Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Таулы аймақтардағы қозғалыс



бет44/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
Курс лекции каз

Таулы аймақтардағы қозғалыс
Таулы аймақтардағы жол қозғалысын жақсы қарастырылған шаралар арқылы ұйымдастыру қажет, себебі олар хабарлау жылдамдығының төмендігімен және қауіптілігі жоғары жол-көлік оқиғасымен сипатталады. Бұндай жолдардағы жылдамдықтың азаюы СНиП 11 –Д5-72 жобалау қалыптарымен қарастырылған, онда бұл жылдамдық тегіс аймақтардағы жолдың негізгі есептік жылдамдығынан 2 есе аз.
Б іздің мемлекетіміз таулы аймақтарға бай және біршама тау жолдарының ұзақтығы бар. Таулы аймақтардағы жолдар бір-бірінен жол қозғалыс жағдайына байланысты ерекшеленеді. Таулы аймақтардағы құрылыстың қысылыңқы кезінде жолдардың геометриялық элементтерінің мәндерін ең аз шама етіп алуға тура келеді және ең алдымен өту бөлігінің ені мен жоспардағы қисық радиустеріне әсер етеді. Бұндай кезде көріну қашықтығы күрт төмендейді.
Жиі мұздану және шұғыл төмендегендегі тежеу кезінде жол мен дөңгелектің ілінісу коэффициентін азайтады. Сол себепті қозғалыс қауіпсіздігінің барлық үш негізгі жағдайлары – көлік құралдарының габаритті өлшемі жолдың геометриялық өлшеміне сәйкес келуі, көріну қашықтығының жеткілікті болуы және тежеу сенімділік жағдайы - тегіс жерлердегі жолдарға қарағанда таулы аймақтардағы жолдарда бұл көрсеткіштер өте төмен.
Б ірақ та тек қана жол емес, сонымен қатар бүкіл автомобиль-жол-жүргізуші жүйесі тауларда аз сенімділікпен сипатталады. Ұзақ төмендеу кезінде тежеуіш қызады, сол себепті тежеуіштің тиімділігі төмендейді. Ауаның қысылуы әсерінен қозғалтқыштың қуаты төмендейді. Ауаның сиреуі әсерінен өрлер мен түсу кезіндегі ауа қысымының өзгеруі әсерінен, ал негізінен кернеудің жоғарылау әсерінен жүргізушінің психологиялық жағдайы төмендейді. Жақсы таулы жолдарда құрғақ ауа-райы кезінде хабарлау жылдамдығы 50% төмендейді.
Қозғалыс жағдайы және жол-көлік оқиғасы салдарын зерттеулер көрсеткендей таулы жолдарда жүргізушілердің жол бөлігінің қауіптілік дәрежесін анықтауы қиындайды және көрінудің шектелуіне байланысты қозғалыс жағдайын болжау мүмкін емес. Мұндайда көбінесе жол жағдайын алдамшы қабылдауына байланысты жүргізушілер қателіктер жібереді.
Таулы жолдарда қозғалысты ұйымдастырудың негізгі бағыттары мыналар: жүргізушілердің көру бағдарын жақсарту; қақтығыс нүктелерінің санын және қауіптілік дәрежесін төмендету; хабарламаларды жоғарғы деңгейде пайдалану. Көру бағдарын жақсарту әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында қамтамасыз ету қажет, себебі қисық сызықты жол бөлігінде автомобиль фарасы бұрылу бағытының жол жағын жарықтандыруын толық қамтамасыз етпейді. Тау жолдарының өту бөлігінде осьтік және қисық сызықты жолақ белгілерін салу, бағыттаушы бағаналар мен жарық қайтарушы жол белгілерін орнату.
Өту бөлігіндегі жолақ белгілер тек қана көру арқылы бағыт табу үшін ғана емес, автомобильдің жол бойында орналасуы мен басып-озуы үшін де өте қажет. Жолдарды жобалау кафедрасының (МАДИ) зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, қозғалыс қауіпсіздігі үшін 600 м-ден аз қисық радиусына осьтік тұтас сызық түсіру қажеттілігі белгілі болып отыр. Бұл таулы жолдарға үйреншікті, қарсы келе жатқан автомобильдің соқтығысу ықтималдығын ескертеді. Алайда, тұтас осьтік сызықты жүргізу, екі жолақтың ені жеткілікті болса ғана жүзеге асады. Жолдың қисық сызықты бөлігінде өту бөлігінің кеңейту қажеттілігін есте ұстау қажет Қисық сызықты бұрылысқа кіре берісте автомобильді жол бойына дұрыс орналастыруды және жүргізушілердің бұрылыстағы қисықты кесіп өту үшін жолдың сол жағына шығуын қамтамасыз ету үшін тұтас осьтік сызық қисыққа дейін басталуы қажет.
Таулы жолда қауіпсіздікті жоғарылату жөніндегі шаралардың негізгілерінің бірі, жылдамдықтың тәртібін тиімдендіру қағидасын қолдану болып табылады. Бұл шара жүргізушілерден жылдамдық тәртібін дәл таңдауын талап етуге бағытталған. Осылайша, таулы жолдарда жылдамдық тәртібін қалыптастыру өте қажет. Бұлар жол қозғалысын ұйымдастыру қызметімен де, автокөлік мекемелерінің қызметімен де қадағалануы қажет. Бірінші жағдай жылдамдықты қалыптастыруды сәйкес жол белгілерін орнату арқылы жүзеге асыру жөнінде, ал екінші жағдай базада тұрақты бағытжолмен тасымал жасайтын жүк автомобильдерін, бағытжолды таксилеріне, автобус қозғалысына арнайыландырылып жасалған график негізінде қозғалыстың жылдамдық тәртібінің өңделуі қарастырылады.
Қақтығысу нүктелерін азайту үшін, ең алдымен жолдың өту бөлігінде көлік құралдарының аялдауын мүмкіндігінше болдырмау қажет. Сондықтан да осы күнге дейін қарастырылған бағытжолды көліктің аялдау орнына кіру қалталарын жасау, жолдық емес тұрақтар үшін жасалған алаңдар, демалу орындарында жолдың өту бөлігін кеңейту, жолдардың бірігуі орындарын кеңейту сияқты іс-шаралар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ең қажет шарттар болып табылады.
Бұндай алаңдарды, қалталарды, кеңейтулерді салу жол құрылысы кезінде ескерілмеген болса, онда ол жолды пайдалану кезінде жасау қажет. Алайда, аталған шаралар өз қызметін кенеттен орындай алмай қалу және жолдың өту бөлігінде жекеленген автомобильдің тұрып қалу ықтималдығын ескеру қажет.
Таулы жолдарда жүргізушілерді ақпараттандыру, жүргізушілер үшін қиын жағдайда оларға белсенді көмек ретінде мәні өте жоғары. Жүргізушілердің дем алуына арналған және автомобильдерді тексеруге арналған орындар жөнінде ақпаратты жүргізушілерге ыңғайлы етіп, жиі және нақты көрсеткіштермен орналастыру қажет. Созылмалы еністер мен өрлердің ұзақтығы жөніндегі ақпарат жүргізушілер үшін өте қажет, өйткені ол қозғалыс тәртібін дұрыс таңдауға көп көмек келтіреді.
Енжарлы қауіпсіздікпен қамтамасыз ету шараларының негізгісі болып, жар шетіне барьерлі шектеулер орнату болып табылады. Ол жүргізушінің іс-қимылына сенімділік береді және хабарлау жылдамдығын жоғарылатады. Бұл құрылғыларды ендіру жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі мәселелердің негізгісі болып табылады.
Таулы жолдарды көрінудің шектеулілігіне байланысты, жолдың өту бөлігімен жүргіншілердің қозғалысы аса қауіпті, сондықтан курорттық және туристік нысандар маңында тротуарлар жасалуы қажет, егер жеке жүргінші жолын салуға мүмкіндік болмаған жағдайда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет