Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқытудың тәрбиелік мүмкіндіктері



бет158/226
Дата10.04.2023
өлшемі0.96 Mb.
#471983
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Оқытудың тәрбиелік мүмкіндіктері. Оқыту үдерісі сонымен қатар, тәрбиелік сипатқа ие. Педагогика ғылымы, оқыту мен даму ара-сындағы сияқты тәрбие мен оқытудың байланысын объективті заң-дылық деп есептейді. Бірақ оқыту үдерісі барысындағы тәрбиелеу, кейбір сыртқы факторлар ықпалынан қиындатылады, сондықтан да тәрбиелеу күрделі үдеріске айналады. Оқытудың тәрбиелеу қызметінің маңыздылығы, бұл оқыту үдерісі барысында өнегелік және эстетика-лық түсініктер, әлемге деген қөзқарасжүйесі, белгілі бір ортада ар-найы нормалық ережеге сай заңдылықтарғабағыну түсінігі қалыпта-сады. Оқыту үдерісінде тұлғаның қажеттіліктері әлеуметтік мінез-құл-қы, құңдылықтары, құңдылық бағдары, дүниетанымы қалыптасады.
Оқытудың тәрбиелік қызметі тек оқушының білімді игеруінен ғана тұрмайды. Оның тұлға болып қалыптасуына жағдай жасап, бел-гілі бір адамгершілік сапасы мен мінез-құлқын қалыптастыруы керек. Оқытудың тәрбиелік қыры білім мазмұнында қарастырылады, оны дидактикалық талдауда еске алу қажет. Сабақтың әр мину-тында оқушылар білім мазмұны құрайтын білімдер, іскерліктер, дағ-дылар, қарам-қатынастар игереді.


7.5. Оқыту үдерісінің құрылымы, негізгі кезеңдері.Оқытудың әрекет ретіндегі маңызды құрылымы, оның мазмұны мен формасы болып табылады. Оқу әрекетінің мазмұны, және бірінші кезекте мате-риалды практика мен сезімді заттың практикасы, оның заттылығы объективті-субъективті табиғатқа ие болады. Пән, ақиқат, оқытудағы сезімталдық – бұлар жәй ғана пайымдаудың объектісі мен формасы ғана емес, сондай-ақ, сезімді-адамгершілікті, субъективті-танымдық практика болып табылады.
Оқу әрекетінің құрылымы, оның құрамына қарағанда мазмұн-дық, мақсаттық және жүйелік бөліктерден тұруы керек. Оқу тапсыр-маларын шешуші әрекет ретіндегі үдерістің құрылымында әрекетті жүзеге асырудағы кезектілікті айқындайтын, бір-бірімен байланысты келесі құрылымдар бөлініп көрсетіледі: міндеттерді талдау, оқу мін-деттерін қабылдау; бар білімді өзекті ету; міндетті шешу, тапсырманы шешу жоспарын құру, сол жоспарды жүзеге асыру; міндеттерді шешудегі бақылау мен бағалау, оқы міндеттерін шешу үдерісінде орын табатын әрекет әдістерін түсіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   226




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет