Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет43/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80
Курс лекции каз

11.3-кесте. Орталық аралдың радиусы

Орталық аралдың радиусы, м

Есепті жылдамдық,
км/сағ

Кіретін жолдың санына байланысты қосылу сызығының ұзындығы

3

4

5

6

7

30

33

54

38

-

-

-

40

38

70

49

36

-

-

50

42

86

60

44

33

-

60

46

102

71

52

39

30

70

48

118

82

59

45

35

80

52

134

93

88

51

40

90

55

150

104

76

57

44

100

58

166

114

84

63

49

Лекция №12.
1.Жол қиылыстары мен жол аралықтарындағы қозғалысты ұйымдастыру схемаларын құру.
2.Жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын ұйымдастыру.

Тәуліктің қараңғы уақытысындағы қозғалыс
Жол көлік оқиғасына жасалған статистика барлық елде тәуліктің қараңғы мезгілінде қозғалыс қауіптілігі кенеттен жоғарылайтынын көрсетіп отыр.
Көп елде бұл аралықтағы қозғалыс қарқындылығы тәуліктің күндізгі мезгілімен салыстырғанда 5-10 есе төмен болғанымен, жол-көлік оқиғасының қараңғы уақыттағы үлесі 40-60 % құрайды. Ресейдегі бірнеше бағытжолды зерттеу нәтижесі 12.1-кестеде көрсетілген.

12.1 - кесте. Ресейдегі жол жағдайын зерттеу нәтижелері

Жол-көлік оқиғасының түрі

Автомобиль жолдарындағы ЖКО

Москва-Санкт-Петербург

Москва-Харьков

Ростов-на-Дону Орджоникидзе

Павловская – Адлер

Автомобильдің және мотоцикл-дің соқтығысуы, аударылуы

46

46,9

58,3

68,1

Велосипедшіні және арбаны соғу

12,1

8,6

18,3

16

Жаяу жүргіншіні соғу

40,4

43,3

22,5

14,9

Басқа да ЖКО

2,5

1,2

0,9

1

Барлық ЖКО түнгі уақытты болған ЖКО

50

40,6

44

43

Қараңғы уақытта болған жол-көлік оқиғасының көбісі сыртқы стационарлы жарықтандырудың болмауынан немесе оның сапасының төмен болуынан екендігін ескерген жөн. Қараңғы уақытта болған жол-көлік оқиғасының ауыр болуымен сипатталады, әсіресе жаяу жүргіншілерді қағып кету. Тәуліктің қараңғы уақытында қозғалыс қауіпсіздігінің жоғарылау себебі жүргізушінің көру қабілеттілігінің нашарлауынан екендігі түсінікті. Өйткені қозғалыс жағдайына баға беру үшін пайдаланылатын ақпараттың өңделуінің 90 % көрудің көмегімен іске асады.


Жол-көлік оқиғасы салдарының ауыр болуы жүргізуші күндізгі уақытқа қарағанда түнгі уақытта кедергілерді кешірек байқайды, соған сәйкес қозғалыс жылдамдығын төмендетуді үлгермей қалуымен түсіндіріледі.
Тәуліктің қараңғы мезгілінде жүргізушінің жағдайды бағалауының нашарлығынан өз автомобильінің жылдамдығын бағалауының дәлдігін төменірек болуынан және ең негізгісі қарсы келе жатқан автомобиль фарасының жарығынан уақытша көрмей қалуға ұшырап, жол-көлік оқиғасының орын алу ықтималдығын тудырады.
Жол қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі мамандардың зерттеулерінің нәтижесі, біздің қараңғы уақыттағы жол-көлік оқиғасының спецификасы жөніндегі берілгендерді растап отыр.
Көше және жолдардың жасанды жарықтандыру
Жолдың жарықтылығының сапасының негізгі көрсеткіші болып жол төсемінің жарқырауы болып табылады және оның өлшем бірлігі ретінде шаршы метрдегі кондела қабылданған (кд/м2). Төсемнің жарқырауы жүргізушінің көру қабілетіне жағдай жасайды және жолдың өту бөлігін ендік жарықтандыру шамасы мен жол төсемінің шағылыстыру қабілеттілігіне тәуелді.
Егер төсемнің шағылыстыру сипаттамасы белгілі болса, онда ендік жарықтандыруды есептеу арқылы өлшей, жарықтандыру сипаттамасына баға беруге болады.
Ж арықтандыруды жобалау кезінде және оның сапасын бақылап отыру кезінде келесілерді ескеру қажет:

  • жарықтандыру құрылғыларын қалыпты сандық және сапалық көрсеткішпен қамтамасыз ету;

  • қиылыспен қосылу, жолдың тарылуы, автобус аялдамасы, жүргіншілер өткелі, тар көпірлер сияқты қауіпті аймақтарда жарық көзіне түсін өзгерту және жарықтандыру құрылғылардың құрылымы мен оларды орналастыруды ескеру. Жүргізушілерден қарқынды қозғалыс орындарында жүргізуші жұмысының қиындауын ескере отырып, өту бөлігінің жарықтандырылуын 1,5-2 есе арттыру;

  • жарнама отымен неонды жазулар сияқты жарық көздерінің шағылысу әсерін шектеу;

  • жолдың күрделі және қауіпті бөлікті жарықпен үзіліссіз қамтамасыз ету және жарықтандыру жолақтары мен жарықтанбайтын жолақтардың кезектеліп келуіне жол бермеу.

Қ иылыс аймақтарында жарықтандыру құрылғыларын орналастырғанда қиылысқа кіре берісте емес жүргіншілер өткелі шеңберлену сол жақ қозғалыс жасалған қапталар сияқты негізгі элементтерін қарастыру қажет. Әсіресе, тоннельдерді дұрыс жарықтандырудың әсері зор. Жүргізушінің күндізгі жарықтан жарықтығы төмен тоннелге кірген арнайы тоннелдердің басты қауіптілігінің бірі болып табылады.
Тоннельдегі көрінуді тек жарықтандыру дәрежесінен жоғарылату арқылы ғана емес, сонымен қатар кіре беріс тондустың жарықтығын төмендету, жол төсемінен дуалдарды жарықтандыру сияқты жақсартуға болады. Кіре беріс тондустың жарықтығын төмендетуге люверс арқылы қол жеткізуге болады.
Люверс – күн сәулесінің тоннельдің кіре берісіне кедергі жасайтын тор түріндегі алюминий немесе ағаштан жасалған құрылғы.
Жарықтандыру сапасы жарықтандыру құрылғыларының дұрыс орналасуына тәуелді. Жарықтандыру құрылғыларының немесе сызба-нұсқасы 12.2- суретте көрсетілген. Жарықтандыру құрылғыларының бір сызық бойындағы ара қашықтығы қадам деп аталады.
Қысқы мерзімдегі қозғалыс
Қысты күнгі жол тайғақтығы кезінде қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатуда автокөлік-жол-жүргізуші кешеніне әсер ету арқылы жүргізуге болады. Ілінісу коэффициентін жоғарылатуын қыстық бедері бар арнайы протекторлы немесе талшықты автомобиль шендеуіштерін пайдалану мүмкін. Автомобиль тежеуіштерінде антиблокировкалы құрылғыны қолдану қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатады, сол сияқты жүргізушілерге тайғақ жолда автомобильді тежеудің тиімді әдістерін үйрету де қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатуға себеп болады. Сонда да жолдағы қауіпсіздікті сақтауға бағытталған негізгі іс-шаралар қатарына жол тасымалдау ұйымдарының жолдың қысқы тайғақтығын жою жөніндегі арнайы іс-шаралар жатады.
Жолдың өту бөлігін мұзсыздандырудың келесі әдістері кең таралған: фрикционды материалдарды (құм, күл және т.б.), химиялық құралдарды, фрикционды және химиялық құралдарды араластырып пайдалану, төсемді жылыту. Ілінісу коэффициентін жоғарылату үшін көп фрикционды материал керек етеді.
Соңғы кезде жолға химиялық құрамды затты себу әдісі кең түрде қолданылады және жұқа мұз қабатының пайда болуына қарсы тиімді әдіс болып табылады. Бұл әдістің кемшілігі химиялық активтен тұратын бұл заттар көлік құралдарына, жол ғимараттарына, жүргіншілер аяқ киімдеріне зиянды әсерін тигізеді. Ал егер олар маңдай алды әйнек пен фараға тиетін болса, онда жарықтандыру мен сигнализация құрылғыларының кең көлемді тиімді жұмыс істеуін нашарлатады, қиын тазарғыш қабат құрылады. Сондықтан химиялық әдісті қолдану, тазалағыш машиналардың көмегімен еріп жатқан қарды аластатумен сәйкестенуі керек. Құмның жол бетіне жақсы орналасуы үшін оған кальции, магнии, натрии хлоридін немесе олардың қоспасын қосады.Тұздың арқасында фрикционды материал тапталған қабат бетіне түседі де өз функциясын тиімді атқарады.
Жол бетін қыздыру электр тоғы, ыстық су немесе бу арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс тиімді болып табылады, бірақ та жол төсемінің астына арнайы қыздыру құрылғысын орнатуды талап етеді. Бұны қала эстакадаларында, тоннельдерде және т.б. мұз қабаты айрықша қауіпті орындарда қолданады. Жолдардың үстін қыздыру әдісі де белгілі және қолдау табуды. Бұндай қыздыру тротуар бөлігінде, түсіру немесе арту ғимараттарының кіре берісінде және т.б. жерлерде стационарлы түрде орнатылған инфрақызыл шам арқылы жүзеге асады, бірақ ол газ немесе электроэнергия шығынын көп мөлшерде талап етеді. Аэродромдарда ұшу-қону жолақтарын тазалауға арналған өзі жүретін жылу машиналары қолданылуы мүмкін, бірақ та қазіргі уақытта қолданылып жатқан газ турбиналы қозғалтқышты машиналар тиімді емес және қауіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет