Әдебиеттер:
Сулейменова Э. Д. Знание языка: «языковая картина мира» // Казахский и руский языки: Основы контрастивной лингвистики. – Алматы, 1996. с. 88-94;
Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. А, 2004. (докторлық диссертация).
Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі:
Лексикон – «ақпаратты когнитивті өңдеудегі маңызды механизмдердің бірі» (Ч. Осгуд), «грамматиканың базалық компонентіне енетін мәнді тілдік элементтердің сөздігі» (Слобин), «фонологиялық, морфологиялық, семантикалық және синтаксистік ақпараттарды түгел қамтитын грамматикалық компонент, яғни жекелеген сөздер мен морфемалар тұрғысынан сөйлеушілердің барлық білетіні» (А.А. Залевская); «тілдік формада өңделген ақпаратты сақтаушы адам жадысының ажырамас бөлігі» (Е.С. Кубрякова). В.З. Демьянков бойынша лексикон: 1) тіл морфемаларның жүйесі ретінде; 2) морфемалардың әрбірінің морфологиялық жүйесі ретінде; 3) сөздер және олардың парадигмаларының жүйесі ретінде; 4) тек қана бірліктер емес, сонымен бірге олардың амал-тәсілдерін (процедураларын) қамтитын жүйе ретінде; Сөздің түрлену ережелері – бұл морфосинтаксистік және морфолексикалық белгілерді ескеретін амал-тәсілдер. Сөздің жасалуында атомарлық бірліктер маңызды рөл атқарады; 5) әр түрлі ақпарат түрлерін сақтаушы және модульдер бойынша өзара ықпалдастықта табылатын түрлі компоненттер жүйесі ретінде түсіндіріледі. Тілдік бірлікті таңдауда және қабылдауда олардың лексиконы тілден тыс біліммен өзара ықпалдасады. Сөз мағынасы кеңейтілген семантикалық желі түрінде танылады, морфологиялық анализатор сөздің элементі ретінде сөзді іздестіруді жеңілдетеді (қара.).
Метафора – когнитивтік лингвистикада поэтикадағыдай көркем тропп ретінде емес, басты когнитивтік модель, танымдық механизм ретінде қарастырылады. Дж. Лакофф теориясына сәйкес метафора – дерексізді деректі, белгісізді белгілі арқылы тану механизмі. Мысалы, орыс тіліндегі «время – деньги» метафорасы немесе қазақ тіліндегі алтын уақыт тіркесі мынандай ойлау механизмін көрсетеді: «уақыт» дерексіз ұғымын анықтауда деректі ұғымдар «ақша», «алтын» қолданылған, уақыт та ақша немесе алтын сияқты, оны жұмсауға, жоғалтуға болады. Яғни, жаңа бір құбылысты тануда адам оны өзіне бұрыннан таныс басқа бір құбылыспен сәйкестендіреді, ұқсатады. М. түрлі салаларды басқа саланың концептуалды жүйесімен салыстыру, ауыстыру арқылы концептуалдайды.
№ 5 СЕМИНАР
Тақырып Тіл – адамның әлем туралы білімінің өмір сүруі мен қалыптасуының тәсілі.
1. Әлем бейнесі – адам санасының шындығы.
2. Әлемнің тілдік бейнесіндегі әмбебаптық пен бірегейлік.
3. Әлемнің концептуалды және тілдік бейнесінің арақатынасы.
4. Әлем бейнесіндегі базистік когнитивтік концептілер.
5. Әлемнің қарапайым, ғылыми, поэтикалық, ұлттық тілдік бейнесі.
Әдебиеттер:
1. Сулейменова Э. Д. Знание языка: «языковая картина мира» // Казахский и руский языки: Основы контрастивной лингвистики. – Алматы, 1996. с. 88-94.
2. Сабитова З.К. Универсальное и уникальное в языковой картине мира // Прошлое в настоящем. Русско-тюркские культурные и языковые контакты. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 78 – 108 беттер.
№5 СӨЖ. Тілдік сана құрылымы. Концепт және концепт құрылымы.
№6 дәріс
Тақырыптары: Концепті – когнитивтік лингвистикадағы базалық ұғым. Концептіні талдау әдістемесі.
|