Жүккөтергіш шектегіштер Жүккөтергіш шектегіштері жүк көтеру жағдайында жебенің ұзарып шығуын өзгерту жəне жүк көтеру механизмін автоматты түрде ажырату үшін көбіне өзі жүретін мұнаралы жəне жебелі крандарға орнатылады. Кранның номиналды жүккөтергішінің шамасынан 10%-ға артқанда шектегіштер іске қосылады.
Жүккөтергіш шектегішінің шамаларын тіркейтін түрлері бойынша 2 топқа бөледі: жүктік бұрау моментін шектегіштік жəне жүк салмағын шектегіш.
2.1 а-суретте жүк салмағының қарапайым жүктік иінтіректік шектегіш келтірілген. Жүктік моментінің серіппелі иінтіректі шектегіші 2.1 ə-суретінде келтірілген.