Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Тақырып 5. Жол қозғалысының сипаттамаларын зерттеу тәсiлдерi



бет32/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80
Курс лекции каз

Тақырып 5. Жол қозғалысының сипаттамаларын зерттеу тәсiлдерi


Лекция № 9.
1.Жол қозғалысын зерттеу әдістері.
2. Көлік ағындарын, стационарлық посттарды зерттеу.
3.Көлік ағындарын жылжымалы құралдармен зерттеу.

Жол қозғалысын зерттеудің отандық және шет елдік тәжірибесінде, бір адам арнайы құрал-жарақсыз орындай алатын қарапайым әдістерден бастап, жеке электронды-есептеу техникасын пайдалана отырып ғана мүмкін болатын күрделі әдістерге дейін бірнеше әдіс түрлері қолданылады.


Әдістердің көп түрлілігі, қозғалысты ұйымдастыру құралына кіретін міндеттердің және жол сипатына әсер ететін параметрлердің орасан зор санымен, сондай-ақ бірінші ретті мағлұматтарды алу және оларды өңдеп шығару үшін қолданылатын аспаптардың (жабдықтардың) әрдайым жетілдіріліп отыруымен түсіндіріледі.
Көлік ағындарының күйі туралы ақпаратты автоматты түрде жинақтау және оларды талдау, қозғалысты басқарудың кибернетикалық жүйелерінің негізін құрайды. Дегенмен, қозғалысты ұйымдастырудың жекеленген оперативтік есептерін (міндеттерін) шешу үшін адамның тікелей қатынасын қарастыратын едәуір қарапайым зерттеу әдістері де қажет.
Жол жүрісін ұйымдастыру әдістерін үш негізгі топтарға бөлуге болады:

  • құжаттық зерттеу;

  • шынайы зерттеу;

  • модельдеу.

Құжаттық зерттеу. Бұл әдістің негізгі белгісі материалдарды кабинеттік жағдайларда зерттеу болып табылады, сондықтан бұл әдісті кейде камералық деп те атайды. Құжаттамалық зерттеуді арнайы жинақталған мағлұматтар негізінде, сондай-ақ іс жүзіндегі және өзге мақсаттарда қолданылатын мағлұматтар негізінде де жүзеге асыруға болады. Осылайша, ұсынылып отырған ірі құрылыс аймағындағы күтілген көлік ағындары туралы жеткілікті зерттелген мағлұматтар сәйкес келетін ұйымдардағы жобалық және жоспарлық материалдарды оқып-үйрену негізінде құрастырылуы мүмкін. Өзге мысал ретінде сәйкес келетін көлік кәсіпорнында алынуы мүмкін бағытжолдың жолаушы көлігінің жұмысын сипаттайтын құжаттардың талдамасын алуға болады. Олар негізінде тікелей бақылауларды жүргізбей-ақ, жылжымалы тізбектің тәуліктің әртүрлі кезеңдеріндегі қозғалыс сипаттамасын құрастыруға болады.
Тасымалдаулар мөлшері мен бағыттары туралы материалдардың арнайы жинақтамасын көбінесе сұрақтамалық зерттеуді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады. Сұрақтамалық зерттеудің мысалы ретінде қаладағы жеке автомобильдер жүргізушілерінің арасында олармен орындалған жүрістердің шамасы және апта күндеріне, айлар мен жылдарға бағытжолдар туралы сұрақтама жүргізу болып табылады. Мұндай зерттеулердің негізгі элементін сұрақтардың қажетті ең төменгі мөлшеріне ие болатын сұрақтамалар құрайды. Қазіргі жағдайлардағы сұрақтама әдетте, келесі машиналық өңдеуге арналған перфокарталарға тасымалданатындай етіп шығарады.
Өндірістік кәсіпорындардың күтілген жүк айналымын анықтауға, яғни қозғалыс өлшемдерін орнатуға қажетті сұрақтамасы шығарылатын өнімнің мөлшері, тұтынатын шикізат, жанар май, жартылай фабрикаттар, алдағы құрылыстар туралы сұрақтардан тұрады.
Сұрақнаманы толтыру кезінде барлық жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушыларды үш топқа бөлу ұсынылады:

Жүктерді тасымалдау қашықтығы іс жүзіндегі көше-жол тораптарына сәйкес келетін фактілік бағытжолдар бойынша анықталады. Сұрақтамалық зерттеуді, сонымен қатар жүргізушілердің қозғалысты ұйымдастырудағы немесе жол жағдайларындағы кемшіліктер туралы ескертулерін жалпылау үшін де пайдалануға болады.
Камералық зерттеулердің маңызды бөлімін (тарауы) қозғалыс өлшемдерінің өсуі мен автомобильдер паркінің өзара құрылымдастығы туралы ғылыми болжамға негізделген. Жол-көлік оқиғасының жол полиция ақпаратындағы есепке алу картотекасын дәйекті зерттеу олардың жан-жақты талдамасын орындауға және жол-көлік оқиғасының пайда болуына әкеп соққан себептер мен себепкерлерді жалпыламалауға мүмкіндік береді.
Қолда бар жобалық құжаттамаларды көше-жол тораптарында талдау қозғалысты ұйымдастыру шешімдерді өңдеп шығаруға қажетті жол сипаттамаларын (жалпы енін, жолақтар санын, бұрылулар радиусын және т.с.с) алдын ала дайындап шығаруға мүмкіндік береді.



Жол қозғалысын ұйымдастырудың негізгі зерттеу әдістері































Құжаттық зерттеу


Шынайы зерттеу

Модельдеу































Жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтер және есеп картотекасы

Жол жағдайын қарастыру

Детерминдеу моделдер



















Көше-жол торабы бойынша жобалық құжаттар

Көлік және жаяу жүргіншілер ағындарын зерттеу

Стохастикалық моделдер






















Ертеде өткізген жол қозғалысының зерттеу мәліметтері






















Стационарлық кедендерде




Жылжымалы құралдар арқылы




Анкеталық зерттеудің шешімдері







Автотасымалдардың есеп беру және жоспарлы мәліметтері








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет