Жедел жоспарлаудың ақпараттық қамтамасыз етілуі. Тасымалдау үрдісін басқарудың барлық деңгейлерінде шұғыл жоспарлауды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат: ағындағы, алдын ала және дәл. Станция жұмысының барысы және жол телімдері бойынша пойыздардың жүрісі туралы ағындағы ақпарат үздіксіз беріледі және пойыздар жүрісі мен станция жұмысын басқарудың негізі болып табылады.
Станция және тасымалдау бөлімшелері үшін пойыздардың жақындауы туралы, жол және бөлімшелер түйіспе бекеттері бойынша пойыздарды беру туралы ақпарат тәуліктік және ауысымдық жоспарларды құрастыру үшін қажет. Станциялар үздіксіз телегерамма-натур қағазы және мәлімет түрінде беріп отыратын дәл ақпарат, сонымен қатар, үш сағаттық аралықтар бойынша, жақындаған пойыздар туралы тасымалдау бөлімшелері беретін ақпарат, пойыздарды қабылдау, жөнелту құрастыру және тарқату, вагондарды беру-алу жоспарын құрастыру үшін қажет. Алдын ала және дәл ақпарат, жүк немесе тиеу үшін бос вагондар баратын жүк қабылдаушыларға хабарланады.
Ауысымдық-тәуліктік жоспарды өңдеу тәртібі және оны орындау жауапкершілігі. Жолдың пойыз және жүк жұмысының тәуліктік жоспарын, тасымалдау қызметінің шұғыл басқару бөлімінің басшысы (немесе оның орынбасары), тасымалдау бөлімшесінің аға диспетчерлерімен бірге өңдейді, оны жол басшысы немесе оның бірінші орынбасары, бөлімшелерде – тасымалдау бөлімшесінің басшысы немесе оның бірінші орынбасары бекітеді.
Пойыздарды сұрыптау, телімдік және ірі жүк станцияларынан жөнелтудің ауысымдық жоспарын, тасымалдау бөлімшесінің аға диспетчері немесе оның орынбасары, ал 4-6 сағаттық аралыққа – бөлімше кезекшісі станция (маневр) диспетчерімен, локомотив диспетчерімен және депо кезекшісімен бірге өңдейді.
Станцияның жүкті тиеу және түсіру бойынша тәуліктік және ауысымдық жоспарларын станция басшысы немесе оның орынбасары, қажет болған кезде, жүк тиеу-түсіру дистанцияларының басшысымен, жүк жөнелтушілермен, жүк қабылдаушылармен бірігіп өңдейді.
Станцияның, бөлімшенің және жалпы жолдың пайдалану жұмысын шұғыл басқарумен тасымалдау қызметі айналысады және бұл қызмет жол басқармасы бекіткен шұғыл жоспар көрсеткіштерінің орындалуына жауапты.
Тәуліктік және ауысымдық жоспардың орындалуы бойынша:
станция басшысының алдында – станция (маневр) диспетчері есеп береді;
тасымалдау бөлімше басшысының алдында – станция басшысы, пойыз диспетчері, бөлімше кезекшісі есеп береді;
тасымалдау бөлімшесі және қызмет басшыларының алдында – тасымалдау бөлімшелерінің басшылары есеп береді;
тасымалдау бөлімшесі басшысының алдында – шұғыл басқару бөлім басшысының ауысымдық орынбасары және кезекші аға көмекшілер есеп береді.
Достарыңызбен бөлісу: |