81
үсті кірпіштердің айшықты үш
қатарымен, сондай-ақ жақтаулармен және
терезе алды ернеулермен жиектелген.
Ғимараттың бұрыштары, сонымен қатар орталық терезелер мен қос
терезелердің арасындағы бөліктер жауырыншалармен безендірілген,
іргесі
шығыңқы. Төбесіне сәндік бағанашалардан қойылған «парапет» бар.
Жабу құрылымына ағаш арқалықтар, жұқа тақтайшалар және саз
балшық қолданылған. Мешіт іші толығымен сыланып, әктелген.
Ескерткіштің архитектурасы «кірпіштік стилдің» көркемдік дәстүрін
жалғастырған. Ол әсіресе, айшықты кірпіш қаландысының декорынан айқын
аңғарылады.
Қожа назар мешіті- Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде орналасқан.
Мешіт құрылысы. Құрылыс тікбұрышты күйдірілген кірпіштерден қаланған,
жоспарындағы аумақтық өлшемдер 22,0х13,0 м, шатырының биіктігі 9 м,
минареттің биіктігі 19,0 м.
Ғимарат жоспарында тікбұрышты, бір қабатты,
көлденең осі бойынша оңтүстік-батыстан-солтүстік шығысқа созылған,
шатыры астында бөлмелері бар екі құламалы. Жоспарында тікбұрышты
болып келген ғимарат екі көлденең қабырғамен үш бөлікке – кіреберіс және
екі намаз оқитын залға бөлінген.Кіреберіс бөлік үш бөлмеден тұрады:
орталық (дәліз) – үстіне ішінде баспалдағы бр минарет салынған және екі
қосалқы бүйірлік бөлмесі бар. Орталық шаршы
пішінді бөлме төрт жаққа
шығатын есік ойықтары бар (далаға, намаз оқитын залға және бүйірлік
бөлмелерге) «киоскі» түрінде шешімін тапқан.Бірінен кейін бірі орналасқан
намаз оқитын екі зал үш аркалы ойықтары бар қабырғамен бөлінген, екі
залдың да бүйірлік қабырғаларында екі екіден терезелер бар. «Түпкі» залдың
оңтүстік-батыс қабырғасының ортасына жоспарында жарты шеңберлі апсид
түріндегі михраб орналастырылған [56].
Мешіттің қасбеттері кірпіштің айшықты қаландылармен әсемделген,
шығыңқы іргесі және күрделі-профилді ернеуі бар. Бұрыштары мен бүйірлік
қабырғаларына рустовты жауырыншалар қолданылған.
Кіреберіс бөлігі
жарты шеңберлі пилястрлермен көмкерілсе, ал терезе ойықтарының жоғарғы
бөліктері сандриктермен ерекшеленген. Шатырының үшкіл маңдайшалары
мол безендірілген.
Минарет үш бөлікті: негізгі діңінен кірпішті кронштейндермен
бөлінген, діңнің жоғарғы бөлігінде намазға шақыратын тесіп өткен аркалы
ойығы бар, төбесі күмбезшемен көмкерілген.
Достарыңызбен бөлісу: