Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Тальман қызметі – тұлға, судағы тиеу және түсіру. Тальмен қызметіне жүкті қабылдау және түсіру, жүк орындарының шотымен тасымалдау жатады. Тақырып 14



бет73/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   80
Курс лекции каз

Тальман қызметі – тұлға, судағы тиеу және түсіру. Тальмен қызметіне жүкті қабылдау және түсіру, жүк орындарының шотымен тасымалдау жатады.
Тақырып 14. Көлiк флотының жұмысының пайдалану көрсеткiштерi
Лекция №27
1.Кеменің пайдалану көрсеткіштері
2.Порттың пайдалану көрсеткіштері

Теңіз көлігіне материалды-техникалық базалар мен порт және флот жұмыстарының көрсеткіштері тән.


Кеменің суда сыйымдылығы D – кемемен ығыстырылған су массасы – тоннадағы кеменің массасына тең.
Толық жүк көтергіштік, немесе Dв, кемесінің дедвейті - Q – бұл тоннадағы жүктің ең жоғарғы саны, сол сияқты qт отын қоры, qв су қоры және кеме орындай алатын жүкті қамтамасыз ету qсн:


, (1)


Кеменің таза жүк көтергіштігі - кеме тасымалға қабылдай алатын жүктің ең жоғарғы саны тоннамен (сусыз, отын мен жүкті қамтамасыз ету):


(2)


Кеменің жүк сыйымдылығы – кемедегі барлық жүк көлемдері куб метрмен.
Кеменің регистрлік сыйымдылығы (кеме көлемі) – өлшеу куәлігі. Регистрлік сыйымдылық валдық немесе толық (брутто) және таза (нетто) бола алады.Көлемді регистрлі тоннамен 2,83 м3-ке өлшенеді..
Кеменің валдық (толық) регистрлі сыйымдылығы Wбр – палубаның жоғары жағындағы және жабық құрылғыларды, рубкалардың орындарын өлшеу нәтижесінде алынған көлем.
Кеменің таза регистрлік сыйымдылығы Wнт кеменің коммерциялық пайдалану орындарының көлемі. Теңіз портарындағы салық пен алымдарды есептеудің көрсеткіштері ретінде пайдаланылады.
Таза және валдық регистрлі сыйымдылық арасындағы, толық жүк көтергіштік және суда сыйымдылық көлеміне тәуелділігі мына формуламен сипатталады:


(3)


Кеме рейсі – порттағы тиелуден бастап кеменің жаңа тиелуге дейінгі аралықтағы уақыты.
Кеме рейсінің жалғасуына жүретін және тұратын уақыттар да кіреді. Жүретін уақыт рейстің ұзақтығына және кеме жүрісінің жылдамдығына, ал тұратын уақыт - тиеу-түсіру құралдарының өндірушілігіне, сол сияқты порттардағы кемелерге қызмет етуді ұйымдастыру деңгейіне байланысты.
Жай, күрделі және айналмалы рейс түрлеріне ажыратады. Екі порт арасындағы жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудағы кеме рейсі жай түрі деп аталады. Әрқайсысында тиеу мен түсіру жұмыстары жүргізілетін бірнеше порттар арсындағы жүк тасымалдаудағы рейсті күрделі деп атайды. Егер кеме жүкті екі немесе бірнеше порттар арасында тасымалдап, содан кейін алғашқы жіберілген орнына қайтып келсе, онда рейсті айналмалы деп атайды.
Жүру уақытының коэффициенті Кх – жүру уақытының tx рейстің ұзақтығына қатынасы Тр:
(4)


Балласты жүріс коэффициенті Кб балласты жүрісті Lб кеменің жалпы жүрісіне бөлумен анықтаймыз L:


(5)


Кемеге жүк тиеу коэффициенті εзаг кеменің порттан кетуінен бастап жүк көтергіштігін пайдалану дәрежесін көрсетеді. Кемеге нақты тиелген жүк массасын Qф кеменің таза жүк көтергіштігіне бөлумен анықтаймыз:


(6)

Жүк тиеу коэффициенті жүк көтергіштіктің жай рейстерде ғана, жекелеген өтулерде пайдалану дәрежесін сипаттайды. Әр түрлі жүк тиелген кеме балластан өткендегі айналмалы немесе күрделі рейстерде кеменің жүк көтергіштігін пайдалану коэффициенті қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет