Тасымалдаушы, жүккөтергіш машиналар


Мұнаралы крандар туралы жалпы мәліметтер



бет2/6
Дата09.12.2022
өлшемі199.85 Kb.
#466960
1   2   3   4   5   6
Турехан Ғалымжан ТиГМ курсовой

1. Мұнаралы крандар туралы жалпы мәліметтер
Мұнара краны (ағылш. Tower crane, фр. Grue à tour) - тігінен орналасқан мұнараның жоғарғы жағына бекітілген жебесі бар жебе түріндегі айналмалы кран. Жылжымалы крандардың машина паркінде олардың үлесі - шамамен 18 %.
Мұнаралы крандарды көтеріп - тасымалдау және жинақтау жұмыстарында пайдаланады.

1 – басқару кабинасы
2 – аралық
3 – кранның басы
4 – анемометр
5 – жүк арбасы
6 – ілмек суспензиясы
7 – жүк арбасын жылжытуға арналған жүкшығыр
8 – жылжымалы ұстағыш
9 – жүк лебедкасы
10 – айналдыру механизмі
11, 14 – айналмалы табақ
12 – жүгіру жақтауы
13 – жүріс бөлігі
15 – бумдықжүкшығыр
16 – қарсы салмақ
17 – телескопиялық тірек
18 – монтаждық сөре
19 – жебе шынжырлы көтергіш
20 - мұнара

1-сурет. Мұнаралы кран сұлбасы




Жіктелуі
Мұнаралы крандарды бірқатар белгілеріне қарай жіктейді. Салынып жатқан ғимаратқа қарай орналасуына байланысты, олар ғимарат іргесінде немесе ғимарат үстінде жұмыс атқарушы болып бөлінеді. Біріншіге жылжымалы және іргетасқа еркінше орнатылған тұрақты крандар жатады. Ғимараттың үстіне қойылатын крандар өзі көтерілетін, жылжымалы және ауыстырылмалы болып бөлінеді. Қазіргі кезде құрылыста, негізінен ғимарат іргесінде жылжымалы, ғимаратқа тақап қойылатын және өзі көтерілетін крандар қолданылады. Жылжымалы мұнаралы крандар құрылыста кең қолданылады, алайда, құрылымына қарай көтеру биіктігі шектеулі. Өзін көтеретін крандар салынатын ғимараттың қаңқасы металды немесе темірбетонды қуатты болғанда пайдаланылады. Өздігінен көтерілетін және ғимаратқа тақап қойылатын крандар негізінен биіктігі 150 м және одан жоғары ғимараттар салуға пайдаланылады.
Жүру құрылғысына қарай мұнаралы крандарды рельсті, автомобильді, пневмодоңғалақты, арнаулы шассилі автомобиль типті, шынжыр табанды және адымдаушы деп ажыратады. Мұнаралы крандардың негізгі типтерінен басқа әртүрлі құрастырылған крандар да бар. Оларға жататындар қосымша жебелі (негізгіден төмен немесе жоғары, сонымен қатар, тең салмақ консолінің орнына орнықтырылған) немесе қосымша діңгекті (қысқа, ғимарат үстіне орналасатын оларға жебені тіреу үшін) және т.с.с.
Жебе шығымын өзгерту тәсіліне қарай шығымы тұрақты (жебе тек бір жағдайлы), белгіленген шамаға өзгертетін және маневрлі өзгертетін болып ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет