Құтқарушының құқықтары мен міндеттері Жоспар


Құтқарушылардың міндеттері



бет3/4
Дата20.02.2023
өлшемі22.18 Kb.
#469812
1   2   3   4
Реферат 1-1

Құтқарушылардың міндеттері.

Құтқарушылар міндетті:


зардап шеккен адамдарды іздестіруге, оларды құтқаруға шешімдер қабылдауға, оларға алғашқы медициналық және басқа көмек түрлерін көрсетуге;


құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайын тұру, өзінің дене шынықтырудан, арнайы, медициналық, психологиялық дайындығын жетілдіруге;


авариялық – құтқару құрамаларының қатарында іс - әрекет машығын жетілдіруге;


құтқару және шұғыл жұмыстарды жургізудің технологиясын бұлжытпай орындауға;


құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде өздері (құтқарушылар) құрамына кіретін авариялық – құтқару құрылымдары басшыларының берген бұйрықтарын бұлжытпай орындауға;


төтенше жағдайды болдырмау мақсатында азаматтарға қауіпсіздік ережелерін және орын алған кездегі іс - әрекеттердің тәртібін түсіндіруге.


Кәсіби авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдары құтқарушыларының міндеттері тиісті жарғылармен, ережелермен, нұсқаулармен белгіленеді және еңбек келісімінің (келісім – шарт) құрамдас бөлігі болып табылады.


Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына сонымен бiрге:

қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жоспарларын, басқа объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайларды жою кезiнде өзара iс-қимыл жоспарларын жасауға қатысу;


қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтар бойынша, сондай-ақ аталған объектiлерде халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ете алатын процестер бойынша iске асыруға ұйғарылған жобалар мен шешiмдерге сараптама жасауға қатысу;


халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы бiлiмдi насихаттау, халықты және ұйымдар қызметкерлерiн төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимылдарға даярлауға қатысу;


құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге қатысу;


құтқару iсi және аварияға қарсы қорғаныс бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық жұмыстар өткiзу, жабдықтар жасау мен енгiзудi ұйымдастыру;


төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк жүйеге жүктелетiн, iзгi мiндеттердiң шеңберiнен шықпайтын басқа да мәселелер жөнiндегi мiндеттер жүктелуi мүмкiн.


2. Нақты авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына жүктелетiн мiндеттердiң толық тiзбесiн оларды құрған орган белгiлейдi және авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамалары туралы ережелерде немесе аталған қызметтер мен құрамалардың жарғыларында баянды етiледi.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет