Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет188/226
Дата10.04.2023
өлшемі0.96 Mb.
#471983
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Түсіндіру. Түсіндіруді оқылатын объектінің, жеке түсініктер мен құбылыстардың маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын ұғыну деп түсіну керек.
Түсіндіру - бұл баяндаудың монологтік формасы. Түсіндіру кө-бінесе түрлі ғылымдардың теориялық материалдарын игеруде, химия-лық, физикалық, математикалық есептерді, теоремаларды шешуде, табиғат пен қоғам өміріндегі құбылыстардың себептері мен салдарын ашуда қолданылады.
Түсіндіру оқытудың әдісі ретінде әр түрлі жастағы балалармен жұмыс істегенде кеңінен қолданылады. Бірақ орта және жоғары мек-теп жасындағыларға оқу материалының күрделілігіне және оқушы-лардың интеллектуалды мүмкіндіктерінің өсуіне байланысты төменгі сынып оқушыларына қарағанда бұл әдісті қолдану анағұрлым тиім-дірек.
Хабарлама - әңгіме (эвристикалық әңгіме) оқушынға өзін жаңа білімді игеру үдерісіне енуіне, білімді алу тәсілдерін іздеуіне, мұғалім-нің қойған сұрағына өзінің жеке жауаптарын қалыптастыруға мүм-кіндік береді. Эвристикалық әңгіме барысында мұғалім білімі мен практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, оларды жаңа білімді игеру мен түсінуге, ережелер мен қорытындыларды қалыптастыруға апарады. Оқушылардың осындай біріккен іс-әрекетінің нәтижесінде өзіндік күш жұмсау мен ойлау арқылы жаңа білімді игереді.
Оқу пікірталасы. Қазіргі заманғы мектептердегі оқытудың сөз-дік әдістерінің ішінде дискуссиялық оқыту ерекше орын алады. Оқыту үдерісіндегі оның ең басты бағыты - оқушыларды нақты немесе басқа да мәселелерді әр түрлі көзқараста белсенді түрде талқылауға тартуда олардың танымдык қызығушылықтарын ынталандыру, бөтеннің және өз бағытының дәлелдеріне әр түрлі көзқарасты ойластыру.
Дәріс. Дәріс - көлемді материалды баяндаудың монологтік тәсілі, ол әдетте жоғары сыныптарда қолданылып, бүкіл сабақты қам-тиды. Дәрістін артықшылығы: оқу материалының логикалық мазмұн-далуы, ақпарат ағынының көптігімен, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады.
Кітаппен, оқулықпен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу ең маңызды әдіс болып табылады. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс істеу сабақта мүғалімнің басшылығымен жүзеге асады. Ал одан әрі қарай оқушылар кітаппен өз еркімен жұмыс істеуге үйренеді. Кі-таппен жұмыс істеудің бірнеше түрлері бар. Олардың негізгілеріне мыналар жатады:
-конспектілеу - оқылғанды қысқаша баяндау, жазу. Конспек-тілеуді оқушы өзі немесе үшінші біреу атынан орындайды. Конспек-тілеуді өзі орындау оқушының дербес ойлау қабілетін дамытады;
-мәтіннің жоспарын құру. Жоспар қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Жоспар құру үшін тақырыпты оқығаннан кейін оны әр бөлікке бөлу және ат қою керек;
-тезистеу - оқығандағы негізгі ойларды қысқаша баяндау;
-сілтеме жасау - мәтіннен сөзбе-сөз көшіріп алу. Міндетті түрде қайдан алынғандығы туралы деректер көрсетіледі (авторы, шы-ғарманың аты, шыққан орны, баспасы, баспаға шыққан жылы, беті);
-аннотациялау - оқылған материалдың мағынасын өзгертпей қысқаша баяндалуы;
- пікір беру - оқығанына өз көзқарасын білдіре отырып, қыс-қаша пікірінжазу;
-анықтама құрату - ізденуден кейінгі бір нәрсе туралы мәлі-мет; Анықтамалар статистикалық, биографиялық, терминологиялық, географиялық және т.б. болады;
-формалды-логикалық модельдерді құру - оқығанның сөздік-сызбалық - үлгілік көрінісі;
-тақырыптық тезаурусты құру - бөлім, тақырып бойынша базалық түсініктердің реттелген жиынтығы;
- идеялардың матрицасын құру - әр түрлі авторлар еңбегіндегі қүбылыстар мен бірыңғай нәрселерге салыстырмалы түрде сипаттама беру.
Оқытудың сөздік әдісінің негізгі түрлеріне қысқаша түсінік-темелер осындай. Осы жіктеу бойынша оқыту әдісінің екінші тобына көрнекілік әдісі жатады.
Көрнекілік әдіс. Оқытудың көрнекілік әдісіне оқу материалын игерудегі көрнекі қүралдар мен техникалық құрал-жабдықтарды пай-далану жатады. Оқытудың көрнекілік әдісін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрации әдісі мен демонстрация әдісі.
Иллюстрация әдісі оқушыларға иллюстративті көрнекіліктерді, плакаттарды, кестелерді, майлы бояу суреттерді, карталарды, тақта-дағы суреттемелерді. жалпақ модельдерді және т.б. көрсетуді ұсынады.
Демонстрация әдісі әдетте құралдарды, тәжірибелерді, техни-калық қондырғыларды, кинофильмдерді, диафильмдерді және тағы басқаларды демонстрациялаумен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   226




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет