Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Тақырып 15. Флоттың жұмысын шұғыл басқарудың мақсаты мен функциялары



бет75/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Курс лекции каз

Тақырып 15. Флоттың жұмысын шұғыл басқарудың мақсаты мен функциялары


Лекция №29
1.Флоттың жұмысын шұғыл жоспарлау
2.Желілік коносамент (liner bill of lading)

3.Коносоментті беру процесі


4.Коносамент түрлері

Желілік коносамент (liner bill of lading) – желілік кеме жүрісіндегі негізгі құжат болып табылады. Ол жүк тасымалдаушының жүк жөнелтушіге беретін құжаты. Онда жүк жөнелтуші ұсынған мәліметтер жазылады.


Коносамент бұл:

  • жүк жөнелтуші мен жүк тасымалдаушысы арасындағы тасымалдау келіссөзін растаушы құжат, бұның негізінде жүк белгілі бір төлемақыға белгіленген пункттер арасында тасымалданады;

  • тасымалдаушының жүкті бортқа қабылдағанын растаушы қолхат;

  • жүк транзит жүргенде (егер коносамент ордерлі коносамент болса) жүкті сатуға, сатып алуға мүмкіндік беретін, жүктің жекеменшіктік құқықта екенін растайтын куәлік.

Коносамент тасымалдаушының өзі ұсынған стандартты формада болуы мүмкін.
Коносаменттің үстіңгі бетінде көрсетілген мәліметтер әр жаңа рейс сайын өзгеріліп отырылады. Бұл келесі мәліметтер:

  • тасымалдаушының аты-жөні және оның басты коммерцялық кәсіпорынының мекен-жайы;

  • жөнелтушінің аты-жөні;

  • коносаменттің түрі;

  • жүк қабылдаушының аты-жөні;

  • жүк жөнелтушіден жүкті алуға және оны әр қарай өз еркімен қолдануға бұйрық берілген компанияның мекен-жайы;

  • кеменің аты-жөні, жөнелту пункті, жету пункті;

  • жүк туралы мәліметтер (штурман қолхатынан алынады), жүктің жағдайы, фрахтты төлеу орны;

  • коносамент жазылған жер; жазылған уақыты, коносаменттің оригиналдарының саны, тасымалдаушының немесе оның оны атынан іс атқаратын тұлғаның қолы;

  • жүкті палубада (бұндай болған жағдайларда) тасымалданатынын немесе оның палубада тасымалдануға болатынын көрсететін ескертулер;

  • жауапкершіліктердің ақырғы шегі, егер олар алдын ала келісіп алынса.

Коносаменттің кері бетінде барлық жүк иелернің ортақ шарттары көрсетіледі.
Егер тасымалдаушы жүкті өз құзіретіне алса, онда жүк жөнелтушінің талабы бойынша оған коносаментті беруге міндетті.

Коносоментті беру процесі


Жүк жөнелтушісі (немесе экспедитор) коносаментті тасымалдаушы бланкінде, немесе тасымалдаушы коносаментті жүк жөнелтушінің нұсқаулары бойынша жазып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет