Алғашқы тұрмыс тарихының шежіресі мен дәуірленуі. Алғашқы тұрмыстың қоғам тарихы адам пайда болғаннан таптың қоғам туғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңнің төсенгі шежіресінің шегі шамамен бұдан 1 млн ж.б.д. саналады. Кейбір зерттеулердің пікірі бойынша тіпті әлдеқайда ерте заман деп белгіленеді.
Азия Африкада алғашқы цивилизация б.ғ.д. IV-V мың жылдықтарда Европада б.ғ.д. 1 мың жылдықта әйкумендердің (жер шарының адам мекендеген бөлігі) басқа аймақтарында бұдан да кейінірек пайда болды.
Бұл адамзат тарихын үш ғасырға бөлді.
Тас
Қола
Темір
Тас ғасыры палеолит, мезолит, неолит.
1.Палеолит. Ерте палеолит б.з.д. 2 млн 140 мың.ж
2.Орта палеолит б.з.д. 140-40 мың.ж
3.Кейінгі палеолит б.з.д. 40-12 мың.ж.
Ерте палеолит археологиялық дәуірлерге немесе мәдениеттеріне бөлінеді. Шеллые Дейінгі шелль, ашель және мустьер дәуірлеріне болып келеді (бұл аттар алғашқы тұрған орындары болған.). Орта палеолит Мустьер дәуірі. Кейінгі палеолит әдетте дәуірлерге замандарға Ориньяк, салютрей және мадлен дәуірлері деп бөледі.
1870 ж көрнекті американ этнографы Люис Гечргі Морган. Алғашқы тұрмыстық тарихты үш сатыға бөлді. Тағылық Варварлық Цивилизация тағылық дәуірді иемденуші жинап – терушісін және аң, балық аулау шаруашылығының уақыты, оның төменгі сатысы. Ең көне адамның пайда болуынан ортаңғысы балық шаруашылығы туып отты қолданудан, жоғарғысы садақ пен жебені ойлап тапқан кезден басталады.
Варварлық заманы егіншілік, мал шаруашылығы (мен суармалы егіншілік ісін жүргізуден жоғарғысы) өндіретін уақыт оның төменгі сатысы қыш ісін ойлап табудан ортаңғысы мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік ісін жүргізуден жоғарғысы темірдің пайда болуынан бастады. Қазіргі кезде Моргон дәуірлеуін ұстамады. Алғашқы тұрмыс тарихын алғашқы тұрмыстық қауымда қалыптасу, гүлдену, ыдырау деп үш кезеңге бөлді.
1 кезең. Алғашқы тұрмыс адамдар табының дәуірін атайды. Бұл еңбектің жасанды қаруларының пайда болуымен, нашар біріккен өндіріс коллективтерін құраған ең көне адамдардың шығуымен ашылады. Археологиялық жағымен алғанда бұл дәуірге ерте палеолит Моргон дәуірленуіне тағылық төменгі сатысы сай келеді.
2 кезең. Алғашқы тұрмыстың рулық қауым дәуірін атайды. Бұл дәуір ең алдымен тас қаруларды кеңінен қолданумен, өндіргіш күштердің дамуын да ірі алға басумен көзге түседі. Археологиялық жағынан алғашқы тұрмыс рулық қауым дәуіріне кейінгі палеолит мезолит және неолит. Морган дәуірінде тағылықтың орта және жоғарғы сатысы варварлықтың төменгі және орта сатысы сай келеді.
3 кезең. Ыдырау кезеңі ең алдымен тас орнына металдың пайда болуымен байланысты өндіргіш күштердің дамуында ірі қадам басуымен көрінеді. Бұл кезеңде тез даму арқасында өнім пайда болады, қыры бар байлық үшін тонаушылық соғыстар кеңінен таралады. Рулық қауым семьялық қауымдарға бөлініп кетеді. Археологиялық жағынан бұл дәуір неолит қола немесе ерте темір дәуірі Моргон дәуірінде варварлықтың жоғарғы сатысы сай келеді.
Алғашқы тұрмыс коғамы тарихының дерек-төркіндері мейлінше сан алуан. Адамзаттың өткен шағы туралы көрсететіндердің, адамның жасағандарының, оның ыкпал еткендерінің, адам ісі-әрекеттеріне ықпал етіп әсерін тигізгендердің бәрі, - міне тарихи ғылым үшін дерек-төркін жиынтығы осындай. Алғашкы тұрмыс тарихының ерекшелігі сол, ол түгелдей, жазу-сызуы жоқ дәуірге қатысты бол келеді; тарихи ғылымдар үшін асамазды жазба дерек-төркіндер оның ақырғы дәуірін қоспағанда.
Алғашқы тұрмыс тарихы үшін негізгі көздердің басқа түрлерімеи салыстырғанда өлшеусіз аз роль атқарады. Көне замандардан сақталған заттың деректөркіндердің немесе оларды басқаша атап жүргендей археологиялық ескерткіштердің зор маңызы бар. Заттық деректөркіндер, яғни еңбек құралдары, көне құрылыстардың қалдықтары, сәндык бұғымдар, ыдыс аяқтар, тағы сондайлар - бұл оны жасаған қоғамның материалдық мәдениетінің қалдықтары. 3аттар - аса бағалы тарихи деректөркін, өйткені бұлардың бәрі өз дәуірінің өнімі болып саналады, тек сол дәуірге ғана тән болып келеді, әрі олардын өздері өндірілген сол кездің тіршілік жағдайын бейнелеп көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |