«тарих» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата23.10.2023
өлшемі3.11 Mb.
#481446
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Каналхан Е.Г. 2022 сонгы вариант (1)

Жeтiacap №9 қалашығы. (Б.з.VI–VII ғғ). Тікacap қалашығынан 
шығысқа қарай 4,4 шақырым жерде орналасқан. 1951 жылы ХАЭЭ-сы 
С.П.Толстов ашып, 1970-1973 жылдары Л.М.Левина зерттеген. 
Жeтiacap №12. Томпақ acap қалашығы (Б.з.д.V–VІ ғғ. –IV–V ғғ). 
Ескерткішті 1948 жылы ХАЭЭ-сы С.П.Толстов ашып, 1979-1981 жылдары 
Л.М.Левина зерттеген [27, с.37-38]. 
Жалпақ acap қалашығы– Базарacap қалашығынан шығысқа қарай 8,2 
шақырым жерде орналасқан. Қалашықты 1950 жылы С.П.Толстов ашып,
1970-1973 жылдары Л.М.Левина зерттеген [28, с.20 ]. 
Ашағ acap қалашығы– Алтын acap кешенінің «кіші үй» қамалынан 
солтүстікке қарай 4,3 шақырым жерде орналасқан. Ескерткішті 1948 жылы 
ХАЭЭ-сы С.П.Толстов ашып, 1970-1973 жылдары зерттелген [20, с.44-45 ]. 
Қосқала қалашығы – Алтын acap кешенінен солтүстікке қарай 24 
шақырым, Сыpдaрияның қазіргі арнасынан оңтүстікке қарай 25 шақырым 
жерде, Ескідариялықтың құрғақ үлкен тармағының екі жағын ала орналасқан. 
1950 жылы ХАЭЭ-сы С.П.Толстов ашып, 1987 жылы Л.М. Левина қайта 
зерттеген [28, с.47 ]. 
Наркелді-acap. Ол Қуаңдария ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 9 км 
жерде орналасқан. Ескерткішті 1950 жылы ХАЭЭ-сы С.П.Толстов ашып, 
1979-1986 жылдары Л.М.Левина зерттеу жұмыстарын жүргізген. 


58 
Жаман-acap 1 қалашығы, Т. Көмекбаев ауылынан солтүстікке қарай 22 
шақырым жерде орналасқан. Ескерткішті 1950 жылы ХАЭЭ-сы С.П.Толстов 
ашып, 1979-1986 жылдары Л.М.Левина зерттеген [102, с.25 ]. 
Жаман acap 2 қалашығы Қабыл қорғанынан солтүстікке қарай 31 
шақырым жерде орналасқан. Ескерткішті 1950 жылы ХАЭЭ-сы С.П.Толстов 
ашып, 1979-1986 жылдары Л.М.Левина зерттеген [102, с.30 ].
1962 жылы ХАЭЭ–сының барлау отряды Б.А. Андриановтың 
жетекшілігімен Жeтiacap мәдениетінің Шығыс acapлар тобына жататын Кіші 
Қара-acap, Үлкен Қара-acap, Сырлы-acap, Моншақты-acap, Үңгірлі-acap, 
Домалақ-acap қалашықтарында болып, жоспарлары сызбаға түсіріліп, беткі 
қабаттан археологиялық материалдар жиналып алынған [27, с.11;54, с.12 
;55;56]. 
Домалақ acap – Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жаңаталап 
ауылынан солтүстікке қарай 4 шақырым жерде орналасқан. Қалашық 1962 
жылы ХАЭЭ-ның барлау(Б.В Андрианов) отряды ашқан Ескерткіш дөңкелек 
пішінді, диаметрі 20 м, биіктігі – 8-10 м. Төбенің айналасындағы ордың 
маңайында суландыру жүйесінің іздері бар. Беткі қабатында құрылыс орны 
байқалады, қақпасы шығыс жағында үлкен ор секілді болып көрінеді. Қамал 
саз кірпіштен тұрғызылған көлемі 25х45 см, солтүстік жағында мұнараның 
орны сақталған. 
Үлкен Қара-acap қалашығы – Қызылорда облысы, Жалағаш ауданынан 
батысқа қарай 30,3 шақырым жерде орналасқан. Ескерткішті алғаш 1962 
жылы ХАЭЭ-ның барлау отряды (жетекшісі Б.В. Андрианов) ашқан Қамал 
екі қаббаты төбе секілді. Төменгі қабат өлшемдері 100х150 м, биіктігі 6-7 м. 
Жоғарғы қабаты қамалдың оңтүстік-шығыс бұрышында орналасқан
алтыбұрышты пішінді, көлемі 40х40 м, жер бетінен биіктігі 8-10 м. Қамалға 
кірер есік солтүстік және шығыс бөлігінде болғаны байқалады. Қалашықтың 
оңтүстік шығыс жағындағы қабырғалардың жанынан Қуаңдария көне 
сағасының арнасы өтеді [27, с.41]. 
Моншақты acap қалашығы Жосалы станциясынан оңтүстік-шығысқа 
қарай 48 шақырым жерде орналасқан. Ескерткішті алғаш ХАЭЭ-ның 1962 
жылғы барлау отряды (Б.В Андрианов ) ашқан Қалашық екі қабатты төбе 
түрінде болып келген. Аумағы 50х50 м, биіктігі 10-12 м болатын жоғарғы 
қабат бұлдыр бесбұрышты пішінді және үш жағынан пішіні көп бұрышты 
аумағы 150х150 м болатын екінші алаңмен (биіктігі 5-7 м-ге жуық) 
құрсауланған [27, с.66 ]. 
Сырлы-acap қалашығы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Бұқарбай 
батыр ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде орналасқан. 
Ескерткішті 1962 жылы ХАЭЭ-ның барлау отряды (Б.В Андрианов) ашқан 
Қалашық көпбұрышты бұрыштарында мұнаралардың (пішіні сақталмаған) 
қаладықтары бар бекініс қабырғасымен қоршалған қабырғаның өлшемі 
шамамен 800х500 м. ені 3-4 м. Қамал екі қабатты төбе түрінде сақталған. 
Төменгі қабат шеңберлі өлшемі 150х150 м жер бетінен биіктігі 5-7 м. Жоғары 
қабаты ұзынша келген төртбұрыш пішінді, өлшемі 20х20 м, төменгі қабаттан 


59 
биіктігі 3-5 м. Қалашыққа кіретін қақпалары:оңтүстікте, солтүстік-батыста, 
батыста орналасқан [38,104]. Ескерткіш жан-жағын күріш алқаптары қоршап 
жатыр. Қалашық «Г» әрпі тәріздес болып келген, қалашықтың ортасында 
құрылыстың ізі байқалады ( көлемі 80х85). Қамалдың жанында қолдан 
қазылған арықтар орын тепкен [103]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет