Тарих, Филология және Халықаралық Қатынастар Факультеті



бет5/13
Дата01.06.2023
өлшемі2.72 Mb.
#474604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Практика 2023

ҚОСЫМША А

  • Ұйым және педагогикалық ұжыммен танысу.

Мен ұйым және педагогикалық ұжыммен танысу барысында ұстаздың кім екенің білдім. Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам. Ұстаз болу — екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Себебі, ол дәрігер сынды жас түлектердің болашағына жауапты. Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз. Ал мектептегі ұстаз балаға жеке адам, тұлға ретінде қарайды. Білім ордасының ерекшелігі - ондағы әрбір жұмыстың сапалы да сауатты орындалуы, басшының ақылы мен тәртібіне бағыну арқылы сыйластық пен тәрбиені маңызды факторы етіп құралған шағын мемлекеттің ішкі саясаты. Мұғалім - оқушы үшін үлгілі болуы керек. Әрбір киім киюің, сөз сөйлеуің, өз - өзіңді ұстауың барлығы өз орнымен болуы керек. Өзіңді сыйлату үшін ең алдымен өзгені сыйлай білуің керек. Мұғалімдер арасындағы бір - біріне деген сыйластықты байқадым. Тәжірибесі көптеген жылдар бойы жиналған үлкен буын мұғалімдер, өздерінің ақыл-ойымен және біліктілігімен жас буын мұғалімдерге көмектесіп, қол ұшын созып тұруға әрдайым дайын болса, керісінше жас буын мұғалімдерде әрдайым көмектесіп жүгіріп жүреді. Қандай да бір жағдайларды, қиындықтарды олар өзара бірігіп, шешіп отырады екен. Бұл дегеніміз, ұжымның бірлестігі мен бірліктерін көрсетеді. Бірлігі мен сыйластығы жарасқан ұжым жетістіктерге бірлесіп жете береді деп ойлаймын. Бұл көріністің өзі әрбір білім алушыға тәрбиенің жақсы бастамасы. 1-ші күннен алған әсерлерім өте көп. Болашақ мұғалім ретінде өзімді қалай ұстау туралы көп ақпараттар ала алдым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет