Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет53/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80
Курс лекции каз

Лекция №18.
1. Тұрғындардың көліктік қызмет жүйесі.
2.Халықаралық жолаушы автотасымалдарын ұйымдастыру негiздерi.

Жылжымалы құрам моделдерін қозғалыс жиілігінде және тасымалдауда өзіндік құнын салыстыра отырып сыйымдылығы жағынан автобус түрлерін графо-аналитикалық әдіспен анықтаймыз. Бұл үшін шартты аталған үлкен және кіші сыйымдылық, берілген маршрут қызметіне көбірек келетін екі автобус түрлерін салыстырумен жүргізіледі.


Маршруттар қала аумағының орналасуына байланысты диамертальді, радиальді, жартылай диаметральді, шығып кету, тангенциальді, айналмалы, периферийльді болады.
Маршрут талаптарын таңдау келесі талаптарды сақтау арқылы жүргізіледі:

  • жол жамылғысы, жолдың өту бөлігінің ені және жағдайы, тігінен және көлденең қисық радиустарды, көлбеу еңістіктерді, жолдың көріну бөлігін, сонымен қатар темір жол өткелдері белгіленген талаптар мен құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес болуы керек;

  • маршрут бойында орналасқан көпірлерге немесе жолдарға түсіретін автокөліктердің жалпы салмағының рұқсатты жүктілігін сәйкестендіру.

Жүк ағынының шамасына байланысты жол жағдайлары мыналарды қарастыру керек:

  • маршруттың бастапқы және соңғы аялдамаларында автокөлік құралдарының тұрақтары мен бұрылыс жасайтын орындары болуы;

  • арту алаңдарында «қалта» тәрізді алаңдардың болуы.

Жеңіл автомобильмен жолаушыларды тасымалдау қалалық тасымал секілді, қаладан тыс қатынастармен жүргізіледі. Жеңіл автомобиль көлігімен тасымалдау бүгінгі күні басым рольдердің біріне ие.
Қазіргі кезде барлық ірі қалаларда жалпы көлік жүйесі бойынша жеңіл автокөлікпен тасымалдау қарқынды даму үстінде.
Қалалық жолаушылар көлігі жүйесінде жеңіл автомобильмен жолаушыларға қызмет көрсету тұрғындардың сұранысын қанағаттандыратындай жұмсақ түрде болуы керек. Қатынастың жоғарғы жылдамдығы, комфорт, «есіктен есікке дейінгі» жеткізу мүмкіншілігі және тәулік бойына кез келген бағытқа қатынауына.
Жалпы жеңіл автомобиль паркінің пайдалану ерекшелігі келесі түрде классификацияланады:

  • мамандандырылған автомобиль – такси;

  • жалпы пайдаланудағы жеңіл автомобильдер;

  • ведомстволарға жататын жеңіл автомобильдер;

  • азаматтардың жеке автомобильдері;

  • әлеуметтік қолданыстағы жалдық автомобильдер;

  • арнайы тағайындалған автомобильдер (жедел көмек, жол-патрулі қызметі және т.б.).

Тұрғындардың көліктік қызмет жүйесінде келесі автомобиль – такси түрлерін қолданады:

  • Қатынас жолындағы еркін такси. Мұндай жағдайда жолаушы автотұраққа бару уақытын жоғалтпайды және автомобиль-таксиде төленбеген пробегі азаяды.

  • Алдын ала тапсырыс. Жолаушыларды «есіктен есікке дейін» жеткізу принципі бойынша жүргізіледі.

  • Жолаушыларға топтап қызмет көрсету. Бұл тасымал жолаушылардың көп шоғырланған орнынан дәл осындай орындарға жеткізу (метролардан вокзалдарға немесе порттардан аэропорттарға жеткізу).

  • Наряд бойынша автомобиль-таксилерді жіберу. Жеңіл автомобиль көмегімен мекеменің, ұйымның тапсырысы бойынша министрліктің рұқсаты бойынша және АКМ бекітілген келісім-шартына сәйкес пошталарды жинауға, жинақ кассаларға қызмет етуге және т.б.

  • Маршрутты такси. Олар жолаушыларға тұрақты немесе уақытында, қалалық және қаладан тыс маршруттарды реттеуді орындайды.

Тұрғындардың сұранысында бекітілгендей таксомоторлы тасымалдар анкеталы, статистикалық, кестелі, есептік және визуальды әдістермен жүргізіледі.
Анкеталы әдіс. Бұл анкета әрбір жүрісте жүргізушілерге арнайы таратылып, толтырылып жүргізілетін әдіс.
Статистикалық әдіс. Бұл жол қағаздары негізінде диспетчерлік есеп бойынша және таксилерді пайдалану талдауына байланысты. Мысалы, линияға шығу уақыты, сағат бойынша жұмыс істеу уақыты, апта бойынша, мереке алды немесе мереке күндеріне байланысты.
Кестелік әдіс. Таксомоторлы тасымал сұранысын қанағаттандыру мүмкіндігін және жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігін кесте бойынша жүргізушілердің линиядағы жұмыс үрдісін толтырумен жүргізіледі.
Есептік әдіс. Бұл әдіс арнайы есептеуіштермен жүргізіледі.
Нақты көрініс алу үшін жобадағы қалалардағы барлық жолаушы автокөлік кәсіпорындарына кең ауқымдағы тексерулер жүргізіліп, сондай-ақ жалпы ел бойынша ҚЖК жүйесінің жұмыс істеу қағидалары талданды. Жиналатын ақпараттардың объективтілін арттыру үшін қоғамдық пікірді сұрау жүргізілді, сауалнамаға 10 мыңға жуық қазақстандықтар қатысты.
Істелген жұмыстың нәтижесінде, соңғы жылдар арасында жолаушы тасымалдары көлемдерінің тұрақты үрдісте кеміп отырғаны анықталды. Мәселен, Қазақстанда 1990 жылы 3,1 млрд. жолаушы тасымалданса, ал 1995 жылы қалалық автобустар небәрі 1,4 млрд. жолаушы тасымалданды. Осы құбылыстардың негізгі себептері экономикалық жазықтықтың астарында жатыр. Өндірістің құлдырауы жұмыс орындарының азаюына, бұқара халықтың басым көпшілігінің төлем қабілетін жоғалтуларына ұшыратып және соның салдары ретінде олардың жүріп-тұру қозғалыстарын төмендетті. Жолаушы тасымалдарының рыногында ұсыныстар азайды. Тексеру жобаның барлық қалаларында жалпы пайдаланыстағы жолаушы көлігі кәсіпорындарының жүк тасу қуаттарының шамамен бірдей кұлдырағап отырғанын көрсетті. Бұл жағдай ең көп дәрежеде автобус парктерін шарпыды, ал қалалық электр көлігі кәсіпорындарының ахуалы біршама тәуір қалпында сақталды.
ҚЖК кәсіпорындары ұсынылған кызмет көрсетулердің сапасы өте төмен сапа ретінде бағаланды. Желіге шығатын жылжымалы құрам санының азаюы, автобустарға, троллейбустар мен трамвайларға қарбалас сағаттарда екі еселік үстеме жүк салды. Жолаушы тасымалдарына жеке тасымалдаушылар рұқсат алған қалаларда ғана жалпы пайдаланыстағы автокөліктің тасу мүмкіндіктерінің кемуі кайсыбір дәрежеде қосымша ұсыныстар арқылы өтеліп отырды, мұндай әрекет тасымалдардың азды-көпті қолайлы деңгейдегі сапасын ұштап тұруға мүмкіндік туғызды.
Көлік инфрақұрылымы, әсіресе байланыстың электр желілері мен қалалық электр көлігінің рельстік жолдары құлдырауға ұшырады, өйткені ұзақ уақыт бойы олар жөндеуден өткен жоқ. Жылжымалы құрамның техникалық жай-күйі ешбір сынды көтере алмайтын еді және ол тасымалдардың сапасына ғана кері әсерін тигізе қоюмен шектелмеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігінің көрсеткіштері тоқтаусыз төмендей берсе, ал көліктің калалардағы қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз ықпалы одан әрі өрши түсті.
Автобус парктерінде өте әркелкі (маркалары мен үлгілері бойынша) жылжымалы құрам ұшталды. Бұл, бір жағынан, қызмет көрсетуші қызметкерлердің кең ауқымда мамандандырылуларын талап етіп, осы жағдай жұмыс сапаларына бұрыс әсерін тигізді. Ал, екінші жағынан, қымбат тұратын жабдықтар мен кұрамдарды көп есе қосарландыру жүргізілді, оларды әрбір нақты автобус паркінде толық жұмыс жүктемесімен пайдалану мүмкін емес болды. Бұған техникалық қызмет көрсету және жөндеу аймақтарында жұмыс істейтін қызметкерлерді көмекші күш есебінде кабылдау қосылды. Осы кызметшінің еңбегіне төленетін жалақының мөлшері ең аз деңгейде болды және ол бірінші кезекте қысқартылуға жатты. Қосалқы бөлшектер мен оларды пайдалану қажеттіліктерінің есебі, тораптардың, агрегаттар мен АКҚ жүйелерінің ұсынуларын талдау ең жақсы деген жағдайда, өндірістің табыстылығына лайықты есеп жүргізусіз ескі қағидаларға құрылды. Оларға қарамастан, әрбір автобус паркі жылжымалы құрамға өз бетінше дербес техникалық қызмет көрсетуге ұмтылды, көбінесе мұны жүргізушілердің күштері арқылы орындап отырды. Осындай тәжірибенің салдары АКҚ техникалық пайдаланудың режимдерін жаппай бұзу болды, мұндай әрекет жылжымалы кұрамның физикалық тозуына ұшыратты.
ҚЖК баскару жүйесінің талдауы қалалық жолаушы көлігінің басқару жүйелерінің оңтайлы еместігін көрсетті. Олардың өзара іс-кимылдарының сипаты жолаушы тасымалдарының қажет етілетін деңгейін камтамасыз ете алмады. Осылардың барлығына қосымша, көлік кәсіпорындарының заңды және қаржы кұжаттамаларында бірқатар күрделі олқылықтардың бар екендігі анықталды, осы олқылықтар олардың нарыктық ортада қалыпты жұмыс істеулерін елеулі шамада қиындата түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет