Құтқарушының құқықтары мен міндеттері Жоспар



бет2/4
Дата20.02.2023
өлшемі22.18 Kb.
#469812
1   2   3   4
Реферат 1-1

Құтқарушылардың құқығы.
Құтқару және шұғыл жұмыстарға тартылған құтқарушылар аталған жұмыстарды орындау орнына бет алу кезінде барлық транспорт түріне кезектен тыс билет алуға құқылы.
Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар құқылы:

адамдарды құтқаруға бағытталған кез келген шешім қабылдауға;


өз міндеттерін атқару үшін толық әрі нақты ақпараттарды алуға;


құтқару және шұғыл жұмыстарды орындау үшін аймаққа және мекемелердің өндірістік нысандарына, тұрғын үйлерге ешбір кедергісіз кіруге;


төтенше жағдай аймағындағы барлық адамдардан белгіленген қауіпсіздік ережелерін орындауын талап етуге;


құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес экипировкалануға және жабдықталуға;


Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша төтенше жағдай аймағында тұрған мекемелердің байланыс құралдарын, транспорттарын, заттарын және басқа да материалдық құралдарын адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда пайдалануға; көмекші іздестіру иттерін қолдану.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысқан құтқарушылар медициналық мекемелер мен қалпына келтіру орталықтарында медициналық және психологиялық қалпына келтіруге құқылы.


Құтқарушылар белгіленген тәртіп бойынша жұмыс уақытында өзінің теориялық білімі мен кәсіби шеберлігін жетілдіруге құқылы. Кәсіби және ерікті авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдарының құтқарушылары, құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезеңінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген мөлшерлері бойынша авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдарын қамтуға бөлінген азық – түлік және тұрақпен қамтамасыз етілуге құқылы.


Еңбек келісімінде (келісім шарт) жүктелген міндеттерді орындау кезінде кәсіби авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының құтқарушылары, сондай – ақ ерікті авариялық – құтқару қызметтерінің құтқарушылары және құтқарушы болып табылмайтын азаматтар құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге тартылу барысында зардап шеккен болса, олар тегін медициналық көмек алуға құқылы.


Құтқару және шұғыл жұмыстарға тартылған ерікті авариялық – құтқару қызметтерінің құтқарушылары мен құтқарушы болып табылмайтын азаматтардың орташа еңбек ақылары негізгі жұмыс орны бойынша сақталады. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайында қызмет көрсететін кәсіби авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдарының құтқарушыларына осы мекемелерге арналған Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген құқықтық және әлеуметтік қорғау мен жеңілдіктерінің кепілі таратылады.Туындаған әртүрлі ТЖ жою кезінде жұмыс пен жағдайдың көп қырлылығы Төтенше жағдайлардыдайындығының деңгейіне жоғарғы талаптар қояды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет