Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы



бет11/11
Дата29.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#164735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1-ескертпе:
      1.1. Осы Тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiнiң алғашқы екi бағанасында шикiзатты немесе материалдарды қайта өңдеу нәтижесiнде алынған өнiм туралы деректер көрсетiледi. Өлшемдердiң бiрiншi бағанасында КО СЭҚ ТН бойынша өнiм коды, екiншi бағанда - бiрiншi бағанада көрсетiлген кодқа сәйкес өнiм сипаттамасы берiледi. Алғашқы екi бағанада сипатталған әрбiр нақты өнiм үшiн оның шығу тегiн айқындайтын шарттар, өндiрiстiк немесе технологиялық операциялар (бұдан әрi – шарттар мен операциялар) үшiншi бағанада көрсетiлген.
      Тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiндегi тауарлар тек КО СЭҚ ТН бойынша тауар кодымен айқындалады, тауар атауы пайдалану қолайлылығы үшiн ғана берiлген.
      Егер тауардың КО СЭҚ ТН бойынша кодына «-дан/-ден» деген жалғау жалғанған болса, бұл үшiншi бағанадағы шарттар мен операциялар осы тауар позициясында жiктелгенiн және екiншi бағанада көрсетiлген тауарларға ғана қолданылатынын көрсетедi. Бұл жағдайда да тауар атауын басшылыққа алу керек.
      1.2. Егер бiрiншi бағанада бiрнеше тауар позицияларының нөмiрлерi немесе топ нөмiрi берiлсе және онымен бiрге екiншi бағанада өнiмдердiң жалпы сипаттамасы берiлсе, онда үшiншi бағанада көрсетiлген тиiстi шарттар мен операциялар КО СЭҚ ТН-ге сәйкес бiрiншi бағанада көрсетiлген тауар позицияларында жiктелетiн барлық өнiмдерге немесе бiрiншi бағанада көрсетiлген тауар позицияларының кез келгенiне қолданылады.
      1.3. Егер бiрдей тауар позициясында жiктелетiн тауарлардың бiр бөлiгiне қатысты бiр шарттар мен операциялар қолданылып, ал басқа бөлiгiне (бөлiктерiне) қатысты өзге шарттар мен операциялар қолданылса, онда екiншi бағанада абзацтардың тиiстi саны болады, олардың әрқайсысында тауарлардың нақты сипаты берiледi және тиiсiнше үшiншi бағанада сипаты екiншi бағанның қандай да бiр абзацында берiлген тауарларға қатысты шарттар мен операциялар көрсетiледi.

      2-ескертпе:


      2.1.«Дайындау» деген термин құрастыруды немесе қандай да бiр ерекше операцияларды қоса алғанда, өндiрiстiк немесе технологиялық операциялардың кез келген түрiн орындауды бiлдiредi. Бұл ретте 3.4-ескертпенiң ережелерiн назарға алған жөн.
      2.2. «Материал» деген термин өнiм дайындау үшiн пайдаланылатын кез келген ингредиенттердi, шикiзатты, құрамдас элементтердi, бөлiктердi және т.с.с. бiлдiредi.
      2.3. «Өнiм» деген термин, тiптi ол басқа өндiрiстiк операцияларда одан әрi пайдалануға арналса да, дайындалған өнiмдi бiлдiредi.
      2.4. «Тауар» деген термин материалдарды да, өнiмдердi де бiлдiредi.
      2.5. «Келiсiмге қатысушы мемлекет» деген термин 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге және 1999 жылғы 2 сәуiрдегi осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға қатысушы мемлекет.
      2.6. «Үшiншi елдер» деген термин - 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге және 1999 жылғы 2 сәуiрдегi осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға қатысушы болып табылмайтын мемлекеттер.

      3-ескертпе:


      3.1. Осы өлшемдердiң үшiншi бағанында көрсетiлген шарттар мен операциялар өнiм дайындау үшiн пайдаланылатын, Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң аумағында шығарылмайтын материалдарға (бұдан әрi - шетелде шығарылған материалдар) қатысты ғана жүзеге асырылуға тиiс. Үшiншi бағандағы шарттармен және операциялармен айқындалған шектеулер, сондай-ақ өнiм дайындау үшiн пайдаланылатын, шетелде шығарылған материалдарға ғана қолданылады.
      3.2. Егер шарттармен және операциялармен өнiм өндiруде кез келген тауар позицияларының материалдары пайдаланылуы мүмкiн деп белгiленген жағдайда, бұл өнiм сияқты сол тауар позициясында жiктелетiн материалдарды шарттармен және операциялармен айқындалуы мүмкiн ерекше шектеулер сақталған жағдайда ғана пайдалануға болатындығын бiлдiредi.
      3.3. Егер шетелде шығарылған материалдардан дайындалған өнiм тауар позициясының өзгеруiне орай немесе өлшемдерге сәйкес оған қатысты ерекше шартқа немесе операцияларға орай қайта өңдеу жүзеге асырылатын және содан соң басқа өнiм өндiру үшiн материал ретiнде пайдаланылатын Келiсiмге қатысушы мемлекеттен шыққан мәртебеге ие болатын жағдайда, оны дайындау кезiнде пайдаланылатын өнiмге қатысты қолданылатын шарттар мен операциялар оған қолданылмайды.
      3.4. Егер сол не өзге өнiмге қатысты Тауарларды жеткiлiктi қайта өңдеу өлшемдерiне жауап бермейтiн операциялар жүргiзу нәтижесiнде жеткiлiктi қайта өңдеу өлшемдерiн орындауға қол жеткiзiлсе, онда осы өнiм бұл операциялар орын алған елден шықты деп саналмайтын болады.
      3.5. Тауарларды КО СЭҚ ТН бойынша жiктеу ережелерiне сәйкес жiктеудiң дербес объектiсi ретiнде айқындалатын сол немесе басқа өнiм шарттар мен операцияларды қолдану объектiсi болып табылады. КО СЭҚ ТН-дi түсiндiрудiң үшiншi негiзгi ережесiне орай жiктелетiн өнiмдер жиынтығының шығу тегi айқындалған жағдайда, жиынтық құрамына кiретiн әрбiр жеке элемент шарттар мен операцияларды қолдану объектiсi ретiнде қарастырылады.
      элементтер тобынан тұратын немесе бiрқатар бөлiктерден жиналған және КО СЭҚ ТН ережелерiне сәйкес жеке тауар ретiнде жiктелетiн өнiм тұтастай алғанда, шарттар мен операцияларды қолдану объектiсi ретiнде қарастырылады;
      егер тауарлар партиясы КО СЭҚ ТН-нiң бiр тауар позициясында жiктелетiн ұқсас өнiмдерден тұрса, онда әрбiр өнiм шарттар мен операциялардың қолдану мақсаты үшiн жеке қарастырылуға тиiс;
      егер КО СЭҚ ТН-дi түсiндiрудiң бесiншi негiзгi ережесiне орай орам оған салынған өнiмдермен бiрге жiктелсе, онда осы тауардың шығу тегiн айқындау кезiнде орам тауардың құрамдас бөлiгi ретiнде қарастырылуға тиiс.
      3.6. Элементтер тобынан тұратын немесе бiрқатар бөлiктерден жиналған және тауарларды КО СЭҚ ТН бойынша жiктеу ережесiне сәйкес жеке тауар ретiнде жiктелетiн өнiм, егер оның барлық құрауыштары осы шарттар мен операцияларды қанағаттандырса, шарттар мен операцияларды қанағаттандыратын ретiнде қарастырылуға тиiс.
      Егер осы өнiм құрауыштарының бiр бөлiгi шарттар мен операцияларды қанағаттандырса, ал бiр бөлiгi қанағаттандырмаса немесе дайын өнiммен бiрдей тауар позициясына ие болса, онда, егер шарттар мен операцияларды қанағаттандырмайтын немесе тауар позициясы түпкi өнiммен бiрдей құрауыштардың құны түпкi өнiмнiң франко-зауыттық бағасының 15 %-ынан аспаған жағдайда, осы өнiм шарттар мен операцияларды қанағаттандыратын болып саналады.
      Бұл қағида өлшемдерде олар үшiн өзге шарт көрсетiлген тауарлардан басқа барлық жағдайларда қолданылуы мүмкiн.

      4-ескертпе:


      4.1. Осы өлшемдердiң үшiншi бағанында келтiрiлген шарттар мен операциялар өндiрiстiк немесе технологиялық операцияларды орындаудың ең аз көлемiн белгiлейдi. Белгiленген өндiрiстiк немесе технологиялық операциялардың ең аз көлемде орындалуы өнiмнiң шығу тегiн айқындамайды.
      4.2. Егер өлшемдерде келтiрiлген шарттар мен операцияларда өнiм бiрден артық материалдан дайындалуы мүмкiн екендiгi белгiленген жағдайда, бұл бiр немесе одан көп материал пайдаланылуы мүмкiн екендiгiн бiлдiредi. Бұл ретте барлық материалдардың пайдаланылуы мiндеттi емес.
      Алайда, егер бiр шарт немесе операция шеңберiнде бiр материалға қатысты белгiленген қандай да бiр шектеу белгiленсе және сонымен бiрге өзге материалдарға қатысты белгiленген өзге шектеулер болса, онда бұл шектеулер өнiмдi дайындау кезiнде нақты пайдаланылған материалдарға қатысты ғана қолданылады.
      4.3. Егер тiзiмде келтiрiлген шарттар мен операцияларда өнiм белгiлi материалдан дайындалуға тиiс екендiгi белгiленген жағдайда, бұл табиғатына қарай осы шарт немесе операция ережесiн бұза алмайтын басқа материалдарды пайдалану үшiн осы шарт кедергi болып табылмайтындығын бiлдiредi. (Мысалы: егер шарттар мен операцияларда дәндi дақылдарын немесе олардан өндiрiлгендердi пайдалану айрықша ескерiлетiн болса, бұл дән, дақылдарынан өндiрiлмейтiн минералды тұздарды, химиялық және басқа қоспаларды пайдалануға кедергi болмайды).

                                  Тауар шығарылған елді анықтау,


                               тауардың шығу тегі туралы сараптама
                               актісін жасау және беру әрі тауардың
                             шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу,
                             куәландыру және беру жөніндегі ережеге
                                              10-қосымша

    Тауар өндіру ісіндегі қазақстандық қамту үлесін есептеу

      Ескерту. Ереже 10-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.

Қ шетел мат


ҚҚҮ = 100%  _______________ Х 100%,
Қ дайын өнім

      мұнда,


      ҚҚҮ - түпкі өнім бағасындағы қазақстандық қамту үлесі, %;
      Қ шетел мат. - шетелде шығарылған шикізат пен материалдардың құны;
      Қ дайын өнім. - «франко-зауыт» бағасы бойынша дайын өнімнің құны.

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет