1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері.
Ежелгі тас ғасыры-адаммен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты.
Алғашқы адам жабайы өсетін дəндерді жеміс–жидектерді жинап жануарларды аулаған.
Ежелгі тас дəуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделіде ұзақ даму жолынан өтті.
Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр - бірлесіп қорғану жəне шабуыл жасау, аң аулау
жəне жиын-терін үшін бірлесу болды.
Қазақстан жеріне ежелгі адамдар б.з.б.800-140 мыңжылдықтардан бастап мекендеген.
Алғашқы адамдар Қаратау жотасымен Қарасу тұрағында мекендеген. Қаратау жотасы,
Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігі. Алғашқы
адамдардың мекен еткен жерлері. Ертедегі құралдар, ірі-ұсақ шақпақ тастар табылды.
Қаратау жотасының бір ерекшелігі: өмір сүруге өте қолайлы. Түрлі өсімдіктер өседі,
малшаруашылығына қолайлы. Климаттық жағдайы да жақсы. Қаратаудың алғашқы
тұрғындары от жағып, сөндірмей ұстай білген. Кəсіптері: аң аулау, терімшілік. Ашель
дəуірінің ескерткіштері: Жаман-Айбат(Жезқазғаннан 150км), Обалысай(Қарағанды
обл.), Орт.Қз. тас құралдары, Батыс Қз. 500-ден аса неолиттік ескерткіштер. Жаман
Айбат: құмтастан жасалған ыдыстар, бифас(двухсторонный нож) секілді құралдар мен
қару-жарақ. Обалысай: ең алғашқы малтатас құралдар. Мустье дəуірінің ескерткіштері
Қаратау маңы Топалы шатқалы; Қызылрысбек; Арыстанды мекенінде де осы кезеңге
жататын тұрақтар бар, оның ең күрделісі Ш.Уалиханов. Орталық Қз табылған тұрақтың
ең көнесі - Обалысай(Жезқазған обл.). Үшбұлақ қойнауында аңшылардың уақытша
тұрақтары табылды. Қарағандының солтүстігінде Батпақ тұрағы(96 жылы зерттеліп,
картасы құрылды).
Орта палеолит(мустье) тұрақтарынан нуклеус əдісі(енді еңбек
құралдарын дөңгелек өзек тастан жасау) арқылы жасалған тастар табылды. Кейінгі
палеолит кезеңі аз зерттелгендіктен, ескерткіштер аз кездеседі. Ал белгілі тұрақтар
толықтай зерттелмеген. Тұрақтарға келсек, Шолаққорған қалашығының батысындағы
Ащысай(ою-өрнектер қалған), Орталық Қз Батпақ(ірі қырғыш тастар мен сүңгі
ұштары), Қарабас көмбесінен порфиттен жасалған 172 зат табылды. ШҚО: Қанай,
Свинчатка, Үңгір.
Неолит дəуірі ескерткіштері орналасуы бойынша бөлінеді: бұлақ бойында; өзен
жағасында; көл жиегінде; үңгірде. Əдетте, өзен бойындағы тұрақтарда бұйымдаро мен
жабдықтар көбірек. Яғни бұл адамдардың өзен бойында ұзақ тұратындығының дəлелі.
Жерімізде көбірек кездесетін тұрақтар бұлақ бойында. Неолиттік ескерткіштердің біраз
бөлігі ашық болып келеді. Тұрақтарда жебе, сүңгі ұштары, қашау, пышақ жəне
балықшаруашылық құралдары табылған. Арал маңында Сексеуіл тұрағы бар жəне онда
малшылар мен аңшылар тұрған. Солт-шығыс Балқаш маңынан яшма мен кварциттен
жасалған құралдар табылды. Қостанай Ботай. Батыс қзда: Шаңдыдауыл, Сарықамыс,
Құлсары, Қайнар т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |