайтқыштың толық электрлік кедергісінің модулін өлшеу, в) дауыс зорайтқыштың механикалық резонанс жиілігін өлшеу, г) дауыс зорайтқыштың гармоникалар коэффициентін өлшеу, д) микрофондар мен дауыс зорайтқыштардың бағыттылығының сипаттамаларын жазу, е) дискретті жиіліктер бойынша микрофондардың жиілікті сипаттамаларын анықтау, ж) орташа стандартты дыбыстық қысымды анықтау, электр және радиотехника негіздерін.
103. Жұмыс үлгілері:
1) дауыс зорайтқыштар - орташа стандартты дыбыстық қысымды және жиілікті сипаттаманы әркелкілігін есептеу;
2) дауыс зорайтқыштар, дыбыс бағаналары – электрлік кедергіні, тармақтық бұрмалу коэффициентін есептеу, магнитті индукцияны өлшемдер;
3) динамикалық микрофондар – толық электрлік кедергі модулінің жиілікті сипаттамасын және бағыттылықтың жиілікті сипаттамасын жазу
Параграф 3. Электракустикалық өлшемдердің операторы, 5-разряд
104. Жұмыс сипаттамасы:
дауыс зорайтқыш пен шу жолағы бар микрофонның жиілікті сипаттамаларын өлшеу;
микрофонның орташа сезімталдылығын және дауыс зорайтқыштың орта дыбыстық қысымын анықтау;
микрофондар мен дауыс зорайтқыштардың бағыттылығының сипаттамаларымен шу жолақтарымен жазу;
дауыс зорайтқыштардың толық электрлік кедергісінің модулінің орташа мәнін шу жолақтарымен анықтау;
қабылдағыштардың сынақтарын жүргізу: АМ және ЧМ төмен жиілікті трактінің жиілікті сипаттамаларын жазу;
АМ және ЧМ төмен жиілікті трактінің гармоникалар коэффициентін анықтау;
орта стандартты дыбыстық қысымға кез келген қуат кезінде және кез келген қашықтықта сыналған дауыс зорайтқыштың орташа дыбыстық қысымының мөлшерін есептеу;
дауыс зорайтқыштың номиналды қуатына сәйкес келетін орташа дыбыстық қысымға дауыс зорайтқыштың орташа стандартты дыбыстық қысымның мөлшерін есептеу;
тармақтық емес бұрмалаулар коэффициентін өлшеген кезде дауыс зорайтқыштың дыбыстық катушкасында ұсталынатын кернеуді есептеу.
105. Білуге тиіс:
электракустикалық аппаратура мен аспаптарды дәлдікке тексеру тәсілдері мен электрлік сызбаларын, мыналардың блок- сызбасын: а) микрофонның және дауыс зорайтқыштың жиіліктік сипаттамаларын шу жолақтарымен алу, б) микрофондардың орташа сезімталдылығын шу жолақтарын анықтау, г) микрофонның және дауыс зорайтқыштың шу жолақтарымен түзетілгендік сипаттамаларын жазу, д) дауыс зорайтқыштың толық электрлік кедергісін шу жолақтарымен модульдің орташа мәнін анықтау, е) АМ, ЧМ және НЧ трактілерінің гармоникаларының коэффициентін анықтау және жиілікті сипаттамаларын жазулар;
электр және радиотехниканегіздерін.
106. Жұмыс үлгілері:
1) дауыс зорайтқыштар – орташа дыбстық қысымның мөлшерін орташа стандартты немесе орташа номиналды дыбыстық қысымға қайта есептеу.
Параграф 4. Электракустикалық өлшемдердің операторы, 6- разряд
107. Жұмыс сипаттамасы:
ИЧ қуатымен дыбыс генераторымен берілетін жиіліктерді, беру біркелкілігін (дауыс зорайтқышқа жиілікті сипаттамамен жазу) және дыбысты жиіліктің генератордың тармақтық емес бұрмалау коэффициенттерін өлшеу және тексеру;
бланкіде көрсетілген жиіліктермен генератор жиіліктерінің үйлесуі;
қуатты күшейткіштің тармақтық емес бұрмалау коэффициентін өлшеу және тесеру және дауыс зорайтқышқа тиеу кезінде жиілікті сипаттаманы жазу;
аппаратураның ГОСТ талаптарына сәйкестігін тексеру;
өлшеу (микрофондық) күшейткіштің күшею коэффициентін барлық номиналды жиіліктер диапазонында тексеру және жиілікті сипаттаманың әркелкілігін анықтау;
камерада дыбыстық аймақтың құрылымын өлшеу және анықтау;
микрофондарға, дауыс зорайтқыштарға, ГОСТ-қа сәйкес қарапайым және күрделі қабылдағышқа сынаулар жүргізу;
сынақ деректері бойынша параметрлерді есептеу және сынақтар хаттамаларын құрастыру.
108. Білуге тиіс:
электракустикалық өлшемдер кезінде қолданылатын әр түрлі аппаратура мен аспаптардың құрылымын;
тексеру тәсілдері мен қағидаларын, сынақтар сипаты бойынша ерекше күрделілерді салыстыруды;
ерекше күрделі өлшемдерді және сынақ жұмыстарын орындаумен байланысты есептеулерді;
арнайы орта білім қажет.
109. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
110. Жұмыс үлгілері:
1) дыбысты жиілікті, қуатты күшейткіштің және өлшеуді күшейткіштің геренаторлары- тексеру;
2) дауыс зорайтқыштар - толық сынау, параметрлерді есептеу және анықтау;
3) микрофондар - толық сынау және параметрлерді анықтау;
4) 1-ші және жоғары класты қабылдағыштар – толық сынау және параметрлерді есептеу.
11. Катушкаларды қиыстырып келтіруші
Параграф 1. Катушкаларды қиыстырып келтіруші, 2-разряд
111. Жұмыс сипаттамасы:
катушкаларды қысқа тұйықталған орамдарға тексеру;
сызуларда көрсетілген рұқсаттар бойынша және техникалық шарттарға сәйкес индуктивтілік пен кедергілерді айдау;
сызба бойынша мүмкіндік шектерін есептеу;
контурлық катушкалардың, дроссельдердің катушкаларын, потенциометрлерді және басқа;
электрлік параметрлерін тексеру және өлшеу, сондай-ақ электр өлшеу аспаптарын қолданумен оларды берілген мөлшерге дейін қиыстырып келтіру;
магнитті өзекшенің қасиеттерін және қуат кабельдерінің қосылыс сызбаларын тексеру.
112. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін радиоаппаратураның,аспаптардың жұмыс істеу принципі, бақылау- өлшеу аспаптарының және неғұрлым кеңінен таралған арнайы жабдықтардың белгіленуін;
пайдалану шарттары мен қағидаларын, контурлық катушкалардың, дроссельдер- катушкалардың, трансформаторлардың, потенциометрлердің және басқалардың;
электрлік шамаларын өлшеу және тексеру қағидаларын, оларды берілген мөлшерге дейін айдау тәсілдерін;
бақылау- өлшеу аспаптарын қосу қағидаларын, катушкаларды ораудың тәсілдерін;
электр және радиотехника негіздерін.
113. Жұмыс үлгілері:
1) катушкалар ±/- 10% дейін дәлдікпен индуктивтілікті айдау;
2) телефондық реле катушкалары ±/- (1 - 2)% кедергі бойынша;
3) индуктивтілікті өлшеу аспаптары ±/- 10% дәлдікпен, кедергі көпірінде
+/- 10% рұқсатпен кедергіні тексерумен индуктивтілікті айдау.
Параграф 2. Катушкаларды қиыстырып келтіруші, 3-разряд
114. Жұмыс сипаттамасы:
техникалық шарттармен және сызулармен қарастырылған берілген рұқсаттар бойынша дәл индуктивтілікті, кедергілерді және трансформация коэффициентін айдау, индуктивтіліктің резонанстық және әмбебап көпірлрінде, трансформация коэффициентін өлшеуге арналған аспаптарда индуктивтілікті өлшеу.
115. Білуге тиіс:
катушкаларды айдау кезінде қолданылатын әр түрлі катушкалардың және аспаптардың құрылысын, белгіленуі және айдау тәсілдерін;
индуктивтілікті және кедергілерді өлшеуге арналған жұмыс орындарының сызбаларын;
орау түрлері және олардың сипаттамаларын, түйіндерді орауға техникалық шарттарды;
түйіндерді қабылдау қағидасын және оларды сынауды, электр және радиотехника негіздерін.
116. Жұмыс үлгілері:
1) тороидалды өзекшелерге оралған катушкалар ±/- 0,75% дейінгі дәлдікпен индуктивтілікті айдау;
2) альсиферде, карбонилді темірден және темірлерден жасалған өзекшелерімен катушкалар ±/- 1% дейінгі дәлдікпен айдау.
12. Радиоэлектронды аппаратура мен аспаптардың реттеушісі
Параграф 1. Радиоэлектронды аппаратура
мен аспаптардың реттеушісі, 3-разряд
117. Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым және орта күрделі электр механикалық, радиотехникалық, электрондық- есептеу, гироскопиялық, гидроакустикалық механизмдер мен аспаптардың, бақылау- өлшеу аспаптарының, радио- және электрөлшеу аппаратурасының құрастыру бірліктері мен элементтерін техникалық шарттар мен арнайы нұсқаулықтар бойынша электрлік және механикалық реттеу және тексеру, сынау;
аспаптардың қозғалмалы жүйесін баланстау;
негізгі қуат көздерін реттеу;
бақылау- өлшеу аспаптарын және құралдарды қолданумен электрлік сызбалар бойынша радиоэлектрондық аппаратураның құрастыру бірліктері мен элементтерін электрлік тексеру;
тиісті жабдықтарды және айлабұйымдарды қолданумен реттелетін аппаратураны климаттық және басқа сынаулар;
құрастыру бірліктері мен блоктардың нақты емес және дұрыс емес жұмыс ітеуінің себептерін анықтау, жарамсыз түйіндері мен бөлшектерін ауыстырумен механикалық және электрлік ақауларын анықтау және жою;
қарапайым және орта күрделі реттелетін аппаратураны сынау және жатықтыру, қабылдаушыға тапсыру;
техникалық шарттарға сәйкес тиісті параметрлерге аз қаныққан жинақтаумен блоктарды баптау және реттеу.
118. Білуге тиіс:
электрмеханикалық және радиотехникалық аспаптар мен жүйелерді, ЭЕМ аппаратурасын және сымды байланыс аппаратурасын, бақылау- өлшеу аспаптарын;
орта күрделілікті электр және радио өлшеу аппаратурасының құрылысын, механикалық және электрлік реттеу әдістері мен тәсілдерін, тексеру;
сынаулар және жаттықтыруларды, радиоэлектрондық аппаратураның жиілігін тұрақтандыру тәсілдері және тұрақтандыратын құрылғылардың жұмыс істеуприципін;
бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы мен белгіленуін, оларды пайдалану және реттелетін аппаратураға қосу ережесін;
радиоэлектрондық аппаратураның өндірісі кезінде қолданылатын электроқшаулау материалдарының диэлектрлік қасиеттерін, жиіліктің температуралық коэфициентін және оның электромеханикалық сүзу жұмысына әсерін өлшеу және есептеу тәсілдерін;
электромеханикалық сүзу элементтерін өлшеу және реттеу тәсілдерін, реттелетін аппаратураның ақаулықтарының негізгі түрлерін және оларды жою тәсілдерін, электр және радиотехниканың негіздерін.
119. Жұмыс үлгілері:
1) дозиметрикалық аппаратура – реттеу;
2) электромеханикалық 2 класты телефон аппараты – электронды-механикалық реттеу, техникалық және бақылау сыналастыруына дайындау;
3) толқын өлшегіш блоктары – кесте құру және шығынды айқындау;
4) бергіш және конденсаторлардың блогы – электрлі реттеу;
5) өлшеу блоктары – электрлік беріктікті және оқшаулау кедергісін тексеру;
6) тұрмыстық радиоаппаратураның қуаттандыру блоктары – реттеу;
7) теледидар блоктары: мәліметтер, қуат алулар, коллекторлар, СВП операция бойынша реттеу;
8) толқын ағызғылары – ауытқымалы толқын коэффициенті (бұдан әрі – АТК) және орнықты толқын коэффициенті (бұдан әрі – ОТК) электрлік параметрлері бойынша тексеру және реттеу;
9) сандық әмбебап вольтметрлер – баптау;
10) дыбыстық генераторлар –операция бойынша электрлік тексеру және реттеу;
11) тірек генераторлары -өлшемдері бойынша ЭРЭ іріктеу және жиілік бойынша баптау;
12) коммутатор ұялары және кілттер – реттеу;
13) магнитті бастиектер- индуктивтілікке және оқшаулау кедергісіне ойнатудың жиілікті сипаттамаларының арнайы стенділерінде тексеру;
14) динамикалар – элертрлі тексеру;
15) радиокедергілерді өлшемдер - операция бойынша реттеу;
16) қадамдық әр түрлі жүйелердің іздегіштері - операция бойынша реттеу;
17) тұрақты және жедел жадының құндағы – электрлі және электромагнитті өлшемдерге тексеру;
18) кинескоптар, радиолампалар, транзисторлар - режимдерді тексеру;
19) нобайлар – қажетті өлшемдер бойынша ЭРЭ іріктеумен тапсырылған жиілікке баптау;
20) магнитофондар – электрлік реттеу және баптау (сериялық өндіріс жағдайларында);
21) тұрақты магниттер – тапсырылған өлшемдер бойынша жапсыру және алу;
22) әмбебап осциллографтар – операция бойынша реттеу;
23) пакеттік ауыстырып қосқыштар – климаттық және басқа сынақтар;
24) жанастыра салынған конденсаторлармен ауыстырып қосқыштар, қуатты қайта құрушылар – реттеу;
25) телефон станцияларының автоматты жинақтары релесімен сызбанегіздер – реттеу;
26) сызбанегіздер, модульдер, құндақтар –реттеу, баптау;
27) М-4200, Э-378 түрлі электр өлшейтін қалқандық аспаптар - реттеу;
28) транзисторлық қабылдағыштар – тұрақты тоқ бойынша режимдерін анықтау және төмен жиілікті күшейткішті жөндеу;
29) радиоөлшейтін стандартты емес пульттар – реттеу және тексеру;
30) радиоблоктар – қосу, тұрақты тоқ бойынша режимдерді тексеру, кедергілер мен кернеулер карталарын алу;
31) кең тарататын радиоқабылдағыштар – түйіндері мен блоктарын баптау және реттеу;
32) электромеханикалық сүзгілердің әр түріне арналған резонаторлар –сыналастыру және резонансты жиілігін өлшеу;
33) кернеу тұрақтандырғышы – тексеру және электрлі реттеу;
34) теледидарлар – айналдыруды, синхрондауды баптау, жиілікті сипаттамаларын тексеру, бұрауларды шылдырлату және сауытта соңғы реттеу;
35) түрлі-түсті және ақ-қара бейнелейтін теледидарлар - өлшемдер бойынша ЭРЭ іріктеу және аралық жиілік сүзгілерінің жиілігі бойынша баптау, П2К түріндегі тораптарды реттеу;
36) теледидарлар, радиоқабылдағыштар, арнайы аппаратураның блоктары баптау, электрлік жүктемемен вибросілкілеу және электржаттықтыру;
37) динамикалық, стереофондық телефондар – электрлік реттеу;
38) термостаттар, термореттеуіштер – сызбаларды баптау, температураны реттеу, толық реттеу;
39) көпарналы телефондаудың аппаратура түйіндері - механикалық және электрлік реттеу, күшейткіштердің, модуляторлар мен демомодуляторлардың жиілікті және амплитудалық сипаттамаларын өлшеу;
40) 2 және 3 класты теледидарларда төмен жиілікті дауысты күшейткіштер – баптау;
41) тоқ және кернеуді күшейткіштер – реттеу;
42) антенна құрылғылары – жоғарыжиілікті жолдарды тексеру;
43) есте сақтайтын, интегралды сызбаларда (қарапайым) цифрлы құрылғылар – ТШ сәйкес тексеру, қабылдаушыға тапсыру;
44) қашық байланысты 1 - және 2- буындық аппараттардың сүзгілері - өшу сипаттамаларын өлшеу;
45) есептеу техникасының элементтері (трансформаторлар, логикалық кілттер, модуль ұяшықтары) - электрлік реттеу, ауыспалы тоқ бойынша режимдерді алу, механикалық және климаттық сынаулар жүргізу.
Параграф 2. Радиоэлектронды аппаратура
мен аспаптардың реттеушісі, 4-разряд
120. Жұмыс сипаттамасы:
өндірістің барлық түрлерінде және күрделі ірі сериялы және жаппай өндірісте орта күрделі қабылдау- тарататын, теледидарлық және дыбыс жазатын радиоқұрылғыларды, радиоэлектрондық аппаратураны, ЭЕМ аппаратурасын, гироскопиялық, гидроакустикалық аспаптар мен түйіндерді электрлік және механикалық реттеу;
орта күрделі және күрделі бақылау- өлшеу аспаптарын, радио және электр өлшеу аппаратурасын реттеу, сынау және электрлік тексеру;
ТШ және арнайы нұсқаулықтарға сәйкес реттелетін аппаратураның және құрылғылардың жұмысқа қабілеттілігін толық тексеру, баптау, сынау және жаттықтыру;
реттелетін аппаратураның және аспаптардың механикалық және электрлік дәлсіздіктерін анықтау және оларды жою;
бөлшектері мен түйіндерін қиыстырып келтірумен және ауыстырумен орта күрделі аспаптардың әр түрлі көздерін реттеу;
электрлік өлшемдері мен жұмыс режимдерін тексерумен реттелетін аспаптардың, аппаратураның және жүйелердің қосылыс сызбаларын құрастыру.
121. Білуге тиіс:
реттелетін радиоэлектрондық аппаратураның құрылысы мен белгіленуін, блоктардың, құрастыру бірліктері мен элементтердің өзара әрекеттесуін, сондай-ақ олардың жұмыс режимдерін;
радиотехникалық, электрмеханикалық және басқа аспаптардың және орта күрделі жүйелердің құрылысын және қызмет ету принципін;
электрлік және механикалық реттеу әдістері мен тәсілдерін, электрлік тексеру және жаттықтыру тәсілдерін;
күрделі бақылау- өлшеу аспаптарын және махнизмдердің құрылысын, белгіленуі және пайдалану шарттарын, қажетті өлшемдер жүргізу;
реттелетін аппаратураға кестелер құру және осциллограммалар алу тәсілдерін, радиотолқындарды қабылдауды генерациялау;
күшейту және орта күрделі станциялар мен күрделі аспаптарды баптау принципін;
реттелетін аппаратураға техникалық шарттарды және реттейтін бұйымдарды тапсыруқағидасын;
электр және радиотехника негіздерін.
122. Жұмыс үлгілері:
1) кварцты, клистрондық автогенераторлар - электрлік реттеу;
2) амперметрлер, вольтметрлер, тестерлер - реттеу және тексеру;
3) телеграфты аппараттар - механикалық және электрлік реттеу;
4) телеграфты электрондық аппараттар - электрондық субблоктарды баптау;
5) қашық байланыстың аппаратура блоктары – реттеу;
6) толқынөлшеуіш блоктары - генераторларда стандарты сигналдарды тексеру, градустау, қателігін анықтау және кесте құру;
7) есептеу техникасының блоктары (ақпарат жинақтағыштары, тұрақтандырғыштар, генераторлар) - электрлік реттеу, климаттық сынаулар өткізу;
8) түрлі- түсті бейнелі теледидарлардың біріңғайландырылған блоктары және түйіндері – баптау;
9) толқынағызғылар, толқын ағызғылық және коаксиалды тармақтандырғыштар КСВ ТУ бойынша тексеру және реттеу;
10) кварцты стационарлық, импульстық, стандартты сигналдардың генераторлары, осциллографтар – реттеу;
11) магнитті бастиектер - кедергілерді жазу мен деңгейінің жиілікті сипаттамаларын тексеру;
12) индикаторлар – қуаттандыратын құрылғымен индикаторды қосу сызбаларын құрастыру, реттеу, климаттық сынаулар;
13) әр түрлі жүйелердің қадамдық іздеуіштері – толық реттеу;
14) тұрақтандырылған қуат алу көздері - реттеу;
15) автоматты станциялардың диспетчерлік коммутаторлары- ақауларды жоюмен және төмен жиілікті күшейткіштерден сипаттамаларды алумен толық реттеу;
16) тұрақты және операциялық жады кубтары – құрылғы құрамында жұмыс істеуге реттеу;
17) магнитофондар – реттек және баптау (ұсақ сериялы және жеке өндірісте);
18) көбейтетін, уақыттық, бағдарламалық, арретациялаушы механизмдер – реттеу, сынаулар, ТУ бойынша тапсыру;
19) шағын сызбаларды қолданумен модульдер – реттеу;
20) орташа күрделілікті оптика-электронды аспаптар – реттеу, осьті туралау, сипаттамаларын тексеру, сынақ өткізу (сериялы өндірісте);
21) кварцты тұрақтандырғыштарымен, қысқа толқындық 2 –диапазондық таратқыштар – электрлік тексеру, реттеу, қабылдаушыға тапсыру;
22) басу сызбанегіздері – жұмыс істеуге тексеру;
23) электрондық сағаттардың сызбанегіздері – істемеудің, жөндеу мен реттеудің себептерін анықтау;
24) қалааралық телефон станцияларының релелік жинақтарын тексеруге арналған аспаптар – электрлік тексеру;
25) есептеу- шешуші аспаптар – түйіндерді реттеу;
26) автоматты баптаумен көпкаскадты қабылдағыштар реттеу;
27) радиоөлшейтін, стандарты емес күрделі пульттар механикалық және электрлік реттеу, тексеру;
28) трансляциялық радиотүйіндер - электрлік реттеу;
29) күрделі релелер – реттеу;
30) бақылаушы жүйелер – күшейткішті баптау;
31) телеграфты автоматты станциялар - электрлік және механикалық реттеу;
32) автоматты баптаумен көпкаскадты теледидарлар реттеу;
33) түрлі- түсті теледидарлар – конвейерде алдын ала және соңғы реттеу;
34) көпқабатты басу платаларында логикалық және арнайы ТЭЗ-дер - ТШ сәйкес электрлік реттеу;
35) магнитті күшейткіштер - тексеру және қабылдаушыға тапсыру;
36) интегралды сызбаларда ұқсас-сандық құрылғылар баптау, ТУ сәйкес қабылдаушыға тапсыру;
37) 3-, 4- және 5-буындық алыс байланыс аппаратурасы сүзгіші - өшу сипаттамаларын және кіретін кедергіні өлшеу, радиоэлементтерді іріктеу, жиілік бойынша баптау, механикалық және электрлік тексеру.
Параграф 3. Радиоэлектронды аппаратура
мен аспаптардың реттеушісі, 5-разряд
123. Жұмыс сипаттамасы;
техникалық шарттарға сәйкес күрделі қабылдау- тарататын, теледидарлық және дыбыс жазатын радиоқұрылғыларды, арнайы аппаратураны, электрондық есептеу, электрмеханикалық, гироскопиялық, гидроакустикалық түйіндерді, аспаптар мен жүйелерді электрлік және механикалық реттеу;
ерекше күрделі бақылау- өлшеу аспаптарын және радио және электр өлшеу аппаратурасын реттеу, электрлік тексеру және сынау;
әр түрлі бақылау- өлшеу аспаптарын қолдаумен реттелетін станциялардың, құрылғылар мен аппаратураның жинақтау дұрыстығын, электрлік параметрлері мен жұмысқаблеттілігін тексеру;
анықталған ақаулар мен ақаулықтарды жою;
күрделі механизмдерді, аспаптар мен жүйелерді реттеу мен сынау үшін қосылыстардың макеттік сызбаларын құрастыру;
күрделі радиоқұрылғыларды және басқа аппаратураны электрмеханикалық баптау және жоғары жиілікті трактілерді баптау;
сызбалар мен олардың жеке түйіндерінің жұмыстарын көрсетумен реттейтін бұйымдар мен жүйелерге сериялық және таңдамалы сынаулар жүргізу;
аппаратураны және аспаптарды қабылдаушыға тапсыру.
124. Білуге тиіс:
әр түрлі тағайындаудағы аппараттарды, модельдер мен аспаптарды дәлдікке тексеру мен реттеу тәсілдерін;
құрылысын, қызтет ету принципін;
жөндеу сызбаларын, күрделі құрылғыларды электрлік, механикалық және кешенді реттеу әдістері мен тәсілдерін, көбейтетін, синустық механизмдерді құру принципін;
ұтымды әдістер және оларды реттеу жүйелілігін, станциялардың, жекелеген құрылғылардың, аспаптар мен блоктардың режимдерін орнатупринципін, күрделі радиоқұрылғылардың жекелеген каскадтарын экрандау қағидасын;
бұйымдарды толық сынау және қабылдаушыға тапсыру қағидасын;
ерекше күрделі құрылғыларды сынаулар кезінде қателік пайызын анықтау әдістері мен тәсілдерін;
әр түрлі кешендердің жалпы сызбасында жекелеген құрылғылардың белгіленуін, жұмыс істеу және өзара әркеттесупринципін;
электр және радиотехника негіздерін.
125. Жұмыс үлгілері:
1) антенналар, антенна құрылғылары - таратқышпен жұмыстрды келістіру; диаграммаларды, кернеу сипаттамаларын алу, толқын ағызатын трактілермен келістіру, «жүгіретін толқын» коэффициентін анықтау;
2) көпарналық телефондық станцияларының аппаратурасы - механикалық және электрлік реттеу:
3) арнайы, өлшейтін аппаратура, ЭЕМ және кернеумен стаионарлық механикалық сынаулар, блоктар мен түйіндерді реттеу; толық электрлік реттеу;
4) көпарналық дыбыс жазатын аппаратура - механикалық және электрлік реттеу;
5) телеграфтық электрондық – механикалық аппаратура – толық реттеу және баптау;
6) фототелеграфты аппаратура – реттеу;
7) электрмагнитті, эксцентрикті және сағаттық механизмдермен блоктар – реттеу;
8) бұйрықтарды автоматты шифрлаумен және қайта шифрлаумен басқару блоктары – реттеу;
9) ЭЕМ блоктары және жартылай сымды аспаптар мен интегралды шағын сызбалармен оларға құрылғылар- ТУ сәйкес электрлік параметрлерді реттеу;
10) ВЧ аспаптар – бөлшектерді механикалық жеткізу тәсімімен және жанастыру құрылғылармен реттеу;
11) бейне импульстарының генераторлары – баптау;
12) ВЧ бастиектері – реттеу;
13) жиілік бөлгіштері - реттеу;
14) индуктивтілік өлшеуіштер, көпірлік ыдыстар - реттеу, тексеру;
15) телефондық қалааралық станциялардың, диспетчерлік және өрт сөндіру станцияларының коммутаторлары - толық реттеу және жаттықтыру;
16) 1 және жоғары класты магнитофондар - электрлік реттеу;
17) гироскоп маятниктері – ауытқулар амплитудасын реттеу;
18) синхрондық және бақылау- қадағалау құрылғыларымен механизмдер- реттеу;
19) электрондық сағаттардың платалары – жиілік инверторы мен бөлгішінің шығатын және кіретін сигналдарын алу арқылы істемеулердің себептерін анықтау;
20) жартылай автоматты потенциометрлер (электрөлшеу аспаптарын тексеру үшін) – реттеу;
21) түзететін және бағдарламалық аспаптар реттеу;
22) қабылдағыштар, теледидарлар, арнайы аппаратура – толық климаттық сынаулар өткізу;
23) шағын қуатты радиостанциялар – КВ бақылауының автоматты жүйесін реттеу;
24) күрделі және ерекше күрделі герметикалық реле - реттеу;
25) импульстардың синхрогенераторлары – баптау;
26) есептеу- шешуші аспаптардың жүйелері – реттеу;
27) күрделі оптико- электронды аспаптар және жүйелер – реттеу, осьті туралау, сипаттамасын тексеру, сынақ жүргізу (тәжірибелі және сериялы өндірісте);
28) радиорелелік станциялар – баптау және тексеру;
29) логикалық сызбанегіздермен стенділер - бірлік үлгілерін реттеу;
30) телефондық қалааралық станциялардың уақыт есептеуіштері – реттеу;
31) түрлі- түсті теледидарлар - электрлік реттеу (тәжірибелі өндірісте);
32) арнайы ерекше күрделі ТЭЗ-дер - ТШ сәйкес параметрлерді электрлік реттеу;
33) әр түрлі, көпкаскадты күшейткіштер (УКВ, ЖЖТС) – баптау, реттеу;
34) бақылау- өлшеу теледидар қондырғысы баптау;
35) жоғары жиілікті қондырғылар (қосатын жартылай сымды аспаптар және интегралды сызбалар) - тексеру, ТШ сәйкес қабылдаушыға тапсыру;
36) есте сақтайтын құрылғылар (күрделі) – ТУ сәйкес тексеру, қабылдаушыға тапсыру;
37) интегралдық сызбаларға сандық (күрделі) құрылғылар ТУ сәйкес тексеру;
38) 5 буыннан жоғары аралық, жолақтық және режекторлық сүзгілер - өшу сипаттамаларын, кіретін кедергіні және ассиметрияны өлшеу;
39) 1 және жоғары кластың электрофондары, шағын габаритті магнитолалар - электрлік реттеу.
Параграф 4. Радиоэлектронды аппаратура
мен аспаптардың реттеушісі, 6-разряд
126. Жұмыс сипаттамасы:
техникалық шарттар, бағдарламалар мен арнайы нұсқаулықтарға сәйкес ерекше күрделі электрмеханикалық, радиотехникалық, электрондық- есептеу, гироскопиялық, гидроакустикалық және электракустикалық құрылғыларды, механизмдерді, аспаптар мен жүйелерді электрлік, электракустикалық және механикалық реттеу, толық тексеру, сынау және қабылдаушыға тапсыру;
ерекше күрделі субблоктарды, блоктарды және кешенді миниатюрлеу принциптерінің және микроэлектрондық базаның негізінде жобаланған құрылғыларды баптау, реттеу, сынау;
кез келген күрделілікті бақылау- өлшеу аспаптарын, радио- және электр өлшеу аппаратурасын, сондай-ақ сынақ аспаптары мен тәжірибелі үлгілерді электрлік және механикалық реттеу, толық тексеру және қабылдаушыға тапсыру;
кез келген күрделілікті аппаратураның, механизмдердің, аспаптар мен жүйелердің қайта әзірленетін технологиялық және тәжірибелі үлгілерін реттеу мен сынау үшін сызбалар құрастыру;
аппаратура мен станциялардың сызбаларын реттеу және жаттықтыру әдістерін әзірлеуге қатысу;
реттелетін бұйымдардың негізгі электрлік параметрлерін есептеу;
аппаратураның тәжірибелі дайындамаларын тексеру;
аспаптардың сипаттамаларын алумен сызбаларды өңдеу және жүйенің жұмысын тұтастай көрсетумен қабылдаушыға тапсыру.
127. Білуге тиіс:
реттелетін аппаратураның құрылымын, белгіленуін, әр түрлі тағайындаудағы радидоэлектрондық аппаратура бұйымдарының тәжірибелі үлгілері мен ерекше күрделі құрылғыларын электрлік, механикалық және кешенді реттеу әдістері мен тәсілдерін;
тұтастай құрылғылар мен станциялардың режимдерін белгілеупринциптерін, сондай-ақ реттелетін аппаратурадағы ақаулықтарды анықтау әдістері мен оларды жою тәсілдерін;
кедергілерді жою тәсілдерін, реттелетін құрылғылардың ерекше күрделі сызбалары мен элементтерін есептеу әдістерін;
реттелетін аппаратураның, аспаптардың және станциялардың зауыттық және далалық жағдайларда әр түрлі сынау қағидаларын, тағы басқа.
128. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
129. Жұмыс үлгілері:
1) кедергіні, индуктивтілікті, сыйымдылықты автоматты сандық өлшеуіштер - тексеру, реттеу;
2) дозиметрлік аппаратура ерекше күрделі, радиоактивті сәуле тарату спектрлерінің анализаторлары - тәжірибе үлгілерін реттеу;
3) дыбыс жазатын, көпарналы, ерекше күрделі аппаратура - электрлік және механикалық реттеу (тәжірибелі өндірісте);
4) арнайы аппаратура (тәжірибе үлгілері) – сызбаларды өңдеумен тексеру, кернеумен вакуумдық сынаулар;
5) телеграфты, фототелеграфты (ерекше күрделі) аппараттар механикалық және электрлік реттеу, баптау және сынаулар;
6) ЭЕМ аппаратурасы- тәжірибе үлгілерін реттеу;
7) кез келген күрделілікті телефондау ВП аппараттары- толық электрлік тексеру, қабылдаушыға тапсыру;
8) телеграфты электрондық, фототелеграфты аппаратура электрлік реттеу, баптау және сынаулар;
9) толқын ағарлар блоктары – антенналардың бағыттылық диаграммаларын алу;
10) видеомагнитофондар, студиялық магнитофондар - тәжірибе үлгілерін реттеу;
11) ерекше күрделі жоғары және төмен жиілікті генераторлар баптау, электрлік реттеу;
12) ЭЕМ кешені - баптау, сынаулар;
13) сынау- өлшеу телефондық қалааралық станциялардың коммутаторлары- электрлік реттеу;
14) студиялық магнитофондар (тәжірибелі) - электрлік және механикалық реттеу;
15) есептеу машиналары – функционалдық түйіндерді реттеу және баптау;
16) таратқыштар және қабылдағыштар супергетеродиндік барлық толқындық (тәжірибелі) - электрлік реттеу;
17) арнайы аспаптар (тәжірибелі үлгілер) – сызбаны өңдеумен тексеру;
18) радиостанциялар (ерекше күрделі) – жұмысқаблеттілігін тексеру, істейтін антенналармен тарататын бөлігін кешенді реттеу және өңдеу;
19) қадағалайтын жүйелер – электрондық, магнитті және жартылай сымды күшейткіштерді қолданумен тәжірибе үлгілерін реттеу;
20) автоматика және жетек жүйелері (ерекше күрделі) – сынаулар өткізумен толық реттеу;
21) әрбір түрлер мен жүйелердің тез әрекет ететін телефон аппаратурасының станциялары - механикалық және электрлік реттеу және жаттықтыру;
22) гидроакустикалық станциялар - толық реттеу;
23) эталондық - өлшейтін стенділер - баптау және жөндеу;
24) КА-204 түрлі теледидарлық кешендер - кешенді баптау және реттеу;
25) түрлі- түсті теледидарлар - баптау, тәжірибе үлгілерін реттеу;
26) жоғары жиілікті құрылғылар - ТШ сәйкес баптау және реттеу;
27) есте сақтайтын құрылғылар (ерекше күрделі ) - ТШ сәйкес баптау және реттеу;
28) күшейтетін – релелік құрылғылар (ерекше күрделі тәжірибелі үлгілер) – реттеу;
29) инегралдық сызбаларда сандық және ұқсас- сандық құрылғылар (ерекше күрделі ) - ТШ сәйкес баптау және реттеу;
30) көпарналы электркардиографтар- баптау, реттеу, сипаттамаларын алу, сынау станциясына тапсыру;
31) тоналдық сигналдың кодтық- қабылдау таратқышының электрондық пластиналары - тәжірибе үлгілерін реттеу;
32) жоғары класты стереофондық электрофондар (тәжірибе үлгілері) - реттеу, баптау.
13. Радиоэлектронды аппаратура бойынша слесарь-механик
Параграф 1. Радиоэлектронды аппаратура
бойынша слесарь-механик, 2-разряд
130. Жұмыс сипаттамасы:
блоктар мен түйіндерді құрастыру және механикалық реттеу;
радиоэлектрондық аппаратураның қарапайым бөлшектерін 12 - 14 квалитеттер бойынша слесарлық және мехникалық өңдеу;
құрастыруға түсетін бөлшектердің сапасын тексерумен аспаптардың қарапайым түйіндерін құрастыру;
панельдер мен сызбанегіздерді құрастыру;
қарапайым бөлшектерді дәнекерлеу;
кесетін құралды қайрау.
131. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың аса маңызды бөліктерінің құрылысы, атауы және белгіленуі туралы негізгі мәліметтерді және оларды басқару тәсілдерін;
неғұрлым кеңінен таралған әмбебап және арнайы жабдықтардың, жұмыс және бақылау- өлшеу аспаптары мен құралдарының белгіленуін және пайдалану шарттарын, өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтерді;
электр және радиотехника негіздерін.
132. Жұмыс үлгілері:
1) дециметрлік антенналар – құрастыру;
2) блоктар, механизмдер – құрастыру;
3) түзететін блоктар - шасси, лампалық панельдер, трансформаторлар, дроссельдер және клеммелік сызбанегіздер орнату;
4) қарапайым механизмдер орнатуды қамтитын лампалық блоктар – құрастыру, механикалық реттеу;
5) ауыспалы ыдыс конденсаторлары – құрастыру және сверньермен айдау;
6) лампалық панельдер, диодтармен сызбанегіздер – құрастыру;
7) иигналды патрондар –және лампаұстағыштар - құрастыру.
Параграф 2. Радиоэлектронды аппаратура
бойынша слесарь-механик, 3-разряд
133. Жұмыс сипаттамасы:
орта күрделіліктегі аппаратураларды, құралдарды және механизмдерді 11-12 квалитеттер бойынша үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру және механикалық реттеу;
кейіннен дәлдеумен бөлшектерді шынықтыру және босату;
орта күрделілікті тораптарды дәнекерлеу;
дайындалған құралдарды сынау, механикалық ақауларды жөндеу;
орта күрделіліктегі бөлшектерді өңдеу жүйелілігін белгілеу;
қарапайым тетіктерді және кескіш құрал-саймандарды (кондукторлар, қырнауыштар және тағы басқа) дайындау.
134. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың, арнаулы және әмбебап тетіктердің, бақылау-өлшеу және кескіш құрал-саймандар мен орта күрделіліктегі құралдардың құрылысын және реттеу тәсілдерін;
радиоэлектронды аппаратуралардың әрекет ету принциптерін, орта күрделіліктегі дәл механизмдерді құрастыру мен реттеуді;
кескіш құрал-саймандардың құрылымы және оларды қайрау қағидасын, кесудің тиімді режимдерін анықтауды;
өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтерді;
электр және радиотехника негіздерін.
135. Жұмыс үлгілері:
1) импульстерді қалыптастыруды күшейткіштің қоректендіру блоктары – құрастыру;
2) карданды білікшелері - сақиналар мен білікше бүркеншіктерінде саңылау бұрғылаумен құрастыру;
3) кварцты мөлшерлегіш – бөлшектерді толық дайындау, құрастыру және электрлік тексеру;
4) моторларымен тіреуіштер – қозғалысты беретін бұрандықтың белдігімен мотордың белдігінің орталықтандырылған жағдайын қамтамасыз ететін, моторды қатқыл орнатумен құрастыру;
5) бірнеше кинематикалық жұптармен қарапайым құрылымдағы механизмдер – құрастыру және механикалық реттеу;
6) ауыстырып – қосқыштар – барлық жиналатын бөлшектерді үйлестірумен және реттеумен толық құрастыру;
7) серіппелі түйіспе (қола және болат) – термиялық өңдеусіз толық дайындау;
8) ілеспе жүйе – құрастыру;
9) төрткілдешті және құбырлы қосылыстар – домалату;
10) есептегіштер – құрастыру;
11) цилиндрлік және конустық тістегеріштер – домалату;
12) электрлі стопорлар – құрастыру.
Параграф 3. Радиоэлектронды аппаратура
бойынша слесарь-механик, 4-разряд
136. Жұмыс сипаттамасы:
сызбалар мен үлгілер бойынша 7-10 квалитеттер бойынша (дәлдіктің 2-3 сыныптары) күрделі аппаратураларды, құралдар мен тораптарды дайындаумен, үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру және механикалық реттеу;
әртүрлі түрдегі механикалық және слесарьлық өңдеуді қолдануды талап ететін ұштасатын мөлшерлердегі айтарлықтай сандағы күрделі бөлшектерді толық өңдеу;
кейіннен дәлдеумен күрделі бөлшектерді шынықтыру және босату;
дайындалған құралдардағы механикалық ақауларды анықтау және сынау процесінде оларды жөндеу;
күрделі тораптар мен құралдарды құрастыру жүйелілігін белгілеу. Әртүрлі түрдегі дәнекерлеуді орындау;
орта күрделіліктегі тетіктерді, кескіш құрал-саймандарды дайындау;
орта күрделіліктегі құралдарды күрделі жөндеу.
137. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтардың, аппаратуралардың құрылысын, кинематикалық, электрлі сызбаларды және қолданылатын жабдықты баптау қағидасын, күрделі және дәлді бақылау-өлшеу құрал-саймандарының және аспаптарының;
оның ішінде электр өлшеу аспаптарының құрылысын, белгілеуді және оларды қолдану қағидасын, сондай-ақ бұрыштарды өлшейтін аспап бойынша эксцентриктерді және өзге де қисықтарды тексеру принципін;
күрделі бөлшектерді механикалық слесарьлық өңдеу әдістерін, қалыпты және арнаулы кескіш құрал-саймандарды термоөңдеу мен дәлдеу қағидасын, күрделі аппаратураларды;
тиісті өндірісте дайындалатын аспаптар мен тораптарды құрастыру, механикалық реттеу;
күрделі бөлшектерді механикалық және слесарьлық өңдеу тәсілдерін;
өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтерді;
электр және радиотехника негіздерін.
138. Жұмыс үлгілері:
1) амперметрлер, вольтметрлер – күрделі жөндеу;
2) антенналар, қоректендіру блоктары, редуктормен және бұрамдық берілістермен механизмдер – құрастыру;
3) ЖЖТС аппаратурасы – құрастыру және механикалық реттеу;
4) гидромоторлар блоктары – құрастыру, теңгеру;
5) жартылай өткізгіштегі блоктар – икемдеу;
6) түрлі-түсті теледидарға қоректендіру блоктары – механикалық және электрлі ақауларды анықтау мен жөндеу;
7) жоғары жиіліктегі бүркеншіктер – құрастыру;
8) импульстер бергіштері, көрсеткіштер, курсографтар – құрастыру;
9) конустық дифференциал – құрастыру, «өлі» жүріс пен жетекші белдік сәтін дәлдеумен тісті дөңгелекті домалату;
10) цилиндрлі дифференциал (қыздырылған және шикі) – сызба мен техникалық шарттар талаптары шеңберінде «өлі» жүріс пен статистикалық сәттер өлшемін қамтамасыз ететін бөлшектерді үйлестірумен және тістегерішті домалатумен құрастыру;
11) бұрамдық берілісімен шарлы мойынтіректегі ауыспалы сыйымдылықтағы конденсаторлар – бөлшектерді толық дайындау, құрастыру;
12) уақыт механизмдері – құрастыру және реттеу;
13) көбейткіш механизмдер – құрастыру;
14) бағдарламалық және эрретирлеуші механизмдер – құрастыру және механикалық реттеу;
15)керамикалық, текстолиттік және пластмассалық негіздемелерде бірнеше жағдайдағы ауыстырып – қосқыштар – бөлшектерді толық дайындау, құрастыру және реттеу;
16) аяқпен қосылатын және бұрамдық ілгегі бар ұшқын сөндіргіш
қылшақты ауыстырып – қосқыштар – бөлшектерді толық дайындау, құрастыру және реттеу;
17) электр жетекті редукторлар – құрастыру және реттеу.
Параграф 4. Радиоэлектронды аппаратура
бойынша слесарь-механик, 5-разряд
139. Жұмыс сипаттамасы:
бөлшектерді дайындаумен, үйлестірумен және жетілдірумен ерекше күрделі аппаратураларды, құралдар мен тораптарды құрастыру, механикалық реттеу. 7 квалитет бойынша ұштасатын мөлшердегі көп санды бөлшектерді механикалық және слесарьлық өңдеу;
ерекше күрделі сызбалар бойынша құралдарды құрастыру жүйелілігі мен технологиялық процесін белгілеу;
жауапты бөлшектерді термиялық өңдеу;
дайындалатын құралдарды сынау, механикалық және электрлік ақауларды анықтау және оларды жөндеу;
күрделі тетіктерді, қалыпты кескіш құрал-саймандарды дайындау және оларды қайрау;
дәнекер түрлерін таңдау және олармен әртүрлі тораптарды дәнекерлеу;
күрделі құралдарды күрделі жөндеу.
140. Білуге тиіс:
жабдықтардың, ерекше күрделі және дәлді құралдар мен механизмдердің құрылысын, қызмет ету принципін;
құрылымдық ерекшеліктерін және тексеру тәсілдерін, осы өндірісте дайындалатын ерекше күрделі аппаратураларды, құралдарды, механизмдер мен тораптарды құрастыру;
механикалық өңдеу қағидасын, ерекше күрделі бөлшектерді бекіту және салыстыру тәсілдері, өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтерді;
элекр және радиотехника негіздерін.
141. Жұмыс үлгілері:
1) құрама іліну жүйесі бар ауыспалы сыйымдылық конденсаторлардың агрегаттары (конустық, бұрамдық, қисық тісті) – дайындау;
2) дәлділік сыныбы 0,1 – 0,2 амперметрлер, вольтметрлер – күрделі жөндеу;
3) дөңгелек және жалпақ ірі аумақты антенналар – тораптарды құрастыру және жалпы құрастыру;
4) ерекше күрделі аппаратуралар мен бақылау-өлшеу құралдары – механикалық реттеу;
5) тіркеуші және әріп басушы аппаратуралар – құрастыру және реттеу.
6) беруші генераторлар – құрастыру;
7) бөлгіштердің бастиектері – дайындау және құрастыру;
8) магнитті бастиектер – толық дайындау және құрастыру;
9) бұрышты өлшейтін құралдар – реттеу кезінде анықталған барлық ақауларды бөлшектерді бөлшектеумен, ауыстырумен және кейіннен құрастырумен және реттеумен түзету;
10) жұдырықшалы жүйесі бар антенналық ауыстырып – қосқыштардың бөлшектері – дайындау, құрастыру және реттеу;
11) бейнемагнитофондар үшін таспа тарту механизмдері – бөлшектерді үйлестірумен құрастыру және реттеу;
12) әртүрлі ілгіштермен механизмдер – шағын аумақты жіңішке қабырғалы корпуста құрастыру;
13) синхронды және бақылау – қадағалау құрылғылы механизмдер – құрастыру;
14) эксцентрикті механизмдер – құрастыру;
15) тұрғызушылар, есептеу – шешу механизмдері – бөлшектерді құрастыру және үйлестіру, күймешелер жүрісінің жатықтығын реттеу. «Өлі» жүрістер мен сәттерді тексеру;
16) қабаттасқан, электромагнитті, эксцентрикті және сағатты механизмдері бар дәлді құралдар – үйлестірумен құрастыру, механикалық және электрлік реттеу;
17) фрикциялық және электромагнитті механизмдері, цилиндрлік және дифференциалды ілгіштері бар орталықты және шеткерлі құралдар – ілгіш бөлшектерін ысқылаумен және үйлестірумен құрастыру және реттеу;
18) үш – төрт бұрамдық – тістегеріштерді ауысулар бар сельсиндер – дәл салыстырумен құрастыру және реттеу;
19) қуатты күшейткіштер – құрастыру;
20) потенциометрі, бергіші, редукторы, моторы бар антенналық құрылғылар – құрастыру (аз сериялы өндіріс жағдайында);
21) гироскопиялық құрылғылар – бөлшектерді, тораптарды және құралдарды құрастыру, статистикалық және динамикалық теңгеру, механикалық реттеу, сынау және тапсыру;
22) бейнемагнитофондар үшін үнтаспа құрылғылары – құрастыру және реттеу;
23) баспа құрылғылары (реперфораторлар, трансмистерлер, клавиатуралар) – бөлшектерді үйлестірмен құрастыру, бейімдеу.
Параграф 5. Радиоэлектронды аппаратура
бойынша слесарь-механик, 6-разряд
142. Жұмыс сипаттамасы:
тәжірибелік үлгідегі ерекше күрделі аппаратураларды, құралдарды және механизмдерді бөлшектерді үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру, механикалық реттеу және 5-6 квалитеттер бойынша әртүрлі механикалық және слесарьлық өңдеумен ұштасқан мөлшердегі көп санды кез келген күрделіліктегі бөлшектерді дайындау;
кез келген күрделіліктегі дайындалған аппаратуралардың электрлік және механикалық бөліктерін сынау;
бөлшектердегі, тораптардағы және дайындалған құралдардағы құрылымдық кемшіліктерді анықтау;
талап етілетін дәлдікті алуға кепілдік беретін базистік бетті таңдаумен механикалық өңдеудің үнемді жүйелілігін белгілеу;
әмбебап тетіктер мен арнаулы кескіш құрал-саймандарды дайындау;
ерекше күрделі құралдарды күрделі жөндеу.
143. Білуге тиіс:
әртүрлі түрдегі аппаратуралар мен жабдықтардың құрылымын, дәлдікке тексерудің тәсілдері менқағидасын, ерекше күрделі бөлшектер мен тораптарды орнату, бекіту және салыстыра тексеру, кез келген күрделіліктегі механизмдерінің әртүрлі жүйелерінің қызмет ету принципін;
кез келген күрделіліктегі аппаратураларды, құралдар мен механизмдерді құрастыру және механикалық реттеу тәсілдерін;
әртүрлі тісті және басқа да ілгіштерді есептеу принципін;
ерекше күрделі және арнайы бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын, арнайы тағайындаудағы электр өлшеу аспаптарын белгілеу мен пайдалану тәсілдерін;
ерекше күрделі айлабұйымдарын, қалыпты және арнаулы жұмыс кескіш құрал-саймандарының құрылымы және қолдану тәсілдерін;
ерекше күрделі және жауапты жұмыстарды орындауға байланысты есептеулер принципін.
144. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
145. Жұмыс үлгілері:
1) дециметрлік антенналар – құрастыру;
2) ерекше күрделі тіркеуші, әріп басушы аппаратуралар – механикалық бөлігін реттеу, электрлік және механикалық параметрлерді өлшеу;
3) 5- және 7- элементтік кодты телеграфтық аппараттар – жөндеу, механикалық бөлігін реттеу;
4) бейнемагнитофондар – тәжірибелік нұсқасын құрастыру және реттеу;
5) гетероидты толқынды өлшегіш, верньерлі құрылғылар мен ауыспалы сыйымдылықтағы конденсаторларға бөлшектер – номиналдан +/- 0,01 жиілік бойынша электрлік люфтіні жеткізумен дайындау, құрастыру және реттеу;
6) декадалы – қадамдық іздегіштер – кіретін күрделі бөлшектерді дайындаумен тәжірибелік нұсқаларды құрастыру (әртүрлі жауапты ілгіштерді оларды есептеумен дәл үйлестіру және дәлдеу, аспапта үйлестірумен тораптарды құрастыру және құралдарды түпкілікті механикалық реттеу);
7) теледидарлық беруші камералар – тәжірибелік нұсқаларды құрастыру;
8) тісті және бұрамдық ілгіштермен және электромагнитті механизмдермен өзара әрекетте болатын жұдырықша жүйесінен басты қозғалысы бар электромеханикалық құралдардың макеттері – жауапты бөлшектерін толық дайындау, құрастыру және реттеу;
9) жоғары жиілікті осциллографтар – күрделі жөндеу және баптау;
10) көп каскадты және көп диапазонды бергіштер – тәжірибелік нұсқаларын құрастыру;
11) тұрғызушылар - техникалық шарттар мен тексеру таблицаларына сәйкес «өлі» қадамды және айналма сәттерді реттеумен алдыңғы және артқы цилиндрлерді, күймешелер мен тісті төрткілдештерді қоюмен және берілген рұқсаттар шеңберінде бөлшектерді үйлестірумен құрастыру, сондай-ақ межелікті қою;
12) өзара әрекет жағдайында болатын және өздерінің арасында күрделі иінтіректі, жұдырықшаны, тісті және бұрамдықты бірілістермен байланысқан бірнеше механизмдерден, электромагнитті механизмдерден тұратын және жалпы негізде құрастырылған құралдар – бөлшектерді үйлестірумен құрастыру және реттеу;
13) Қабаттасқан электромагнитті, сағаттың механизмдері және дифференциалды ілгіштері бар кез келген күрделіліктегі құралдар – жауапты бөлшектерін үйлестірумен құрастыру, механикалық реттеу, бұрыштарды өлшейтін аспап бойынша эксцентриктер мен қисықтарды салыстыра тексеру;
14) Бұрыш өлшейтін құралдардың бір-біріне қатысы бойынша айналудың 0,1°-тен артық емес қателігімен, тісті, арқанды, бұрамдықты және басқа да берілістегі айналулармен бұрыш өлшейтін құралдар жүйелері – бөлшектердің тәжірибелік нұсқаларын дайындаумен құрастыру.
14. Радиоэлектронды аппаратуралар мен құралдардың
слесарь-құрастырушысы
Параграф 1. Радиоэлектронды аппаратуралар
мен құралдардың слесарь-құрастырушысы, 2-разряд
146. Жұмыс сипаттамасы:
өзінен біліктілігі жоғары слесарь – құрастырушының басшылығымен құрастыруға жататын бөлшектерді слесарьлық үйлестірумен қарапайым құралдарды, тораптар мен радиоэлектронды аппаратуралар блоктарын және сымды байланыс аппаратураларын құрастыру;
дайындаманы кесу, құрастыруға бөлшектерді жинақтау және дайындау. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектердің жазықтығын өңдеу;
белгі салу, бұрғылау, бұранданы ою, ию, тойтарып шегелеу, дәнекерлеу, желімдеу және басқа да қарапайым механикалық құрастыру жұмыстары;
ұштасатын бөлшектер мен тораптарды өңдеу және үйлестіру кезінде әртүрлі қарапайым слесарьлық операцияларды орындау.
147. Білуге тиіс:
жұмыста қолданылатын жабдықтардың құрылысы және әрекет принциптері туралы негізгі мағлұматтарды және оларды басқару қағидасын;
қарапайым слесарьлық – құрастыру жұмыстарын орындау қағидасы мен тәсілдерін;
барынша кең тараған тетіктердің, бақылау-өлшеу құрал-саймандардың және құралдардың, қалыпты және арнаулы кескіш құрал-саймандардың тағайындалуын және қолдану шарттарын, өңделетін және құрастыру кезінде қолданылатын материалдардың негізгі механикалық және радиотехникалық қасиеттерін, өңдеу өлшемдері туралы мәліметтерді;
қарапайым кесу құралын қайрау қағидасын, электр және радиотехниканегіздерін.
148. Жұмыс үлгілері:
1) қарапайым толқын өткізгіш блоктар, арнаулы құрылғылар, сәулелік жинақтамалар және басқа да бұйымдар –сызбанегіздерді орнату және бекіту, жалпы құрастыру;
2) антенналық кірістемелер – құрастыруда (конвейерде) орнату және бекіту;
3) ашалық айырлар, ағытпалар мен фишкалар – құрастыру;
4) күрделі емес толқын өткізгіштер – ию және слесарьлық өңдеу;
5) сомындар, бұрамалар, бұрандалы жақтаулар - орнату және бекіту, лакпен жабу;
6) оқшаулағыш панельдеріндегі ашалық ұясы – ұштықтар мен жалғастырғыштар орнатумен құрастыру;
7) магнитті бастиектер - өзегін құрастыру;
8) трансформаторлардың шарғы қаңқалары – құрастыру;
9) шағын аумақты магнитофондарға үнтаспалар – құрастыру;
10) кинескоптар, динамиктер – орнату және бекіту;
11) ФРМ, ФШМ түрлеріндегі бұйымдардың қалпақшалары; ПРМ, ПШМ түрлеріндегі бұйымдардың корпустары; ФМТ, СА, ВД түрлеріндегі бұйымдар - құрастыру;
12) әртүрлі түрдегі түйіспелер – қол және механикалық баспақта және автоматта түйіспе серіппесін баспақтау;
13) телефондық бөлгіш қорапшалар – құрастыру;
14) магнитофондар – ПГК ауыстырып – қосқыштарды құрастыру;
15) дозиметрдің объективі – құрастыру және автоматта жаншу;
16) панельдер, сызбанегіздер, гетинаксты, текстолитті, әйнекті текстолитті және тағы басқа қалыптар – алдын ала тесік бұрғылаумен станокта бос денелі тойтарып шегелеуді жаншумен түйіспе нүктелерді орнату;
17) сызбанегіздер, панельдер – пистондарды, төлкелерді, қалақшаларды тойтарып шегелеуді, қадалық істікті қолмен және баспақта жаншу;
18) көп қабатты баспа сызбанегіздері – дайындаманы кесу, қимаүлгі бойынша сұлбасын тегістеу, құрастыру, арматуралау;
19) резеңкеден және басқа да материалдардан төсемдер - кертпелер, тесіктер салу;
20) қарапайым реле – құрастыру;
21) теледидарлар, радиоқабылдағыштар – конвейерде пооперациялық құрастыру;
22) бұрыштамалар, тоғындар, планкалар, ұстағыштар – төлкелерді, тойтарып шегелеуді орнату және жаншу;
23) реле үшін тораптар – құрастыру;
24) ЭЕМ тораптары мен блоктары (қарапайым) – ағымды және операциялар құрастыру;
25) алыс байланыстың кварцтық аппаратурасының сүзгіштері – конвейерде құрастыру;
26) радио өлшегіш құралдардың шассилері – құрастыру;
27) шкафтар – бұранда салумен қаптаманы орнату, бірліктік үлгідегі қарапайым бөлшектерді үйлестіру;
28) коммутациялық тізбе үшін кірістірме қалқаншалары – құрастыру;
29) электрорадиоэлементтер – дайындау, қолмен қалыптау.
Параграф 2. Радиоэлектронды аппаратуралар
мен құралдардың слесарь-құрастырушысы, 3-разряд
149. Жұмыс сипаттамасы:
бөлшектерді слесарьлық өңдеумен, 11-12 квалитеттер шегінде үйлестірумен және дәлдеумен орта күрделіліктегі радиоэлектронды аппаратураның тораптары мен блоктарын, құралдарды, сымды байланыстың механизмдері мен аппаратураларын құрастыру және механикалық реттеу;
сызбаның талаптарын сақтай отырып бөлшектерді тойтарып шегелеумен, бұрамамен (тесікті белгілеумен және бұрғылаумен) және дәнекерлеумен біріктіру;
техникалық шарттарға сәйкес вибростендтерге және саңылаусыздыққа аппаратура блоктарын сынау;
техникалық шарттарға сәйкес жиналған тораптарды, механизмдер мен аппараттарды тексеру және анықталған ақауларды жөндеу.
150. Білуге тиіс:
жұмыста қолданылатын орта күрделіліктегі және дәлдіктегі жабдықтардың, әмбебап және арнаулы тетіктердің;
бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен құралдардың құрылысын, белгілеуді және қызмет ету принципін;
жиналатын тораптардың, блоктардың, аппараттардың, құралдардың тағайындалуы мен жұмыс принципін;
арнаулы кескіш құрал-саймандарды қайрауқағидасын, орта күрделіліктегі слесарьлық – құрастыру, белгі салу және басқа да механикалық – құрастыру жұмыстарын орындаудың негізгі қағидасы мен орындау тәсілдерін;
өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтерді, материалдарды құрастыру кезінде өңделетін және қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері мен таңбалауды;
электр және радиотехника негіздерін.
151. Жұмыс үлгілері:
1) блоктар, тораптар – құрастыру, қаңқаға орнату, орны, қимаүлгі және ұқсатқыш бойынша үйлестіру;
2) ауыспалы сыйымдылық конденсаторының блоктары, ауыспалы сыйымдылық конденсаторлары – статор пластинасын құрастыру және қиюластыру, ротор жүрісін реттеумен және аралық статорлық секторларда ротор секторының дәл орналасуымен бөлшектерді дайындау және құрастыру;
3) бір жақты желдеткіштер – құрастыру, реттеу;
4) толқын есептегіштер – дайындау;
5) түйісу топтары – қысым саңылауларын жаттықтырумен және реттеумен құрастыру;
6) коммунациялық имектер мен экрандалған сызбанегіздер – құрастыру;
7) ФРМ, ПРМ, ШС-2, МГК1-1, КН 28 түріндегі бұйымдар, тарамдаушылар, айырғыштар, розеткалар – құрастыру;
8) түрлі-түсті бейнедегі теледидарлардың кинескоптары – орнату, алдыңғы панельге қатысты үйлестірумен бекіту;
9) алыс байланыс аппаратурасының бақылаушылары – құрастыру;
10) ДП, ФРМ, ФШМ түріндегі бұйымдардың шанақтары – құрастыру;
11) ротордың, статордың және магнитті сымдардың пакеттері – конвейерде құрастыру;
12) қабылдағыштардың, теледидарлардың және басқа да аппаратуралардың алдыңғы панельдері – құрастыру, орнату және орны бойынша үйлестірумен бекіту;
13) жоғары жиіліктегі баспа сызбанегіздері – кертпелерді белгілеу, түйістіру тесігін және фреза кіру үшін тесікті бұрғылау, фигуралы кертпелер мен қисаюлар сұлбасы бойынша егеу;
14) алыс байланыс аппаратурасының үндес жинау қабылдағышының сызбанегіздері – құрастыру;
15) қоректендіру блоктарының радиаторлары – транзисторларды, диодтар мен басқа да электрорадиоэлементтерді орнату;
16) жылжымалы радиостанциялар мен радиоқондырғылар – шанақтағы радиоқондырғыларды (қаптамадағы терезелер мен ойықтарды кесу) орнату (орны бойынша үйлестірумен), тіреуішті, раманы, қаңқаны бекіту; күш антенна шығыстарын құрастыру және орнату, кабельдер мен сымдарды салу және бекіту;
17) орта күрделіліктегі реле - бөлшектерді үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру;
18) ауытқушы жүйелер – кинескопқа орнату, бекіту;
19) теледидарлар, теледидар блоктары, радиоқабылдағыштар – конвейерде құрастыру (кем дегенде 50% операцияларды орындау);
20) теледидарлар, қабылдағыштар – корпусқа құрастыру;
21) динамикалық стереофоникалық телефондар – құрастыру;
22) барлық түрдегі трансформаторлар – темірмен құрсаулау, магнитті сымды орнату және бүрлі шегемелермен, құрсамамен, бұрыштамамен, тартумен пакетті бекіту, панельге орнату және бекіту;
23) шасси – алдын ала және түпкілікті құрастыру;
24) қоректендіру шиналары – резисторларды қоюмен құрастыру.
Параграф 3. Радиоэлектронды аппаратуралар
мен құралдардың слесарь-құрастырушысы, 4-разряд
152. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі құралдарды, сымды байланыс механизмдері мен аппаратураларын, радиоэлектронды аппаратураның тораптары мен блоктарын, радиоқұрылымдарды механикалық реттеумен құрастыру;
құрылымдардың базалық беттерін және бағыттаушы элементтерін ысқылау, әртүрлі тектегі тісті және бұрамдық ілгіштерді қосымша істеу, күрделі бөлшектерді 7-10 квалитеттер шегінде үйлестіру және дәлдеу;
техникалық шарттарға сәйкес жиналатын бұйымдардың қатты бекітілуі мен дұрыс әрекеттерін қамтамасыз етумен плиталарға, негіздемелерге оларға механизмдер, блоктар мен тораптар орнатуға белгі салу;
жиналған механизмдерді, блоктар мен аппаратура құрылғыларды және құралдарды сынау және сынақ кезінде анықталған жұмыстағы сәйкессіздікті жөндеу;
бақылау-өлшеу құрал-саймандар мен тетіктерді пайдаланумен жиналған бұйымдардың механикалық бөліктерін тексеру;
құрастырма тетіктерді дайындау.
153. Білуге тиіс:
жұмыста қолданылатын жабдықтардың құрылысы, қызмет ету принципін және оны жөндеу тәсілдерін;
жиналатын аппаратураны тағайындауды, құрылысы мен қызмет ету принципін;
қалыпты және арнаулы кескіш тетіктерді термоөңдеуқағидасын, жиналатын аппаратураларды механикалық реттеу тәсілдері мен әдістерін;
өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтерді;
электр және радиотехника негіздерін.
154. Жұмыс үлгілері:
1) автотоқтатқыштар, консолдар, электромагниттер – құрастыру және механикалық реттеу;
2) телескопиялық антенналар – үйлестірумен құрастыру;
3) жартылай өткізгіштердегі аппаратуралар – күрделі тораптарды құрастыру;
4) фототелеграфтық аппараттар – құрастыру, дәлдеу және реттеу;
5) алыс байланыстың жоғары жиілікті телефондау аппаратурасының блоктары мен субблоктары – құрастыру;
6) өлшеу блоктары – құрастыру;
7) кіретін тораптар мен электрорадиоэлементтердің үлкен қанығуымен қоректендіру блоктары – құрастыру;
8) жоғары вольтты түзеткіштер, күшейткіштер, бөлгіштер, модульдаушылар, ферровалиометрлер – құрастыру;
9) генераторлар, осциллографтар – бөлшектерді салыстыра тексерумен және үйлестірумен құрастыру;
10) бірнеше түйісу пластиналарынан тұратын түйісулер топтары – қысыммен мәжбүрлі сынау мен құрастыру;
11) кодтық дискілер – құйғаннан кейін тегістеу;
12) «Бейнетехника» үшін бұйымдар – құрастыру;
13) декадалық – қадамдық іздегіштер – толық құрастыру, үйлестіру және тексеру;
14) жартылай өткізгіштерде тұрақтандырылған қоректендіру көздері – күрделі тораптарды құрастыру;
15) жалпақ кабельдер – ЭЕМ бағаны мен рамасында қосылыстарды салу, қосу, тексеру;
16) кабиналар – бұранда салумен және бөлшектерді үйлестірумен тесіктерді белгілеумен, бұрғылаумен құрастыру;
17) командалық қоңырау түймелері – бүркеншікті құрастыру және реттеу;
18) магнитті сымдар – тәжірибелік нұсқаларды калибрлеу, тегістеу;
19) тіркелім механизмдері – құрастыру;
20) қалпақтар, әйнекті матадан қаптамалар – баспақтау және босату, саңылаусыздыққа тексеру;
21) пластмассалық негізде ауыстырып – қосудың берілген жылдамдығындағы арнаулы радиоэлектронды аппаратура үшін барлық климаттық орындаудағы микроауыстырып – қосқыштар; арнаулы электронды аппаратура үшін барлық климаттық орындаудағы «Тумблер» түріндегі ауыстырып – қосқыштар – электрлік өлшемдерді тексерумен толық құрастыру және реттеу;
22) әр түрлі іліністегі белдірендер – құрастыру және реттеу;
23) қабылдап – берушілер – құрастыру;
24) пластмасса негізінде арнаулы радиоэлектронды аппаратура үшін жарықтық дабыл бергішімен баспа монтажына барлық климаттық орындаудағы қоңырау түймені ауыстырып – қосқыштар – электрлік өлшемдерді тексерумен құрастыру;
25) ПКБ түріндегі ауыстырып – қосқыштар – шунттар мен сақиналарды орнату;
26) кернеуді өзгерткіштер – құрастыру;
27) радиоқабылдағыштар – күрделі блоктар мен механизмдерді құрастыру және бір білікке орнату (антенна мен редукторлы межелікті қалпына келтіру);
28) радиостанциялар – блоктар мен тораптарды кешенді құрастыру;
29) орта күрделіліктегі редукторлар – құрастыру, реттеу;
30) саңылаусызданған реле (күрделі және ерекше күрделі) – бөлшектерді үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру;
31) толқын өткізгіш секциялар (күрделі) – дайындау;
32) желдету, антенналық жүйелер, кондиционерлер, ауа өткізгіштер, жарықтандыру – құрастыру және шанаққа орнату;
33) арнаулы аппаратуралар – жинақтаушыны орнатумен құрастыру;
34) стендтер – бөлшектерді, тораптарды үйлестірумен тәжірибелік нұсқаларды құрастыру;
35) операторлар столдары – алдын ала және түпкілікті құрастыру;
36) теледидарлар – жекелеген тораптар мен бөлшектерді ауыстырумен құрастырудың механикалық ақауларын кетіру;
37) трансформаторлар: жоғары вольтты, жоғары әлеуетті, барлық климаттық орындаудағы – құрастыру;
38) трансформаторлар: күштік, шығыстық, торалдалды, кадрлық, дыбыстық – шағын сериялық өндіріс жағдайында құрастыру;
39) трансформаторлар және будандық – таспалық сызба үшін импульстық трансформаторлардың блоктары; баспа монтажының сызбасы үшін жоғары жиілікті трансформаторлар; импульстық микротрансформаторлар; ерекше тұрақты трансформаторлар мен кедергіштер – құрастыру;
40) тістегеріштер, төлкелерорнатқыш сақиналар – алдын-ала бұраумен және тесіктерін қаріптердің астына өрістете конусты қаріптермен білікшеге қаріптеу.
Параграф 4. Радиоэлектронды аппаратуралар
мен құралдардың слесарь-құрастырушысы, 5-разряд
155. Жұмыс сипаттамасы:
бөлшектерді 7 квалитет шегінде үйлестірумен және дәлдеумен жалпы кинематикалық және электрлік сұлбамен өзара әрекетте болатын ерекше күрделі тораптарды, құралдарды, радиоэлектронды аппаратураны және сымды байланыс аппаратурасын механикалық реттеумен құрастыру;
эксцентрирлік механизмдерімен, электромагниттерімен күрделі кинематикалық сұлба бойынша құрылғыны құрастыру;
аппаратураның тәжірибелік және эксперименттік үлгілерін механикалық реттеумен үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру;
конустық, цилиндрлік, бұрамдық және тісті дөңгелектермен ерекше күрделі ілгіштерді құрастыру, бейімдеу және реттеу;
сатылы дәнекерлеу әдісімен құрастыру операцияларын орындау (жиналатын бөлшектерді әртүрлі маркалы дәнекерлермен біріктіру);
радиоэлектронды аппаратуралар мен құралдарды құрастыру бойынша слесарьлық – құрастыру жұмыстарына байланысты қажетті есептеулерді орындау.
156. Білуге тиіс:
жұмыста пайдаланылатын жабдықтардың құрылысын, қызмет ету принципін, құралдардың, станциялар мен аппаратуралардың әртүрлі модельдерінің, механизмдерінің дәлдігін тексеру тәсілдерін;
ерекше күрделі және жауапты бөлшектерді механикалық және слесарьлық өңдеудің, құралдар мен қондырғыларды құрастырудың озық әдістерін;
ерекше күрделі механизмдерді, құралдарды және құралдар кешендерін механикалық реттеу тәсілдерін;
ерекше күрделі және жауапты жұмыстарды орындауға байланысты жүйелілік пен өңдеуді анықтау тәсілдерін;
ерекше күрделі және жоғары дәлдікті бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен құралдарының құрылысын, жұмыс істеу принципін;
тағайындауды, оларды пайдалану қағидасын, өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтерді, жұмыста қолданылатын әртүрлі материалдар мен қоспалардың технологиялық қасиеттерін;
электр және радиотехника негіздерін.
157. Жұмыс үлгілері:
1) автотрансформаторлар – қылшақтың білік люфтінің түйісу қысымын реттеумен толық құрастыру;
2) тіркеуші және әріп басушы аппаратура – құрастыру, қалыпқа келтіру, реттеу;
3) телеграфтық аппаратура (ерекше күрделі) – толық құрастыру;
4) барабандар мен магниттік бастиектер – құрастыру;
5) ерекше күрделі толқын өткізгіш блоктар – құрастыру, бақылау-өлшеу құралдарын қолданумен механикалық параметрлер бойынша тексеру;
6) вакуумдық тораптары бар ерекше күрделі блоктар – құрастыру (шағын сериялы өндіріс жағдайында);
7) дәл бұрыштық бергіштер – бөлшектер мен тораптарды үйлестірумен толық құрастыру, оқшаулағыштың кедергісін тексеру;
8) кварцтік дыбыс сымдары – құрастыру кезінде базистік мөлшерлерді тәжірибелік орнату, механикалық реттеу;
9) түрлі-түсті және қара-ақ бейнедегі теледидарлық камералар – құрастыру;
10) кідірту желілері – базалық беттерді тегістеу, май ваннасында саңылаусыздықты кейіннен тексерумен және қалдық қысымды тексерумен саңылаусыздандыру;
11) есептеу механизмдері, кодтық ауыстырып – қосқыштар, резонаторлар – құрастыру, реттеу;
12) ерекше күрделі құрылғының арнаулы тағайындаудағы пульттері, блоктары, тағандары - құрастыру;
13) басқару пульттері (ерекше күрделі) – басқару пульттерін орнатумен және тораптарды реттеумен құрастыру;
14) арнаулы радиоаппаратуралар – бөлшектерді үйлестірумен, реттеумен және сынаумен тәжірибелік үлгілерін құрастыру;
15) көлбеу редукторлары (азимуттық) – құрастыру және механикалық параметрлер бойынша тексеру;
16) механикалық және электрлік ауыстырып – қосқыштармен уақыт релелері - құрастыру және реттеу;
17) көп серіппелі, аз ауқымды телефондық релелер – тәжірибелік үлгілерін құрастыру;
18) өзектер – микроскоп астында желімдеу және дәлдеу;
19) арнаулы аппаратуралар – аз сериялы өндіріс жағдайында реттелетін ойықтарды орнатумен клавиатураны механикалық құрастыру;
20) кез келген күрделіліктегі алыс байланыс аппаратурасының бағандары - құрастыру;
21) жоғары және төмен жиіліктегі күшейткіштер (көп каскадты) – құрастыру, қалыпқа келтіру, үйлестіру, реттеу және амплитудалық жиілік сипаттамасын сызу;
22) климаттық сынаулар өткізу үшін қондырғылар – құрастыру;
23) арнаулы бұйымдар шкафтары және ірі ауқымды ерекше күрделі ЭЕМ аппаратуралары – калибрлер бойынша блоктарды, түйісу ағытпаларын және бағыттаушыларды орнатумен құрастыру; есіктерді, басқару панельдерін орнату.
Параграф 5. Радиоэлектронды аппаратуралар
мен құралдардың слесарь-құрастырушысы, 6-разряд
158. Жұмыс сипаттамасы:
радиоэлектронды аппаратура құрылғысының тәжірибелік және эксперименттік үлгілерін кейіннен оның механикалық бөлігін реттеумен, икемдеумен және сынаумен құрастыру;
бөлшектерді үйлестірумен кез келген күрделіліктегі ілгіштерді құрастыру, реттеу және сынау. 5-6 квалитеттер шегінде барынша күрделі слесарьлық операцияларды орындау;
техникалық шарттар талаптарын есепке ала отырып, тәжірибелік және эксперименттік бұйымдарды құрастырудың дұрыстығын тексеру.
159. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін ерекше күрделі жабдықтардың құрылымын, жиналатын аппаратуралар мен құралдардың құрылысын;
қызмет ету принципін;
ерекше күрделі және жоғары дәлдікті бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен құралдарының құрылысын, тағайындалуын және қолдану шартын;
эксперименттік және тәжірибелік жұмыстарды орындаумен байланысты есептеулердің әдістерін.
160. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
161. Жұмыс үлгілері:
1) әртүрлі тағайындаудағы, ерекше күрделі радиоэлектронды аппаратуралар – реттеумен, радиорелелі жүйелермен келісумен, сынақ өткізумен және сынақ хаттамаларын ресімдеумен құрастыру;
2) құрылғылардың тәжірибелік үлгілерінің блоктары–бөлшектерді үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру, механикалық реттеу;
3) қозғағыштар – бөлшектер мен тораптарды қажетті үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру, икемдеу, түпкілікті тапсыру;
4) генераторлық камералар, жиілік өлшеуіштер–тәжірибелік үлгілердің бөлшектері мен тораптарын қажетті үйлестірумен, дәлдеумен толық құрастыру;
5) роторлар–механикалық реттеумен және қиюластырумен құрастыру;
6) түрлі-түсті теледидар камерасы үшін ауытқу (беру) жүйелері– бөлшектерді қиюластырумен толық құрастыру, білікті туралау (эксперименттік және тәжірибелік үлгілер).
15. Ленталы өзекшелерді жентектеуші
Параграф 1. Ленталы өзекшелерді жентектеуші, 2-разряд
162. Жұмыс сипаттамасы:
таспалық электротехникалық болаттан жартылай автоматтарда, автоматтарда және арнаулы қондырғыларда қарапайым бір фазалық магнитті сымдарды ию, біріктіру және термиялық өңдеу;
қызмет көрсететін жабдықтарды жұмысқа дайындау және жартылай автоматтардың, автоматтардың және арнаулы қондырғылардың жұмыс режимін байқылау.
163. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс принципі мен пайдалану қағидасын, қолданылатын тетіктер мен құрал-саймандарды пайдалануқағидасын;
температура өлшейтін құралдардың жұмыс принципі мен пайдалану қағидасын және электр пештеріндегі жұмыс режимін;
радио және электротехника негіздерін.
Параграф 2. Ленталы өзекшелерді жентектеуші, 3-разряд
164. Жұмыс сипаттамасы:
бекітілген технологиялық процесс бойынша ленталық электротехникалық болаттан жасалған автоматтарда, жартылай автоматтарда және арнайы қондырғыларда күрделілігі орташа барлық 3 фазалық магнит өткізгіштерге арналған бір фазалық магнит өткізгіштер мен ішкі пакеттерді ию, жентектеу және термиялық өңдеу.
165. Білуге тиіс:
жабдықтың құрылымын, жөндеу тәсілдерін, қызмет көрсететін жабдықтардың температуралық режимін, жентектеу камерасын бөлу;
жинақтау, тазалау қағидасын, магнит өткізгіштердің тағайындалуы мен жұмыс сипаттамасын, күрделілігі орташа арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу құрал-саймандарын пайдалану қағидаларыні;
электр және радиотехника негіздерін.
Параграф 3. Ленталы өзекшелерді жентектеуші, 4-разряд
166. Жұмыс сипаттамасы:
технологиялық процесс, жентектеу және термоөңдеу тәртіптерін толығымен сақтай отырып, арнайы құрылғыда болат электротехникалық лентадан 1 фазалы және 3 фазалы магнит өткізгіштің күрделі арнайы және тәжірибелі үлгілерін ию, жентектеу және термиялық өңдеу.
167. Білуге тиіс:
әмбебап жабдықтар мен құрылғылардың автоматтары, жартылай автоматтары мен арнайы станоктарының құрылымын, қолданылатын жабдықтарды жөндеудің электрлік сұлбасын;
күрделі бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен аспаптарының құрылымын, тағайындалуын және пайдалану шарттарын;
ленталық өзекшелердің электромагниттік сипаттамаларын;
электр және радиотехника негіздерін.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына
(21-шығарылым) қосымшасы
Жұмысшы кәсіптерінің әліпбилік көрсеткіші
№ р/с
|
Кәсіп атаулары
|
Разрядтар диапазоны
|
Беті
|
1.
|
Сызбалы бумалар, кабельдер және бауларды тоқушы
|
2-5
|
2
|
2.
|
Радиоаппаратураны градуирлеуші
|
2-5
|
7
|
3.
|
Радиотакелаж бен электрорадиоэлементтерді дайындаушы
|
2-3
|
11
|
4.
|
Ленталық өзекшелерді дайындаушы
|
2-4
|
13
|
5.
|
Радиоэлектронды аппаратуралар мен аспаптарды бақылаушы
|
3-6
|
15
|
6.
|
Лаглинші
|
2
|
22
|
7.
|
Радиоэлектрондық аппаратуралар мен аспаптардың жинақтаушысы
|
2-6
|
22
|
8.
|
Катушкалардың ораушысы
|
2-5
|
34
|
9.
|
Басу сызбанегіздерде электррадиоэлементтерді дайындау және дәнекерлеу автоматы тармағының операторы
|
2-4
|
39
|
10.
|
Электракустикалық өлшемдердің операторы
|
3-6
|
41
|
11.
|
Катушкаларды қиыстырып келтіруші
|
2-3
|
45
|
12.
|
Радиоэлектронды аппаратура мен аспаптардың реттеушісі
|
3-6
|
46
|
13.
|
Радиоэлектронды аппаратура бойынша слесарь – механик
|
2-6
|
56
|
14.
|
Радиоэлектронды аппаратуралар мен құралардың слесарь - құрастырушысы
|
2-6
|
63
|
15.
|
Ленталы өзекшелерді жентектеуші
|
2-4
|
72
|
Достарыңызбен бөлісу: |