-
Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000.
-
Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.
-
Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.
-
Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.
-
Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994
6 дәріс
Тақырып: Ежелгі Грецияның мемлекеті мен құқығы.
Дәрістің мақсаты: Афин мемлекеті,құқығы туралы мәлімет алады. Дәрістің мазмұны -
Афин мемлекетінің пайда болуы.
-
Афин құлиленушілік демократиясы.
-
Еж. Спарта мемлекеті.
-
Афин құқығының негізгі белгілері.
Қысқаша мазмұны: Антикалық қоғамдағы мемлекеттің қалыптасуы.Мың жылдан астам ежелгі Шығыстағы мемлекеттердің ықпалында болған Жерорта теңізі жағалауларындағы территорияларда мемлекетке ұйымдасу процесі жүрді. Теңіз сауда жолдарының бойында орналасқан Крит аралы, Алдыңғы Азиядағы мемлекеттердің товарын Жерорта теңізі аймағына таратуға делдалдық жасаған Финикия және т.б территориялар б.э.д. 2-ші мың жылдықта мүліктік жіктеліс жылдамдағандықтан мемлекеттің қалыптасу кезеңінде болды.
Египеттің тікелей ықпалында болған Крит аралы күшейген кезінде Греция территориясына ықпал етіп біраз уақыт бағыныштылықта ұстады. Крит аралының табиғи апаттан зардап шегуі Жерорта теңізі аймағындағы экономикалық қатынастардың жаңа аймақтарға ауысуына әсер етті. Алайда солтүстіктен келген дорий тайпаларының шабуылы Греция жеріндегі біршама дами бастаған мәдениетке кері әсер етті. Шапқыншылықтың әсерінен халықтың бір бөлігі теңіздің Шығыс жағалауына қоныс аударуға мәжүбір болды. Халық санының азаюы, пайдалы жер көлемінің жеткілікті болуы, сырттан әсер ете алатын күштердің әлсіздігі, шаруашылық жүргізудің ерекшеліктеріантикалық азаматтық қауымның пайда болуына әсер етті. Ежелгі Грециядағы мемлекеттік құрылымдар қала- мемлекет немесе азаматтық қауым сатысында болды. Жалпы алғашқы мемлекеттердің қала- мемлекет сатысында болуы заңды құбылыс. Антикалық кезеңдегі азаматтық қауымдардың пайда болуында ерікті бірігу-синойкизмнің ролі ерекше болды. Аристотель полистің қалыптасу жолын былай деп көрсетеді ;семья-деревня(семьялардың бірігуі-селолық қауым)азаматтық қауым немесе полис.
Азаматтық қауым немесе полис – меншігінде жері бар ерікті азаматтардан тұратын селолық қауымдардың бейбіт бірігуі. Ежелгі Шыцғыстағы қауым мүшесінің құқығы шаруашылық жүргізуде қоғамдық істердің, яғни каналдар қазу, ағаштан тазалау сияқты жұмыстардың көптігіне жэне діни дүние танымға (мысалы Индиядағы варналар)байланысты шектелген болса, ал көне Грециядағы қауым мүшесі қауым өмірінің бар саласына қатысуға құқығы болды. Оның ақысының кеңеюіне шаруашылықты дербес жүргізуі әсер етті. Ал шаруашылықты дербес жүргізуге темірден жасалған еңбек құралдары мен осы жерлерде негізгі шаруашылық дақылы ретінде өсірілетін өсімдік түрлері әсер етті. Греция мен Италиядағы табиғат жағдайы егіншіліктен гөрі жүзім мен зәйтүн ағашын өсіруге қолайлы болғандықтан,әрбір шаруаның өзінің жер үлесінде дербес жұмыс істеуіне жағдай жасады. Ал бұл өз кезегінде әрбір қауым мүшесінің экономикалық дербестігіне, ал экономикалық дербестік саяси дербестіктің, еркіндіктің дамуына жағдай жасады.
Грек қала мемлекеттерінің қалыптасуына мына жағдайлар әсер етті ;
1. Жерорта теңізі аймағының Греция орналасқан солтүстік жағалауына ықпал ететін Крит сияқты мемлекеттің ыдырауы және дорий тайпаларының шапқыншылығынан халық саны азайды.
2. Темірдің пайда болуы адамдардың азаматтық қауым шеңберінде жеке шаруашылық жүргізуіне мүмкіндік берді. Грецияның табиғи орналасқан жері таулы-қыратты болып келгендіктен жүзім,зәйтүн ағашын өсіру егіншілікте үлкен роль атқарды.
3. Грек қала-мемлекеттерінің қалыптасу кезеңінде оның дамуына кері әсер ететін сыртқы факторлар, яғни көрші ірі мемлекеттердің барлығы дерлік дағдарысты бастан кешіріп жатты.
4. Тарихи заңдылық бойынша қала-мемлекеттер біртіндеп адам санының көбеюіне жэне экономикалық қатынастардың дамуына байланысты басқа территориялардағыдай, мысалы, ежелгі Египеттегі номдардың төменгі және жоғары Египет мемлекеттеріне,сонан соң біртүтас мемлекетке айналғаны сияқты,даму сатыларын бастан кешіруге тиіс болатын.
Алайда гректердің дүниетанымына және философиясына байланысты грек дүниесіндегі мемлекет қала-мемлекет сатысында ұзақ тұрып қалды. Оған мынандай себептер әсер етті:
1. Адам санының көбеюі және жер тапшылығының пайда болуы грек қала-мемлекеттерінің үстемдік үшін күресіне алып келуге тиіс болатын. Бұл күресті біршама уақыт кейінге шегеруге және осы процесті бәсеңдетуге әсер еткен б.э.д. ҮІІІ-ҮІ ғасырлардағы колонизациялық шаралар болды. Теңізде жүзу жақсы дамыған грек қала-мемлекеттері әлеуметтік күресті бәсеңдету үшін адамдардың бір бөлегін сыртқа, жаңа жепрлерге көшіруге мәжүбір болды. Қара теңіз жағалауларында және Жерорта теңізінің басқа аймақтарында грек колониялары пайда болды.
2. Грек дүниесі адам санының көбеюін тежеуге ұмтылды.
3. Әлеуметтік күрестің қоғамның ыдырап кетуіне алып келетінін түсінген грек дүниесінің қайраткерлері реформалар жүргізе бастады. Спартадағы Ликург реформасы, Афинадағы, Солон және Клисфен реформаларының басты мақсаты әлеуметтік күресті бәсеңдету болатын.
Қала мемлекттердегі ерікті азаматтардың экономикалық жэне саяси құқықтары біршама дамығандықтан грек дүниесі дамудың жаңа моделін жасады. Грек философиясы мен ғылымы адамзаттың дүние танымын жаңа сатыға көтерді.
4. Қала – мемлекет жүйесінің біраз уақыт сакталғанына қарамастан тарихи даму заңдылығы оны мемлекет және орталықтанған мемлекет сатысына итермеледі. Бұл процесстің басталуын жылдамдатқан грек- парсы соғыстары болды. Жас қала- мемлекттерден тұрған грек дүниесі алып Парсы империясымен өлім не өмір үшін күреске түсті. Спарта және Афины бастаған грек қала – мемлекеттері ерен ерліктерінің арқасында өз жерін аман сақтап қалды. Соғысқа дейін ақ Спарта бастаған егіншілікпен айналысушы полистер одағы және Афины бастаған қол өнер сауда полистер одағы ұйымдаса бастаған болатын. Соғыстан екі одақта нығайып шықты. Енді грек дүниесіне үстемдік үшін екі ірі одақ арасындағы күрес соғысқа ұласып, ол Спартаның жеңісімен аяқталды. Бірақ бір орталыққа бағынған мемлекет құру толық аяқталмай қалды. Себебі екі одақтың соғыстан қалжырап шығуына Парсы державасы «Көп көмек» берді. Басы бірікпеген грек дүниесі Макидон патшалығының қол астына түсті.
Афин мемлекетінің пайда болуы,алғышарттары.Әкімшілік,территориялық бөлініс.Афин құлиленушілік демократиясы.Билік,басқару органдары.Б.з:д.12-11 ғ. грек тайпалары – дорий, ахей, ионий.Әрбір ру, тайпа әскери жасақтар түрінде болды.Рулар одағы –фратрийлер, тайпалар –филалар.Тайпа көсемі – базилевс.Ақсүйектер кеңесі –ареопаг, ол эвпатрид-архонттардан тұрды. Жер өңдеушілер –геомор, қолөнершілер – демиург.Солон реформасы : мүліктік жағдайына байланысты адамдарды бірнеше топқа бөлді- 1.жылдық табысы 500 медимн астығы бар адамдар.2.300 медимн.3.200 медимн.4.басқа адамдар. 1,2- топтағы адамдар басқаруға қатысты.Клисфен реформасы бойынша – ру-тайпалық бөліністің орнына территориялық бөлу жүйесі енгізілді : 10 территориялық облыс – фила, әрбір фила 3 бөліктен тұрды – триттий, ел 100 шақты шағын аудандарға бөлінді – демалар.
Еж. Спарта мемлекетін бақару органдары : патша, апелла – халық жиналысы, эклексия- таңдаулы адамдардың жиналысы, геруссия- ақсақалдар жиналысы, эфорлар –халық жиналысымен сайланған адамдар.Спартаның қоғамдық құрылысы- спартандықтар, шетелдіктер, илоттар. Илоттар – Спарта жаулап алған кезде қарсыласқан, сондықтан Спартандықтармен шектелініп, қудаланып отыратын қауым.
Достарыңызбен бөлісу: |