13.4.Оқушылардың өзбетімен білім алуы, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттілігі, функционалдық сауаттылығы - олардың белсенді танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесі.Құзі-реттілік – білім беру нәтижесі.Әлеуметтік құндылықтар саласындағы басымдықтардың ауысуы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, оқу-шының білім алуға ұмтылысын оятып, өзіндік бақылау, өзіндік ба-ғалау, өзін өзі тану, өзін дамыту, ішкі ресурстарын толығымен пайда-лануға қабілетті тұлғаның қалыптасуына қолайлы жағдайлардың ту-ғызылуын талап етуде. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін барынша ескеріп, оқушының өзінің белсенді әрекеті арқылы оқыту – бүгінгі күннің қажеттілігінен туған талап екендігі белгілі. Осыған орай “оқу-шы – білім беру обьектісі” көзқарасынан, оқушының өз бетінше ізде-ніп, шығармашылықпен еңбектенуіне қол жеткізетін жолды таңдау ма-ңызды. Ол үшін оқушыға сабақ беретін мұғалім бойында ізденім-паздық, ойлай білу, белгісізге ұмтылу, алдына қойған мақсатына жету-де табандылық көрсете алатын, оқушы бойына да осы қасиеттерді да-рыта білетін, шығармашылықпен қызмет етуге дайындығын қалып-тастыра алатындай сапалардың болуы маңызды. Осы орайда жоғары оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан – жақты дамыған, кәсіби құзыретті маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс, себебі жоғарыда айтылғандай қоғам өзінің әлеуметтік – экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғары-лауына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді.
Соңғы жылдары мамандардың құзыреттілігі туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдар, пе-дагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзы-реттілік (компетенттілік) және құзырет (компетенция) ұғымдары пай-даланылып келеді.
Зерттеу мәселемізді әдіснамалық тұрғыда негіздеу барысында болашақ мұғалімдердің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қа-лыптастыруға байланысты «құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік» «мұ-ғалім құзыреттілігі» ұғымдарына берілген әртүрлі түсініктемелердің бар екендігіне көзіміз жетті.
И.А. Зимняя Дж. Равеннің еңбегіне сүйене отырып, бұл ұғым-ның мазмұны бір–біріне байланыссыз, біреулері когнитивтік, біреулері эмоционалдық салаға жататын көптеген құзыреттіліктерден тұраты-нын анықтады. Бұл компоненттер тиімді тәртіп түрі ретінде бір – бірін ауыстыруы да мүмкін. Ол өз еңбектерінің бірінде үш топқа бірікті-рілген он негізгі құзыреттіліктерді қарастырады:
1. адамның жеке тұлғалық іс-әрекет пен қарым-қатынас субъектісі ретіндегі құзыреттіліктер;
2. адамның өзара іс-әрекеті мен әлеуметтік саласына қатысты құзыреттіліктер;
3. адамның іс-әрекетіне қатысты құзыреттіліктер.
Дж. Равеннің тұжырымдамасы кәсіби құзыреттілікті қалыптас-тырудың ішкі және сыртқы шарттарын жасау, кәсіби маман тұлғасын тәрбиелеу мәселелерін қарастырады. Құзыреттіліктің жетекші компо-ненттерін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсатын орындауға көмектесетін қырыққа жуық сипаты мен икемділігін атайды.
Тұлғаның жүйелі білімі ретіндегі құзыреттілік көбінесе оның әлеуеттік сапасына қатысты болады. Сондықтан ЖОО бітірушісі оқу үдерісінде құзыреттіліктер кешенін игереді.
Дидактикалық біліктілікті біз мұғалімнің білім беру, оқыту қызметін орындаудағы, әртүрлі дидактикалық міндеттерді шешудегі түрлі әдіс – тәсілдерді меңгеруі деп қарастырамыз.
Дидактикалық құзыреттіліктің (ДҚ) нормативтік мазмұнына негізгі дидактикалық теориялар мен тұжырымдамалар (ДҚ-тің негізі), түйінді дидактикалық ұстанымдар (ДҚ-ядросы) және бастауыш мектептегі оқу – тәрбие үдерісін дидактикалық жобалау үлгісі (ДҚ-салдары) енеді. Дидактикалық құзыреттілікке оның жеке сипаты тән, осыған байланысты жеке компонент мазмұнына болашақ мұғалімнің субъективтік тәжірибесі болатын дидактикалық жобалау мен дидакти-калық білімнің игерілген тәсілдері енуі керек деп есептеледі.
Мұндай біліктіліктерді игеру мұғалімнің әдістемелік біліктілігін жаңа деңгейге көтереді. Атап айтқанда: а) оқу материалының мазмұ-нын меңгеруге тиіс пәндік білім, білік және дағдылардың жиынтығы деп қана қарамайды, оны оқушы орындауға тиісті іс - әрекеттің тәсілдерімен сәйкестендіре біледі; ә) пәндік білім мазмұнын меңгеру тәсілінің негізіне кіші жастағы оқушылардың психологиялық ерекше-ліктері және оқыту үдерісінің ынталандыру, оқу материалын меңгеру-ге белсенділік таныту, өзін - өзі бақылау сияқты жалпы заңдылықтары жатады; б) меңгеру тәсілдерін таңдағанда «оқушының жақын даму аймағына» бағдарлау (Л.С.Выготский), әдістемелік қызметінің пәні тек қана оқыту нәтижесі емес, оқушылардың дамудың бір деңгейінен екінші деңгейіне өту ерекшеліктері де болып табылады.