Таусоғарова А


Білім және білімді таныту формалары: схема, фрейм немесе сценарий, сурет немесе ойлау бейнесі, скрипт



бет15/33
Дата14.11.2023
өлшемі0.57 Mb.
#483222
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
annotation18047

Білім және білімді таныту формалары: схема, фрейм немесе сценарий, сурет немесе ойлау бейнесі, скрипт.

  • Концептуалдау үдерісі.

  • Концептуалды талдау типтері. Білім – адамда ерекше ұйымдасқан ақпарат жүйесі. Білімді жүйелі ұйымдастыру мен жарыққа шығару – ақпараттың түрлі типтері қалай кодталып, қалай өңделеді дегенді түсіндіру. Біздің ішкі (менталды) білім қорымыз ішкі қажеттілігімізді өтеуде тілде түрлі формада көрініс береді. Когнитивистикада тілдік білім қабылданған тілдік бірліктердің ұйымдасқан тізбегі формасын қабылдайды деп есептеледі, бірлік – сөйлеуші толық меңгерген құрылымдық кешенді білдіреді. Бірліктің негізгі үш типі жорамалданады: “семантикалық”, “фонологиялық” және “символикалық”. Концепті типінің ерекшілігіне қарай оны сипаттау әдістемесі де әртүрлі болуы мүмкін. Білімді танытудың әр түрлі формалары бар: схема, фрейм немесе сценарий, картинка немесе ойлау бейнесі т.б. Бұлардың барлығы адам жадысында сақталған ақпараттардың жиынтығы болуына байланысты өзара біріктіріледі. Олар стереотип, стандарт ситуациялардың дәлме-дәл когнитивтік өңдеуін жүзеге асырады. Концептінің қандай типі сипаттауға келеді? Егер сөздікте нәрсенің жалпы көлемі, сипаты, контуры, линиялары туралы мәлімет қамтылса, ол “схема” сызба болып табылады. Мысалы, айыр я аша — темірден жасалған, Ш әрпі формасындағы шаруашылық құралы. Мұндағы Ш –схема.

Мазмұнды құрайтын детальдарды фильм кадрлерін жүргізгендей санамалау фрейм болып табылады. Фрейм – стереотипті ситуацияны таныту құрылымы; әрі жады көлемін ұлғайтуды ұйымдастырушы құрылым; адам тәжірибесінің анықталған фрагменттері туралы ақпарат. Фреймде қамтылған білім а) лексикалық мағынаны; ә) нәрсе туралы энциклопедиялық білімді; б) экстралингвистикалық білімді қамтиды. Фрейм ядро айналасында ұйымдасады, сондықтан ақпаратты қамтиды, ядромен тамырласады. Ал процестің, әрекеттің кезең-кезеңімен сипатталуы – сценарий. Ол мәтіннің интерпретациясы негізінде жасалады. Скрипт – қабылданылған ситуациялардың әрі қарай қалай өтетінін күту, сондай-ақ скрипт реалды немесе сипатталатын ситуацияны түсінуге ғана емес, осы ситуацияның өту тәртібінің жоспарын түсінуге мүмкіндік береді.
Білімді концептуалдау үдерісі екі деңгейде өтеді. Бірінші концептуалдау үдерісі арқылы шындық әлемнің белгілері мен қасиеттері бейнеленеді, екінші процесте нақты тілдік бейнелер қамтылады. Концептуалдау әрекетінің алғашқы деңгейі логикалық негізде жүзеге асады. Сондықтан онда шындық дүниенің тұтастығы (бірлігі) сақталады, ал екінші деңгейдегі концептуалдау тілдер әлемімен байланысты, сол себепті оның нәтижесін логикалық негізден шықпай түсіндіру мүмкін емес (Ш.К.Жаркынбекова).
Шындықтың концептуалдану тәсілдері мейлінше күрделі лингвистикалық әрекеттер деңгейінде орындалады. Мұнда объективті сыртқы ғалам бейнесінің танымдық тұрғыдан когнитивтік игерілуі ғана емес, адам санасының креативтік қызметінің негізінде пайда болған екінші шындық – идеалды мазмұнды мағына қорының когнитивтік өңделуі, қолданылуы ескерілуі қажет.

  • Әдебиеттер. Аитова Н.Н. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы: Оқу құралы. – Ақтөбе, 2006. – 103 - 115 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет