Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет41/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80
Курс лекции каз

11.2 – сурет. Өту бөлігінің ені 14 м болатын екі параллель көше

Өту бөлігінің ені 14 м болатын екі параллель көшеге бір жақты қозғалыс енгізгенде көшенің өткізу қабілеттілігі жоғарылайды және әр көше келесідей жеңіл автомобильдер санын өткізе алады (11.2 сурет):


екі жақты қозғалыста және аялдауға рұқсат бергенде 1200 авт/сағ;
бір жақты қозғалыста және аялдауға рұқсат бергенде 1600 авт/сағ;
екі жақты қозғалыста және бір жақты аялдауға рұқсат бергенде 1800 авт/сағ;
бір жақты қозғалыста және бір жақты аялдауға рұқсат бергенде 2300 авт/сағ;
екі жақты қозғалыста және аялдауға толығымен тыйым салу 2800 авт/сағ;
бір жақты қозғалыста және аялдауға толығымен тыйым салу 3400 авт/сағ

Бір жақты қозғалысты енгізгенде кедергі жаяу жүргіншінің жақындау жолының алыстауына байланысты бағыт жолды жолаушылар көлігін пайдалану, елеулі түрде қиындауы, сонымен қатар (екі ) бір жақты қозғалыс өтімінде орналасқан тарту нысанасына дейінгі ара қашықтықты автомобиль жүрісінің көбеюін жатқызуға болады. Мұндай кемшіліктердің орын алуы көшенің геометриялық сызба-нұсқасына байланысты. Ол кемшіліктер өте аз болады, егер көше тораптары тік бұрышты болып және параллель жолдардың ара қашықтығы 250-300 м болса.


Бір жақты қозғалыс келесідей түрлерге бөлінеді:

Бір жақты қозғалыс тәртібін енгізуге параллель жолдардың өзара алыстауы кедергі келтіреді. Керекті нысанаға жақындау ыңғайлылығын сақтау үшін қарама- қарсы бағытта қозғалысты ұйымдастыратын параллель өтетін көшенің ара қашықтығы 350 м –ден артық болмаған жағдайда бір жақты қозғалыс енгізуге болады және екі көшені жалғастыратын жолдарды ұйымдастыру керек.
Бір жақты қозғалыстың кемшілігі: мұндай қозғалыс енгізгеннен кейінгі алғашқы уақытта жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер бағдарлары қиындайды, көлік ағындарының жылдамдығы жоғарылайды, сол арқылы тұрғынды көшелерге қауіптілік тудырады. Мұндай кемшіліктер орын алмас үшін қозғалысқа қатысушылар жақсы хабарландыруы және қозғалысты бақылау қажет.
Бір жақты қозғалысты енгізгендегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі жағдай жол белгілерінің көмегімен нақты және толық хабарламалар беру. Бір жақты қозғалыс көшенің бойында келе жатқан көлік құралын 5.5 белгісімен, ал әрбір қиылысу көшесінің алдында 5.7.1 белгісі арқылы хабарлауды қамтамасыз ету қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет