Тарих кафедрасы


Археология деректері этнография деректері лингвистикалық деректер



бет4/44
Дата13.02.2022
өлшемі124.82 Kb.
#455318
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Лекция жинағы

Археология деректері этнография деректері лингвистикалық деректер. Алғашқы тұрмыс тарихын зерттеу үшін сарқыншақтар мен лингвистикалық деректерді пайдалануда олардың уақытын шамалау ерекше қиын проблема болып табылады.Олар осы заманғы өмірдің элементтері ретінде көрінеді де бұлардың қайсы тарихи дәуірдің көлеңкесі екендігін тек жобалап қана щешуге болады. Көне замандардан сақталған заттық дерек-төркіндердің немесе оларды басқаша атап жүргендей археологиялық ескерткіштердің зор маңызы бар.Заттық дерек-төркіндер, яғни еңбек құралдары көне құрылыстардың қалдықтары,сәндік бұйымдар, ыдыс-аяқтар, тағы сондайлар-бұл оны жасаған қоғамның материалдық мәдениетінің қалдықтары.

Тарих ғылымы салаларының бірі-жер шары халықтарының мәдениеті мен тұрмысын зерттейтін этнография осы тайпалар мен халық топтарын, сондай-ақ неғұрлым дамыған алғашқы тұрмыс сарқыншақтарын ақтарып тексерумен шұғылданады. Алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстың қайсы бір дәрежеде сипаттарын сақтаған тайпалар мен халық топтары жер шарының түрлері жерлерінде қазірде де өмір сүреді немесе осы таяудағы өткен шақта өмір сүрді.Олар түрлі сатыларда тұрады және дамудың әртүрлі кезеңдерінде болып саналады.Бұлардың кейбіреулері, әлі мүлде металдарды білмейді және тас ғасырында өмір сүреді. Халықтың өткен шағы туралы ұғымның маңызды дерек-төркіні лингвистикалық деректер бола алады.Осы заманғы барлық тілдер қоғамның дамуына қарай қалыптасқанда өз бойында өте ертедегі өткен шақтың іздері жиі сақталып қалған.Мәселен, орысша «стрелять» сөзі «страла» сөзінен шыққан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет