«тарих» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет25/38
Дата23.10.2023
өлшемі3.11 Mb.
#481446
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
Каналхан Е.Г. 2022 сонгы вариант (1)

Іңкәрдария 
бойындағы 
ортағасырлық 
қалалар
Іңкәрдария 
бойындағы оғыз кезеңіне жататын ортағасырлық қалалар 1959, 1960-1961, 
1968 жж. ХАЭЭ зерттеулері негізінде ашылды. Бұл қалалардың пайда 
болуына Х-ХІ ғғ. Оғыз мемлекетіндегі саяси жағдайлардың шиеленісуі және 
осы уақытта Іңкәрдарияның бассейініндегі ірі қоныстар: Асанас, Сырлытам 
қала, Заңғар қала, Сайқұдық қала және Қақ қалашығы жатады[79, 76-105 
бет]. 
Асанас қаласы Іңкәрдарияның Асанас-өзек деп аталатын арнасының 
бойында, Қызылорда қаласынынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 шақырым 
жерде орналасқан. 


65 
Асанас дұрыс емес дөңгелек формалы және ескерткіш цитадель, 
сонымен қатар, қалаға жақын төбеде орналасқан мазарды қамтиды. Қала 
мықты мұнаралы қабырғамен және ормен қоршалған. Қалаға кіретін төрт 
қақпасы бар қорғаныс қабырғаның қазіргі биіктігі 5 м-ге жуық. Цитадель 
қаланың шығыс бөлігінде орын тепкен аумағы 40х50 м, ал биіктігі 1 м 
болады.2020 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 
Археология және этнография ғылыми орталығы қазба жұмыстарын жүргізген 
(сурет 13).
1954 жылы ХАЭЭ-сының әуе барлау кезінде, Асанастың жоспарының 
Сырлытам кешенді қалашығымен ұқсайтындығы белгілі болды. 
Сырлытам-қала – Сырлытам кешенді ескерткіштерінің бір бөлігі. Бұл 
кешен 1960 жылы ашылған. Жоспары дұрыс емес дөңгелек формалы, 
диаметрі 250 м. Өлшемі 70х70 м болатын цитадель қаланың солтүстік 
бөлігінде орналасқан. Қала қабарғасындағы 26 мұнара биіктігі 3 м болатын 
төмпешік күйінде сақталған. Қалаға кіретін қақпа қабырғаның оңтүстік-
бөлігінде. Қаладан 250м қашықтықта Сырлытам деп аталатын мазар 
орналасқан. Мазар шаршы жоспарлы қабырғасының ұзындығы 10 м-ге жуық, 
кірпештен тұрғызылған. Мазар ХІ-ХІІ ғғ. мерзімделеді. 
Заңғар қала.Заңғар төбе шатқалында Сырлытамнан 3 шақырым 
солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Ескерткіштердің жоспары Сырлытам 
қалашығына ұқсас шаршы пішінді цитадель, диаметрі 300 м болатын 
дөңгелек формалы қалаға жапсарлас салынған. 
Сайқұдық қала.Іңкәрдария арнасының бойында Сайқұдық деп аталатын 
жерде орналасқан. Қалашықты ХАЭЭ-сы 1959, 1960-1961 жылдары 
зерттеген. Қала жоспары ұлу тәрізді, сопақша қабырғалармен қоршалған. 
Қала қабырғасы және қаланың біраз бөлігі шайылып кеткен сақталған 
биіктігі 0,5-0,7 м. Қаланың өлшемі 100х120 м шамасында мұнарамен 
бекітілген қала қақпасы солтүстік-шығыс қабырғасында орналасқан. 
Керамикалық материал қаланы Х-ХІ ғғ мерзімдейді. 
Қақ қала ІХ-Х ғғ мерзімделеді. Хорезм экспедициясының есептерінде 
ол іздеу нүктесі (№6) деп берілген. Қалашық 1972 жылы ашылған, қаланың 
ішкі бөлігінде тұрғын үйлер іздері көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет