Негізгі тау жыныстарын құраушы минералдар
Жер қыртысының негізгі тау жыныстарын құраушы минералдар: бұл дала шпаты (ортоклазбен плагиоклаздар),мүйіздек алдаушылар (роговая обманка), авгит, оливин, каолинит, кальций, доломит, қоңыр темір, пирит, сұр колгеган, гипс және кейбір басқа да минералдар.
Дала шпаты. Дала шпатының тобына химиялық құрамы тектес және физикалық қасиеттері жақын кристалдық минералдардың көбі кіреді. Дала шпаты үлкен қатты (Маос шкаласы бойынша) 6 және өте жақсы біріккен шыны тәрізді жалтырақ.
Ортоклаздар, калий тұзымен бірге алюмин-кремний қышқылынан тұрады. (К2О Al2O3 6SiO2). Олар қызғыш, от сияқты қызыл, сары немесе сұр-қызғыш түсті және ақ немесе сұр түсті болады. Оның меншікті салмағы 2,5 – 2,6. Бұл бір – бірінен тура бұрыш бойынша екі бағытта біріктілік жатықтылықпен бөлінеді.
Ортоклаз гранит, сиониет және басқа да жыныстардың құрамында үлкен мөлшерде жиі ұшырайды.
Плагиоклаз. Бұл натрий, калий тұзымен бірге алюминий, кремний қышқылынан тұрады. Мұнда натрий мен калийдің қатынастары әртүрлі CaO(Na2O Al2O3 6÷2SiO2). Олар көлбеу бұрышпен бөлінеді, түсі көбінше қара-сұр немесе сұр: меншікті салмағы 2,6-2,65.
Плагиоклаздың түрлері әдемі көкшіл-күлгір түске ие.
Мүйіздік алдаушы (роговая обманка) және авгит. Бұл екі минерал күрделі силикатқа жатады(кремний қышқылының тұзы). Олардың құрамында темір, кальций және магний бар, Маос шкаласы бойынша 5-6 арасында. Меншікті салмағы 2,9-3,5. Түсі қара- жасылдан қараға дейін мүйізді алдаушы граниттер, сиониттер, диориттер және басқа да тау жыныстарының бір бөлегі болып саналады.
Слюда. Бұның екі түрі бар: бірі биотит – қара слюда, екіншісі мусковит – ақ слюда. Биотит пен мусковит құрамында темір, магний және калий бар күрделі алюминий силикат қышқылына жатады. Слюда характерлі айрықшылығы, олардың мүлтіксіз жатықтық бірліктілігі, қаттылығы. Маос шкаласы бойынша 2-3 түсі шыны немесе інжу тәрізді, меншікті салмағы 2,7-3,1.
Оливин (перидот). Бұл темірлі магний тұзы мен ортокремний қышқылынан тұрады(MgFeSiO2). Бұл оликово – жасыл кристалдық минерал болып, қаттылығы 6-7 аралығында, меншікті салмағы 3,2-3,6. Оливин диабаз және базальт сияқты тау жыныстарының құрамына кіреді. Кейбір жыныстар толық оливиннен құралған. Мсалы: дунит, перидотит.
Хлорит – күрделі су силикатынан құралған. Бұл екінші дәрежелі минерал болып жоғарғы температура және үлкен қысымның әсеріне слюда, мүйізді алдаушы немесе авгиттің ажыралуынан пайда болған. Мұнда температура минералдың балқуына жетпейді. Хлорит үшін жасыл түс, қаттылығы үлкен емес(Маос шкаласы бойынша 2-3) және шыны тәрізді жалтырақ характерлі. Меншікті салмағы 2,6-3,0.
Каолинит (2H2O Al2SiO2) бұл дала шпаты және басқа да алюмин силикаттардың мүжілуінен пайда болған жер түстес (топырақ түстес минерал ). Ақ немесе сарғыш түсті ақшыл жалтырақты қаттылығы 1-1,5 аралығында жататын минерал. Химиялық құрамы бойынша – алюминий кремний қышқылынан тұрады. Таза күйінде Каолинит басқа сазды топырақтар сияқты аз жолығады.
Кальцит - бұл екінші дәрежелі минерал болып карбонаттар класына (тобына) жатады.
Кальций көзге көрінетін кристалдан құралып, соққының салдарынан ол біріккен жатықтықтан бөлінеді. Әдетте ол кубтық диагоналы бойынша бөлінді. Түсі ақ, жалтырақтығы шыны тәрізді, біріккен жерінен сынады. Оның меншікті салмағы 2,7, қаттылығы – 3. Кальций табиғи жағдайда үлкен топталған күйде ұшырайды, мысалы: мрамор және басқалар. Кальций 10% HCl-да көмір қышқылын шығарғандықтан, оны тез анықтау оңайға түседі.
CaCO3+2HCl=CaCl2+H2O+CO2
Кальцийге химиялық құрамы бойынша ең жақын минерал бұл доломит, ол екі тұздан, кальций мен магнийден құралған. (CaCO3 MgCO3). Бұл кальцитке қарағанда біраз қаттылау(3,5-4,0) және 10% HCl-да қайнайды.
Кварц – екі тотықты кремнийге (SiO2) жатады. Кварц тотықтар тобына жатады. Табиғатта көп ұшырайтын минерал. Көбінше ол түссіз немесе ақшыл түске ие, қаттылығы Маос шкаласы бойынша 7, жалтырақты шыны тәрізді, тәртіпсіз сынады, меншікті салмағы 2,6. Таза күйінде кварц басқа тау жыныстарының ішінде кейбір кезде ұшырайды.
Физикалық және химиялық жағынан кварц тұрақты өзгермейтін минералдарға жатады. Тынық күйіндегі кристалды кварцтарды хрусталь деп атайды.
Таза(тынық) кварцтан тыс кристалы көрінбейтін тұнық емес кварцтар да ұшырайды.
Құба темір немесе лимонит(2Fe2O3 3H2O) – топырақ түстес адыр-бұдырлы минерал. Бұл IV топ су тотықты (гидрооксисы) жатады. Түсі құба–сарғыш, қызыл-құба, сарғыш, қаттылығы Маос шкаласы бойынша 1÷5 аралығында, меншікті салмағы 3,4÷3,5.
Бұл екінші дәрежелі минерал болып магнитті темірдің ажыралуынан пайда болған. Құба түстес темір табиғатта көп таралған минералдардың қатарына жатады. Ол таза топталған күйінде немесе тау жыныстарына араласқан қоспа күйінде жолығады.
Пирит немесе сұр колгедан (FeS2) сарғыш алтын тәрізді түске ие, қаттылығы 7, меншікті салмағы 5, металл тәріздес жалтырақ. Куб сияқты көбінше кристалынады. Бұл V топқа – сульфидтер тобына кіреді.
Ауа мен судың әсерінен пирит мүжіліп, күкірт қышқылы пайда болады. Пириттті ұзақ пайдалнатын құрылыс ғимараттарына пайдалануға болмайды, ол мүжіліп, ғимараттың пайдалану мерзімін қысқартады.
Гипс (CaSO42H2O) бұл кристалдық минерал болып, көбінше ақ түсті немесе сұұр, сарғыш, қызғыш түсті. Қаттылығы-2, жалтырақтығы шыны тәрізді немесе інжу тәрізді. Меншікті салмағы 2,3.
Минералдарды анықтау. Минералдарды оптикалық, химиялық және басқа да әдістермен анықталады. Минералды анықтауда дала жағдайында көзбен көру макроскопиялық әдіс арқылы минералдардың физикалық қасиеттерін анықтау көп қолданылады. Минералдарды макроскопиялық әдіспен анықтауда қарапайым құралдар мен реактивтер пайдаланылады. Бұлар балға, қалам шығаратын пышақ, лупа айна және 10% тұз қышқылы.
Осы құралдар бойынша минералдардың түсі, қаттылығы, біріктіктігі, жалтырақтық және сынуы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |