Тарих талқысы Ұлттық тағдыр, Тұлға және тарихи көзқарас



бет14/23
Дата24.04.2016
өлшемі1.83 Mb.
#78713
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

1931 –1932 жылы ашаршылық кезiнде 1921 – 1922 жылғы аштықтан аман қалған 4 миллион 120 мың қазақтың 2 миллион 200 мыңы яғни, жалпы ұлттың 49 процентi «кiшi октябрь» мен «естен тандыру» саясатының құрбандығына шалынды. Құрамысов пен Беккер: «Халықаралық пролетариаттың мүддесi үшiн... бүкiл қазақ халқын құрбан етуге даярмын!» - деген «армандарына» жеттi. Ал ұлтының осынша қорлық өлiмге душар болғанына күйiнген «бестiң тобы» - Ғ. Мүсiрепов, М. Дәулетәалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев, М. Ғатауллин 1932 жылдың шiлде айында Сталин мен Молотовқа наразылық хатын жолдады. 1937 жылы Қарқаралы округiнiң басшыларын жаппай атуға бұйырған кезде Мансұр Ғатауллин өзiнiң соңғы сөзiнде айып орындығында отырған әрiптестерiн қолымен нұсқап:

« – Мыналар халық жауы емес. Жау – менмiн. Сондықтан менiң өзiмдi ғана соттаңдар. Тек, менi ғана. Бiрақ мен де халық жауы емеспiн, керiсiнше, халықтың жауының жауымын. Ал мен 1932 жылы, Кент қаласына iссапармен келген кезден бастап халық жауы болдым... Көлiктен сыртқа шықсам, айналамда адам да мал да жоқ, тек қана ұзын созылған мал қорасы тұр. Есiктi ашып қалып едiм, өлi адамның денелерi көрiндi. Соншама үлкен қораның iшi лық толған адамның мәйiтi. Кейбiреулерiнiң көзi ашық, кiрпiктерi әрең қимылдайды, бiрақ кiрпiк қаққанша жантәсiлiм беретiнi сөзсiз. Сыртқа атып шықтым. Дааладан айқай–шу шықты. Есiнен адасқан әйелдер қолдарындағы пышақтарын жалаңдатып менiң жүргiзушiме тап бердi, ойлары оны сойып жемек. Мен аспанға оқ атып едiм, олар жан – жаққа қаша жөнелдi. Жан – жағыма қарасам, анадай жерде үлкен қазан – ошақ тұр екен, астында от жанып жатыр. Әлде не бұрқ - сарқ қайнаған сумен бiрге қазанның бетiне бiрде баланың аяғы, бiрде қолы, бiрде өкшесi бүлiк – бүлiк етiп шығып жатыр... Мiне, мен тура сол күннен бастап халық жауы болдым», - дептi. (В. Михаилов, «Ұлы жұрттың шежiресi».).


Мұндай ерлiк «ақ жүректер» мен Қуажақтың қуыршақтарының қолынан қайдан келсiн. Халықтан кешiрiм сұрап, иман iздеудiң орынына, сондай бетбақтықпен ұлтының бес азаматын «бестiң тобы», «халықтың жауы» деп жариялады. Сонда бұлардың қызғыштай қорғап жүрген халқы - қай халық? Олар халықтың бағын емес, өздерiнiң астындағы тағын қорғап жүрген баққұмар сiмпiстер едi. Өзегi үзiлген халық мұны көрiп – бiлмей отырғандай – ақ, асқан аярлықпен өздерiнiң күнәсiн «ұлтшыл–бурзуазияшыл контрреволюционерлерге», «Алаштың» ардагерлерiне жапты. Бес жыл бойы дәлелденбеген «қылмыстарын» ұрып–соғудың нәтижесiнде мойындаттырып, ұялмастан: «қылмыстарын мойынына алды! Аттық! Астық! Жер аудардыө! Кеңес өкiметiнiң саясатына қарсы шығып, елдi ашаршылыққа ұшыратқан солар! Ендi көздерiң ашылатын болды!» - деп өздерi қырып салған халықтан сүйiншi сұрады!

Шiркiн – ай, данышпан Абай – ай:

Жамантайдың баласы Көжек деген;

Екi үйдiң арасына безектеген.

Досын келiп досына жамандайды,

Шiркiнде ес болсайшы сезед деген! -


сөзiң соларға қарата айтқаныңды әлгi мәңгүрттер түсiнбей – ақ кеттi – ау!

Сталин мен Молотовтан жаңағыдай нұсқау алған соң тағы да жанталаса жанықты. Ашаршылықтың зардабын саяси сахнадан ысырылуға тақап қалған қужақ көсемiне жапты да, мүләйiмсiп – мәймөңкелеп шыға келдi. Республика үшiн, оның iшiнде жеке адамдарға және белгiлi бiр мәселелердi шешуде кәдiмгiдей ынта – пейiл көрсеткен шығар. Бiрақ мұқым ұлттың мүддесi мен халық қамы үшiн қабырғасы қайысты деуге, оларды биiк лауазымға жеткенi үшiн мемлекет қайраткерi болды деп даралауға еш себеп жоқ. Мемлекеттiк машинаның конструкторы не құрастырушысы емес, соның жай ғана елеусiз бөлшегi едi олар. Қажет кезiнде құрал – жабдық ретiнде пайдаланды, мiндетiн өтеген соң лақтырып тастады. Олардың мансап жолында – тағдырдың тәлкегiне ұшыраған жазықсыз жандардың көз жасы мен қасiрет уайымы, аштан қырылғандардың қураған сүйегi, атылып – асылған, қудаланған ұлт қайраткерлерiнiң өзектi арманы мен өкiнiшi өксiп жатты. Мансұр Ғатауллиннiң:

«Мен халықтың жауының жауымын!» - дегендегi емеуiрiн танытқан пенделерi солар едi.

Алаштың азаматтары елi мен жерiнiң мүддесi үшiн түрмеге түсiп, азап тартып, қалайда халқына төнiп келе жатқан апаттан құтқару үшiн жанталасып жатқанда олар: «Жасасындатып!» (М. Әуезов) жатты. Бұл ұлтты, ұлттық тұлғаны жаныштау майданының басы ғана болатын. Ол майданда олардың өздерi де тағдырдың диiрменiне түсiп, «ұлы құрбандыққа» шалынды. Сол үшiн бұларды аяудың да, қорғаудың да қажетi жоқ. Себебi, ұлты үшiн басын өлiмге тiккен Әлиханнан, Ахметтен, Мiржақыптан, Мұхамеджаннан, Халел Досмұхамедовтен, Халел Ғаббасовтан, Телжаннан, Мағжаннан, Жүсiпбектен, Жаhаншадан, лауазымы мен жасы өздерiмен қатарлас Смағұлдан, Әлiмханнан, Елдестен, Ыдырыстан, Даниалдан, Кәрiмнен, Жалаудан, Сұлтанбектен, Тұрардан, Мансұрдан, Ғабиттен ешқандай артып тұрған қасиетi мен қадiрi жоқ едi. Қарғауға болмайтыны – олар өз заманының жалдамалы құлы болды. Саясатқа азаматтық көзқарасын қорғау үшiн араласқан жоқ, тек қана керек кезiнде ұрымтал тұстан табылып, жазалау машинасының дөңгелегiне iлiнiп кеткен қатардағы пенделер ғана. Биiк ақыл – парасат, үлкен мiнез, iрi қимылдың адамдары емес, жай ғана реттеушiлер болатын. Тек, басты назарда ұстайтын мәселе – олардың iс – әрекетiн ашық та батыл талдап, тарихи сабақ ретiнде ұрпақтың назарына ұсыну парыз.

Тарих өткелi - қатерлi өткел. Ал ұлттың басын қатерге тiгiп, қайта-қайта тағдырдың талқысынан өткiзуге ешкiмнiң де қақысы жоқ. Қазақ ұлты өзiнiң қадым заманнан бергi тарихы арқылы тәуелсiз ұлт ретiнде өмiр сүруге толық қабiлеттi ел екендiгiн дәлелдедi. Өзегiн өртеген рухани басыбайлылыққа да басын имедi. Отарлаушы патшалық және коммунистiк жаhангерлер ұлттың жүрек отын өшiруге өршелене тырысса да, рухани бостандығын сақтап қалды.

«Коммунистiк колонизаторларды» өшiктiрген де, үрейлендiрген де ұлттық тұлғалардың рухани тәуелсiздiгi болатын. Ұлтты мәңгүрт күйге жеткiзу үшiн сол халықтың ең қасиеттi қазынасы – рухани мұрасын аяр идеологияның арандатушы күшi арқылы жойып жiберуге барынша құлшынып – ақ бақты. Алаш қайраткерлерiне тағылған ең басты айыптың бiрi де осы ұлттың рухани тәуелсiздiгi жолындағы көзқарас күресi едi. Ол қандай бағытта талқыға түстi? Ендi соны талқылауға көшемiз.

Т ӨР Т I Н Ш I Б ӨЛ I М
ТАЛАНТ ТАЛҚЫСЫ



Азаматтың, ұлттың, тұлғаның, таланттың, әр пенденiң рухынан қасиеттi және мәңгiлiк күш жоқ. Дүниенiң тұтқасы да сол рух. Рух өлген тұстан, рухани тәуекелдiкке телiнген сәттен бастап адамзат – ақыл парасаттың дербес шешiмiнен, ұлт – тәуелсiздiгiнен, тұлға – дара ойлау жүйесiнен, талант – танымнан, адам – ар – ождан бостандығынан айырылады. Алланың қолындағы аманатқа берген жаныңнаң өзi кеудеңе қонақ таппайды, күштiнiң шеңгелiне iлiнедi. Ал рух еркiндiгiнiң көрiнiсi – рухани мәдениет, өнер, әдебиет болатын. Рухани мәдениет еркiндiгiнен айырылған ұлт пен талант – жаны кеудесiнен суырылып алынып, жанын жалдап күн көрген ертегiдегi кейiпкерлердiң кебiн киетiн. Ол рухы үшiн емес, жанын сатау үшiн жалдамалы күн кешiп, сол «күштi өкiметтiң аса қауiптi жазалау құралына айналды. Қадым заманнан берi ешқандай мемлекет пен жаhангердiң ашқтан – ашық жүзеге асыруға дәрменi мен пәрменi жетпеген мәңгүрттiк жазалау тәсiлiн кеңес өкiметi қысылып - қымтырылмастан – ақ «iске қосты». Мiне, бұл ұлт пен ұлыстың, тұлға мен таланттың, тобыр мен жеке адамның жаппай басыбайлануының басы, мәңгүрттiк дәуiрдiң қарсаңы едi. Сондай алмағайып сәтте: «Әдебиет соңынан жарық алып түстiм», - деген Мұхтар Әуезовтiң де маңдайының бақыты мен сорының қаншалықты қалың екендiгiн екшеп жатудың қажеттiгi бола қоймас. «Дүние астан – кестен болған заманның адамдары» болғандықтан да пешенесiне осындай талқы жазылыпты. Мұны олардың өздерi де сездi. Өйткенi, жиырма екiншi жылдан кейiн, азаматтық соғыс аяқталылысымен олар ең шешушi және қасiреттi майданды, өздерiнше «мәдениет майданын», ал мағынасы бойынша «мәңгүрттiк майданын» ашты. Бұл ұзаққа созылатын, бiрақ ешқаншанда жеңiске жеткiзбейтiн рухани майдан едi.

Түбiнде жазасы құтылмайтынын бiлсе де, дүние дүр сiлкiнген дәуiрде, рухани күш иелерi де бiр серпiлiп жан – жүйесiн, санасын, өнердегi танымын талқыға салды. Ол iзденiстерi ақыры шарасыздыққа алып келдi. Келешектiң жолы кесiлiп қалды. Iрi тұлғалар атылды, асылды, өзiне өзi қол салды. Ол аздай, ұлты үшiн барлық түрме мен азапты, қорлықты көрiп, шыдап келген қазақ зиялыларына да қауiп төндi. «Алаш iсi» деген сылтаумен алдыңғы толқын түрмеге қамалып, үкiмi шыққанда екiншi толқынның да басына зауал төндi. Ол Голощекиннiң әйгiлi:

«Жолдастар, мен қазiр жария етеiн құжаттардың барлығы... Байтұрсыновтың контрреволюциялық ұйымы деп аталатын, көзi жойылған ұлтшылдардың жауаптары (Дәл қазiргi кезде Тынышбаевтiң, Ермековтiң және Досмұхамедовтiң контрреволюциялық ұлтшыл ұйымы жойылу үстiнде)...» - деген «Партия құрлысының 10 жылдығы» атты сөзiнен басталды.

Тергеу iсi ендi басталған кезде тарихи үкiмiн шығарған Қужақ өзiнiң көбiкауыздығына басып, оны әккiлiкпен пайдаланып қазақ зиялыларының арасына сенiмсiздiк пен алауыздық септi. Ахмет пен Мiржақыптың түрмеге қамалғанына үш жыл толған. Олардан пәлендей хабар жоқ болатын. Сондықтан түрмеден сыртқа шыққан алғашқы сөз де осы едi. Мұндай ол түрмедегi жауаптарды өзiнiң пайдасына қарай бейiмдеп, күндiксiз нәрседен күдiк тудырды. Соның iшiнде ол Мұхтар Әуезовке қарата Жүсiпбек Аймауытовтың айтқан:

«Екiншi съезд кезiнде тек қана қазақ уәкiлдерiнен тұратын кеңес шақылыды, онда Әуезов төрағалық жасады... Отаршылдармен күрес туралы мәселе қаралып, анық мүденi көздейтiн шешiм қабылданды», - деген сөзiн Мұхтарға айып ретiнде тақты.


Екiншi айыпты Әдбiрахман Байдiлдиннiң көрсетуiне негiздедi. 1921–1922 жылғы аштық пен қазақ халқын аштықтан құтқарудың жолын қарсатырған бұл кеңестiң ешқандай қылмыстық сыпаты жоқ болатын. Жүсiпбек Аймауытовтың өзi соның iшiнде жүрiп, белсене атсалысты. Сондықтан бұл деректiң айтылуы, қағазға түсуi заңды. Оның үстiне Жүсiпбек аштарға көмек көрсеткенi үшiн тергеуге алынып, өзiн – өзi ақтап шыққан болатын. Демек, бұл үшiн көңiл қобалжытатындай пәле Әуезовке төнiп тұрмаған едi. Мәселе, соның астарында жатты. Өйткенi, тура сол кезде Жүсiпбек Аймауытовқа ату жазасы кесiлiп, оны орындауға ұйғарылып қойған. Мұхтардың егiзiнiң сыңарындай боп өмiр сүрген досының тағдыры Бутырканың түрмесiндегi ажал жаңғырығын күтiп тұрды.

Бұл кеңес өкiметiнiң ұлттық тұлғаларды толықтай жанышытап, талқыдан өткiзiп, Лев Трпоцкий мен Фрунзе сияқты көсемдерiн аластатып, ендi «мәдиенет майданындағы» тұлғаларды тұқыртуға көшкен қатерлi бағытының күш алған тұсы болатын. «Алаш iсi» бойынша Әуезовтiң «төртiншi қылмысы»да соған жатқызылды. Өзге айыптарды мойындамаған Мұхтар Әуезов өзiнiң «Алқа» әдеби үйiрмесiне қатсын, оның «Табалдырық» атты бағдарламасысын жасырмай айтқан және одан бас тартпаған. Ал, осы төртiншi айыптың негiзiне, «Алашордашылар»: 1. Жауапты орындарға кiрiп алып, кеңес өкiметiне жат идеяны насихаттап, оны «Алқа» арқылы жүгезе асырды. 2. Жоғары оқу орындарының шәкiрттерiне оқуық жазып, арандату әрекеттерiн жандандырды. 3. Әдебиеттiң таптық мүддесiн мойындамады. 4. Ұлтшылық-буржуазиялық иделогиялыны көркем шығармалары арқылы насихаттады. Сөйтiп, пролитариаттық мәдеиеттi мойындамай, хандар мен феодалдық еркiндiктi, еркiн замандағы қазақтың бостандығын мадақтады деген «қылмыстық желеу» себеп болған. Мұның барлығы оқырманға таныс байбаламдар. Сондықтан да мәселенi тергеу барысындағы қолға түскен, тәркiге алынған хаттар мен құжаттарға сүйенiп отырып баяндаймыз.

Әрине, «жаппай құрбандық шалу» нақанына ұшырағандардың негiзгi «кiнәсi» ұлтын сүйгендiгi, ұлты үшiн күйгендiгi, ұлтының рухани мұрасын сақтап қалу жолындағы күресi екендiгi түсiнiктi. Бұл ретте тергеушiлердiң тонын терiс айналдырған сөзiн айнаға терiс түскен бейне деп ұққан жөн. Ондай дөрекi бұрмалауларға қосымша түсiнiк берiп жатпаймыз. Ескерте кететiн бiр жай: бiз бұл тарауда Мұхтармен қоса Жүсiпбек Аймауытовтың тағдырына баса көңiл аударамыз. Тiптi кеңес өкiметiнiң таптық талабының тұрғысынан алғанда да жаны таза жанның жазықсыз құрбан болуынын бiр ұшығы тарауда ашылды.

Сонымен, «дүние астан – кестен болды». Өмiр де, өнер де тығырыққа тiрелдi. Не iстеу керек? Ұлттың рухын өлтiрмей, жанын қалай таза ұстау керек? Бұл қатты ойлантты. Соның нәтижесiнде «Алқа» атты әдеби үйiрме құрудың қажеттiгi туралы. Сондықтан да ұлт ақыны:

«Қазақ әдебиетi тоғыз жолдың торабында тұрды. Артында бiр жол, алдында мың жол. Мың жолдың iшiнде өзен өрлегенi де, шөлiркегенi де, барса – келерi де, барса – келмесi де бар. Қазақ әдебиетiн мынау мың жолдың тарауына алып келiп, аңыртып тұрған – тұрмыс. Аңырып тұрған тұрмыс - қазақ тұрмысы орыс тұрмысымен, орыс тұрмысы арқылы Еуропа тұрмысымен соқтығуы; қазақ әдебиетiнiң орыс әдебиетiнiң екпiнiне, орыс әдебиетi арқылы Еуропа әдебиетiнiң екпiнiне кез келуi - «тас пен жапалақтың» кез келуi. Жапалақ өлмек.

Әрине, қазақ тұрмысы қирамақ, әрине, қазақ әдебиетi өртелмек. Бiрақ, бiзге молда болатын Еуропа әдебиетiнiң өзi де бiр молда емес, мың молда. Алыстағы анау Еуропаны қоялық, көршiмiз орыс әдебиетiн алалық. Оның да өткен дәуiрлерiн бүркеп, осы күнгi дәуiрiн алалық. Осы күнде пролетариат төңкерiсi дәуiрiнде кеңес өкiметiнiң өзiнде орыс әдебиетiнiң мың бағыты бар. Бәрiнiң жалауы - қызыл, ұраны – төңкерiс, алды – ортақшылдық сықылды... Алайда, искусство, ән – оның бiр саласы. Әдебиет туралы түрлi бағыттың (өзiнше – Т. Ж.) бiр ұғымы бар. Искусство бар, ән болмақ деген бағыттан бастап, искусство жоқ, ән болмақ емес, бұрын болса да бұдан былай болмақ емес, болуға тиiстi емес деген бағыт шейiн бар.

Оның iшiнде, бiз дүние астан–кестен болған заманның адамымыз. Жұмыр жердiң бетiндегi шiрiк қауды өртеп, өртең шығару үшiн қылыш, найзаны қолдан түсiрмей, майданда жүрген әскердеймiз. Әйелiмiз де, ерiмiз де саясатшылмыз, шаруашылмыз, әдебиетшiлмiз, тегiс әскермiз. Әскер болуға мiндеттiмiз. Төңкерiс iсi осыны тiлейдi. Тұрмысы да осыны тiлейдi.

Бiрақ майдандағы әскердiң әрбiр тобының да, әрбiр таптың да бес мiндетi болмақ. Әрбiр топ өзiнiң iсiн дұрыс атқарса ғана жалпы әскер соғыста ұтып шықпақ. Бұл топ өз мiндетiн атқара алмаса, өз мiндетiн ұмытып, көптiң дүрмегiмен, айғай атанның желiгiмен лап қойып кете барса, майдан құр ойранға айналмақ. Қазақтың жазушылары да аз әскердiң кiшкене бiр қанаты. ‡ркердей бiр тобы. Бiрақ олардың мойнында жалпы әскерлiк мiндеттен басқа бес мiндет бар: Жазушылықтың, ақындықтың, өз мiндетi бар. Жазушыларымыз әскерлiк мiндетiн бiлiп, ақындық мiндетiн бiлмесе, атқара алмаса, ақын емес. Ақындықты бiлiп, әскерлiктi бiлмесе әскер емес.

Қазақ елi Еуропа мәдениетiнiң көзiмен қарағанда мәдениет қоры, әдебиет қоры жоқ, кедей ел болғандықтан, бiздiң жазушыларымыз әскерлiк, азаматтық мiндетiн ұмытып, құр ақындыққа қадалып қалуы мүмкiн. Әсiресе, ақындық мiндетiн бiле алмай, жалпы айғайдың екпiнiмен кетуi де мүмкiн. Әдебиеттi айғай ғана деп, ақындықты – үгiт – насихат қана деп ұғуы. Мысалы, әдебиет, не дiншiлдiк бәдуамы, не дiнсiздiк деп, әйтеуiр, бәдуәм деп ұғуға мүмкiн... ‡лгi боларлық орыс әдебиетiнiң түрлi тарауының тұрақсыз бiр тарауына, не барса келмесiне, не ұзамай құрып кететiн сиырдың шұбырындысына түсiп кетуге мүмкiн. Осы мүмкiндiктердiң шет пұшпағын көрiп, әдебиет қазанының бiр құлағына жармасып жүрген, тоғыз ойланып, тоқсан толғанып, төмендегi пiкiрлердi ортаға салуымызды борышымыз деп бiлдiк.

Бұл құрғанымыз сегiз қанат боз орда, алты қанат ақ отау емес, «абылайша». Майдан анық, жарық дәуiрiнде дағарадай орда да, айдан ақ отау да құрып отыруға болмайды. Аттан дәуiрiне «абылайша» керек. Жорық «абылайшасы» керек (жорықта тiгiлетiн қос). Басы жаңа тұрмыс орынына «абылайша» қалып, бәрiмiз сиятын боз орда тiгiлер. Бұл келешектiкi. Әуелi баспана - «абылайша!». Оқушы! Жақсы келдiң. «Табалдырықты» аттап, төрге шық. «Алқаға» кiр!» - деп ұран тастады.

Бұл – «Алқа» әдеби үйiрмесiнiң «Табалдырық» атты бағдарламасының кiрiспе үндеуi болатын. Оны жазған – ақын Мағжан Жұмабаев едi.

Ақындық асқақ көңiлмен екпiндете жазылған бұл үндеудiң астарында терең мән жатыр едi. Ол тұстағы әрбiр науқанның өзiн «майдан» деп атау рәсiмге кiрiп кеткендiктенде, әр саланың адамдары өзiн әскер ретiнде сезiнуi заңды және мұны Мағжан жарым – жартылай мысқылмен айтып отыр. Негiзгi түйiнi қалайда Мәскеудегi әріптестерi сияқты бiр бағытты ұстанған өнер адамдарының басының бiрiктiруiн тiлеген ниетте жатыр. Өйткенi сол тұстағы жалаң әлеуменшiлдер мен қызыл жалаулы ұраншылдар мәдениеттiң түп тамырына балта шауып, бәрінен бас тартты. Тек қана ұранды желеу еттi. Бұл өнердi өлтiрудiң ең үлкен шарасы едi. Екiншiден, дәл осыны жазардың алдында Мәскеудегi қазақ оқығандары мен студенттерi жиналып, Мағжанның шығармаларын қазақ кедейдерiне қарсы үгiт – насихат құралы деп есептеп, оны жарияламауға қаулы қабылдап, барлық баспасөздерге хат жазған болатын. Ақынның намысын қоздырған және оны «Алқа» атты әдеби үйiрме құруға мәжбүр еткен де сол жағдай. Ол майданға «жеке әскер» ретiнде емес, «абылайшасы» бар әдеби топ ретiнде аттануға қамданған. Сондықтан да ол өзiнiң ойын айқындай жазып, қанаттас қаламгерлерден ақыл – кеңес сұрады. Тергеушiлерге берген жауабында ол «Алқа» үйiрмесiн құруды және оның «Табалдырық» атты бағдарламасын 1924 жылдың желтоқсан айының аяғында, 1925 жылдың қаңтар айының басында жазғанын, бағдарламаны сол кездегi Мәскеу студенттерi Сәрсенбин мен Сегiзбаевқа оқып берiп, талқылағанын, өзгертулер енгiзгенiн жазды. Содан кейiн барып жан – жаққа таратқан.

Әрине, тергеушiлерге берген жауабында «Алқаның» алдына қойған ешқандай саяси мақсаты жоқ, тек қана әдеби мүддеден туындады деген лаж айтады. Бұл орынды да және солай, негiзiгi мақсат – өнерден туындап отыр. Бiрақта тергеу барысында анықталғанындай, Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов қағыс қалатындай елеусiз iс емес едi. Мұнда ұлттың мәйектi мүддесi жатқан. Бұл жөнiнде Ахмет Байтұрсынов 1929 жылы маусымның 18 күнi берген жауабында былай дейдi:

«Менiң әдеби шығармаларымның iшiнен самодержавие тұсында басылып шыққандары: Крыловтың мысалдарының аудармасы және «Маса» деген атпен шыққан өзiмнiң өлеңдерiм мен аудармаларым. Кеңес өкiметi тұсында мен әдеби iспен айналысқамын жоқ. Көркем шығарма туралы мәселеге келетiн болсақ, мен көркем дүниенiң құндылығын оның қандай идеяны негiзге алғандығымен емес, адамның жандүниесiне, сезiмiне қалай әсер етуiне байланысты бағалануы керек – деген көзқарастары жақтаймын.

Қазақстандағы әдеби ағымдармен таныспын, бiрақта олардың ешқайсысына iш тартаймын, себебi мен үшiн әдеби бағыттардың – пролетарлық немесе ұлтшылдық сарынның қайсысы басымдық танытса да бәрiбiр. Оқу орындарындағы жастарды тәрбиелеу жолындағы ұстаздық қызметiмде әдебиет жөнiндегi дәрiстерiмдi жоғарыдағы айтқан пiкiрiмнiң негiзiнде жүргiземiн. Ал Орынбор мен Қызылорда қаласындағы қазақ ағарту институтында дәрiс берген «Мәдениет тарихы» пәнiнiң бағытына келетiн болсақ, онда мен өзiмнiң негiзгi арнамды – адамзаттың дамуының қозғаушы күшi мен қуаты – ғылым мен техника деген пiкiрдi жетекшiлiкке алдым.

Бiрде, 1927 жылы Қызылорданың қазақ ағарту институтында тарих пәнiнен дәрiс берiп тұрған кезiмде маған: болашақта өкiмет бола ма? – деген сұрақ қойылды. Бұл сұрақ мемлекет билiгi туралы оқылған дәрiстегi адам баласы барлық заманда да билiксiз өмiр сүрмеген деген сөзден туындады. Мен ол сауалға ғылым – тәжiрибеге негiзделедi, ал өткен тәжiрибеге жүгiнсек, адамзат билiксiз өмiр сүрiп көрмептi. Сондықтан да тәжiрибеден өткiзiп алмай, болашақта өкiмет билiгi бола ма, жоқ па, оған ғылыми тұрғыдан баға беруге болмайды – деп жауап бердiм.

Егерде ұмытып қалсам, менiң жауабым сонымен тәмәмдалған сияқты болатын. Ал социализм құрылысының даму болашағы мен содан келiп туындайтын мемлекттiк билiктiң тағдыры жөнiндегi сұрақтар маған берiлген емес.

Қазақ әдебиетiнiң ағымдары туралы мәселенi мен ешкiммен де бiрiгiп талдағам жоқ. Оның iшiнде, Мағжан Жұмабаев жасаған әдеби платформаны Бөкейхановпен бiрiгiп оқыған емеспiн. Қалай болған күннiң өзiнде, мен Мәскеуге барған кезiмде Мағжан Жұмабаевтi Бөкейхановтың пәтерiнен көрмегенiм анық, сондай–ақ Жұмабаевтiң де пәтерiнде болғаным жоқ.

Нақтысын айта алмаймын, бiрақ Жұмабаев пен Бөкейханов мен орналасқан жатақханаға (ол РСФСР –дiң Халық ағарту комиссариатының Мәскеудегi жатақханасы болатын, 1924 жылы күзде мен өлкетанушылардың өлкелiк құрылтайына қатысу үшiн барғанмын) келдi ме, әлде бiрiмiзде өлкетанушылардың құрылтайының мәжiлiсiнде кездестiк пе, әйтеуiр, бiр жүздескенiм рас. Сондай–ақ, «Табалдырық» әдеби үйiрмесiнiң бағдарын оқығаным да есiмде жоқ. Әрине, әдеби шығармаларды оқыған болармыз, алайда ешқандай қолжазбаның болғаны жадымда сақталмапты, ал Сәрсембиннiң газетте жарияланған мақаласы есiмде. Мен Мәскеуде болған кезiмде оны Жұмабаевпен көрiп қалғаным бар.

Орынбор қаласында тұрғанымда Сәрсенбин менiң үйiме келген емес. Әйтеуiр, менiң жадымда қалмапты. Тiптi, өлкетанушылардың құрылтайынан кейiн соныңөзiн көрдiм бе, жоқ па, бiлмеймiн.

Жұмабаевтiң әдеби бағдарын талқылауға арналып Алдыоңғаровтың үйiнде мәжiлiс өткендiгiнен бейхабармын, тiптi, Алдыоңғаровтың үйiне бiр рет бас сұққан жоқпын.

Шоқаевқа қатысты бiлетiнiм, оның Парижде тұратындығы ғана. Тек 1924 жылы жылы Парижде өткен дүниежүзiлiк өнер мерекесiне барған қазақ әншiсi Әмiре Қашаубаев ол жақтан қайтып келген соң Шоқаевтi көргенiн айтқан болатын. Бұдан басқа ол туралы ештеңе деген жоқ. Бұл сөздi Әмiре менiң үйiме әдейi келiп айтты ма, жоқ, көшеде кездейсоқ кездесiп қалғанда айтты ма, ол жағы есiмде қалмапты.



Менiң берген жауабым өзiме оқылды, менiң айтқан сөздерiм дұрыс қағазға түсiрiлген, сол үшiн қол қоямын. А. Байтұрсынов. Жауап алған - Саенко».
Философия ғылымында «терiске шығуды терiске шығару» деген категория бар. Сөздi ойнату арқылы ұғымды тұмандату сияқты көрiнгенiмен, өмiрдiң қайшылығын терең талдайтын және соны түсiндiретiн қарама - қарсы ойлардың шарпысуынан туған парасаттың пайымы. Ұлттың рухани көсемi Ахмет Байтұрсыновтың жауабынан ғылыми тұжырым суыртпақталып шықпағанымен де, осынау қысқа ғана айғақтан оның ойлау жүйесiнiң күрделi құрылымы мен ақыл сарасы анық аңғарылады. Ол тергеушiлердiң барлық сұрақтары мен боспаларын жоққа шығарып отыр. Сол арқылы өзгенi де, өзiн де оқшаулатып, адамдардың арасындағы көзқарас бiрлiгiн қасақана ыдыратып жiберiп, оларға тағылатын ортақ айыптан құтқаруды көздеген. «Алаш iсiнiң» жалғасы болатындығын және оның мiндеттi түрде рухани мәселенi қамтитынын бiлген. Сондықтанда, Тынышбаев, Досмұхамедов, Әуезов, Ермеков, Е. Омаров, Қ. Кемеңгеровтердiң тұтқынға алынуынан бiр жыл бұрын оларды арашалап, екi топтың «қылмыстық iсiн» бiр – бiрiне байланыстырмаудың бар шарасын қарастырған. «Алқа» әдеби үйiрмесi мен оның «Табалдырық» атты бағдарламасына ешқандай қатысы жоқ екендiгiн мәлiмдейдi. Бiрақта өзiнiң көзқарасын ашық айтады. Демек, «күйсек, бiз күйейiк, сендер өздерiңдi сақтаңдар. Елге екi сөз айта алмаймыз. Ал сендер келешек үшiн керексiңдер» деген сөзiн iс жүзiнде дәлелдеген. Тiптi, Мағжанның өзiн Әлихан мен Мiржақыптан бөлiп тастайды. Әйтпесе, жоғарыдағы жауаптың әр сөзi «Алқаның» негiзгi бағыттарының бiрi болғандығы бағдарламадан анық байқалады. Мұны Мағжан да түсiнген. Сондықтанда тергеушiлердi «жалған iзге» салып, әр адамның iс – әрекетiн дербестендiруге тырсқан. Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтың, Мiржақып Дулатов пен Мағжан Жұмабаевтiң, Жүсiпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтiң ұлттық рухани тұтастығын және олардың бiр бағытта, бiр майданда күрескенiн досы да, дұшпандары да мойындады. Алайда саяси күреске әбден шыныққан алаш қайраткерлерi өздерiнiң достығын, ұлы мақсатын ұлтының қаскүнемдерiне ашып бергiсi, Абайша айтқанда, «ақ көңiл, ашық жарқын боламын деп, көрiнгенмен жыртақтағысы» келмедi. Қосақ арасында қоса кетпей, қалайда бiр –бiрiн сақтауға тырысты. «Терiстеудi тәрiстей отырып», ұлттың мәйегiн аман алып қалуға ұмтылды. Бұл тәсiлдi жауап беру барысында Мағжан да қолданды. Ол өзiнiң түсiнiктемесiнде:
«Байтұрсынов пен Бөкейхановтың жалпы әдебиет, оның iшiнде әдеби сын туралы көзқарастары менiң пiкiрiммен үнемi қайшы келiп отырды. Өз басым әдебиеттi рухани толысуға, рухқа, рухани, құштарлыққа қызмет етедi деп есептедiм, ал жоғарыда аты аталған адамдар әдебиет – ең алдымен халықты жаңа бағытқа, жаңа iске шақырады, оларды үгiттейдi деп түсiнедi. Әдебиеттi өнер деп емес, насихатшы құрал деп қабылдайды. Мiне, осындай пiкiр қайшылықтарының нәтижесiнде жолымыз екi айырылды. Осыған орай «Тоқсанның тобы» деген толғау жаздым, мұндағы негiзгi ойым: тоқсан деп көрсеткенiм қалың бұқара халық, қалған оны – еңбексiз күн көретiн тоғышарлар...

Осы толғау арқылы болып жатқан төңкерiске өзiмнiң көзқарасымды бiлдiрдiм. «Алқа» атты үйiрменiң бағдарламасын сол толғау арқылы насихаттадым. Бұл толғауды Оқу –ағарту халық комиссариатының Ақмоладағы бұрынғы төрағасы Молдағали Жолдыбаевқа жiбердiм. Сонымен қоса «Толғау» атты өлеңмен жазылған бағдарламаны да қоса жолдадым. Ол «Толғау» баспасөзде жарияланбаған күйiнше қалды. Аты аталған ұзақ толғауымда өзiмнiң бүкiл өмiрiмдi, жiберген қателiктерiмдi, оңды – солды толқуларымды, соқпақсыз жолдарымды, тұтастай жалпылама баяндап шықтым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет