«тарих» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет26/38
Дата23.10.2023
өлшемі3.11 Mb.
#481446
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Каналхан Е.Г. 2022 сонгы вариант (1)

Жаңадария 
бойындағы 
ортағасырлық 
қалалар. 
Жаңадария 
бойындағы орта ғасырлық қалашықтар ХІV-XV ғғ. мерзімделеді. 
Женд қаласы – Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 115 
шақырым жерде, Жаңадарияның жағалауында, негізгі арнадан 4 км 
қашықтықта орналасқан. Қала аумағының қазіргі биіктігі 2 м болатын 
қабырға және ені 4-5 м болатын ор қоршаған. Қала дұрыс емес трапеция 
формалы, ол солтүстіктен-шығысқа, оңтүстіктен-батысқа қарай 600 м-ге 
солтүстік-батыстан оңтүстік шығысықа қарай 500 м-ге созылып жатыр [113]. 
Женд қаласы – 1946 жылы бұл ескерткіш ХАЭЭ-сы тарапынан 
зерттелді. 
1958 жылы ХАЭЭ Б.В Андрианов басқарған отряд Жендте оның 
маңайында жан-жақты зерттелді . 


66 
Бештам қала (Ор қала) ескерткішін 1946 жылы ХАЭЭ ашқан. Ол 
Сырдарияның төменгі ағысындағы оңтүстегі ең шеткі қала болып табылады. 
Ол Жаңадарияның кепкен арнасының оңтүстік жағалауында орналасқан. 
1959 жылы қала мұқият зерттелді. Қаланың көлемі 390х300 м болатын дұрыс 
емес тікбұрыш формалы. Қаланы екі қабатты қабырға және үлкен ор 
қоршайды. Қабырға пахса блоктарынан тұрғызылған. Қабырғалар бойында 
мұнаралар іздері байқалады. Ескерткішті алынған материалдар ХІІ-ХІІІ 
ғасырлармен мерзімдейді. 
Құм қала бекінісі Жендтен қалашығынан 12 км жерде орналасқан. Ол 
Жаңадарияның сол жағалауында орналасқан көлемі 300х400 м болатын 
төртбұрыш формалы ескерткіш. Қалашық ХІІ-ХІV ғғ мерзімделеді. 
Қожақазған І бекінісі Жаңадария бойында орналасқан. Қала жоспары 
Сырлытам, Заңғар қала ескерткіштеріне ұқсас. Қаланың цитаделінің көлемі 
120х120 м. Цитадель терең ормен қоршалған. Қабырғаның қазіргі биіктігі 4 м 
болатын үйінді күйінде сақталған. 
Осы қалашықтар Сырдарияның төменгі ағысындағы орта ғасырларда 
Жаңадария мен Іңкәрдария арнасының ағысының бойында көптеген 
қалашықтардың бой көтеруі, мәдениеттің гулденуі. Жоғарыда айтылған 
қалашықтардың, өңірдің Еуразияның Ұлы далалық белдеулерін жайлаған 
бақташылар мен шұратты жер өңдеушілер арасындағы үнемі байланыс 
аймағы ретіндегі, көші қон және сауда жолдарының өзіндік қиылысы 
ретіндегі маңыздылығын дәлелдей түседі. Ұлы Жібек жолының солтүстік 
бөлігінде орналасуы Еуразия құрылығының саудамен Шығыс пен Батысты 
байланыстарған көпір болған. 
ХАЭЭ-сының осы орта ғасырлық қалашықтарға байланысты, көптеген 
еңбектері мақалалары жарық көрді. 
Шіркейлі Қос асар қалашығыЕскерткішті алғаш зерттеу жұмыстары 
1990 ж. Қазақ КСР Мәдениет жөніндегі Мемлекеттік комитеттің 
ескерткіштерді қорғау басқармасы тарапынан, археолог П.Е. Қаратаевтың 
жетекшілігімен жүргізілген [114]. Ал, 2006 жылы Құрманқұловтың 
басшылығымен ШРАЭ-сы қайта археологиялық барлау жұмыстарын 
жасаған. 
2015 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 
«Археология және этнография» ғылыми зерттеу орталығы «Арал маңының 
егін және мал шарушылықтарының байланысқа түскен аймағындағы қала 
мәдениеті (б.д. І мыңжылдығы)» атты жобасы бойынша (жоба жетекшісі Ә.Ә. 
Тәжекеев) Шығыс acapлар тобының ішіндегі Шіркейлі Қос acap қаласына 
қазба жұмыстарын жүргізді. 
Шіркейлі Қос-acap қаласы Қызылорда облысы, Сыpдaрия ауданы, 
И.Ильясов ауылынан батысқа қарай 5,5 шақырым жерде орналасқан. 
Қалашықтың көлемі 900х600 м, екі қамалдан тұрады. 
Қос-acap-1 қамалы қалшықтың шығыс бөлігінде орналсқан. Қамал 
жетілдірген қорғаныс жүйесі және үй құрылыстары бар екі қабатты төбе 
түрінде болып келген. Төменгі қабаты алты ярустық көлемі 130х120 


67 
м,қалашықтың үстіңгі қабаты 1,5-2 м. болып келеді. Жайылған төбе түрінде 
болып келген үстіңгі қабатының диаметрі 50х40 м, биіктігі 15 м.
Қос-acap-2 қалашықтың ортасында I Қос acap қамалынан батысқа 
қарай 500 м жерде орналасқан. Қалашықтың жоспары көп бұрышты 
сақталаған жеті қорғаныс қабырғасының ұзындығы – 60 м негізіндегі 
диаметрі 170 м алаңның биіктігі 4-6 м цитадель шығыс бөлігінде орналасқан, 
биіктігі 8-10 м, өлшемдері шығытан батысқа қарай 45 м солтүстіктен 
оңтүстікке қарай – 40 м шығыс жағының беткейін тік ал батыс пен 
солтүстігінің тым жалпақ. Қамалға кіретін қақпа оңтүстік жағында 
орналасқан. 
Төрткүл. Қос acap II оңтүстік бұрышнан шығысқа қарай 60 м жерде, 
қалашықты қоршаған бекініс қабырғасының ішінде орналасқан. Жоспары 
төртбұрышты өлшемі 70-50 м, қабырғасының биіктігі 4-5 м, қалыңдығы 2-2,5 
м. Қамалдардың бұрыштарында диаметрлері 3-3,5 м болып келген атыс 
ойықтары бар. Кешенің оңтүстік бұрышында шаршы пішіндес құрылыс 
орналасқан. Қазба жұмыстары жүргізілмеген.
Шіркейлі Қос-acapы қаласы құрылысы жағынан Алтын-acapға ұқсас 
келеді. Онда да үлкен және кіші үйлер мен жоспары төртбұрышты «керуен 
сарай» орналасқан. Шіркейлі Қос-acapындағы «төрткүл» де керуен сарай 
қызметін атқаруы мүмкін деп болжам жасауға болады. Алтын-acap Жeтiacap 
шатқалындағы ең ірі acap болса, Шіркейлі Қос-acapы Шығыс acapлардың 
ішіндегі ең үлкені болып саналады. Бұл топқа кіретін қалашықтар мықты 
қорғаныс жүйелермен құрылыс орындарын байқауға болады. Сырлы acap 
қалашығы ескерткіш жан-жағын күріш алқаптары қоршап жатыр. 
Қалашықтың ортасында ірі құрылысы (көлемі 80х85). Қамалдың жанында 
қолдан қазылған арықтар орын тепкен. Керамикалық кешені бойынша б.з. I 
мыңжылдығымен мерзімдеуге болады. Л.М.Левина да, шығыс acapлар 
тобына жататын кейбір қалашықтардың керамикасы бойынша осы кезеңмен 
мерзімдейді [38].
Шығыс acapлар қалашықтарының бүгінгі жай күйі өте қауіпті жағдайда 
десек болады. Олардың қазіргі уақытта күріш алқаптарының ортасында 
орналасуы, үнемі жерасты ыза судың және антропогендік факторлердің 
әсерінен ескерткіштер қарқынды бұзылу процессінде. Сонымен қатар, Қара-
acap қалашығының топырағын 80-жылдары тас жол құрылысына алғаны 
аздай, содан пайда болған жарға оқ ату арналған арнайы қабырға 
мишеньдерін орнатып оқу жаттығуларын өткізетін орынға айналған. Құлке-
acap жанында орналасқан «Бәйге төбе» деп аталатын обасы ұқсас ескерткіш 
«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жолы салыну барысында орны тегістеліп 
кеткен. Сонымен қатар, Көктонды обасының үстіне қазіргі кездегі бейіттер 
түсіп жатыр. 2015-2017 жылдарға арналған жоба аясында Шіркейлі Қос acap 
қаласының үш жерінен қазба жұмыстары салынды. Бұл қазба жұмыстарының 
нәтижелері ғылыми есептерде мақалаларда жарық көріп отыр. 
Шіркейлі–Қосacap қаласында жүргізілген қазба жұмыстарына 
тоқталатын болсақ. 


68 
Қазба №1. Үлкен үйдің үстіңгі қабатындағы қазбаға дейін қабырға 
іздері байқалып жатқан құрылысқа салынды. Қазба нәтижесінде жоспары 
шаршы келген кең ауласы бар ғимарат ашылды. Бөлменің көлемі 6х6 м, 
қабырғасының қалыңдығы 3,5 м. Қабырғасы өлшемдері 40х42х28-30х10 және 
38-40х38х40х10 см саз кесектен өрілген. Бөлменің солтүстік қабырғасында 
ені 70 см, ұзындығы 3,5 м аулаға шығатын дәлізі бар. Ауладан ғимараттың 
дуалына жақын немесе дуалды ойып қазылған 20 шаруашылық шұңқырлары 
(ұралар немесе қамбалар) ашылды. Ауладан ғимаратқа жақын бірненше 
қадалардың шұңқыры табылды. Бұл дуалға жақындадып салқан ағаш 
құрылыстың ізі болуы мүмкін. 
Қазба №2. Үлкен үйдің шығыс бөлігіндегі сыртқы қабырғасына 
ескерткіштің салыну мерзімін мен құрылыс кезеңдерін анықтау мақсатында 
салынған қима. Далалық маусымда екі құрылыс анықталды және төменгі 
құрылыс кезеңінде қала ұзақ өмір сүргенге ұқсайды. 
Қазба 3.Сыртқы қабырғаға қималық қазба барысында қорғаныс 
қабырғасының оңтүстік-батысында техниканың күшімен қазылып кеткен 
бөлігі таңдалынып алынды. Қабырғаға жоспары төртбұрышты, көлемі – 12х2 
м қима жасалынды. Қимадағы жалпы көріністен негізгі қабырға және оған 
қосарлана салынған тұрғын орны көрінеді және екеуінің арасын ұзындығы – 
1,45 м болатын дәліз жалғап тұр. Қазба тереңдігі 3,95 м тоқтатылды. Бірақ, 
бұл тереңдік дуалдың салынған сол дәуірдегі жазығына жеткен жоқ. 
Көптеген уақыт бойы су жатып, ыза болғандықтан қиманың төменгі бөлігі 
нашар сақталған. Бұл өз кезегінде қиманы оқу немесе мәдени қабаттарды 
анықтауға кедергі туғызып отыр. Бірақ, қималық қазба барысында бекінісі 
мықты дуалдың болғандығын және ол қалашық ішінде орналасқан үлкен 
және кіші үйлерден бұрын тұрғызылғанын байқатып отыр [70, 250-254 бб.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет