Қорытынды
Тау жынысының пайда болуы бойынша (генезисі) төмендегі үш үлкен топқа бөлінеді: магматикалық, метаморфикалық және шөгінді.
1.Магматикалық тау жыныстары. Жердің ішкі жағынанан магманың жер бетіне шығып, содан кейін қатаюынан пайда болған жыныстар. Магма жердің терең қабатында газ араласқан силикатты сұйықтық пайда болып, олар қысымы аз жерден (жарақтан) жер бетіне атқылап шығады.
Магматикалық тау жыныстарының қасиеттері олардың сууына, температура мен қысымына және магманың құрамы мен қатаю жылдамдығына байланысты.
Магматикалық жыныстарды топқа бөлгенде олардың химиялық пен минералдық құрамдарының маңызы үлкен.
Магманың құрамында 80-85% SiO2 бар. Осы SiO2 құрамы бойынша магматикалық жыныстар төрт топқа бөлінеді:
1.қышқылдар SiO2 > 65% (гранит, кварцтық, порфирлер ж.б.)
2.орташа SiO2 – 65-52% (сиениттер, диориттер, порфириттер ж.б.)
3.негізгілер SiO2 – 52-40% (габбро, базальттар, диабаздар ж.б.)
4.күлгін негіздер SiO2 <40% (периодиттер, пироксениттер ж.б.
Олардың мүжілуге беріктігі мен орнықтығы және бірқатар техникалық қасиеттері де осы химиялық құрамға байланысты.
2.Метаморфиялық тау жыныстары бұл екінші дәрежелі, магматикалық және шөгінді тау жыныстарының үлкен температура мен қысымның арқасында өзгеруінен пайда болған. Үлкен қысымның әсерінен тереңдікте жаңа минералдар пайда болады. Қысымның пайда болу шарттарына байланысты тау жыныстарында түп (негізгі) өзгерістер болады.
Метаморфиялық тау жыныстарға гейстер, кристалдық сланецтер, кварциттер, мраморлар т.б. жатады.
3. Шөгінді шыныстар өзіне характерлі белгілерге ие. Бұлар қабатты, кеуекті, құрамында жан-жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары бар.
Әдебиеттер тізімі
Қ. Ибрагимов, Ж.А. Үсенқұлов, Б.С. Байболов, Э.И. Қарабаев «Инженерлік геологиядан негізгі мәліметтер. Іргетастар мен негіздердің есебі» Шымкент, 2009ж. 134б.
Ананьев В.П., Переделский Л.В. «Инженерная геология и гидрогеология» М.: Высшая школа, 1980. 271с.
Пешковский А.М., Пирескокова Т.М. «Инженерная геология». М.: Высшая школа. 1982. 341с.
Достарыңызбен бөлісу: |