Тарих 90 жауаптар


)Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс



Pdf көрінісі
бет36/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67
Тарих 90 жауаптар

48)Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
Бұл ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы зор, ол
Орталық Азия
мен Қазақстан
халықтарының тарихында өшпес із қалдырды, кейінгілердің азаттық, тəуелсіздік
жолындағы күресіне үлгі-өнеге əрі тарихи сабақ болды. Кенесарының күресі, оның
өзінің халықтың мақсат-мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, ақылды
саясаткер ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық тарапынан
қадірлеушілік туғызды.
Патша өкіметі
тұсында бұл қозғалыстың мүлде сөз болмауы, ал
бола қойса, оны бұрмалап теріс түсіндіру себептері белгілі.
Кеңес өкіметі
түсында да
бұл қозғалыс кертартпа, хандық-феодалдық мемлекетті көксеушілік деп теріс
түсіндірілді.
Оны
тарихи
шындық
тұрғысынан
дұрыс
бағалаған ғалымдар
қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін ғана Кенесары бастаған
ұлт-азаттық қозғалыс өзінің шын бағасына ие болды. Осы қозғалыстың басы-қасында
болған Кенесары хан мен оның басқа да қаруластарының есімдері тарихтан лайықты
орнын алуда.
49)Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері.
Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 ж желтоқсан айында
басталды. Көтерілістің басында Жанқожа батыр тұрды. 1856 ж патша əскерлерімен
көтерілісшілер арасындағы тікелей соғыс қимылдары басталды. Бұл кезде Жанқожаның
əскерінің саны 1500-ге дейін жетті. Жанқожа мұнда Хиуа, Бұқара, Қоқан хандары
тарапынан өзіне одақтас іздеді бірақ оның бұл саясатынан ештеңе шықпады. Жанқожа
бастаған көтеріліс осылайша аяқталды. Патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бас
көтерулердің бірі –Есет Көтібарұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
Көтерілістің шығуының басты себебі Арал теңізінің басты жағындағы Үлкен жəне Кіші


Борсықты, Сам құмын, Сағыз ж/е Жем өзендерінің бойын мекендеген Шекті руына
түтін салығы салынуы жəне жылдан-жылға патша үкіметінің қысымының күшеюімен
байланысты еді. 20ғ 50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы орыстардың отарлауына
қарсыбелсенді күрес жүргізіп, Арал теңізіне бет алған Ресей əскерлеріне қатты
қарсылық көрсетті. 1855 ж жазында Көтерілісшілер ме патша əскерлерінің арасында
қырғын шайқастар жүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет