Тарих кафедрасы



бет40/44
Дата13.02.2022
өлшемі124.82 Kb.
#455318
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Лекция жинағы

2. Лекцияның оқыту натижелері: Ру-тайпалық қоғамның таптық кезеңге өтуі, қоғамда еңбек бөлінісінің таралуы, жеке меншіктің шығуы, халықтардың шығуы, әскери демократияның таралуы қарастырылады


3.Лекция мазмұны.

1.Қауым ішінде теңсіздіктің пайда болуы. Еңбек бөлінісі

2.Халықтардың шығуы

3.Әскери демократия

Рулық қоғамның ыдырау формалары қандай да болсын дәуірдің негізгі мазмүны жеке меншіктің, таптың және мемлекеттің тууы болып қала берді. Ең көбірек қолайлы экологиялық аймақтарда (Месопотамия, Египет, Инда бассейні) алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау процесі б. э.-ға дейінгі III—II мың жылдықтарға қарай аяқталды, қолайлылығы азырақ аймақтарда (Океанияның, Африка мен Американың кейбір азырақ аудандарында) осы уақытқа дейін түгелдей аяқталып біткен жоқ. Өзінің кең байтақ кеңістіктік жөне уақыттық ұзын-сонарлығында бұл процесс табиғат ортасының ерекшеліктерімен байланысты өзгешеліктерімен, қоғамның шаруашылық қызметінің бағытымен, бұрын тұрмыстық қалыптасқан цивилизацияның айналадағы алғашқы өзінің қарқындарымен ерекше болды табиғи нәрсе еді. Бірақ алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау вариантары тамаша өзгеше болғанымен, сайып келгенде, олар рулық ұйымдардың ыдырау формаларына сүйене отырып, патриархат және кейінгі матриархат деп атауға болатын екі негізгі вариантқа келіп тіреледі.

Жоғарыда сипатталған өндіргіш күштерінің жаңадан өрлеуі жыныстар арасында еңбек бөлісінің тәртібін түбірінен өзгертті. Кетпендік егіншілікке қарама қарсы жыртатын егіншілік көбіне ер адамдар еңбегінің сферасына айналды. Сондай-ақ мал шаруашылығы да ер адамдардың ісі болды: кейбір халықтарда, мәселен, үнділік-тода мен оңтустік африкалық зулустарда тіпті әйел-дерге үй жануарларына жақын келуге тыйым салынды. Орасан зор қоғамдық маңызға ие болғаи металлургиялық өндірісте ер адамдардың әрекеті болды. Бірақ, тіпті шаруашылық қызметінің бұрынғы бағыты сақталған жердің өзінде де олардың дами түсуі, мәселен, орман отағанда, кетпендік - егіншіліктегі мелиорацияда немесе ирригацияда ер адам еңбегінің маңызын үздіксіз арттыра түсті. Әйелдердің еңбегі бірте-бірте үй шаруашылығының шеңберінде шектеле берді; мунда да бұл өзінің ерекшелігінен айырыла бастады, өйткені үй шаруашылығының кейбір салалары, ең алдымен, кыш жасау мен тоқымашылық ісі қол өнер өндырісінің арнаулы салаларына айнала бастады. Еңбек бөлістеріндегі өзгерістерге сәйкес жыныстардың қоғамдық жағдайы да өзгере бастады.

Еңбек бөліністеріндегі өзгерістерге сәйкес жыныстардың қоғамдық жағдайы да өзгере бастады. Өндірісте жетекші роль атқара отырып, ер адам семьямен қоғамда үстемдік орынды алуға, аналық руға тән матриархалдық барлық халықтарының алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау дәуіріне тән болып келетін осы екі негіздің тартысы, қалайда оның ақырғы нәтиже аналық прав о тәртібін әкелік право тәртібі дайын алмастырып отырғанымен, бұл түрліше өтті. Бір қоғамдарда әсіресе, мал шаруалықтың және плуг – егіншіліктік қоғамдарда патриахалдық тенденциялар бір шама тез басымдылыққа ие болды, ал рулық құрылыстың ыдырауы болса, патриахат формасында өтті. Басқа қоғамдарда, әсірсе кетпендік – егіншілік қоғамында патриахаттың болуы матриархалдық дәстүрлермен ұзақ бөгелді де, сонымен рулық құрылыстың ыдырауы, кейінгі матриархат формасында өтті.

Матриархаттың патриархатқа өту процесі рудың шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірінің барлық жағын қамтыды. Бірақ ол, ең алдымен жаңадан туған экономикалық ұяларда - жеке семьялар мен семьялық некелік қатынастардың барлық жағына соқты.

Жеке семьялардың күштерімен шаруашылықты жүргізу, олардың тұрақты тұтасқан коллективтерге айналуын талап етті. Осыған байланысты тұрақсыз қосақ некені ерлі – зайыптылардың мықты бірлестігі – моногамия соғыстыра бастады. Ер адамның шаруашылық ролінің артуымен бірге некелік ірге алмасудың локальдылығын өзгертуді – ер адамның әйелге емес, әйелдің ер адамға келуін талап етті, - бұл матрилокальдық ірге алмасудан патрилокалдық ірге алмасуға көшуді және некелесудің жаңа формаларының дамуын тудырды. Бұрын аналық рулық қауым дәуіріне ер адам қосақ некеге түсе отырып, қалыңдықпен оның туғандарына шамалы сыйлықтар тартумен тынатын. Енді ол әйелді өз қолына алатын болды. Сондықтан да оның бағасын қайтаруға, оның еңбектік күшін сатып алуға тиіс болды. Сатып алу некесі осылай туды. Мұнда күйеудің семьясы қалыңдыққа алым төледі (славяндарда – вено, түркілерде қалың мал т.б. делінді). Қалайда қосалқы болып, кеңінен таралмағанына қарамастан, аналық – рулық құрылыс жағдайларында неке қиысудың неғұрлым кәдуілгі, әрі басқа, өте сирек формасы - әйелдерді зорлап иелену, оны ұрлап әкету (алып қашып әкету) болды. патриоркалдылықтың тууы матркольдық дәстүрлерімен қатты күрес үстінде өтті және өзіне тән ымырашылық формаларының пайда болуымен қосарланды, бұлардың көпшілігі қатып – семген сарқыншақтар түрінден ұзақ сақталды. Мәселен, ұзаққа бармайтын (әдетте, алғашқы бала туғанға дейінгі) дислокольдық, бала туу кезіне әйелдің үйіне қайтып баруы немесе күйеудің семьясында болса да, бірақ ерекше оқшауланған үйге оны көшіріп қою рецедивтері осындай еді. Кеңінен таралған бой тарту салттары комплексінің жеке моменттері, атап айтқанда, әйелдің күйеуінің ағалары мен туыстарынан бой тартуға , күйеуімен бірге қоғамдық орында болмауы т.б. тиісті салттар осындай еді. Сондай – ақ құда түсу салтының көптеген элементтері, атап айтқанда, қалыңдықты тартып, әкету немесе ұрлап әкетуді уағыздаулар осындай еді. Патрилокальдық мекен – жайға көшу статиясындағы ительмендердің салттарын бақылаған С.П.Кращенниников оларды былай етіп сипаттап жазады: “Камчадал өзінің қалыңдығына көз тігіп (міндетті түрде бөгде ортада , өз ортасына емес,) оған үйленуге тілек білдірсе, ол қалыңдығының руы ортасына барып тұрады.

Қалыңдығының ата- анасына келіп, ол өзінің ойы жайында хабарлайды да, осыдан кейін өзінің аршыны мен алғырлығын көрсетіп, барлығына иіліп қызмет етіп, бәрінен көбірек болашақ атасына, енесіне және қалыңдығына қызмет етеді де, содан кейін барып қалыңдықты алып кетуге күнгі түнде оған кедергісіз келедіде, келесі күні ешқандай рәсім жасамай оны өз ортасына алып кетеді.

Бұл өтпелі дәуір салттарының ерекше комплексі матрилокальдық патрилокальдықпен ауысқанда, әдете біраз уақыт әлі де, туыстықпен ана жағынан есептеуді байланыстырды. Бұл кезде әйел ерінің семьясы мен руына қайтып оралатын. Мұнда олардың ең жақын нақтылы туысы анасының бауыры болатын, оның баласы осындай тәртіп бойынша өзінің анасының аға-інісіне барады. Жиені нағашы ағасының үйінде тұрады. Соның шаруашылығында жұмыс істейді. Оның өсиет ұстаздығына құлақ асады. Семья немесе ең жоқ дегенде, оның қабілетті бөлігі соншама туғандары мен олардың балаларынан емес, нағашы ағалары мен жиендерінен тұратын еді. Бүкіл осы тәртіп, сондай –ақ оның осы қалпында ұзаққа сақталып келген сарқыншақтары (көбіне жиендер мен оның нағашы ағасының арасындағы ерекше жақындық туралы ұғым) авункулат деген атқа ие болды. кейбір совет этнографтры балаларды өз семьясында емес бөгде семьяда тәрбиелеуді бұйыратын кафказдық келттердің славяндардың және басқа халықтардың белгілі аталықтың салтын авункулаттың түрі өзгерген реликті, деп санайды. Өз шаруашылығын жүргізетін жеке семьялардың пайда болуы рулық меншіктен жекеленіп бөлінген, оқшауланған семьялық меншіктің пайда болуымен қосарланды. Бұл меншікті ер адам өз балаларына беруге тырысты. Бірақ руды аналық жақтан санау мен мұралану мұндай мүмкіндікті жоққа шығарды, ал аванкулат жағдайларында дамыған ымырашылдық салт – нағашы ағалардан жиендердің мұралануы – авункулатың бүкіл жүйесі сияқты,жеке семьяның тұтас болуына жол ашпады. Қарама – қайшылықты, туыстықты ана жағынан санап, мұраланудан әке жағына, ана бағытынан көшумен аяқталатын ескі тәртіптерді түбірінен өзгерту жолымен ғана шешіле алатын. Патрилокальдыққа қарай көшу сияқты бұл да өзгеше формалар тудырған ұзақ процесс болы. Туыстық пен мұраланудың осындай қосарлық себі, немесе билинейлық адамның аналық руға да, аталық руға да тиісті болып есептеуі, әрі осыған сәйкес 2 руда да мұрагерлікке үміткерлік туғызды. Көптеген тайпаларда (меланезийліктер, Оңтүстік африканың гереро, Сахараның туарегтері және басқаларда) туысқандардан мұраланған меншік, ана жағы бойынша ауыстырылып берілетін болған, өз басының еңбегімен табылғандар әкеден балаға ауыстырылып берілетін салттар кеңінен тараған. Дегенмен бөлісу өлген адамның балалары мен жиендері арасындағы соқтығыстармен қосарланып отырды, әрі әдетте, мүлікті өз балаларына көбірек беріп кетуге әкесі өзінің тірі кезінде –ақ түрлі тәсілдерді қолданып тырысып бақты. Ескі тәртіп жаңаға қатты қарсылық көрсетті, бірақ қоғамның экономикалық ұясы ретінде жеке семьяның нығая түсуіне қарай туыстық пен мұралануды ана жағынан санау бірте- бірте ығыстырды.

Жоғарыда айтылғандай, алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырауы матриархалдық рудың патриархалдыққа айналуы түрінде дайын өте бермеді. Совет этнографтары (А.М. Золотарев, С.П. Толстов) алғашқы тұрмыстық қоғам ыдыраған аналық ру жағдайларында тікелей таптық қоғамға жиі ұласып отырғанын анықтады. Дамудың бұл варианты, кейінгі матриархат патриархатқа қарағанда әзірге нашар зерттеліп, бірақ қазірдің өзінде –ақ бірқатар этнографиялық қоғамдарда даусыз тіркеліп отыр. Мәселен, суматраның микронизейліктері, малайлықтар – минангкабауы, таулық Ассамның гаро мен кхастары , ашантилер, догомейліктер және тропикалық Африканың кейбір басқа халықтары осындай. Бұл халықтардың барлығында азды – көпті әлеуметтік жіктелу жағдайларында жеке меншіктілік, таптар мен мемлекет, мұнда аналық рудың әкелік руға алдын ала айналуынсыз –ақ пісіп жетілгенін көрсететін матриархаттықтың аса күшті қалдықтары сақталған.

Микронезейліктер отарлау кезеңіне қарай және оның бас кезінде бір аралдарда көбіне кетпендік егіншілікпен, егіншілерінде көбіне балық аулаумен шұғылданған; Олардың бірден - бір үй жануары тауық болған. Аралдардың жұрыны табиғаты қолөнерін, негізінен алғанда тас пен қауашықты, ағаш пен өсімдік талшығын өңдеумен шектелді. Мұның есесіне жеткілікті дамыған айырбас болды. бүтіндей алғанда аралды мекендеушілер алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстың таптық құрылысқа көшу шегінде тұрды: Олар жеке меншікті, қоғамдық теңсіздікті, мұрагерлік аристократияның өкіметін, кей жерлерде құлдықты білді. Бірақ сонымен бірге бұларда әлі де болса аналық – рулық ұйымда жойылмады. Мәселен, Шығыс микронезия аралдарын мекендеушілер делокализацияланған аналық бағыт рулары мен аналық үй – жайлық қаымдарға бөлінді. Соңғылары матрилокальдық немесе дислокльдық некеге негізделді және аға ер адам бәйбіше әйелдің басшылығымен жалпы шаруашылықты жүргізген 30-40 адамнан тұрды. Мұрагерлік тәртібі қатал аналық жақтан болды. әйелдер некеден тыс байланыс жасау бостандығына дейін тең праволылық пен тәуелсіздігін сақтады: айрылысқан жағдайда балалар әрқашанда анасымен қалды.

Минангкабу, ең алдымен күнде біздің эрамыздың алғашқы ғасырларынан, негізінен алғанда күріш, кокостік пальма және әртүрлі огородтық дақылдар өсіріп ирригациялақ егіншілікпен шұғылданды. Егіншілік кетпендік болатын, бірақ кей жерлерде ағаш плуг қолданды. Шаруашылықта мүйізді ірі қарамен жылқы өсіру, сондай – ақ балық аулау мен аңшылық қосалқы роль атқарды. Қолөнершілік қызмет, атап айтқанда, мыс пен асыл құнды металдарды өңдеу, қош ісі мен тоқымашылық жоғары дамуға жетті, елдің түрлі аудандары арасында, сондай-ақ Индонезияның басқа аралдарымен де қызу айырбас жүргізілді. ХІІ ғасырдың өзінде –ақ минангкабу ерте таптық княздігі қалыптасты, бірақ сонымен бірге мұнда ХХ ғасырдң басына шейінгі матриархалдық құрылыстың негізгі сипаттарын қайта құруға мүмкіндік беретін, толып жатқан рулық құлдықтар сақтала берді. Бүкіл минангкабу екі фратрияға (“ларас”) және төрт руға (“суку”) бөлінді, бұлар ең таяу туыстық бес ұрпаққа дейін саналатын, неғұрлым ұсақ рулық топтарға (“кампуэнг”) және үй –жайлық қауымдарға (“сабуа паруи” – дәл мағынасында – бір жатырдан шыққан) бөлінді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет