2.Лекцияның оқыту натижелері: Адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуы, антропогенез процесінің қалыптасуы мен ерте заманғы гоминидтер және олардың еңбек қызметі туралы сипаттама
3.Лекция мазмұны.
1.Адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуы
2.Антропогенез процесінің қозғаушы күштері
3.Көне адамдар тобыры мен түрлерінің шығу факторы
Алғашқы тұрмыс қоғамының заңдылық түсіну адам эволюциясының ен бойында, адамның өзінін, физикалық типінің өзгерістердің, осы өзгерістердің қозғаушы күштің антропогенездің осы заманғы теориясымен таныспайынша мүмкін емес. Тарихтың тең сәрісінде, Лениннің айтуы бойынша қалыптасып келе жатқан адамдарды физика типі көп жағынан әлі де олардың мүмкіндігін анықтайтын еді. Сондықтанда тарихи дамудын қуатты факторлары ретінде алға шықты. Сол себептен де еңбек қызмет ең көне кезеңде әлеуметтік ұйымдардың қаралуы адамның өзінің биологиялық тарихынана бөлуі болмайды.
Табиғат туралы мәселе Карл Линней оны жануарлар патшасы системасын енгізеді. Әрі адамды сол белгілі кездегі маймылды бірге қосып сүтпен қой кұрамына приматтарды XVIII ғасыр орта шенінде тұнғыш рет ғылыми негізге қойылды. Айтылғандарды қорытайық. Қазіргі заманғы адам приматтар отряды гоминидтер семьясына жататын Ноmо текті түрін құрайды. Осы заманғы адамзаттың нәсілдері арасындағы морфологиялық айырмашылықтар жай кезге көрінгеніне де қарамастан. Бірақ олар өмірлік бір түрге жатқызылуы мүмкін.
Антропогенез саласындағы білімдердің барлық қорын жинақтаған және эволюциялық теорияның негізгі қағидаларын атап айтқанда табиғи және жыныстық іріктелу туралы ілімін адамға қолдануға әрекет жасаған Чарлз Дарвиннің “Адамның шығуы мен жыныстық сұрыптау” (1971ж) деген кітабында адамның жануарлықтан шыққан тегі айдан анық толық дәлелденіп осы заманғы антропология мен материалистік философияның өзекті тірегіне айналды.Х1Хғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдағы толып жатқан зерттеулер адамның жануарлық шыққан тегі туралы ілімнің дұрыстығының жаңа дәлелдерін әкелді.
Антропоморфты семьялар мен қатар приматтар отрядының барлық классификацияларында дерлік осы заманғы адам мен ең жақын ата-тектерін біріктіретін гоминит семьялары бөлініп шығады. Бұл семьялардың барлық өкілдері үшін өз құрылысының күрделілігі жағынан басқа приматтардың миынан әлдеқайда көп артып түсетін үлкен ми дененің түзулене түскен жағдайы мен екі аяқпен тік жүру, өте қозғалғыш және барлық қалғандарына күрт қарама-қарсы келетін күшті дамыған үлкен саусақты нәзік қимыл жасауға қабілетті қол сүйегі тән болып келеді. Сонымен тіпті анатомиялық көзқарас тұрғысынан қазіргі адам мен оның тікелей ата-тектері оларды басқа приматтардан, тіпті адам тәрізділерден бөлініп тұратын және семьяларда олардың бөлінуін ақтайтын едәуір ерешелікпен сипатталады.
Гоминид семьяларының құрамын түрлі зерттеушілер әр түрлі анықтайды. Көптеген еңбектерінде семьялар құрамында тек бір ғана текті адамның өз басын, оған барлық қазылып табылған формаларды қоса отырып, “Ноmо” тегін және қазіргі адамды бөліп көрсету қабылданған. “Ноmо” тегі шегінде әдетте екі түр – қазіргі түрдің адамы парасатты адам “Хомосабен” тұрпайы адам Хомосабенс болып бөлінеді. Бұл бөлімшелерден бір жағынан осы заманғы адаммен, 2-ші жағынан оның тікелей ата-тектері арасында соңғылардың арасындағыға қарағанда морфологиялық айырмашылық көп екендігі көрінеді. Антропогенез процесінде бір гоминид семьялары қалыптасқанда екіншісі қазіргі түрдің қалыптасқанда екі секіріс туралы қағиданы ұсынған Я.Я. Рогинский ең алдымен нақ осы фактілерге сүйенеді. Антропогенез процесінде бұлардың маңызы бірдей емес екендігі түсінікті. Бірінші секіріс морфология сферасында айырықша адамдық ерекшеліктердің көрінуімен сай келеді де ойлау мен тілдің пайда болып әлеуметтік ұйымдардың өркендеуі т.б. құралуымен бір сөзбен айтқанда адамның өзі пайда болуымен көзге түседі.
Екінші секіріс “қалыптасып келе жатқан адамдардан “дайын” адамдардың құралуын ғана көрсетеді”. Кейбір ғалымдар алайда бір жағынан ең ертедегі және ертедегі гоминидтер петекантроптар мен синантроптар және екінші жағынан Неандертальдықтар арасындағы морфологиялық айырмашылықтар неандерталдықтар мен қазіргі адамдар арасындағыдан гөрі аз деп санайды. Тиісінше секірістер саны үшке дейін көбейеді. Айтылғандарды қорытайық. Қазіргі заманғы адам приматтар отряды гоминидтер семьялығына жататын “Ноmо” текті түрін құрайды. Осы заманғы адамзатың нәсілдері арасындағы морфологиялық айырмашылықтар жай көзге көрінгеніне де қарамастан бірақ олар өмірлік маңызы жоқ екінші дәрежелі белгілерінен де көрінеді.
Антропогенез процесінің қозғаушы күштері. Адамның шығу процесіне биологиялық заңдылықтарды тарата отырып Дарвин жыныстық сұрыптауға барынша үлкен маңыз берді. Оның теориясына сәйкес приматтармен салыстырғанда адамның физикалық ерекшелігі мынада: белгілі бір ерекшеліктері бар индивидумдарды әйелдердің таңдап алуы салдарында құралған морфологиялық ерекшеліктердің болуында еді, бұл көбейіп өсу процесінде басымдық алды, неғұрлым көп ұрпақ қалдырды. Сөйтіп белгілі бағытта адам тегінің дамуына шешуші ықпал жасады. Ч.Дарвин осы арқылы сол бір заманғы адамның күрт жыныстық диморфизмін денесінде жүн бүркеншігінің толық дерлік жойылуын т.б. түсіндіреді.
Алайда жыныстық сұрыпталуда басқа белгілер емес, нақ сол белгілердің шешуші болғандығының айқын еместігі туралы айтпағанның өзінде жыныстық сұрыптау теориясының көмегімен ми көлемінің өзгерістерін қол бастарының қимылдағыштығын дененің пропорциясын түсіндіру қиын еді, ал нақ осылар адамға анатомиялық ерекшелік берді ғой .Дарвин теориясы тұрғысынан алғанда адамның нақтылап сөйлейтін сөзінің шығуы мен жетіле түсуін түсіндіру қиынға соғады.
Көптеген ғалымдар адам морфологиясының өзгерістеріне анықтаушы ықпал еткен және адамды хайуанаттар дүниесінен бөліп тұрған өтпейтін әңгек болған маймылдан адамға көшуден шешуші қадам ретінде тік жүруді көрсетеді. Басқалары қолды еркін билеп игеру айналадағы табиғатты қайта жасауда адамдардың алдында орасан зор перспектива ашты.Антропогонез еңбек теориясының маңызын Энгельстің өзінің бір сөз тізбегімен алып : еңбек адамның өзін жасады, деп тұжырымдауға болады. Шынында да еңбек алдымен тамақ тауып, жаулардан қорғануға олардың қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың еңбек қызметі төрттік дәуірі кезінде адамның түр –тұрпатын өзгерткен және қоғамды жасаған қуатты стимул болды. Адамның тікелей ата- тектері үштік дәуірдің аяғындағы антропоморфты маймылдар осы заманғы приматтардың көпшілігіне ұқсас қоғамдық хайуанаттар болды. Олар бірігіп азық жинады және жыртқыш хайуанаттардан қорғанды. Бірақ олардың айналадағы табиғатқа ықпал етуінің басқа сүт қоректілердің ықпал етуінен принципиалды айырмашылығы бар еді. Ұсақ жануарларды аулап жеуге жарайтын тамырлады қазып алу ағаштардан жеміс жидектер мен жеке жидектерді қағып түсіру және құрт- құмырсқалардан қорғану үшін, олардың кездейсоқ іріктеліп алынған тастарды таяқшалар мен ағаш бұтақтарын пайдалануы өте ықтимал. Бірақ бұл әлі нағыз қаруларды пайдалану емес еді.
Қаруларды тұрақты қолдану алғашқы адам алдында өз қажеттерін өтеуде, атап айтқанда өзінің тамақтық қорын орасан үлкен дәрежеде ұлғайт уда табиғат ресурстарын анағұрлым едәуір белсенді пайдалану мүмкіндігін ашты.Сондай-ақ жыртқыштарға қарсы күрестен алғашқы тұрмыс коллективтерінің күшін едәуір арттырды. Сонымен (бірге) тілдің пайда болуы еңбек процесінде шықты және еңбек қызметінің салдары болды. Ф. Энгельс теориясы адамның қалыптасуында қоғамдық, әлеуметтік іс шешуші роль атқарғанын атап көрсеткен қоғамсыз адам бола алмайтындығына көзжеткізген барлық қолда бар антропогонез теорияларынан бірден-бір айрықша теория болды, ол ойлау мен сөздің шығуын түсіндіріп берді.
Ф. Энгельс құбылыстың биологиялық жағына да көңіл бөлді. Ол тік жүрудің қалыптасуының гоминид семьялығындағы эволюцияда қол мен мидың прогрессивті дамуының маңызын көрсетеді адам организмі биохимиясының өзгерісінде етті тамақтың ролін т.б. көрсетеді. Адамның ең таяу ата тектері мен адамзаттың арғы отан проблемалары.
Қазіргі кезде Ескі Дүниенің әртүрлі салаларында үштік дәуірдің аяғындағы қазылып табылған адам тәрізді маймылдардың қазындылары өте көптеп белгілі болып отыр. Адамға ең жақын дриопитекті маймылдар тобы болып шықты. Батыс Европаның Африка мен Азияның әр түрлі облыстарының кейінгі үштік жіктерінде дриопитектердің қалдығы табылды. Дриопитектер орташа көлемі жағынан осы заманғы павиондар мен шимпанзені еске түсіретін приматтар болып келеді.
Гоминид семьяларының тікелей арғы тектері туралы нақтылы ұғымды жасау үшін оңтүстік Африкадағы толып жатқан және жақсы сақталған олжалардың мейілінше зор маңызы бар,мұның алғашқы ұғымы 1924ж.жасалған еді.Осы уақытқа қарай оңтүстік Африкада антроморвты маймылдардың бес қазбалық түрі ашылды бұлар үш текті австралопитектерді, паронтроптарды және полнзионтроптарды біріктіреді және австролопитектердің семья тармағына немесе семьялылығына бөлінеді. Олар сірә бойы жағынан дриопитектік маймылдардан айнымайды, бірақ миының біршама ірілігімен (500-600 см)және екі аяқты локомациясымен яғни артқы аяқтары мен жүру арқылы сипатталған.
Ф. Энгельстің пікірін растайды және хайуанаттарды аулау гоминидтердің ата-бабаларында да болсын басым орын алғанын көрсетеді. Австролотитектік маймылдардың қаруларды пайдалануы туралы мәселе ерекше қойылады. Олармен бірге шөп қоректі хайуанаттардың бас сүйектері, мүйіздері мен сынған түтік сүйектері, сондай-ақ павиондардың сынған бас сүйектері көптеп табылды. Австролопитектер павиондарды аулаған және олардың бас сүйектерін өткір тастардың көмегімен жарған деп болжалады.
Адамның хайуандық шыққан тегі туралы теория негізделгеннен кейін ғалымдар алғашқы тұрмыстық маймыл адамдардың тіршілік етуі туралы болжауларды айтып, тіпті олардың морфологиялық тұрпаты жайында көз алдына келтіріп көруге де тырысты.Бұл болжаулар мұндай тіршілік иесінің қазба қалдықтары шынында да Явадағы Соло өзенініңде 1890-1891 жылдары нақтылы тұжырымға ие болды.
Бас сүйегінің қақпағы мен төменгі аяқтарының ұзын сүйектері табылды. Оларды зерттеу негізінде сол тиісті болған тіршілік иесі тік жағдайларда жүріп тұрған деген қорытынды жасалды. Сондықтан питекантроп немесе тік жүретін “маймыл-адам”деген ат тағылды. Питекантроптар шелль және ашелль мәдениетіне жататын еңбек қаруларымен пайдаланған деген тұжырымға көбірек бой ұруда. Өте көне гоминидтің морфологиялық типінің эволюциясын түсіну үшін 1927жылдан бастап Солтүстік Қытайда Пекинге таяу Чжоукоудянь үңгірінде аса маңызды жаңалықтар ашылды. Мұнда табылған ең көне аңшылар лагерінің қазбасы орасан үлкен археологиялық материалға қол жеткізді бұл 40-тан астам индивидуумдар ер адамдардың әйелдер мен балалардың сүйек қалдықтары еді.
Питекантроп сияқты синантроп орта бойлы және денесі мығым болып келген. Бұл қорытындыны қорғауда синантроптардың еңбек қызметінің біршама жоғары дәрежесі жанама дәлел бола алады.Мәселен айталық құралдары сан алуан және шелль тұрғын жерлерінен табылған саймандарының тұрақсыз бір типті .Соққыштар аз әрі бұларда типологиялық бірыңғайлығымен айрықша болып келеді. Синантроп енді бұғы, киік, жабайы жылқы және тіпті мүйіз тұмсық сияқты ірі жануарларды да өлтіретін. Оның үңгірлерде тұрақты мекені болған. Синантроп отты кеңінен пайдаланғаныдығының даусыз дәлелдерін көрсетті үңгір ішіндегі күлдің қабаты бірнеше метрге жетеді.
Адамның хайуандық шыққан тегі туралы теория негізделгеннен кейін ғалымдар алғашқы тұрмыстық маймыл адамдардың тіршілік етуі туралы болжауларды айтып, тіпті олардың морфологиялық тұрпаты жайында көз алдыға келтіріп көруге де тырысты.Бұл болжаулар мұндай тіршілік иесінің қазба қалдықтары шынында да Явадағы Сола өзенінің ерте плейтоцендік шөгінділерінде ашылған кезде 1890-1891 жылдары нақтылы тұжырымға ие болды. Германиядағы Дюссельдорф маңынан алғаш табылған олжалардың аты бойынша неандертальдық-адам деп аталған .
Неандертальдықтардың морфологиялық типі ең көне гоминидтердің физикалық ерекшеліктеріне қарағанда әлдеқайда көп жақсы жағынан мәлім. Сүйек тұрпаттарын зерттеу неандертальдықтар орта бойлы және барлық жалпақтық көлемдері сірә осы заманғы адамның осындай көлемдерінен асып түсетін төтенше күшті құрылысты адамдар болғанын көрсетеді көк еттері бекітілген жердегі сүйектердің үстіндегі едәуір рельеф бұлшық еттерінің күшті дамығандығын көрсетеді.Неандертальдың өте оңтайлы да тез жүретін жануарларды аулағандықтарына қарағанда, оның күші жылдамдығымен қосарланғаны көрінеді.Бірақ жылдамдығы барлық мүшелеріне таралмаған болса керек. Мәселен қол басының пропорциясы осы замандағылардікінен өзгеше еді қол басының өзі дөрекілеу де ауырлау болатын нәзік қозғалыстарға оның оралымдылығы мен қабілеті сірә, шектеулі болса керек.Неандертальдықтар миының дамуы қазіргі заман адамдарының миына жақындап келеді. Оның көлемі түрлі формаларда 1200см- тен 600см – ке дейін аралықта ауытқыды.
Неандерталь формалардың бас сүйек құрылысында да көптеген маймылдың белгілері сақталғанды.Бас сүйек қорабының биігінде нашар дамығандығымен көре түсетін қас-қабақ үсті көбесі кейбір жағдайларда тіпті ең көне гоминид бас сүйектеріндегі осындай түзілістерден аса түсіп, орасан үлкен көлемге жететін, иек шығындысы жоқ болатын немесе өте нашар білінетін. Гоминид семьялығының тарихында неандертальдық типтің орны қандай? Бұлардан бірқатар прогрессивті белгілері мен айырмашылығы болған ерте және плейстоценнің өте көне гоминидтері морфологиялық типтері негізінде оның қалыптасқаны айқын.
Ашель дәуірінің соққы беретін ретушь тәсілі мустьер дәуірінде одан әрі дами түсті қарымта соққы беретін ретушьі ойланып табылды. Аң аулау неандертальдықтарға сүйек оймыштары үшін мол материал берді. Өндіріс мақсаттары үшін (тас шегелер ретушерлер жүздер) ұсақ үшкірленген қарулар жасап шығару үшін сүйектерді пайдалану басталды. Айта кетсек жасанды жолмен от табу әдістерін игерген неандерталь адамы үшін отты кеңінен пайдалану тән болып келеді. Бұл сүйектерді жиыстыруды оңайлатып ынталы ете түсті, осы жағдайда көптеген мөлшерде ұсақ сынықтар пайда болды. Бұлардың қайсыбір шаруашылық қажеттеріне қолданылуы да ықтималды.
Достарыңызбен бөлісу: |